Студент машықтануы қажет:
5) Реквизитке дейінгі: Мейірбике ісі негіздері, ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі, неврологиядағы мейірбике ісі.
6) Реквизиттен кейінгі:
7) ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
№1 Кредит. Инсульт және миокард инфаркті кезінде медициналық реабилитацияның жалпы негізі. Қызметті ұйымдастыру. Құжаттарды жүргізу. Реабилитация туралы түсінік. Реабилитацияның түрлері. Медициналық реабилитация түсінігі. Реабилитациялық потенциал туралы түсінік, оны болжау принциптері. Инсульт және миокард инфаркті кезіндегі мүгедектік критериялары. Кардиологияда реабилитация заңдылықтары. Кардиореабилитологиядағы нормативті құжаттар. Инсульттегі және миокард инфарктінде реабилитация кезеңдері. Жүрек-қантамыр ауруларымен ауыратын науқастарға арналған реабилитацияның құралдары мен әдістері. Жүрек-қантамырлық ауруымен ауыратын науқастарға арналған реабилитацияның жеке жоспарын жасау. Инсультпен ауырған науқастарды дұрыс қозғалту.
Кредит № 2. Реабилитацияның жеке жоспарын құру. Жүрек және ірі қантамырларына операция жасалған науқастарды оңалту. Неврологиялық науқастарды оңалту. Жұтынуды біріншілік бағалау. Жұтынуы бұзылған науқасты күтуде бригаданың әр бір маманының орны. Инсульт және миокард инфаркты кезіндегі реабилитология кезеңдері. Емдік дене шынықтыру әдісі. Емдік дене шынықтыру құралдары және түрлері. Емдік дене шынықтыру сабақтарын құру принциптері. Менингитпен ауырғаннан кейін оңалту. Сколиозбен ауырған кездегі ЕДШ. Омыртқааралық дискілердің жарығы кезіндегі ЕДШ.
№3 Кредит. Онкологиялық патологиялардағы медициналық реабилитацияның жалпы негіздері. Онкологиялық науқастарды оңалтудың негізгі принциптері.Қызметтің ұйымдастырылуы . Құжаттарды жүргізу. Онкологиялық патологиялардағы реабилитация туралы түсінік. Онкологиялық патологиялардағы реабилитацияның түрлері.
Медициналық реабилитация түсінігі. Онкологиялық патология кезіндегі мүгедектік критерийлері Асқазанында қатерлі ісігі бар онкологиялық науқастарды оңалту. Өкпесінде қатерлі ісігі бар онкологиялық науқастарды оңалту. Бас және мойын аймағында қатерлі ісігі бар онкологиялық науқастарды оңалту және күтім жасау. Сүйек және жұмсақ ұлпаларының қатерлі ісігі бар онкологиялық науқастарды оңалту.
Достарыңызбен бөлісу: |