Пәннің мақсаты:
Студенттерді өнегелік мәдениет саласында мәдени жетістіктерді біліп, негізгі заңдылықтары мен формаларын игеруге бағыттау, мораль мен өнегелік туралы білімді меңгеру және қалыптастыру, күнделікті өмірде және кәсіби салада адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерді, өнегелік нормаларды зерттеп, қазіргі заманғы этикет ережелерін білу.
2.3 Міндеттері:
-адамзаттың мәдени тәжірибесін игеру, қоғамдық қатынастар жүйесінде
моралдің орнын анықтау;
-этика дамуының жалпы заңдылықтарына анализ беру;
-өнегелік мәдениеттегі әмбебап тарихи этнорегионалды ұлттық
феномендерін зерттеу, жалпыадамзаттық өнегелік құндылықтарды игеру;
-қызметтік міндеттерін орындау мақсатында машықтарды игеру үшін
қолданбалы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінде қазіргі заманғы
өнегелік мәселелерге мінездеме беру.
2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі
Студент білуі керек:
-этика тарихи типтерінің саналуандығын;
-моралдің құрылымы мен функциясын;
-моралдің негізгі категорияларын;
-тұлғаның өнегелік қалыптасуындағы этикалық білімнің маңызын;
-тұлғаның өнегелік мәдениетінің мәнін;
-болашақ дәрігер тұлғасының өзін-өзі өнегелік тәрбиелеудің формасы мен әдістерін.
Студент істей алуы керек:
-өнегелік мәдениет феноменін, оның адам өміріндегі ролін түсіндіріп,
өнегелік бағдарлар мен құндылықтар туралы білу;
-этикалық мәселелерді шешіп, кәсіби міндеттерді орындау барысында
адамның адамға,қоғамға, қоршаған ортаға қатынасын реттеу;
-ғылыми негізде өзінің еңбегін ұйымдастырып, оның кәсіби әрекетінде
қолдану;
-этика талаптары мен әлеуметтік салдарды ескере отырып, кәсіби
шешімдерді қабылдау.
2.5 Реквизитке дейінгі: Медицина тарихы,әлеуметтану.
2.6 Реквизиттен кейінгі: Қоғамдық денсаулық сақтау, коммуникативті дағдылар.
Достарыңызбен бөлісу: |