8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)
- емдік-профилактикалык мекемелердің күрылыс түрлері, олардың күрылымы;
- жеке ЕПҰ бағыттары;
- ЕПҰ түрлері медбикелік кызметкерлердін негізгі бағыттары;
- медбикенің күкығы мен міндеттері;
- стационардын кұрал-жабдықтары, күрылымы және күрылысы;
- аурухана қүрылысы.
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:
Активті және пассивті науқастардың аяқтарын және шашын күту;
Күтуге арналған құралдар мен материалдар. Оларды дайындау;
Шаш, аяқ, жыныс мүшелерінің және анальды саңылаудың түкті бөлімдерінің туалетін жасау тәсілі; күту құралдарын өңдеу;
Әйелдерді және ерлерді жуындырудың ерекшеліктері;
Көзді, құлақты туалетін жасау тәсілі; күту құралдарын өңдеу;
Ауыз және мұрын қуыстарын күту тәсілі; күту құралдарын өңдеу;
Ұзақ төсекте жатқан науқастарға үнемі шаш күтімі керек. Ер адамдарға шашын қысқа етіп қысқартады, аптасына бір рет гигиеналық ванна және шашты жуудан өткізіп тұру керек. Ұзын шаштары бар әйелдердің шашын күніге жиі тісті жеке тарағымен тарап, тұру керек. Бөтен тарақпен пайдалануға қатаң тиым салынады. Қысқа шаштарды түбінен ұшына қарай тарайды. Ұзындарын паралель шоғырларға бөліп ұшынан бастап, үзбей тарайды. Сірке қышқылына малынған жиі тарақ кір мен сіркені оңай алады.
Басты жақсы жуу үшін түрлі сабынсулар мени балалар сабынын қолданған дұрыс. Егер науқастың жағдайы болса, гигиеналық ванна кезінде басты да жуып жіберу керек. Егер науқас төсектен тұра алмаса, басын төсекте жуады. Науқастың шаштарын мейірбике әр күні тексеріп тұруы керек. Сабындау кезінде шаш түбіндегі теріні мұқият сабынмен ысқылау керек. Сонан соң шаштарды құрғатып, таралады. Басты жуып болғани соң басқа орамал тағылып, суықтаудың алды алынады. Басты жуу мен тырнақтарды қысқарту аптасына бір рет жасалады.
Ауыр жағдайдағы науқастың аяғын төсекте жуу.
Клеенка, жылы су, ыдыс, сабын, губка, сүлгі, қайшы және қолғап дайындау керек. Процедура алдында қолды жуып алып, құрғатып, қолғап киіп алу керек. Сонан соң матрацты тізе астына орап, клеенка төселеді, жылы суы бар ыдыс торға қойылады. Жеке губкамен, сабынмен аяқтары жуылып, сонан соң құрғатылады. Егер тырнақтары өсіп кеткен болса, оларды қысқарту керек. Қайшыны қолданып болған соң зарарсыздандырылып, аяқ жууға арналған барлық заттар алынып тасталады. Қолдар жуылып, кептіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |