Жұмыс бағдарламасы (силлабус) Білім беру психологиясы, өзара әрекеттесу және коммуникация



бет8/22
Дата09.09.2024
өлшемі107.95 Kb.
#503499
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
ББ психология. өзара әрек, коммуникация -Силлабус қазақ тілінде

Дәріс-пресс-конференция. №2 дәрістің тақырыбы таңдалды. Оқыту және даму психологиясының негізгі теориялары мен тұжырымдамалары.
Алдын ала қойылған проблемасы және баяндама жүйесі бар, ұзақтығы 5-10 минутты құрайтын сабақ жүргізіледі.
Қажет. Әрбір баяндама белгіленген бағдарламаның аясында алдын ала дайындалған логикалық аяқталған мәтін болып табылады. Берілген мәтіндердің жиынтығы проблеманы жан-жақты ашуға мүмкіндік береді. Дәрістің соңында оқытушы өзіндік жұмыстың және студенттердің баяндамасының қорытындысын шығарады, берілген ақпаратты толықтырады немесе нақтылайды, негізгі тұжырымдарды құрады.
Студенттің іс-әрекеті, яғни оны психологияны оқуға үйрету. Өз бетімен, өздігінен оқуды үйренбеген, «өзінің ақылымен өмір сүре» алмайтын студент үнемі оқытушыдан дайын білімді алуға үміттенетін болады, ол тек кітаптағы ғылыми қағидаларды жаттуға және механикалық түрде есте сақтауға бағдарланатын болады және осы қағидаларды практикалық іс-әрекетінде қолдануға тырыспайтын болады.
Дәрістің мазмұнында Л.С.Выготскийдің тұжырымдамаларын, Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдовтың жүйесі бойынша дамыта оқыту тұжырымдамасын қарастыру. Эльконин-Давыдовтың жүйесінің ерекшелігі бойынша, білімдер балаларға дайын түрінде берілмейді. Оқыту оқушылардың өз бетімен, өздігінен міндетті қоюға, оны шешу тәсілдерін ұсынуға, содан кейін шыққан нәтижесі сыни тұрғыдан бағалауға байланысты ұйымдастырылған. Сабақтағы іс-әрекеттің негізгі формалары - пікірталас және эксперимент.


Жұптасқан дәріс (бинарлы дәріс). Жұптасқан дәріс үшін №14 дәрістің тақырыбы таңдалған: Білім берудегі кикілжің психологиясы. Бинарлы дәріс диалог түрінде өткізіледі (теоретик және практик). Мұнда лектор және қонақ психолог-практик немесе коуч қатысады.
Қажет: пікірталас мәдениетін көрсету, проблеманы талқылауға студенттерді баулу. «Жұптасқан дәріс» ойлау процесіне белсенді енуге мүмкіндік береді. Екі ақпарат көзінен мәлімет алып, студенттер алуан түрлі көзқарастарды салыстыруға және таңдау жасауға, белгілі көзқарастарға қосылуға немесе өзіндік пікірін қалыптастыруға мәжбүр болады.
Кіріспе кезеңде мәселенің жай-күйі қысқаша баяндалады. «Теоретик» аудиторияны мектептегі педагогикалық кикілжіңмен таныстырады. Білім беру-тәрбие процесі субъектілерінің кикілжіңнің туындау және даму себептері, сонымен бірге оны шешу технологиялары қарастырылады. «Практик» мысалдар келтіреді, нақты жағдаяттарды шешеді және мектептегі кикілжіңді жағдайды шешудің алгоритмдерін ұсынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет