Жұмыс бағдарламасы пән: Геронтология, гериатрия Пән коды gg 3217 Мамандық 051101 «Мейірбике ісі» Оқу сағатының



бет98/137
Дата20.05.2022
өлшемі1.86 Mb.
#458443
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   137
geront sd kz

6) Тапсыру мерзімдері: Тақырып жоспар бойынша 7 сабақтан кешікпеу керек.


7) Әдебиеттер


8) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер):



    1. Қарт адамдарда қант диабетінің ағымы.

    2. Геронтологиядағы қант диабетінің медикаментозды терапиялық емнің ерекшелігін көрсетіңіз.

    3. «Диабеттік табан» ұғымына анықтама беріңіз.

    4. Қант диабеті ауруларының аяқтарын күтудің негізгі принциптерін атаңыз.

1. Қант диабетінің синдромы:


а) көру қабілетінің нашарлауы
б) жаралардың баяу жазылуы
в) тез шаршау
г) ауыздың құрғауы
г) аталғандардың барлығы
2. Қант диабетінің этиологиясы:
а) көмірсу метаболизмінің бұзылуы
б) жүйке жүйесінің бұзылуы
в) ағзалар мен тіндердің бұзылуы
г) инсулиннің салыстырмалы жетімсіздігі, зат алмасудың бұзылуы
д) ақуыз метаболизмінің бұзылуы

  1. Ашқарын кезіндегі қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері:

а) 3,3-5,5
б) 3,5-6,1
в) 7,8
г) 11,1
д) 6,1-7,5

  1. Қант диабетіне әсер ететін фактор:

а) семіздік, жас ерекшелігі, стресс
б) вирустық инфекция
в) стресс
г) дұрыс тамақтанбау
д) ұйқыға бейімділік

  1. Қант диабеті кезіндегі диета:

а) № 7
б) № 9
в) № 5
г) № 1
д) № 10

  1. Инсулиндік терапияны қажет ететін көрсеткіштер:

а) стресс, жарақат
б) цирроз
в) гиперлактоацидемиялық, гиперосмолярлық кома
г) ангиопатия
д) нейропатия

  1. Қант диабетін емдеу кезіндегі асқынулар:

а) аллергиялық реакция
б) липодистрофия
в) инсулинге резистенттілік
г) аталғандардың барлығы
д) Сомоджи синдромы

  1. «Қант диабеті» диагнозы қандағы қанттың ... кезінде қойылады.

а) 8,1-9,1 ммоль/л жоғары
б) 9,1-10,2 ммоль/л жоғары
в) 11,1 ммоль/л жоғары
г) 5,5-6,1 ммоль/л жоғары
д) 14 -18 ммоль/л
9. Кәрі және қартаң жастағы адамдардағы қант диабеті ... байланысты.
а) бактериялық инфекцияға
б) психоэмоционалды күйзелістерге.
в) инсулиннің абсолютті тапшылығына
г) тіндердің инсулинге сезімталдығының төмендеуі
10. Кәрі және қартаң жастағы адамдардағы қант диабетінің ағымын ... ауырлатады.
А. атеросклреоз, семіздік
Б. пиелонефрит, цистит.
В. бронхит, пневмония.
Г. гастрит, холецистит.
11. Семіздікке шалдыққан адамдар ... қант диабетімен ауырады.
А. дене салмағы қалыпты адамдарға қарағанда сирек
Б. дене салмағы қалыпты адамдарға қарағанда жиі
В. дене салмағы қалыпты адамдар бірдей
12. Қартаң жастағы семіздіктің қандай сиптомы болжамдық тұрғыдан анағұрлым күрделі болып табылады.
А. тез шаршау, әлсіздік
Б. тәбеттің артуы, полидипсия.
В. миокард дистрофиясы
Г. спондилоартроз.
13. 62 жастағы ер адамның бойы 174 см, дене салмағы 80 кг:
А. семіздік жоқ
Б. I дәрежелі семіздік
В. II дәрежелі семіздік
Г. III дәрежелі семіздік
14. Семіздік жағдайында ... диета тағайындалады.
А. № 7
Б. № 8
В. №9
Г. №10.
Д. № 1
15. Инсулинге тәуелді қант диабеті ( I типті диабет ) көбінесе ... дамиды:
А. жас адамдарда
Б. жасы 50 асқан әйелдерде
В. жасы 50 асқан ер адамдарда
Г. жасына байланысты емес
16. Инсулинге тәуелсіз қант диабеті ( IІ типті диабет ) көбінесе ... дамиды:
А. балаларда
Б. жас адамдарда
В. қарт адамдарда
Г. жасына байланысты емес
17. Қант диабеті кезінде кәрі науқастарда ... бұзылысы дамиды.
А. тек көмірсу айналымының
Б. тек көмірсу және май айналымының
В. тек су-тұз және ақуыз айналымының
Г. Барлық айналым түрлерінің.
18. Емдәм терапиясы... тағайындалы.
А. барлық қант диабеті науқастарына
Б. тек қант диабетінің ауыр дәрежесінде
В. тек қант диабетінің жеңіл дәрежесінде
Г. тек семіздігі бар тек қант диабетінің жеңіл дәрежесінде
19. Қартаң жастағы қант диабеті кезіндегі емдәм терапиясының тиімділігінің басты критериі:
А. науқас жағдайының жақсаруы
Б. семіздікке шалдыққан науқастың дене салмағының азаюы
В. гипергликемия мен глюкозурияның болмауы
Г. полиурияның төмендеуі
20. Қартаң жастағы қант диабеті науқастарына ... тағайындалады.
А. негізінен майларды ұлғайтуға бағытталған жоғары калориялы диета Б. негізінен көмірсуларды ұлғайтуға бағытталған жоғары калориялы диета
В. негізінен ақуыздарды төмендетуге бағытталған төмен калориялы диета
Г. негізінен көмірсуларды төмендетуге бағытталған төмен калориялы диета

№ 1 есеп
1. 62 жастағы ер адам белгісссіз себептерден қатты жүдеу және 38-38,50 дейін дене қызбасына, физикалық жүктеме кезінде шаршауға шағымданып жолықты. Бұның алдында ауырмаған. Науқасқа қарағанда өз жасына жастау көрінеді, тахикардия, жыпылықты аритмия пароксизмі. Алдын ала ... зерттеу жүргізідуі керек.


а) ЭКГ
б) ЭхоКГ


в) қалқанша безі УДЗ
г) қанның заласыздындырығына себіндісі
д) кеуде торының рентгенографиясы
№ 2есеп

2. 2 типті қантты диабетімен ауыратын кәрі әйел реанимациялық бөлімде кетоацидоздық кома диагнозымен жатыр. Объективті: көз қарашықтарының жарыққа реакциясы сақталған, гиперрефлекися. Терісі құрғақ, тургор төмендеген. Тыныс алу жиілігі – 26 минутына. Ауызынан ацетон иісі бар. Гликемия - 22 ммоль/л, рН – 7,1, калий 3,3 ммоль/л. Науқасқа ... еңгізу ыңғайлы.


а) 5% глюкоза– 300мл /сағ т/і, актропид НМ 4 ед/сағ б/е немесе т/і калий хлор 2 г/сағ


б) 5% глюкоза– 200мл /сағ т/і, актропид 4 ед/ч тері астына әр 2 сағ, калий хлор 3 г/сағ, дексаметазон 100мг т/і, маннитол 15% -200мл т/і тамшылап
в) 0,9% NaCl – 1000мл бірінші сағат ішінде, актропид 6-10 ЕД/сағ т/і тамшылап, КCl – 2г/сағ
г) 40 % глюкоза, глюкогон 1 мг/ б/е, калий хлор 2 г/сағ, 10 % глюкоза – 300мл /сағ т/і тамшылап
д) 0,9% NaCl – 300мл бірінші сағат ішінде, актропид НМ 6 ЕД/сағ + NHCO3 140 мл + КCl – 1,5г т/і



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет