11) Оқытудың және сабақ берудің әдістері (кіші топтар, пікір-талас, ситуациялық тапсырмалар, жұптасып жұмыс жасау, презентация, кейс-стади және т.б)
Практикалық сабақтар: кіші топтармен жұмыс (РВL) істеу, ситуациалық сауалдарды шешу, ситуацияны моделирлеу, сауалдарды талқылау, жұптаса жұмыс атқару; манекенде, муляжда, фантомда дағдыларды өтеу.
Оқытушының жетекшілігі мен студенттердің өз бетінше жұмысы (ОСӨЖ): кіші топтармен жұмыс істеу, кеңестер, рефераттарды презентациялау, дискуссиялар, науқасты бақылау, жағдайдың жалғасуы, медициналық құжаттарды толтыру, тапсырманы топпен және жеке тапсырманы орындау нәтижені талқылау.
Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ): тесттік тапсырмаларды дайындау және шешу, медбикелік ауру тарихын дайындау, ситуациялық сауалдарды дайындау және шешу.
12) Білімдерін бағалау белгілері және ережелері: әр деңгейде білімдерін бағалау (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау) шкаласы және белгілері, білімдерінің барлық түрлерін (аудиториялық, СӨЖ) бағалау ережелері.
Ағымдық бақылау.
Ағымдық бақылау сабақ кестесіне сәйкес тәжірибелік сабақта және студенттің оқытушымен бірге студенттің өзіндік жұмысы (СОӨЖ) жасалуы кезінде бағаланады.
Бақылау түрлері
|
Бағасы
|
Бағалау критерийлері
|
Ауызша жауап
беру
|
Өте жақсы
А (4,0; 95-100%)
A- (3,67; 90-94%)
бағаларына сәйкес келеді
|
Бұл баға студент жауап беру кезінде ешқандай қателіктер жібермеген жағдайда қойылады. Ол өтілетін тақырыпқа сәйкес теориялар мен концепцияларды ұстанып, баға береді, басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін қолданады.
|
Жақсы
В+ (3,33; 85-89%)
В (3,0; 80-84%)
В- (2,67; 75-79%)
бағаларына сәйкес келеді
|
Бұл баға студент жауап беру кезінде күрделі қателіктер жібермеген, принципиальды емес дәлсіздіктер немесе принципиальды қателіктер жіберген және оны студенттің өзі түзеген жағдайларда қойылады. Студент мұғалімнің көмегімен бағдарламалық материалды жүйелей алады.
|
Қанағаттанарлық
С+ (2,33; 70-74%)
С (2,0; 65-69%)
С- (1,67; 60-64%)
D+ (1,0; 50-54%)
бағаларына сәйкес келеді
|
Бұл баға студент жауап беру кезінде дәлсіздіктер мен принципиальды емес қателіктер жіберген жағдайда қойылады, ол мұғалім айтуы бойынша ғана оқулықтарды оқумен шектелген, материалды жүйелеуде үлкен қиыншылықтар кездеседі
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |