8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)
Дене биомеханикасына түсінік
Пациентті төсекте қозғалысы
Пациентті төсекте әртүрлі қалыпта (Фаулер қалпы.Симса, арқамен, ішімен, жанымен жатқызу қалпы)
Пациенттің жарақат алуын ескерту
Емдік - қорғау тәртібі
Пациенттің активті режимі қатаң төсектік, палаталық, еркін
Пациентті төсекте жатқызу. активті, пассивті, мәжбүрлі
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Ауыр халдегі науқастарға күтім жасау
Күнделікті өмірде науқастардың күтімі науқасқа көмек көрсету, олардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бағытталады. Ауыр халдегі науқасқа тамақ беру, сусын беру, жуынтыру, қозғалту, ішек пен несеп жолдарын тазалықта ұстау керек. Мұндай көлемдегі күтімге кіші мейірбике немесе науқастың туыстары көмектеседі. Науқастың күтімін ұйымдастыруда барлық медицина қызметкерлер міндетті түрде белсене атсалысуы керек. Төсектік тәртіпте жатқан науқастар өзінің физиологиялық қажеттіліктерін жатқан күйде шығаруға мәжбүр болады.Мұндай жағдайда науқастарға астынан салынатын дәрет қабылдау ыдыстарын қояды. Дәрет қабылдаған ыдыстарды ыстық сумен әбден жуып, 1 – 2 пайыз хлорлы әк немесе 3 пайыз хлорамин лизол ерітіндісімен тазалайды. Жағымсыз иістерді жою үшін ыдыстарды әлсіз калий перманганаты ерітіндісімен шаю керек.
Функционалды керует
Функционалды керует ерекше құрлымдық кереует болып есептеледі, бірнеше бөліктерден құралған, қалпын қолмен ауыстыруға, бұрылуға болады. Керуеттің бас жағы мен аяқ жағы тез арада керекті қалыпқа қоюға болады. Бүл керуерттерді арнайы бұрағыштармен бұрауға болады: керует алды столдар, тамшы қоятын штатив, судно және несеп шығарғыш заттарды қоятын жеке ұяшығы бар. Функционалды керуетті ауыр жатқан науқастарға ыңғайлы қалыпқа келтіруге және қозғалтуға тиімді болу үшін және медбикеге ауыстыруға тиімді.
Ұстау жүргенде көмек көрсету, науқасты төсекте ауыстыру үшін. Медициналық жұмысшы науқасты күткен кезде қауіпсіз бірнеше әдіс шаралары. Науқасқа дұрыс қарамағанда арқасын жарақаттап алуы мүмкін және медбике күту кезінде бір жерін ауыртып алуы мүмкін. Күту кезінде ыңғайлы әдісті қолдану, омыртқаға және транспорттау кезінде денеге салмак, аз түсу.
Достарыңызбен бөлісу: |