СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:
1. Мейірбике ауыр жағдайдағы науқастың қасына барып оның тыныс алу жиілігін науқасқа білдіре отырып және де оның бір минуттай әдеттегідей демалу қажеттігін айтты. Мейірбикенің тактикасын бағалаңыз.
2. Науқастың екі қолына да гипс қойылған. Тамыр соғуын білезік артериясында анықтап болмайтын жағдай. Мұндай жағдайда науқастың тамыр соғуын қалай анықтайды.
3. Науқастың тамыр соғуын санау кезінде, мейірбике науқастың ырғақсыз тамыр соғуын анықтады. Мұндай жағдайда пульсті қалай дұрыс анықтап температура парағын жазу керек. Тамыр соғуын анықтау үшін қанша уақыт қажет.
4. Мейірбике науқастың қан қысымын –өшеу кезінде тонды есітпеді. Манжеттен ауаны шығармастан 10 секунд өткеннен кейін мейірбике қан қысымын қайта өлшеді. Және де тондарды естімеді. Үшінші рет қайта өлшегенде тондарды есітті. Мейірбикенің іс-әрекетін бағалаңыз.
12. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%) оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.
13. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Достарыңызбен бөлісу: |