Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері»



бет25/54
Дата28.05.2022
өлшемі267.34 Kb.
#458751
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54
Основы-сестринского-дела-силлабус-рабочая-программа-каз-рус 2

5. Реквизитке дейінгі: анатомия және физиология, жалпы патология негіздері микробиология, психология негіздері және коммуникативтік дағдылар.
6. Реквизиттен кейінгі: бағыттар бойынша мейіргер ісі.


7) ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Кредит №1
Мейіргер ісі философиясы: мейіргер ісінің танымал теоретиктерінің мейіргер ісі теориясы мен практикасының дамуына қосқан үлесі, мейіргер ісі құрылымының жалпы элементтері. Мейіргер практикасындағы процестік тәсілдің даму себептері, мейіргерлік процесс туралы көзқарастар эволюциясы, мейіргерлік процесс кезеңдерінің сипаттамасы, мақсаты мен мазмұны.
Медициналық ұйымдардың негізгі типтері (ауруханалар, емханалар. Амбулатория және диспансерлер). Медициналық ұйымдардың түрлі типтеріндегі мейіргер қызметкері қызметінің негізгі бағыттары.
Ауруханалық инфекцияны дамытатын қауіп топтары. Инфекцияны қабылдағыштыққа әсер ететін факторлар. Мейіргердің жеке қорғаныс тосқауылдары. Ауруханалық инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау.
Дезинфекция: түрлері, тәсілдері, құралдары. Дезинфекция ұғымы, оның мәні. Дезинфекцияның түрлері (ошақты, профилактикалық, ағымдық, қорытынды). Дезинфекция тәсілдері (физикалық, химиялық, механикалық және аралас).
Зарарсыздандыру: түрлері, тәсілдері, құралдары.
Зарарсыздық. Зарарсыздандыру ұғымы. Зарарсыздандыру тәсілдері мен әдістері: физикалық (бу, ауа), химиялық (химиялық ерітінділерді қолдану), аралас.
Жағдайы ауыр науқастарға күтім жасау. Жауыржараның алдын алу.
Жағдайы ауыр пациенттердің төсек жабдықтары мен ішкиімін ауыстыру. Киімдерді ауытыру мерзімі.
Жағдайы ауыр науқастардың жекебас гигиенасының ерекшеліктері. Теріге күтім жасау, пациенттің терісіндегі патологиялық өзгерістер.
АҚ ұғымы. АҚ өлшеу, мәліметті бағалау. Нәтижелерді температуралық параққа тіркеу, тыныс алу туралы түсінік, патологиялық тыныстың түрлері. ТҚЖ есептеу, нәтижесін бағалау.
Термометрия. Термореттелу механизмі, дене температурасын өлшеу орны. Термометрия өткізу әдістемесі, сақтау, дезинфекция. Сақтық шаралары.


2 – кредит
Қарапайым физиошаралары туралы түсінік. Түрлері, әсер ету принциптері, емдік әсері.
Қыздырғышты, мұз салынған қалтаны, қышаны, банканы, компрестерді (компресстің түрлері) қолдану. Көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер, өткізу техникасы және қауіпсіздік техникасы, асқынулар.
Зертханалық зерттеу үшін материалдарды алу (қанды, несепті, қақырықты, нәжісті зерттеу).
Қанды зерттеу: клиникалық және биохимиялық. Қанды зерттеуге арналған көрсетілімдер. Саусақтан қан алу. Пациентті қанды зерттеудің кейбір түрлеріне даярлау. Мейіргердің қан алудағы рөлі. Жолдаманы толтыру.
Несепті зерттеу: клиникалық және биохимиялық. Пациентті даярлау және несеп алу үшін үшін ыдыс дайындау. Нечипоренко, Зимницкий әдістері бойынша жалпы клиникалық талдамаға несеп алу тәртібі.
Нәжісті зерттеу: клиникалық және бактериологиялық. Зерттеуге арналған көрсетілімдер. Пациентті даярлау және нәжіс алу үшін ыдыс дайындау.
Қақырықты зерттеу: жалпы клиникалық және бактереологиялық (микрофлораны және оның антибиотиктерге сезімталдылығын анықтап оны өсіру), бактериоскопиялық (туберкулез микробактериясы, активтік жасушалар).
Аңқа мен мұрыннан сүтінді алу. Көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдері. Манипуляцияны орындау техникасы. Материалды сақтау және тасымалдау тәртібі. Жолдаманы толтыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет