Студент келесі құзыреттіліктерді иигерулері тиіс:
Базалық:
БҚ-2 Этика.
БҚ-2.2 Этикалық принциптер. Кәсіптік этикалық принциптер жолын ұстануын көрсетеді;
БҚ-2.3 Эстетика. Жұмыс ортасының этикасын бағалайды және қолдайды.
БҚ-3 Коммуникация және командада жұмыс істеу.
БҚ-3.1 Коммуникациялық дағдылар. Жағдайды есепке ала отырып әртүрлі адамдармен әсерлі қарым-қатынасты көрсетеді.
БҚ-3.2 Командамен жұмыс істеу. Әртүрлі топпен жұмыс істей отырып, жауапкершіліікті көрсете алады.
Кәсіптік
КҚ-2 Қауіпсіздік және сапа
КҚ-2.3 Стандарттар: Қауіпсіздікті және медициналық қызмет сапасын қамтамассыз ету үшін стандарттарға сәйкес ем шараларды орындайды
|
Пәнді оқып білу нәтижесінде студент тиіс:
Білу:
-Мейірбике ісі философиясы мен тарихын;
- медициналық этика, деонтология және биоэтика негіздерін;
- медициналық мекемелер түрлерін және мейірбикелердің жұмыс жасау принциптерін;
- медициналық мекемелерде санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп ережелерін қамтамасыз етуді;
- ауруханада емдеу-сауықтыру тәртібін ұйымдастыру ережелерін ;
- өзіне-өзі қызмет ету тапшылығы бар науқасты күту принциптерін;
- хәлі ауыр науқасты қауіпсіз тасымалдау ережелерін;
-медициналық мекемелерде емдік тамақтануды ұйымдастыру принциптерін;
- қарапайым физиотерапиялық емшараларды жүргізу ережелерін;
- науқастарды лабораториялық зерттеу әдістеріне дайындау ережелерін:
Істей білуі:
- медициналық мекемелер бөлімшелеріндегі жұмысты ұйымдастыруды;
- медициналық мекемелерде жұқпа қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
- емдік тамақтануды ұйымдастыруды және науқастарды тамақтандыруды;
- науқастардың функциональды жағдайын бағалауды;
- қарапайым физиотерапиялық емшараларды орындауды;
-хәлі ауыр науқастарға гигиеналық емшараларды жүргізуді;
- жұмыста кәсіптік этиканы сақтауды;
-науқаспен және оның туысқандарымен әсерлі қарым-қатынасты қолдануды;
- науқасты қауіпсіз тасымалдауды, ауыстыруды және жатқызуды орындауды;
- науқастарды лабораториялық зерттеу әдістеріне
- дайындауды және биологиялық материалды алуды.
|