Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»



бет88/152
Дата15.06.2023
өлшемі416.12 Kb.
#475117
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   152
med is neg 3k kz

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:

  • ампуладан флаконның айырмашылығы, олардан дәрі алу алгоритмі

  • антибиотиктердің топтары

  • антиботиктерді енгізу жолдары

  • инсулин шығару түрі

  • инсулин қабылдауға көрсетлілім және қарсы көрсетілімдер

  • антибиотиктер және инсулин мөлшерін есептеу.

Ампуладан (флакон ) дәрілік заттарды жинау.
Мақсаты:дәрілік заттарды ﴾инъекциялы әдіспен﴿ парентеральді енгізу.
Қажетті заттар: ампуладағы дәрілік зат, залалсыздандырылған шприц инесімен, 70% спирт, мақталы шариктер, 1-лоток, латексті перчаткалар, залалсыздандырылған пинцет және салфеткалары бар бикс.
Міндетті шарт:
1.Дәрігер тағайындаған парақтан енгізетін дәрілік затты тексеру.
2.Дәрілік заттың атын, дозасын, сақтау мерзімін тексеру және ампуланы (флаконды ) ашпас бұрын сыртқы түріне қарап жарамдылығын анықтау.
3.Майлы ерітінді енгізу алдында температурасы 37.◦С сулы баняда жылыту
( дәрілік заттың аннотациясына қарау).
Процедураға дайындау.
1.Қолды ағынды судың астында сабындап жуу, құрғақ етіп кептіру, антисептикалық ерітінділермен өңдеу.
Ескерту: Залалсызданған перчаткаларды инъекция алдында ғана киеді.
2.Залалсызданған шприцті жинау.
3.Ампуланы (флаконды) ашпас бұрын дәрілік заттың атын оқып, дозасына, түріне және сақтау мерзіміне қарау.
Процедураны орындау.
1.Ампуланы жеңіл сілку қажет, себебі ерітінді кең бөлігіне түсуі үшін.
2.Ампуланың тар бөлігін бір рет спиртпен сүрту (флаконның жоғарғы бөлігін және металды қалпағын сүрту).
3.Ампуланың тар бөлігін кескішпен кесу, қайта спиртпен сүрту және ампуланы кескен жерден сындырып ашу (флаконның метал қалпағын қайшымен ашу, резиналы бекігішін өңдеу).
4.Сол қолдың екінші және үшінші саусақтарымен ампуланы алу, ампуланың түбін сыртқы бетке қарай, ал тар бөлігін алақанға қаратып ұстау.
5.Ампулаға инені жайлап шетіне тигізбей енгізу және қажетті мөлшерді ерітіндіні алу (ерітіндіні ине арқылы шприцке жинау кезінде ампула түбін жайлап көтеруге болады, бірақ ампула шетінен ерітінді ағып кетпеуі қажет). Флаконның резиналы бекігішіне инені енгізу кезінде иненің ұшы ғана ену қажет, резиналы пробкасын төмен қаратып флаконды аудару, сөйтіп қажетті мөлшерде ерітінді алу.
6.Шприцті вертикальді ұстап тұрып, шприцтен (ерітіндіні емес) ауаны шығару.
7.Инъекция жасау үшін ерітіндіні жинаған инені залалсызданған инемен алмастыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   152




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет