Жұмыс бағдарламасы (силлабус) н 3



бет2/8
Дата09.09.2024
өлшемі283.3 Kb.
#503488
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
ЦИТГИСТ СИЛЛАБУС КАЗ

Курс саясаты. Академиялық кезеңде «Цитология және гистология» пәні оффлайн форматта 1 - 15 апталарда оқытылады: Пән бойынша 5 кредиттік пән үшін: Лекция -15 сағат,
Зертханалық сабақ – 30 сағат, ОСӨЖ – 15 сағат, яғни барлығы - 60 сағат берілген. Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде сізді төзімдіжәне ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің жүріс-тұрысы университеттің ішкі ережелеріне сәйкес келуі керек.
Студент оқытушы ұсынған лекциялар конспектісін, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып, әрбір лекциялық және практикалық сабаққа дайындалуы қерек.
Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі. 1-14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл - 10 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 - 100% шамасымен бағаланады.
Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (РК 1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (РК 2) 14 аптада. Академиялық кезеңнің 1-8 апталарының қосынды балы бірінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін) болады. Ал 9-14 апталардың қосынды балы екінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) болады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды балы – 60 балды (100%) құрайды.
Лекция тақырыптары бойынша коллоквиум өткізіледі. Зертханалық сабақтар кезінде дәптерде орындалатын жеке бірінші және екінші рейтінгтік үй тапсырмалары беріледі. Тапсырмалар мен материалдарды жүктеу үшін міндетті түрде университеттің ресми сайттары на орналастыру қажет. Оған кіру студенттің порталы арқылы орындалады.
Аталған курс бойынша академиялық кезеңнің 1-15 апталарында лекциялық сабақтар және зертханалық сабақтар оффлайн түрде аудиторияларда өткізіледі. Пәнді оқу теориялық материалдан басталады: әрбір лекцияның оқу материалы «Лекция №_» тарауында орналасқан. Содан кейін студент зертханалық сабаққа берілген әдістемелік нұсқаулардағы тапсырмалдарға дайындалып, аудиторияларда жұмысқа кіріседі. Аудиторияда берілетін тапсырма материалы зертханалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқауда берілген.
Теориялық немесе зертханалық сабақтарды игеру бойынша қиындықтар және сұрақтар туындағанда, студент оқытушыға жүгініп, ОБӨЖ сабақтары кезінде талқылауға болады. ОБӨЖ сабағы (ОБӨЖ сабақ кестесі бойынша) аптасына бір рет өткізіледі.

1

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Цитология және Гистология курсын оқытудағы мақсат – студенттерді клеткалармен ұлпалардың дамуының, қызметінің негізгі ерекшеліктерімен таныстыру.
- Студенттер цитология және гистология пәнін толық меңгеру қажет
- Студенттер микроскоппен зерттеуді үйрену
- Студенттер практикалық жұмыстар істей отырып, теориялық білімдерінің деңгейін жоғарлатуды үйрену қажет.
Пәнді оқытудың міндеттері. Студенттерді организмдегі клетка және ұлпа теориясы мен таныстыру;
- про және эукариот клеткалары мен олардың органеллаларының құрылыстарына түсінік беру.
- Клетка тіршілігінің негізгі аспектрлері туралы түсінік беру(клетканың бөлінуі мен дефференциациясы,белок, май, көмірсу, стероид және басқада молекулалардың синтездері, апаптоз);

  • Жануарлар организмінің ұлпаларының классификациясы туралы түсінік беру;

- әртүрлі ұлпалар жүйесінің дамуы мен қызметі туралы түсінік беру;

2

Сағат саны



5 кредиттік пән үшін:
Лекция -15 сағат
Зертханалық сабақ – 30 сағат
ОСӨЖ – 15 сағат
Барлығы - 60 сағат

3

Оқыту нәтижесі

Осы курсты аяқтағаннан кейін сіз келесі қабілеттерге ие боласыз:
- Білуі керек: жасушалар мен ұлпалардың құрылымдық ұйымдастырудың негізгі заңдылықтарын, құрылымы мен қызметінің бірлігі тұрғысынан; ұлпалық элементтердің гисто - функционалдық ерекшеліктерін және олардың биологиялық процестерге қатысуын.
-Биологиялық объектілерді жасушалық ұйымдастыру принциптері, биологиялық объектілердің көбеюі мен жеке даму заңдылықтары, кәсіби қызметте биологиялық материалды зерттеудің іргелі негіздері мен әдістері туралы білімді қолдануға қабілетті болу.
-Істей алу керек: биологиялық микроскоптың құрғақ жүйелерін қолдана отырып гистологиялық препараттарды микроскопиялауды; ұлпаларды, олардың жасушалық және жасушалық емес құрылымдарын микроскопиялық және ультрамикроскопиялық деңгейде сәйкестендіруді.

4

Білімін бағалау

1.Бірінші және екінші рейтингтік үй тапсырмасы (БРҮТ, ЕРҮТ): 9*3=27 балл
2. Коллоквиум (КЛ): 2*7=14 балл
4. Студенттің өзіндік жұмысы(СӨЖ): 2*5=10 балл
5. Карточка бойынша жеке жұмыс (КЖЖ): 1*3=3 балл
5. Белсенділік: 6 балл

5

Қорытынды бақылау

жазбаша

6

Техникалық талаптар (қажет болса)

Курсты меңгеру кезінде талап етілуі мүмкін жабдыққа немесе бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын барлық техникалық талаптардың сипаттамасы. Білім алушыларға ақылы (коммерциялық) сервистердің функционалын олардың есебінен тануға тыйым салынады

  • Ерекше талаптар жоқ

7

Ресурстар мен дереккөздер / негізгі жәнеқосымшаәдебиеттертізімі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет