Жұмыс бағдарламасы пән: «Медициналық этика және деонтология» Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет5/46
Дата19.12.2023
өлшемі118.28 Kb.
#486950
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
med etik zeontol kz

2.Пәннің мақсаты:
Студенттерді өнегелік мәдениет саласында мәдени жетістіктерді біліп, негізгі заңдылықтары мен формаларын игеруге бағыттау, мораль мен өнегелік туралы білімді меңгеру және қалыптастыру, күнделікті өмірде және кәсіби салада адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерді, өнегелік нормаларды зерттеп, қазіргі заманғы этикет ережелерін білу.


3. Оқыту мақсаттары:
-адамзаттың мәдени тәжірибесін игеру, қоғамдық қатынастар жүйесінде
моралдің орнын анықтау;
-этика дамуының жалпы заңдылықтарына анализ беру;
-өнегелік мәдениеттегі әмбебап тарихи этнорегионалды ұлттық
феномендерін зерттеу, жалпыадамзаттық өнегелік құндылықтарды игеру;
-қызметтік міндеттерін орындау мақсатында машықтарды игеру үшін
қолданбалы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінде қазіргі заманғы;
өнегелік мәселелерге мінездеме беру.


4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі
Студент білуі керек:
-этика тарихи типтерінің саналуандығын;
-моралдің құрылымы мен функциясын;
-моралдің негізгі категорияларын;
-тұлғаның өнегелік қалыптасуындағы этикалық білімнің маңызын;
-тұлғаның өнегелік мәдениетінің мәнін;
-болашақ дәрігер тұлғасының өзін-өзі өнегелік тәрбиелеудің формасы мен әдістерін;
Студент істей алуы керек:
-өнегелік мәдениет феноменін, оның адам өміріндегі ролін түсіндіріп,
өнегелік бағдарлар мен құндылықтар туралы білу;
-этикалық мәселелерді шешіп, кәсіби міндеттерді орындау барысында
адамның адамға,қоғамға, қоршаған ортаға қатынасын реттеу;
-ғылыми негізде өзінің еңбегін ұйымдастырып, оның кәсіби әрекетінде
қолдану;
-этика талаптары мен әлеуметтік салдарды ескере отырып, кәсіби
шешімдерді қабылдау;


5. Реквизитке дейінгі: Медицина тарихы,әлеуметтану.
6. Реквизиттен кейінгі: Қоғамдық денсаулық сақтау, коммуникативті дағдылар.
7. Пәннің қысқаша мазмұны:
Медицинадағы этика мен деонтология ( Гипократтық кезеңге дейін) құлдық формацияның бастапқы даму сатысында көне үнділік трактаттарда, көне Шығыс, көне Греция және көне Римнің атақты дәрігер – философтарының шығармаларында дәрігерлік қызыметтің және дәрігер дайндаудың ережелері, дәрігердің ішкі және сыртқы кейіпіне қойылатын талаптар қарастырылған.
Медициналық этика мен деонтология тек дәрігерлік қызметті қамтамасыз ететін ғана емес, сонымен қатар өмір, бейбітшілік, қоғамдық, мемлекеттік, ұлттық қауіпсіздік сияқты басты құндылықтарды сақтауына кепілдік беретін мәдени стратегияларды табуға назар аударады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет