________________ 2022 ж.
МО
«6В03204-Журналистика»
білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін
SZh4314Сын жанрларыпәні бойынша
JOUR 43005 Журналистикадағы талдамалы жанрлар
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
Нұр-Сұлтан
2022
SZh4314 Сын жанрлары пәні бойынша
оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
JOUR 43005 Журналистикадағы талдамалы жанрлар
«6В03204-Журналистика»
білім беру бағдарламасы негізінде әзірленген
Құрастырушы /
құрастырушылар___________ Тапанова С.Е. ф.ғ.д., профессор
(қолы)
«Баспасөз және баспа ісі» кафедрасының отырысында қарастырылды,
хаттама № 8 «14» 04 2022 ж.
Кафедра меңгерушісі ___________ Аширбекова Г.Ш., ф.ғ.к., доцент
(қолы)
Факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясының отырысында мақұлданды,
хаттама №7 «16» сәуір 2022 ж.
Факультеттің ОӘК төрағасы ____________ Пернебекова А., аға оқытушы
(қолы)
Түсініктеме хат
1. Пәннің қысқаша сипаттамасы:
Баспасөздегі «Сын жанры» пәні студенттерге сынының тарихын, сыни ой-пікірдің шығу, даму, қалыптасу кезеңдерін жан-жақты оқып-үйретуді мақсат етеді. Журналистика жанрының негізгі бір саласы – сын табиғаты жан-жақты қарастырылып, тереңдетілген, жүйелі білім беру мақсаты көздеген. Сондай-ақ, сынның эстетикалық мұраты, оның әдебиеттану ғылымымен байланысын көрсете отырып, қазақ әдебиеті сынындағы жанрлар жүйесін нақты оқытуды қарастырады. «Сын жанры» пәні әдеби қызметтің бағыты мен әдеби жанр ретінде сынның атқаратын ролін; қарастырылатын құбылыстарға сыни тұрғыдан келу негіздерін; әдеби сынның өлшемі ретіндегі бағалаудың ролін; сын материалдарындағы журналистік шеберліктің ерекшеліктерін; өткен кезеңдердегі, қазіргі замандағы әйгілі әдеби сыншылар және олардың шеберлігіндегі өзгешеліктерді; қазақ баспасөзіндегі әдеби сынның тілі мен стилі жан-жақты қамтылады.
Баспасөздегі «Сын жанры» пәніне салалас пәндер қатарына «Қазіргі газет жанрлары», «Журналистика және әдебиет» сияқты пәндерді жатқызуға болады. Сонымен қатар, бұл курстың міндеті: тек ұлттық әдебиет, мәдениет, өнер туындылары ғана емес, жалпы адамзаттық, ғаламдық көркемдік құндылықтар тәжірибесі, қазіргі кезеңнің ең көкейкесті рухани мәселелерін қамту да осы аталған жалпы курстың міндеті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |