Ситуациялық сауалдар:
Есеп №1.
60 жастағы әйел миокард инфарктісі бойынша стационарлық емнен кейін келді.
Диагнозы: ПИМ 1 жыл.Үй шаруасын орындап жүргенде тез шаршайтынына, ентігуге, ұйқысының нашарлауына шағымданады. Күндіз тез ашушаң және денсаулығына байланысты көңілсіз болып жүреді.
Сұрақ:
Науқастың басым проблемасын анықтаңыз.
Мейірбикелік араласушылықтың жоспарын түзіңіз.
Оңалтудың қандай әдістерін қолдануға болады?
Есеп №2.
47 жастағы еркек инсультты басынан кешірген. Диагнозы: II – дәрежелі гипертониялық ауру.Ми қанайнылымының бұзылуы.
Шағымдары: оң жақ қол – аяғының әлсіздігі, сезімталдығының жоғалуы, бас айналуы, тез шаршаушылық. Құлап қалудан қорқу, шүйде аймағындағы ауырсыну. Туысқандардың айтуы бойынша көңілсіз, жалғыз отырғанды ұнатады.
Сұрақ:
Науқастың басым проблемасын анықтаңыз.
Мейірбикелік араласушылықтың жоспарын түзіңіз.
Оңалтудың қандай әдістерін қолдануға болады?
Есеп №3.
62 жастағы әйел неврология бөлімшесінде ем қабылдауда. Диагнозы: ми қанайналымның бұзылуы. Туысқандардың айтуы бойынша көңілсіз, жалғыз отырғанды ұнатады. Қан қысымы жиі көтеріліп тұрған,басының ауруына шағымданған ,жақында ағасының қайтыс болғанын есітіп қатты күйзелген.
Обьективті :Оң жақты гемиплегия,парестезия.
Науқастың басым проблемасын анықтаңыз.
Мейірбикелік араласушылықтың жоспарын түзіңіз.
Оңалтудың қандай әдістерін қолдануға болады?
2 – сабақ
1.Тақырыбы: Миокард инфарктісімен ауырған науқастардағы мейірбикелік күтім және реабилитацияның стационарлық кезеңі.
2. Мақсаты: Студенттерді миокард инфарктісімен ауырған науқастардағы реабилитацияның стационарлық кезеңімен таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |