ЖҰмыс бағдарламасы семей 2013 кіріспе 1 ҚҰрастырған құрастырушы: Тілеубердиев Дәулетхан Рамазанұлы

Дата15.06.2016
өлшемі320.34 Kb.
#138233
түріЖұмыс бағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК

«БАҚ-ғы қарулы шиеленістердің көрінісі» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы

2010 жылғы

№3 басылым

орнына_______

ПОӘК 042-18.15-1.28/01.2013

5В050504«Журналистика» мамандығына арналған

«БАҚ-тағы қарулы шиеленістердің көрінісі»

ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ

2013
КІРІСПЕ
1 ҚҰРАСТЫРҒАН

Құрастырушы: _______ Тілеубердиев Дәулетхан Рамазанұлы,

Журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы, «1» ________2013 жыл
2. КЕЛІСІЛДІ

2.1 Журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама №1 «06»09.2013 жыл.
Кафедра меңгерушісі: _______________ Каримова Б.Ж.

2.2 Гуманитарлық-заң факультеттің оқу-әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.

Хаттама №1 «17»09.2013 жыл.
Төрайымы_________________ Кеңесбаева Ш.С.

3. БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді.

Хаттама №1 «18»09.2013 жыл.

Оқу жұмысы жөніндегі проректор_________________Искакова Г.К.

4.  2010 жылғы «____» __________ шыққан ПОӘК-нің

№ 4 БАСЫЛЫМЫ

Мазмұны

1 Қолданыс аясы

2 Нормативтік сілтемелер

3 Жалпы ережелер

4 Оқу пәнінің мазмұны

5 Студенттің өздік жұмысының тақырыптары

6 Пәннің оқу-әдістемелік картасы

7 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

8 Әдебиеттер

1 ҚОЛДАНУ АЯСЫ

«БАҚ-ғы қақтығыс шиеленістері» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы 5В 050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы «Қақтығыс» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:

- 5В050400 «Журналистика» мамандығының 3.08.275-2006 бекітілген ҚР МЖМБС мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

- 5В 050400 - «Журналистика» мамандығының типтік оқу жоспары;

- СТУ 042-СГУ-5-2012 «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты;

- ДП 042-1.07-2012 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.

3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:

Шешім қабылдау үрдістері және оларды саяси жетекшілер мен сыртқысаяси мекеме басшыларының жүзеге асыруын қарастыру да аса маңызды болып табылады. Сонымен бірге жиналған нақтылы деректерге теоретикалық тұрғыдан талдауға аса мән беріледі. Материалды беруде жүйелік, хронологиялық, жағрапиялық және маңызды мәселелік қағидалар пайдаланылған.

Көрсетілген мамандықтың типтік оқу жоспарының мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, бұл бағдарлама студенттердің халықаралық қатынастар жүйесін және қазіргі сыртқысаяси мәселелерді толықтай түсінуін дамытуға көңіл бөледі.
3.2 Пәнді оқыту мақсаты:

5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттерін қазіргі замаңғы қақтығыстардың тұжырымдары және теорияларымен таныстыру; қақтығыстардың тарихи негізі мен себептерін талдау; бұл мәселелерді түрлі теориялар мен методолгиялар шеңберінде талқылау; концепциялардың тарихи дамуын бағалау; «қырғи қабақ соғыс» кезеңінен кейінгі жылдардағы қақтығыстарды шешу, реттеудің соның ішінде этникалық және қлттық қақтығыстардың механизмі мен түрлерін талқылау. пәнді оқу барысында студенттер бұған дейін «Еуропа және Америка елдерінің тарихы», «Азия және Африка елдерінің тарихы», «Дипломатиялық және консулдық қызмет» пәнінен алған білімдеріне сүйенеді.

3.3 Пәнді оқыту міндеттері:

  • Халықаралық қатынастар және конфликтология саласындағы қазіргі замаңғы зерттеулердің категориалдық аппаратын игеру;

  • Қазіргі кезеңдегі қақтығыстар мәселесі бойынша халықаралық қатынастар теориялары мен концепцияларын білу;

  • Қазіргі замаңғы саяси жағдай талдай білу;

  • Қазіргі замаңғы қақтығыстар дамуына болжа және талдау жасай білу;

  • ҚР халықаралық статусы мен қлттық мүдделерін түсіну.

3.4 Оқыту нәтижелері:

Студенттер халықаралық қатынастар және конфликтология саласындағы қазіргі замаңғы зерттеулердің категориалдық аппаратын білулері керек. Нәтижесінде студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен орнықтыру. Яғни пәнді өту барысында студенттер түрлі хрестоматиялық мәні бар әдебиеттерді міндетті түрде оқып, конспектілеумен қоса, өздері де бүгінгі күннің көкейкесті мәселелері бойынша туындылар жазып, оны талдауға тартылатын болады.

Теория мен практикада байланыс болмаса істің нәтижесіне нұқсан. Отандық және шетел журналистерінің озық тәжірибелерін, газет-журнал материалдарын талдай отырып, студентгер өз бетінше ізденіп, арнайы тапсырма алады. Пәннің табиғатына сай материал жасауға пайдаланады

3.5 Курстың пререквизиттері

-Қазіргі газет жанрлары;

-Журналистика маркетингі мен менеджменті.

3.6 Курстың постреквизиті:

-Ғылыми танымдық журналистика.
3.7 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме:

Кесте 1

Курс

Сем-естр

Кредит

Дәріс (сағ)

Семинар (сағ)

Лаб. (сағ)

ОЖСӨЖ

(сағ)

СӨЖ(сағ)

Барлығы

(сағ)

Бақылау түрі

ІІІ

6

2

15

15

-

30

30

90

емтихан

4 ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ (МОДУЛЬ)

Кесте 2

Тақырыптардың атауы мен мазмұны

Сағат саны

1

2

Дәріс сабақтары

Модуль1. Қақтығыстың түрлері

Тақырып 1. Конфликтология ғылымы
Бүгінгі таңдағы конфликтология – түрлі қақтығыстардың пайда болу заңдылықтары мен дамуын зерттейтін ғылымның пәнаралық саласы. Қақтығыстарды зерттеудегі ғылыми қызығушылық өткен ғасырдың 90-жылдары барлық посткеңестік мемлекеттерде байқалды. Қазақстандағы ғылыми-зерттеу институттары мен сараптамалық орталықтар әлеуметтік-саяси қақтығыстардың факторларын зерттейді, қоғамдағы қақтығыстық потенциалдың төмендеуіне қатысты ұсыныстар береді. Дегенмен қақтығыстарды кешенді зерттейтін институт жоқ. 90-жылдары Қазақстанда конфликтологиялық орталық ашылып, бұл ұйымның қызметі төмендегідей бағыттармен ұштасты: білім, зерттеу және мониторинг, баспа қызметі, қақтығыстардың алдын алу мен реттеу  саласында қызмет атқаратын үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдастырушылық дамуы.

1

Тақырып 2. Әскери қақтығыс

Әскери қақтығыс - әдетте соғысқа ұласпайтын әскери жанжал; мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды шешудің ерекше жолы. Қақтығыстың түрлері

Қақтығыстың түрлері: халықаралық және ішкі әскери. Қазіргі заманғы әскери қақтығыстардың сипаты, негізгі белгілері

1

Тақырып 3. Ақпараттық соғыс

Ақпараттық соғыс (АС) - материалдық және интеллектуалдық салаларда қандай да бір ұтыс алу мақсатында бір-бірінің ақпараттық ресурстарына белсенді ақпараттық ықпал жүргізетін қарсыластардың қалпы. "Ақпаратық соғыс" ұғымы ақпараттық ресурстардың, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың, бұқаралық ақпараттың электрондық құралдарының дамуына орай кең қолданыла бастады. Ақпараттық соғыстың басты мақсаты - қарсы жақты өз ырқына мәжбүрлеп көндіру арқылы өз мүддесіне сәйкес келетін саяси, экономикалық, әскери, әлеуметтік ұтысқа қол жеткізу. Ақпараттық соғыс соғыс процесі нақтылы мақсаттарын бүркемелеу үшін "қарапайым соғыс" жағдайында ашық әрі агрессивті сипатта жүреді. Ал, бейбіт жағдайда ақпараттық ықпал әдетте ұзақ уақыт және жасырын ақпараттық қарсыластық сипатта болады. Кейде Ақпараттық соғыста "кім жау" екенін ажырату қиынға түседі. Ақпараттық соғыстың құрамдас бөлігіне мыналар жатады: психологиялық шаралар, электрондық соғыс шаралары, теріс ақпарат тарату мен қарсы үгіт-насихат шаралары, қарсы әрекет ету мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, тікелей ақпараттық шабуылдар, ақпараттық ресурстар бөліктеріне тікелей залал келтіру. Бұл шаралардың тиімділігі ақпараттық ресурстардың қорғалуына және қауіпсіздігіне байланысты.

1

Модуль 2. Ұлттық қауіпсіздік

Тақырып4. Ақпараттық қауіпсіздік

Заңмен тыйым салынған ақпаратты таратуға шектеу қойылған. Ақпараттық қауіпсіздік — мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі. Ақпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Заңмен қорғалатын құпиялар: Арнайы ақпарат. Отбасы және жеке өмірдің құпиясы; Хат жазу, телефон, телеграф және т.б. хабарламалардың құпиясы;Бала асырап алу құпиясы т .б;

Мемлекеттік құпиялар: Әскери саладағы кейбір мәліметтер;Экономика, ғылым және техника саласындағы кейбір мәліметтер;

1

Тақырып 5. Ұлттық қауіпсіздік ұғымының мазмұны

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мазмұнына түсініктеме.

I.I.Ұлттық қауіпсіздік ұғымының мазмұны.

Ұлттық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы-жеке адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын, Қазақстан қоғамының құндылықтарын түпқазық мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ресми қабылданған көзқарастар мен шаралар жүйесі.

Жалпы қабылданған тұжырым бойынша қауіпсіздік - белгілі бір нысанның сыртқы және ішкі қатер әсерінен қорғана білу ахуалы.бұл орайда көптеген зерттеушілер қауіпсіздік ұғымын неғұрлым кең мағынада “қолмен ұстауға келмейтін бейматериалдық және нақты дүниеaдегі әртүрлі нысандардың өмір сүру қабілетінің, өмірге бейімделе білуінің интегралдық пішіні түріндегі” философиялық категория деп қарауға бейім./5/

Осы айқындаманы тірек ете отырып ресейлік ғалымдар қорғана білу ахуалы,әлеуметтік ағзаның қоршаған ортадағы өзгерістерге икемді түрде үн қата білу қасиеті болып табылады,ал өмір сүру қабілетінің дәрежесі мынандай параметрлермен: өзіне-өзі жеткіліктілігімен,әлеуетімен (иммунитет) өзінің өмірлік маңызды мүдделерін белгілеп, соларды жүзеге асыру мақсатында әрекет ету қабілетімен айқындалады деп есептейді.

1

Тақырып 6. Экстремизм, терроризм және радикализм туралы пайымдау

Ежелден бері жеке адамдардың өміріне қастандық жасап, тұтқиылдан өмірін қиып, дұшпандыққа баруы тарихтан белгілі. Бұл қастандық негізінен патшаларға, ел билеушілерге, министрлерге, фабрика-заводтың директорларына, ірі помещиктерге қарсы бағытталған-ды. Мұны түсінуге болады. Олар өз бақытсыздықтары үшін кінәлілерден, ар-намысын аяққа таптаушылардан, жеке басының кегін алудың бірден-бір жолы лаңкестік деп есептеді.

Тақырып 7. Қазақстандағы терроризм қауіп-қатері

Терроризм мәселесі соңғы уақытқа дейін елімізде ұлттық қауіпсіздікке нақты қауіп төндіретіндей дәрежеде емес, ал ықтимал қауіп-қатер ретінде ғана қарастырылып келді. Сондықтан да болар, еліміздің ұлттық қауіпсіздік жүйесі басқа қатерлерге қарсы, айталық этносаралық шиеленіс, есірткі тасымалының жолын кесу, заңсыз миграция сияқты қауіп-қатерлерге төтеп беруге бейімделген еді. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар да терроризм проблемасы Қазақстанға төніп тұрған нақты қауіп емес, ал Орталық Азиядағы жалпы ахуал аясында қарастырып келді.

1

Модуль 3. Ұлтаралық қақтығыс.

Тақырып 8. Ұлтаралық қақтығыс.

Ұлтаралық қақтығыс - түрлі ұлттардың, этникалық топтардың арасында тәуелсіздікке, саяси билікке ұмтылуға, жер дауына, діни, этникалық кемсітушілікке, т.б. себептерге байланысты туады. Қазіргі замандағы Ұлтаралық қақтығыс, түрлі ұлттардың, этникалық топтардың арасында тәуелсіздікке, саяси билікке ұмтылуға, жер дауына, діни, этникалық кемсітушілікке, т.б. себептерге байланысты туады. Ұлтаралық қақтығыстар ұлттық процестер мен ұлттық өмірдің құрамдас бөлшегі. Саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді және ұлтаралық татулықты сақтау үшін үнемі Ұлтаралық қақтығыстарға себеп болатын қайшылықтар мен мәселелерді шешіп отыру қажет. Мысалы, Қазақстанда мемл. тіл мәселесінің шешілмеуі елдегі қазақ этносы өкілдерінің басым бөлшегінің ренішін тудыруда.

1

Тақырып 9. Этностық шиеленістерді жіктеу мен типтеу мәселелері

Саяси шиеленіс теориясында бұрыннан қалыптасқан жіктеу түрлері құбылысты қантөгістің деңгейіне, қарудың қолданылуына, ұзақтығына, үшінші жақтың қатысына қарай талдайды. 90-жылдардың басынан бергі осы тақырыпқа қатысты жарық көрген еңбектерге ден қойсақ, Ресей ғалымдарының көпшілігі этностық шиеленістің типологиясын жасауға тырысқан. Шиеленісті бейтарап ұғым, кез-келген қоғамда міндетті түрде кездесетін әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырар болсақ, американ ғалымы К.Зюрхердің қарапайым тәсілі көңілге қонымды көрінеді. Кавказдағы алды алынған және соғысқа ұласқан қақтығыстарды зерттеген ол, этностық шиеленісті шиеленіс және қиян-кескі шиеленіс (violent conflict) деп екіге бөледі.

1

Тақырып 10. Саяси жанжалдар

Біздің елдің болсын, шетелдердің қоғамтану ғылымдарында болсын ұзақ жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын, өткір қайшылықтар, терең дағдарыстар болса, мемлекеттің қалыпты, ойдағыдай дамымағандығы, жетілмегендігі, ауруы болып саналды. Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе-теңдік жағдайында бірқалыпты дамуы керек сияқты болып көрінді. Саяси шиеленістер теориясына әсіресе көп көңіл бөлген — марксизм. Маркс пен Энгельс «Коммунистік партияның манифесінде»: «Ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші мен езілуші бірімен-бірі ылғи антатонист болып, бірде жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын революциялық түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен тынып отыратын» деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының зандылығы және қозғаушы күші деп есептеді.

1

Модуль 4. Журналист өмір қауіпсіздігі

Тақырып 11. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және журналист өмір қауіпсіздігінің қорғалу мәселелері

Журналистік айғақтама дегеніміз журналистің тек тексерілген, шынайы фактілерге сүйене отырып, қоғамдағы «мен мұндалап» тұрған келеңсіздіктерді дәйекті түрде әшкерелеуі.

Барлық журналистік айғақтамаларды бастауға түрткі болатын нәрсе -конфликт, яғни қайшылық. Конфликт дегеніміз – қарама- қайшылықтардың шарықтау шегіне жетуі. Журналистік айғақтама жанр ма, әлде пішін бе, әлде қызмет түрі ме деген сауалдың туындауы да орынды. Өзге де салалар сияқты журналистика да бір орында тұрмайды, үнемі дамып, жетілу үстінде. Қазір журналистика теориясы мен практикасында әдіс, формат деген жаңа ұғымдар пайда болды. Жанр пішін сияқты ұғымдар қазір ауызға көп алынбайды.

1

Тақырып 12. Халықаралық Қызыл крест комитеті

Осы кезде 187 ел мүше болып кіретін халықаралық қозғалысы адамгершілік, еркін қызмет, тәуелсіздік, бейтарап, риясыз, бірлескен әлемдік көмекке сүйеніп, әлемнің бейбітшілігіне қызмет етуде. Халықаралық Қызыл крест комитеті (қысқаша ХҚКК) — бейтараптық пен әділдік принципін ұстана отырып, өз қызметін бүкіл дүниежүзінде жүзеге асыратын гуманитарлық ұйым. Халықаралық Қызыл крест комитеті (қысқаша ХҚКК) — бейтараптық пен әділдік принципін ұстана отырып, өз қызметін бүкіл дүниежүзінде жүзеге асыратын гуманитарлық ұйым. Ол қорғайды және қарулы қақтығыстар мен ішкі келеңсіздік кезінда зардап шеккендерге көмек көрсетеді, Халықаралық Қызыл Крест қозғалысы мен Қызыл Жартыайдың негізгі бөлігі болып табылады.

1

Тақырып 13. Дискриминация.

Дискриминация. - нәсілдік, этникалық, жыныстық, жастық және басқа да белгілеріне немесе субмәдени топ мүшесі болғанына қарай азаматтарды құқынан айырып, мүмкіндіктерін шектеу процесі.[1] Дискриминацияның психологиялық алғышарты болып өзге топқа жатырқаушылықпен қарау саналады, ал ол жеке тұлға (Т. Адорноның классикалық зерттеулерінде бұл тұлға авторитарлы деп те аталады) дискриминациялық әрекеттерге тікелей қатыспауы да мүмкін.Дискриминацияның түрлері: сегрегация;геноцид. Жанама алалау ресми түрде тең қатынастар іс жүзінде әртүрлі топтардың өкілдерін кемсіту шаралары болып табылады. Алалаудың жасырын түрінде үстемдік етуші топтардың санасында, мінез-құлқында алалауға ұшыраушыларға қаталдықпен, мойындамаушылықпен стереотипті ойлаудан көрініс табады. Егер алалау осы топқа жататындардың бәріне бірдей таралатын болса, онда ол - категория бойынша дискриминация.

1

Тақырып 14. Журналистің қауіпсіздігі

Статистикалық мәліметтер бойынша, бүгінгі таңда әлемде бір аптада екі журналист мерт болады. Бұл мәліметті Женевадағы журналистер құқығын қорғаумен айналысатын құзырлы ұйым таратты. Жыл сайын жер-жаһанда 100-ден астам журналистер әртүрлі себептермен көз жұмады. Бір қызығы, журналист мамандығы әлемдегі ең қауіпті 5 мамандықтың қатарына кіреді. Азаматтық мамандықтардың ішінде ең қауіптісі – шахтер. Жердің астына 1000 метр тереңдікке түсіп, тау-тасты қопарып жатқанда кез-келген шахтер үйіндінің астында қалуы мүмкін.

1

Тақырып 15.Ақпарат жинау.

Соғыс кезеңіндегі аймақтарда ақпараттық сараптау материалдарын жинау ерекшеліктері. Соғыс кезеңінде журналистар өз міндеттерін абыройлы орындауға көмек тесетін өзіндік ережелерін жетілдірді. Бұған соғыс қақтығыстары орнында қызмет ету ережелері, соғыс болып жатқан жерден репортаж түсіру ережелері кіреді. Әскери қызметкерлерінен алынған сұхбат магнитафон таспасына жазылуы тиіс. Ұшақ ұшқыштарымен сұхбат ұшу аяқталған кезеңде қана алыну керек. Ақпарат құралдарына уақытша түсірімдермен репортаж жасауды шектеу қою қауіпсізідікті сақтау барысында жасалынады. Қауіпсізідік шаралары жасалғаннан кейін шектеулер жойылады.

1

Семинар сабақтар

5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
5.1 Халықаралық қатынастарды зерттеудегі негізгі тәсілдер

5.2 Халықаралық қақтығыстарды шешу труалы мәселенің тарихы

5.3 Қақтығыстарды реттеу әдістері

5.4 Халықаралық интеграция және дезинтеграция

5.5 Қақтығыстарды реттеуде келіссөздер құрал ретінде

5.6 Қақтығысты айқындау

5.7 Этникалық азшылық қақтығысы

5.8 Посткеңестік кеңістіктегі қақтығыстар

5.9 Халықаралық және аймақтық қақтығыстарды классификациялау.

5.10 Таяу Шығыс қақтығысы: пайда болуы және шешу жолдары

5.11 Орталық Азиядағы қақтығыстар және оны реттеудің проблемалары

5.12 Балқандағы қақтығыстардың пайда болуы және оны шешу жолдары

5.13 Орталық Азия аймағындағы қарулы қақтығыстардың пайда болуы мүмкін көздері

5.14 Орталық Азиядағы қарулы қақтығыстардың алғышарттары

5.15 Қақтығыстарды реттеудегі үшінші тарап

5.16 «Қырғи қабақ соғыстан» кейінгі қақтығыстарды шешу

5.17 Қақтығыстарды реттеудегі халықаралық ұйымдар қызметі

    1. XIX ғасырдың ортасы – XX ғасырдағы қақтығыстың идеяларының қалыптасуы мен дамуы.

    2. Л.Козер, Р.Дарендорфтың концепциялары.

    3. Қақтығыстың жалпы теориясы.

5.21 Қақтығыс түсінігі, халықаралық қақтығыс, жаһандық қақтығыс, аймақтық қақтығыс.

6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ
3-Кесте Пәннің оқу-әдістемелік картасы

Тақырып

Көрнекі құралдар, ОТҚ, плакаттар, стендтер

Өз бетімен дайындалу сұрақтары

Бақылау түрі

Дәріс сабағының

тақырыбы

Семниар сабағының тақырыбы

Зертханалық сабақ

1

2

4

5

6

1. Конфликтология ғылымы

1.Әскери қақтығыстардың баспасөзде көрінісі

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары, интерактивті тақта

Интернет материалдары-мен жұмыс

Ауызша

2. Әскери қақтығыс

2.Таяу Шығыстағы шиеленістер

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Интернет материалдары-мен жұмыс

Жазбаша, ауызша

3. Ақпараттық соғыс

3. Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздік

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары, слайдтар

Газет-журнал материалдары-мен жұмыс

Ауызша

4. Ақпараттық қауіпсіздік

4. ҚР ұлтаралық саясат

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Интернетпен материалдары-мен жұмыс

Жазбаша, ауызша

5. Ұлттық қауіпсіздік ұғымының мазмұны

5.Бұрынғы Кеңес мемлекетінің аумағындағы ұлтаралық қақтығыстар

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары, слайдтар

Газет-журнал материалдары-мен жұмыс

Жазбаш, ауызша

6. Экстремизм, терроризм және радикализм туралы пайымдау

6.Діни терроризмнің БАҚ-ғы көрінісі

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Интернетпен материалдары-мен жұмыс

Ауызша

7. Қазақстандағы терроризм қауіп-қатері

7. БҰҰ және оның халықаралық шешуге қатысуы

Дәріс тезисі, бақылау тапсырмалары, интерактивті тақта

Тест тапсырмалары-мен жұмыс

Жазбаша

8. Ұлтаралық қақтығыс.

8. Аймақтық қақтығыстарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлі

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Интернетпен материалдары-мен жұмыс

Ауызша

9. Этностық шиеленістерді жіктеу мен типтеу мәселелері

9.Ислам фундаментализмі- аймақтық қауіпсіздікке қатері

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары,интерактивті тақта

Интернетпен материалдары-мен жұмыс

Жазбаша, ауызша

10. Саяси жанжалдар

10.Есірткі трафигі - ұлттық-аймақтық кауіпсіздікке қатер

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Интернетпен материалдары-мен жұмыс

Ауызша

11. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және журналист өмір қауіпсіздігінің қорғалу мәселелері

11. Орталық Азия қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі аймақтық ұйымдардың рөлі

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары, слайд

Интернетпен материалдары-мен жұмыс

Жазбаша, ауызша

12. Халықаралық Қызыл крест комитеті

12. Қазақ басылымдардағы жаһандық қақтығыстардың көрінісі

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Интернетпен материалдары-мен жұмыс

Ауызша

13. Дискриминация.

13.ҚР мемлекеттік құпия туралы заңы

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Интернетпен материалдары-мен жұмыс

Ауызша

14. Журналистің қауіпсіздігі

14. Халықаралық және аймақтық қақтығыстарды классификациялау.

Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Интернетпен материалдары-мен жұмыс

Ауызша

15.Ақпарат жинау.

15. Аралық бақылау жұмысы

Дәріс тезисі, бақылау тапсырмалары

Тест сұрақтарына жауап беру

Жазбаша

7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
4-Кесте Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы

Саны

Студенттердің саны

Қамтамасыз ету пайызы

1

2

21

4

Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы: Білім,2000.

2

21

18%

Назарбаев Н. Критическое десятилетие. - Астана, 2003.-

3

21

28%

Соколов С.В. Социальная конфликтология. - М., 2001.-424б.

2

21

18%

Анцупов А. Я., Шипилов А. И. Конфликтология. - М., 2000.-360б.

2

21

16%

Альтерматт У. Этнонационализм в Европе. - М.: РГГУ, 2000.-286б.

1

21

11%

8. ӘДЕБИЕТТЕР
8.1.1 Негізгі әдебиеттер

8.1.2 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы: Білім,2000.-

8.1. 3 Внешняя политика Казахстана. Сборник статей. - Алматы, 2000.-264б.

8.1. 4 Пирогов А.И. Политическая конфликтология. Учеб. пособие для студентов вузов. – М.: Ижица, 2002.-320б.

8.1. 5 Токаев К.К. Преодоление. Дипломатические очерки. – Алматы, 2003.-564б.

8.1.6 Елемесов Р., Жатқанбаев Е. Государство и рынок. Алматы: Қазақ университеті,2004.-284б.

8.1.7 Приоритеты казахстанской дипломатии. - Астана, 2000.-326б.
8.2.1 Қосымша әдебиеттер

8.2.2 Кулагин В.М. Международная безопасность. - М.: 2006.-380б.

8.2.3 Нарочинская Е.А. Этнонациональные конфликты и их разрешение: политические теории и опыт Запада. - М., 2000.-294б.

8.2.4 Этнополитические конфликты на Востоке. – М., 2006.-262б.

8.2.5 Питер Ф. Друкер. Нарық: топ жарып, алға шығу.–Алматы,Білім, 220б.

Достарыңызбен бөлісу:

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет