Жұмыс бағдарламасы пән: Кардиологиядағы, онкологиядағы және неврологиядағы реабилитация және мейірбикелік күтім. Пән коды: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет26/159
Дата19.12.2022
өлшемі493.05 Kb.
#467525
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   159
reabl i ses delo kz

Ситуациялық есептер:
Есеп №1. 41 жастағы науқас, майда ошақты миокард инфарктын 20 күн бұрын басынан кешірген. Стационардан 1 апта бұрын шыққан. АҚ 120\70 мм.с.б. Холестерин деңгейі көтерілген. Осы науқасқа реабилитация бағдарламасын құрыңыз.


Есеп №2. Науқас 51 жаста ірі ошақты миокард инфарктын 3 ай бұрын басынана кешірген. Жедел кезеңде стационарда ем қабылдаған. АҚ 130\80 мм.с.б. Холестерин деңгейі көтерілген. Осы науқасқа реабилитация бағдарламасын құрыңыз.


3 – сабақ
1.Тақырыбы: Артериалды гипертензия кезіндегі кардиореабилитация. .


2. Мақсаты: Студенттерді артериалды гипертензия кезіндегі кардиореабилитация принциптерімен таныстыру, әдістерін үйрету.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:

  • артериальды гипертензия анықтамсын;

  • артериальды гипертензия даму факторларын;

  • гипертониялық криздің анықтамасын;

  • гипертониялық ауру кезінде реабилитацияның әдістерін тағайындауға көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді;

  • гипертониялық аурудың 1, 2, 3 дәрежесінде қолданылатын реабилитация әдістерін.

Студент істей білуі тиіс:

  • гипертониялық кризде бірінші көмек көрсетуді;

  • гипертониялық ауру кезінде ЕДШ (емдік дене шынықтыру) әдістерін қолдануды;

  • гипертониялық ауру кезінде реабилитация бағдарламасын құруды.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Гипертониялық ауру кезінде қолданылатын реабилитация әдістерін атаңыз.

  2. Гипертониялық криз кезінде АҚ (артериялық қысым) төмендетү үшін қандай дәрі - дәрмектер қолданылады?

  3. ЕДШ жасап жатқанда науқастың жүрек – қантамыр жүйесінің қызметінде қандай өзгерістер болады?



5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.):
- шағын топтарда жұмыс істеу;
- теориялық сұрау;
- мейірбикелік құзіреттілік шегінде ауруханада науқасты курациялау;
- жағдайды моделдеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет