3) Оқыту мақсаттары:
студенттерді медициналық реабилитацияның ауруханалық, емханалық, санаториялық кезеңдерінде жүргізуді ұйымдастыру негіздеріне үйрету;
студенттерді кардиологиялық, онкологиялық және неврологиялық патологиясы бар науқастар мен мүгедектердің фунукциональді жағдайын және тіршілік етуін бағалауға үйрету;
студенттерге кардиологиялық, онкологиялық және неврологиялық патологиялардағы науқастар мен мүгедектердің жеке реабилитациялық бағдарламасын құрастыруды;
студенттерді реабилитацияның заманауи әдістерімен және медициналық құралдарымен, реабилитацияның тиімділігін бағалау әдістерімен таныстыру;
4) Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:
Студент білу қажет:
ағзаларда патологиялық процесстердің дамуының негізгі себептерін, даму механизмін және клиникалық көріністерін;
функционалдық диагностика негіздерін;
қалыпты жағдайда адамның түрлі жүйе және ағзаларына физикалық, психикалық және әлеуметтік факторлардың әсер ету принциптерін;
кардиологиялық, онкологиялық және неврологиялық патологияларда негізгі дәрілік заттардың фармакодинамика және фармакокинетикасының жалпы принциптерін;
ҚР – дағы денсаулық сақтау жүйесіндегі заңдар және басқада нормативті құқықтық актілерін.
реабилитациялық қызметтің ұйымдастырылу жүйесін;
реабилитацияның әдістері мен тәсілдерін;
есеп беру - тіркеу құжаттарын жүргізу талаптарын;
ҚР – дағы еңбек және еңбекті қорғау заңнамасын;
қауіпсіздік техникасының, кәсіптік санитария және өртке қарсы қорғаныстың ережелері және нормаларын;
Студент істей білу қажет:
науқастың физикалық реабилитация бағдарламасын құрастыру және барлық реабилитация әдістерді қолданып, реабилитация шараларын жүргізуді;
реабилитацияның түрлі әдістерін қолдануға көрсетілім және қарсы көрсетілімдерін анықтауды;
науқаспен және оның жанұясымен науқас жағдайын жеңілдететіндей қарым – қатынас орнатуды;
науқасты және оның жаұясын реабилитация әдістеріне үйрету;
науқас және оның жанұясымен қарым- катынастан алған мәліметтерден мейірбикелік құзыреттілік көлемінде науқас проблемаларын анықтауды
науқасқа оңалтуға келу мақсаттарын жасап шығаруда көмектесуді;
науқастың ағзаларының қызметтерін толық қалпына келтіруде басқа мамандарды баулу;
реабилитация шараларының сапасы мен нәтижесін бақылауды және есеп беру – тіркеу құжаттарын жүргізуді;
реабилитация орталығының немесе бөлмесінің медицина қызметкерінің жұмысын ұйымдастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |