Ситуациялық есептер:
Есеп №1.
Науқас III дәрежелі онкологиялық аурумен ауырады. Өзіне күтім жасай алмайды. Химиотерапияның курсынан кейін қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан үйіне шығарылды.
Сұрақ:
1. Науқасқа ауруханада қандай күтім көрсетілу керек?
2 . Үйінде қандай күтім көрсетілуі керек?
Есеп №2. Науқастың жасы 68-де, 10 күн бұрын тік ішегінің қатерлі ісігіне операция жасалынды. Стома қойылған. Операция жасалынған орындың қатты ауырсынуына және ауаның жетпеуіне шағымданады. Жалпы жағдайы орташа.
Сұрақ:
Осы науқасқа қандай күтім қажет?
Үй жағдайында қандай күтім жасалуы керек?
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН
Мамандығы: 051101 «Мейірбике ісі»
Пәні: «Кардиологиядағы, онкологиядағы және неврологиядағы реабилиталогия және мейірбикелік күтім»
Курсы: 4
Кредит: №3
СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫНА
АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Құрастырған: кафедра
ассистенті Алданазарова Л.О.
Шымкент – 2013 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды.
хаттама № ____ «_____» ______ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент А.Ә. Әлдешев
Кредит: №2
1- сабақ
1. Тақырыбы: Онкологиялық науқастарды оңалтудың мақсаттары,міндеттері және қолданылатын реабилитация әдістері.
2. Мақсаты: Cтуденттерді онкологиялық науқастарды оңалту мәселелері және жетістіктерімен, әрбір медицина қызметкерінің ондағы ролімен таныстыру.
3. Тапсырма:
Студенттіңөз бетінше атқаратын жұмыс тақырыбы бойынша әдебиеттерді жинақтау (каталогпен, журналмен, монографиялармен, анықтама кітаппен, оқу әдебиетімен, бұйрықтармен, интернетпен жұмыс жасау);
Сабақ тақырыбы бойынша конспект жазу, реферат немесе презентация, сонымен қатар көрнекі құралдар жасау;
Сабақ тақырыбы бойынша тесттік сұрақтарды шешу және ситуациялық сауалдарды талдау;
Сабақ тақырыбы бойынша 5 тесттік сұрақтар мен 2 ситуациялық сауалды өз бетінше құру;
Достарыңызбен бөлісу: |