10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:
емшара бөлмесінің құрылымы мен құрал жабдықтарын;
емшара бөлмесінің санитарлық тазалық талаптарын:
емшара бөлмесінің жұмыс тәртібін;
емшара бөлмесінің функционалдық міндеттері;
емшара бөлмесінің құжаттамасы;
емшара бөлмесінің ағымдағы және жалпы жинастыруды жүргізу;
- емшара жүргізудегі асептика мен антисептика ережелері;
- қызыл сызық ережесі;
- емшара бөлмесінің медбикесінің жұмыс орнындағы қауіпсіздігінің жалпы шаралары.
Емшара бөлмесі – стерильдік ережелерін сақтауы қажет, бірқатар медициналық процедураларды жүргізуге арналған арнайы бөлме. Процедуралық кабинетте қан алу үшін венепункция, инъекциялар, трансфузия, кейбір медициналық процедуралар жүргізіледі. Процедуралық кабинеттер стационар (аурухана, клиника) амбулаторида да болады. Процедуралық кабинетке ауданы 15 м2 кем емес, жақсы жарықталған және желдетілетін,суық және ыстық сумен жабдықталған жарық бөлмені арнайды. Кабинеттің едені мен қабырғасы жинау үшін қолайлы болуы тиіс. Әр процедуралық кабинетте анық бөлмелеріне қарамастан ыстық және суық су ағатын рановина болуы тиіс. Реновинаны есікке жақын орналастырады. Процедуралық кабинетте науқастардың өтуіне рұқсат етілметін, кабинеттің стерильді аймағын шектейтін майлы болуымен салынған еденде «қызыл сызық» болады, онда пердесіз стерильді халаты, бас киімі жоқ мед жұмысшылардың өтуіне де рұқсат етілмейді. Емшара бөлмесін күн сайын екі рет ылғалды жинау жұмыстың алдында және жұмыс күнінің соңында жүргізіледі, ал қажет болғанда, ағымдағы жиыстыруды жүргізеді. Аптасына бір рет процедуралық кабинеттің қабырғаларын, еденін құрал- жабдығын жуып, жалпы жинастырады.
емшара бөлмесінде келесі жабдықтар болуы тиіс: шкаф немесе аспаптармен дәрі- дәрмектерді сақтауға арналған үстел; стерилизациялық препараттар (бикстер), парцинтез, плевральді пункция, т.б. жүргізуге даяр аспаптар жинағымен, шприцтермен, системалармен инелермен; аспаптар мен шприцтер үшін дизинфкциялдық қайнатушы: дистиллетор: үстелдік цептрифуга; бактерицидті там; ұзақ қоюлар үшін штативтер: таза прабиркалар үшін штативтер: қан тобын анықтауға арналған жиынтық; сары су, қан, дәрі- дәрмектерді сақтаутоңазытқышы; медициналық құжаттама үшін үстел; медициналық құжаттама қызметші киімін сақтау үш пластикалық алжапқыш; лас аспаптармен қолды тазалау үшін эмалданған таз немесе, күре тамырдың ішіне қою үшін орындық пен клиника мен қапталған кушетка; электротартқыш.
Емшара бөлмесінің медбикесінің жұсым күні процедуралық кабинетті қарап шығу мен ылғалды суртуде басталады. Емшара бөлмесінің медбикесі кезекші қызметкеркабинетті түн мезгілінде пайдаланған ба, жоқ па тексереді. Қолданылған және ластанған материалды ол 1 сағатқа дезинфектан ертінділердің, біріне салып қояды (3 % хлорамин, 1,5% кальци гипохлорид ертіндісі, 6 % сутегі тотығы, сосын тастайды, ал қолданылған медициналық аспаптарды, шприцтерді де дезинфектант ертінділердің бірінде жуып, дезинфекциялайды сосын 2% сабын-содалы ертіндімен (200 г. Сабын, 200г. Сода 10 л суға) бөлменің ылғалды жинауын жүргізеді. Осыдан кейін процедуралық бике стерильді хала киіп шашын бас киімінің астына жасырып қолын тазалайды. Аспаптар стерильдеуге қояды стерильді материалы бар бискстерді қояды. Сосын осы күні қан алуы, күре тамырдың ішіне қан құйылады, дәрі тамызғыш қою қажет науқастардық тізімін қарап, кезекке қояды. Алдымен биохимиялық зерттеулер үшін, қан алуды қажет болса қан тобын резус факторды анықтау керек. Осыдан кейін процедуралық бикс дәрігер тағайындаған күре тамырды егуді жүргізеді және күре тамырға дәрі тамызғышпен құюға дайындауды жүргізіп тек сосын ғана науқастарға дәрі тамызғыш қояды. Алдымен мүмкіндігінше ауыр науқастарға қызмет көрсетеді. Қажет болса процедуралық бикс медициналық аспаптарды торакоцентез немесе парацентез жүргізуге даярлайды. Осы медициналық манипулияцияларды жүргізуге дәрігерге көмектеседі және науқастың күйін қадағалайды. Емшара бөлмесінің дәрі дәрмек қорын аға медбикеден толықтырады. Жұмыс күнінің соңында процедуралық кабинетті ылғалды тазалайды. Жұмыс біткенде процедуралық бикс бактерицидті шамды жағып есікті кілітпен жауып кетеді. емшара бөлмесінің кіліті бөлімнің кезекші медбикесінде сақталады. Емшара бөлмесінде келесі медициналық құжаттамалар болады;
1) Қан тобы мен резус факторды тіркедің бақылау журналы.
2) Қан плазма құюды тіркеу журналы.
3) Қан алмастырушылар мен ақуыздың преппараттар есебі журналы.
4) Биохимиялық зерттеулер үшін қан алу есебі журналы.
5) Күре тамырға құю есебі журналы.
6) Күре тамырға тамызып құю есебі журналы.
7) Вассерман реакциясына қан алуды тіркеу журналы.
8) Күре тамырға құю системасы мен инелерінің шприцтердің есебі журналы.
9) Анафилактикалық шокта дәрігерге дейінгі көмек көрсету мен процедуралық кабинетті санитарлық өңдеу бойынша нұсқаулар.
10) Улануларды қолданылатын уға қарсы дәрілер кестесі.
11) Процедуралық кабинеттің жалпы жинастыруын тіркеу жураналы.
12) Бактеризидті лампоның жұмысын тексеру журналы.
13) Тоңазытқыштағы температураның тексеру журналы.
Емшара бөлмесінің медбикесі неғұрлым тәжірибелі медбикелердің арасынан іріктеп алады, ол медициналық монипуляциялар техникасын жетік білуі және гигиена ережелерін қатаң сақтауы және қажетті денгейде процедуралық какбинеттің санитарлық тазалық күйін сақтап отыруы тиіс. Жұмыс орнындағы процедуралық медбикенің қауіпсіздігінің жалпы шаралары:
Медбике міндетті:1. Қолды жуудың денгейін сақтауы.
2. Биологиялық сұйықтықпен, соның ішінде қанмен байланысты қолғап киюі. Қолғапты шешкен соң дереу қолды жууы.
3. Төгілген немесе шашылған инфекцияланған материалды дереу алып тастау. Қолданылған аспаптарды, күту заттарын, құрал жабдықтар мен таңу материалдарын қолданғаннан кейін дереу нармативтік құжаттардағы дезинфекция құралын, тәртібін, кәсібінің ұсынысына сәйкес дезинфекциялау тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |