ЖҰмыс бағдарламасы туризмдегі жаңа акпараттық технологиялар пәні бойынша 050902 Туризм мамандығының студенттері үшін Павлодар



Дата12.06.2016
өлшемі81.6 Kb.
#131060
түріЖұмыс бағдарламасы

Жұмыс бағдарламасы ПМУ ҰС 7.18.2/06

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химиялық технология және жаратылыстану факультеті
География және туризм кафедрасы


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Туризмдегі жаңа акпараттық технологиялар пәні бойынша
050902 - Туризм мамандығының студенттері үшін

Павлодар

Мемлекеттік жалпы білім беру ПМУ ҰС 7.18.1/06

стандарты мен типтік бағдарлама

негізінде құрастырылған пәннің

жұмыс бағдарламасының бекіту

парағы


БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректоры

_______________ Н.Э. Пфейфер

«___»_______________2009 ж.


Құрастырушы: б.ғ.к., доцент Габдулхаева Б.Б.

География және туризм кафедрасы


Туризмдегі жаңа акпараттық технологиялар пәні бойынша
050902 - Туризм мамандығының студенттері үшін


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы 050609 – География мамандығы бойынша 3.08.324-2006

мемлекеттік жалпыға міндетті мамандық стандартына сәйкес және 22 маусым 2006 жылы РОӘК-мен бекітілген типтік бағдарлама негізінде құрастырылды.

Кафедра отырысында ұсынылған 2009 ж. «___»_________________ №_____хаттама
Кафедра меңгерушісі ________________А.А. Калиева

Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 2009ж. «___»_____________№ ____ хаттама


ОӘҚ төрайымы__________________Ұ.Д. Бүркітбаева

КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы_______________Қ.Қ. Ахметов «____»___________2009ж.



Жжәқб құпталды

ЖжӘҚБбастығы__________________А.А.Варакута «____»_______2009ж.



І пәннің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты – студенттерге ақпараттық технологиялар құралдарының көмегімен кәсіби іс-әрекетінің тиімділігін көтеру үшін қажетті білімдер, икемділіктер мен дағдылар кешенін меңгерту.

Міндеттері:

  • студенттерді туризмдегі ақпараттық технологиялардың аппараттық және бағдарламалық қамсыздандырылуымен таныстыру;

  • туристік кеңсенің техникалық және бағдарламалық қамсыздандырылуын, туризм саласында ақпараттар базасын басқару жүйелерін қолдануды қарастыру;

  • студенттерге жергілікті және ғаламдық компьтерлік желілерді құру және қызмет ету, туризм саласындағы мекемелерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерді құру негіздері бойынша білім беру;

  • студенттерге туристік өнімді қалыптастыру, нарықта өткізу үшін қолданбалы бағдарламалар, броньдау мен резервте сақтаудың автоматтандырылған жүйелері, қонақүй және мейрамханалық бизнесті басқару жүйелерін автоматтандыру туралы мәлімет беру;

  • туризмдегі электрондық сауда жасаудың ақпараттық технологияларын, туристік бизнестің тәжіребиесіндегі мультимедиа және Инетернеттің пайдаланылуын қарастыру;

  • студенттердің туризм мен әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету салаларында қолданбалы бағдарламалық жабдықтау құралдарын пайдалану икемділіктері мен дағдыларын дамыту.


Студент білу керек:

  • туризмде қолданылатын ақпараттық технологиялар құралдарының ерекшеліктерін;

  • жергілікті, аймақтық және ғаламдық ақпараттық жүйелерін;

  • броньдау мен резервте сақтаудың жаңа ақпараттық құралдары мен бағдарламаларын;

  • туристік өнімді нарықта өткізудің ақпараттық әдіс-тәсілдерін.


Студен істей білу керек:

  • ақпараттық жүйелермен жұмыс істей білу;

  • интернет сайттарында жұмыс істей білу;

  • бронь жасау мен резервте сақтай білу.


2 Пререквизиттер: ақпаратттану, туризмология негіздері, туризм менеджменті, туризм инфрақұрылымы, туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру

3 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


3.1. ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

р/с

Тақырыптардың атауы

Сағат саны

Дәр.

Тәж.

СӨЖ

1

2

3

4

7

1

ТЖАТ курсына кіріспе. Ақпараттық технологиялар жүйесі

2

-

4

2

Броньдау және резервте сақтау жүйелері

2

4

12

3

Ғаламдық компьютерлік желілер

1

4

10

4

Мультимедиялық менеджмент жүйелері

1

3

10

5

Ақпараттық менеджмент жүйелері

2

4

10

6

Қонақүй кешенін басқару жүйесіндегі ақпараттық технологиялар

2

4

10

7

Әлеуметтік-мәдени қызмет саласы мен туризмдегі Microsoft Office негізіндегі ақпараттық технологиялар

1

4

12

8

Коммуникация және байланыс құралдары

2

3

10

9

Әлеуметтік-мәдени қызмет саласы мен туризмдегі оргтехниканың замануи құралдары

2

4

12




15

30

90

БАРЛЫҒЫ:

135


3.2. Теориялық курстың мазмұны
1-Тақырып. ТЖАТ курсына кіріспе. Ақпараттық технологиялар жүйесі

Ақпараттық технологиялар туралы түсінік. Ақпараттық технологиялардың жіктемесі. Ақпараттық технологиялардың әлеуметтік-мәдени қызмет саласы мен туризмнің дамуына тигізетін ықпалы

2-Тақырып. Броньдау және резервте сақтау жүйелері

Броньдау және резервте сақтаудың компьютерлік жүйелердің сипаттамалары. Броньдау жүйесі Amadeus. Броньдау жүйесі Galileo. Броньдау жүйесі Wordspan. Броньдау жүйесі Sabre және тағы басқа шетелдік броньдау жүйелері. Броньдау жүйесін тандау.

3-Тақырып. Ғаламдық компьютерлік желілер

Интернетті пайдалану бағыттары. Әлемдегі Интернет-аудиторияларының даму динамикасы. Туристік бизнестің қызметкерлері үшін ғаламдық компьтерлік желілердің мүмкіншіліктері. Интернаттан басқа желі қызметін атқарушылар: America On-Line, CompuServe, Microsoft Network. Туристік серверлердің сипаттамасы. Туризмдегі электрондық сауда-саттық. Электрондық пошта. Туристік электрондық дүкен.

4-Тақырып. Мультимедиялық технологиялар

Мультимедиялық технологиялар жайлы түсінік. Жалпы ұғымдар. Виртуалдық экскурсиялар мен саяхаттар. Энциклопедиялық, анықтамалық және жарнамалық дисктарды жасау және пайдалану. Электрондық каталогтардың пайдаланылуы. Әлемдегі ең танымал электрондық каталогтар: Hotel Guide, Flight Guide, Cruise Ferry Guide, HRS, Business Travel Planner, Air Travel Planner.

5-Тақырып. Ақпараттық менеджмент жүйелері

Ақпараттық менеджмент желілердің жіктемесі, туристік фирмаларды басқару пакеттері. «Арим-Софт» фирмасының бағдарламалық пакеті. «Само-Тур» бағдарламасы. «Мастер-Тур» бағдарламалық кешені. «Интур-Софт» фирмасының бағдарламалық пакеті. Voyage Office және «Аист-2.5» бағдарламалары. Continent-ANT жүйесі. «Тур» бағдарламасы. «Туристский офис» және Jack бағдарламалары.

6-Тақырып. Қонақүй кешенін басқару жүйесіндегі ақпараттық технологиялар

Қонақүй кешенінің жалпы сипаттамасы. Hotel-2000 – қонақүйлерді автоматтандыру жүйесі. «Отель-Симпл», «Меридиан-1», «Рек-Софт», Lodging Touch, KEI-Hotel, Fidelio, Cenium. «Дип-Пансион», Nimeta автоматтандыру жүйелер. Қонақүй кешенін басқарудың негізгі жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы

7-Тақырып. Әлеуметтік-мәдени қызмет саласы мен туризмдегі Microsoft Office негізіндегі ақпараттық технологиялар

Microsoft Excel бағдарламасын пайдалану. Электрондық кестелер жайлы жалпы мағлұматтар. Электрондық кестелерді жасау және өңдеу. Excel бағдарламасындағы график құралдары. Excel бағдарламасында ақпараттарды өңдеу. Әлеуметтік-мәдени қызмет саласы мен туризм саласы үшін Microsoft Access құралдарының көмегімен ақпараттар базасын жасау. Ақпараттар үлгілеріндегі ақпараттық байланыстардың түрлері. Әлеуметтік-мәдени қызмет саласы мен туризм мекемелері үшін ақпараттар базасын жасау.

8-Тақырып. Коммуникация және байланыс құралдары

Оргтехника құралдарының жіктемесі. Ақпаратты жіберу әдістері. Байланыс каналдарының жіктемесі. Телефон байланысы. Компьютерлік телефония. Радиотелефондық байланыс. Ұялы радиотелефондық байланыс жүйелері. Транкингтік радиотелефондық байланыс. Жеке (персоналды) серік (спутниктік) байланыс. Байланыстын пейджингтік жүйелері. Бейнебайланыс. Факс.

9-Тақырып. Әлеуметтік-мәдени қызмет саласы мен туризмдегі оргтехниканың заманауи құралдары.

Көшірме жасау және көбейту құралдары. Сканерлер. Ақпаратты көрсету құралдары. Слайдпроекторлар. Сұйық-кристалдық проекциялық панель. Құжаттарды жою аппараттары








№ п/п

Тақырыптардың атауы

Мазмұны

Орындау мерзімі (апта бойынша)

Аббревиатура









































































































































Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет