Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Медбикелік ісі»


Бөлім 6 Науқастың тамақтануы және тамақтандыру



бет8/80
Дата24.01.2024
өлшемі303.85 Kb.
#489599
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   80
med is neg 2k kz (1)

Бөлім 6
Науқастың тамақтануы және тамақтандыру.
Тақырып 6.1
Медициналық мекемелерде емдік тамақтануды ұйымдастыру.
Науқастарды тамақтандыру.
Диетология , емдік тамақтану, диета, тамақтану тәртібі, тамақтану түрлері, емдік (диеталық) столдардың түрлері туралы түсініктер. Тамақ үлестіретін жерге, аға медбикеге және тамақ дайындайтын блокка үлестік- талапты құрастыру. Тамақ дайындайтын блокта даярланған тамақтың тәуліктік сынамасын сақтау. Аурухана бөлімшесінің буфетіне дайын тамақты жеткізу ережелері (ыдыс, тасымалдау). Дайын тамақты үлестіру ережелері (1-ші ас түрлері мен ыстық сұйықтықтар, 2 ас түрі, салқын ас түрлері және сұйықтықтардың температурасы). Ыдысты тазарту реттілігі. Халі ауыр науқасты қасықпен, су ішкіш көмегімен тамақтандыру. Буфетті , асхананы санитарлы-гигиеналық тазарту. Науқастарға келушілерді және алып келген тамақтарды бақылау. Кереует жанындағы тумбочкінің, тоңазытқыштың санитарлық жағдайын және тағамдардың сақталу мерзімінің бақылау.


Бөлім 7
Науқастың функционалды жағдайын бағалау.
Тақырып 7.1
Дене қызуын өлшеу. Тамыр соғуды зерттеу. Қан қысымын өлшеу. Тыныс алуды бақылау.
Қызуды реттеу, қызуды бөлу, қызуды шығару, термометрия туралы түсініктер. Қызба туралы түсінікті, қызбаның жіктелуі. Қолтық ойысынан дене қызуын өлшеу. Қызудың мәліметін сандық түрде қызу журналына және графикалық сызба түрінде қызу парағына тіркеу. Қызба кезіндегі көмек және күтім. Артериальды тамыр соғу туралы түсінік, оның қасиеттері және әртүрлі физиологиялық және патологиялық жағдайлардағы өзгерістері. Дені сау адамның тамыр соғу жиілігі. Тахикардия және брадикардия түсініктері. Тамыр соғуды зерттейтін жерлері. Кәріжілік артериясындағы тамыр соғуды есептеу. Тамыр соғуды зерттеу мәліметін сандық түрде бақылау парағына және графикалық түрін қызу парағына тіркеу. Венозды, артериальды қысым туралы түсініктерді, олардың эмоциялық жағдайда, күш жұмсауда, қарт жастағы адамдарда сыртқы орта жағдайына байланысты өзгерістері. Систолалық және диастолалық қан қысымының қалыпты көрсетілімдері. «Жұмысшы қан қысым» туралы түсінік. Артериалды гипертензия және гипотензия түсініктері. Иық артериясынан артериалды қысымды өлшеу. Науқасты. өздігінен қан қысымын өлшеуге үйрету. Артериальды қысымның алынған нәтижесін сандық түрде бақылау парағына және графикалық түрін қызу парағына тіркеу. Тыныс алу туралы түсінік. Тыныс алу түрлері. Тыныс алудың мүмкін болатын өзгерістері. Тыныс алудың патологиялық түрлері. Ересек адамның тыныс алу қозғалысының жиілігі (әйелде, ер адамда, жатқан қалыпта, тұрған қалыпта). Тыныс алудың өзгеруіне әкелетін факторлар. Тыныс алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін, ритмін анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет