Жұмыс бағдарламасы пән: Кардиологиядағы, онкологиядағы және неврологиядағы реабилитация және мейірбикелік күтім. Пән коды: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет9/159
Дата19.12.2022
өлшемі493.05 Kb.
#467525
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   159
reabl i ses delo kz

2. БАҒДАРЛАМА:
1) Кіріспе.
Реабилитация – науқастар мен мүгедектерді еңбекке, өмірге тиімді қайтаруға, уақытша және тұрақты жұмысқа жарамсыздыққа алып келетін патологиялық процесстердің дамының алдын алатын іс – шаралар жүйесі.
Медициналық реабилитация науқастармен мүгедектерді кешенді емдеу және сауықтырудың ажырамас бөлігі болып табылады.
Медициналық реабилитация әдістерін қолдану науқастар мен мүгедектерді толық сауығуына алып келеді, сырқаттанған науқастардың әлеуметтік тұрғыда өмір сүруін шектемеуінің алдын алады. Медициналық реабилитация құралдарын дұрыс қолданғанда науқастардың мүгедек болып қалу дәрежесі төмендейді, олардың өмір сүру сапасы жақсарады, олар қоғамға қайта оралады. Адамдардың көпшілігі алдынғы жұмысына қайта оралады.
Қазақстан Республикасында. «ҚР – да мүгедектерді әлеуметтік қорғау» және «Мүгедектіктің алдын алу және оңалту», заңдары қабылданған дәрігерлік мамандықтардың номенклатурасына «дәрігер – реабилитолог», «дәрігер реабилитолог - эксперт» деген мамандықтар енгізілген. Осы мәселеге байланысты студенттерді кардиологиядағы, онкологиядағы медициналық реабилитацияның негіздерімен таныстыру қажет.
Оқу жоспарында қарастырылған уақытта студенттер медициналық реабилитацияның теориялық және практикалық негіздерімен, медициналық реабилитация қызметінің ұйымдастырылуымен, аурудан кейінгі кері әсерлер концепциясымен, ағзаның функциональді мүмкінщіліктерін бағалау әдістерімен, бұзылған функцияларды қалпына келтіру әдістерімен, өмір сүру денгейін, мүгедектіктің алдын алу жолдарымен танысады. Науқастарда анықталған кардиологиялық, онкологиялық және неврологиялық бұзылыстарына қарай негізгі реабилитациялық әдістер мен құралдарды қолдануды үйрету қарастырылған.
2) Пәннің мақсаты: студенттерге кардиологиялық, онкологиялық және неврологиялық науқастардың денсаулығын, функциональді мүмкіншіліктерін қалпына келтіру негіздеріне, өмір сүру денгейін жақсартуды үйрету.
Ұзақ уақыт емделетін және реабилитациядан өтетін науқастардың күтімінде мейірбикелік процессті ұйымдастыру. Студенттердің кардиологиялық, онкологиялық және неврологиялық патологиялардағы медициналық реабилитология бойынша мейірбикелік кәсіби шеберліктің негіздерін меңгеруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет