1. Пәннің қысқаша сипаттамасы:
Бұқаралық ақпарат құралдарының қайсысында болса да, негізгі материал - сөз. Ал, баспасөзде сөздің орны ерекше. Өйткені телерадиодағы сияқты дыбыс, көрініс газет-журналдарда сөзге көмекші роль атқара алмайды. Әр сөзге жауапкершілікпен қарау, сөзді ерекше білу, тілдік шеберлікті құрайды. Тіл шеберлігі, стиль ерекшелігі мерзімдік басылымның сапасын арттырады, әр журналисті басқалардан даралап тұрады. Сондықтан, болашақ журналистер баспасөздің тілі мен стиліне зор мән беруі тиіс.Сонымен қатарбілім алушылардың тіл мәдениетін арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінуі қажет. Олардың ауызша және жазбаша жұмыстарының, түсірілген бейне сюжеттерінің, жазылған аудиотаспаларының лексикалық, грамматикалық, синтаксистік жағынан ойға қонымды болуы қадағалануы керек.
Жалпы тілдік шеберлікке үйретудің басты негіздері – практикалық жұмыстар арқылы жазу мәнеріне дағдыланады. Тәжірибелік сабақтарда хабар, мақала, репортаж сияқты түрлі жанрларға тән тілдік, стильдік ерекшеліктерді сақтай отырып, материалдар жазып үйренеді. Бір-бірінің материалдарын редакциялауға дағдыланады.
«БАҚ-тың тілі мен стилі» атты жалпы курс, негізінен, «Журналистикаға кіріспе», «Журналистика тарихы», «Публицистикалық жанрлар», «Көркем-публицистикалық және сатиралық жанрлар» сияқты пәндердің теориялық заңды бөлшегі және жалғасы болып табылады. Бұл пән болашақ журналистерді тек қана теория жағынан емес, тәжірибелік қырынан да шыңдайды.
Пәннің мақсаты
|
Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелері (ОН)*
|
Пән бойынша күтілетін оқыту нәтижелері (ОН)
Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы қабілетті болады:
|
- БАҚ-тың тілі мен стилі туралы тиянақты білім беру; тіл, стиль сияқты журналистік шеберліктің маңызды жақтарына ден қоюына ықпал ету;
-БАҚ материалдарының тілдік, стильдік ерекшеліктерін саралай білуге үйрету;
- Тіл мәдениетін арттыру.
|
ОН - ауызша, жазбаша жұмыстарының лексикалық, грамматикалық, синтаксистік жағынан дұрыс болуы мен тіл, стиль жағынан жатық әрі сауатты болуы, сөз қолдану тәсілдерін таңдай білуі, сөз тіркестерін орынды пайдалана білу, мән беру, ана тіліміздің фразеологиялық, лексикалық байлығын игеріп, өздерінің шығармашылығында пайдалана алады.
|
-Жалпы тілдік шеберлікке үйретудің басты негіздері – практикалық жұмыстар арқылы жазу мәнеріне дағдыланады.
- Тәжірибелік сабақтарда хабар, мақала, репортаж сияқты түрлі жанрларға тән тілдік, стильдік ерекшеліктерді сақтай отырып материалдар жазып үйренеді.
- Бір-бірінің материалдарын редакциялауға дағдыланады.
Термин және аударма сөздерге мән береді. Әрбір сөйлемнің дәл ұғым беруін қамтамасыз етеді.
- БАҚ тілінің мәдениетін арттыру мәселесіне айрықша талап қояды.
- Жазба жұмыстарының лексикалық және грамматикалық жағынан дұрыс болуымен қатар, тілдік, стильдік жағынан сауатты болуына дағдыланады.
|
Пререквизиттер
«БАҚ-тың тілі мен стилін» меңгеру үшін «Журналистикаға кіріспе», «Қазақ журналистикасының тарихы», «Публицистика жанрлары» пәнін/пәндерін меңгеру барысында игерілген білім мен дағдылар қажет.
Постреквизиттер
«БАҚ-тың тілі мен стилін» меңгеру барысында игерілген білім мен дағдылар келесі пәндерді меңгеруге қажет болып табылады «Отандық публицистика тарихы»,«Журналистік шеберлік сыныбы», «Интернет журналистика».
Достарыңызбен бөлісу: |