Ситуациялық есептер:
Есеп №1.
Науқас 42 жаста, 2 күн бұрын ми жарақаттануынан дамыған гематомаға байланысты отаны бастан өткізді. Жағдайы қанағанаттанарлық. Есі дұрыс. Гемодинамика көрсеткiштерi нормада.
1.Оңалту бағдарламасын құрыңыз.
Задача №2.
Науқас 72 жаста, 5 күн бұрын омыртқааралық жарық бойынша ота жасалған. Жағдайы қанағаттанарлық. Есі дұрыс. Гемодинамика көрсеткiштерi қалыпта. Науқас түнде өздігінен кіші дәретке отыра алмады.
1. Сіздің тактикаңыз?
2. Оңалту бағдарламасын құрыңыз.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ
ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН
Мамандығы : 051101 «Мейірбике ісі»
Пәні: Кардиологиядағы, онкологиядағы реабилитология және мейірбикелік күтім
Курсы : 4
Кредит №1, 2, 3
СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫНА
АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Құрастырған:
ассистент Алданазарова Л.О.
Шымкент – 2013 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды.
хаттама № ____«_____»______ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Әлдешев А.Ә.
Кредит №1
Сабақ-1
1. Тақырыбы: Миокард инфарктісін басынан кешірген науқастарды оңалту (стационарлық, амбулаторлық және санаторлық кезеңінде).
2. Мақсаты: Студенттерде миокард инфарктісін басынан кешірген науқастарды стационарлық, амбулаторлық және санаторлық кезеңінде оңалту бойынша практикалық дағдылар қалыптастыру.
3. Тапсырма:
- муляждарда, манекенде немесе волонтерде миокард инфарктісін басынан кешірген науқастарды стационарлық кезеңінде оңалтудың дағдыларын көрсету;
- муляждарда,манекенде немесе волонтерде миокард инфарктісін басынан кешірген науқастарды санаторлық кезеңінде оңалтудың дағдыларын көрсету;
- муляждарда, манекенде немесе волонтерде миокард инфарктісін басынан кешірген науқастарды амбулаторлық кезеңінде оңалтудың дағдыларын көрсету;
- СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиеттер іздеу (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, анықтамалықтармен, оқу әдебиеттерімен, интернетпен жұмыс жасау);
Достарыңызбен бөлісу: |