Жұмыс істейтін жастар үшін жұ­мыстан қол үзбей арнаулы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету маңызды мәселе. Әрбір жастың жұмыстан қол үзбестен мамандық пен білім алу мүмкіндігі болуы керек



бет13/22
Дата03.01.2022
өлшемі219 Kb.
#450846
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Елбасы Н

-оқушының белсенділігін анықтау;

-оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу;

-оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін

қанағаттандыру мақсатында меңгереді;

-оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстығы.
Оқытудың компьютерлік технологиясыАқпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыруды  және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты “ақпараттық қоғамға” даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей комьпютермен қатынасы арқылы орындалады. Яғни баланың жеке қасиетіне қарай компьютерге бейімделу, т,б

Модульдік оқыту технологиясыОқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Жобаланған технологияны іске асыратын жаңа тәсіл қалыптастыру. Технология жобасындағы негізгі объект – оқу тақырыптары, дидактикалық модуль. Оқушылар әр сатыға жоғарылаған сайын олардың білімді қабылдауы өзгеріп, өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі. оқушылардың жас ерекшеліктерін, әр сатыдағы қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып...

Оза оқыту технологиясыОза оқыту технологиясында грамматикалық ұғым, түсініктер тірек сызбаларды пайдалану арқылы  блок бойынша оза оқытылады. Тірек сызбалардың проблемаларды шешеу құзіреттілігін қалыптастыруда  үлкен рөлі бар. Өйткені мұндай сызбалар арқылы тілдік категориялардың ұқсастығын, айырмашылығын, өзіндік ерекшеліктерін салыстырып көрсетуге болады. Сызбаларда  көбінесе дерексіз байланыстар мен қатынастар көрсетіледі. Мәселен, тірек сызба  бойынша сөйлем құратуға, сөйлемдегі сөздердің байланысын    көрсетуге болады. Сонымен қатар тірек сызбалар дербестікті дамыту үшін де қолданылады.

"Әдебиеттік оқу" пәнін оқыту технологиясыПәнді оқыту барысында  топтық, ұжымдық жеке жұмыс түрлері ұйымдастырылады, шығармашылық жұмыс (өлең құрастыру, мәтін түзу, мәтін бойынша сурет салу, кейіпкерге мінездеме беру, хабарлама дайындау, қосымша деректер жинақтау) жүргізіледі. Оқыту барысында мәтіннің білімдік, тәрбиелік, дамытушылық бағыттарына ерекше көңіл бөлінеді, көркем сөздер арқылы оқушының тілін дамыту, сөздік қорларын байытуға назар аударады. Оқыту технологияларын таңдау оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруына игі ықпал ететіндей мақсатта орындалады. Оқытудың әдістемелік ұстанымдары жеке тұлғаның дербес дамуына жағдай туғызуға, берілген тапсырмаларды орындауда оңтайлы шешім қабылдауға дағдыландыруға бағытталуы тиіс. Оқушының негізгі құзыреттілігін қалыптастыруды көздейтін технологияларды қолдануда ұтымды тәсілдерді пайдаланудың орнын, тиімділігін ажырата білу қажет. Оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін технологияларды (жобалау, зерттеушілік т.б.) игеруге, енгізуге жағдай туғызу қажет. Жаңа технологияларды зерделей отырып, таңдалған әдіс-тәсілдер жиыны мұғалім мен оқушы арасындағы түсіністік қатынасқа негізделеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушыны дербес, топтық, ұжымдық жұмыс сияқты түрлі формада ұйымдастырылған тәсілдерге төселдіре отырып, өз бетімен ізденуіне бағыт-бағдар беру керек.   Оқу-тәрбие процесінде бірізділік пен біртұтастықты сақтауда оқушының оқу бөлмесі оқыту талабына сәйкес материалдық-техникалық жабдықталып, оқытудың түрлі формаларын ұйымдастыруда жетекші рөл атқаруы тиіс.

Жеке тұлғаға бағдарланған технологиясыЖеке тұлғаға бағдарланған  технологияда (Хуторской А.В.) оқу- тәрбие процесінде балалардың  жеке ерекшеліктерін ескеру, әр білім алушының оқу тапсырмаларын орындауына қолайлы жағдай жасау көзделеді. Аталған технологияның негізгі ұстанымдары төмендегідей:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет