1.2 Процессуалдық мәжбүрлеудің мақсаттары, негіздері
Бұлтартпау шараларын қолданудың мақсаты, негізі және шарттары. Бұлтартпау шаралары-бұл қылмыстық соттың ісжүргізудің мақсатына жетуге бөгет жасайтын күдіктілер мен айыпталушылардың мінезіне мәжбүрлі әсер ету тәсілдері /істің шынайы жағдайын айқындау, заңды дұрыс қолдану, кінәлілерді жазалау мен кінәсіздерді соттауға жол бермеу/.
Бұлтартпау шараларын қолдану азаматтардың жеке бостандықтарын шапшаң шектеумен байланысты, атап айтсақ тұлға дербестігіне құқы, бөгетсіз жүріп тұру және тұру орнын таңдау құқықтары.
Бұлтартпау шаралары заңмен белгіленген негіздерге арқа сүйер және тиісті құқықтық тәртіпті сақтау арқылы қатаң тәртіпте қолданылуы керек.
Бұлтартпау шараларының өзіндік шағын, ерекше мақсаттары бар:
1/ айыпталушының /күдіктінің/ анықтаудан, алдын ала тергеуден және соттан жасыруына жол бермеу;
2/ айыпталушының /күдіктінің/ ақиқатқа жетуге бөгет болуына жол бермеу;
3/ айыпталушының /күдіктінің/ кейінгі қылмыстық қызметін тоқтату;
4/ үкімді орындау мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Бірінші мақсатқа жету айыпталушының қатысуымен тергеу әрекеттерін жүргізуді, оның сотпен анықтауға қатысуын, сотталушының сотпен тағайындаған жазаны өтеуін және қылмыспен келген зиянның орнын толтыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қоса әрине айыпталушының тергеу және соттық әрекеттерге қатысуы оған куәлік беру немесе белгілі бір іс-әрекеттерді жасау міндетін тудырмайтының білген жөн.
Екінші мақсат айыпталушыға куәгерлерді, жапа шегушілерді, мамандарды және әлі қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған тұлғалармен заттай айғақтар мен құжаттарды жасыру мен жалған қылуда астартын келісім жасауына, сатып алуына жол бермеу. Бұл мақсаттың маңыздылығы айыпталушының жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттерге жауап бермейтіндігінде.
Үшінші мақсаттың мазмұны ұзаққа созылған қылмысты тоқтату және айыпталушының басқа қылмыстар жасауына тосқауыл қою. Қарастырып отырған шаралардың “із кесушілік” астары бәрінен бұрын осы мақсатта көрінген. Алғашқы екі мақсат /бұлтартпау шараларының мақсаттары/ із кесу мен емес, айыпталушының қажетсіз мінез-құлқын ескерту мен жол бермеуге байланысты. Сондықтан “бұлтартпау шаралары” деген атаудың өзі бар институттың мәнің толық аша алмайды. Із кесу шаралары айыпталушыныңрұқсат етілмегені қызметіне тосқауыл қоюмен ғана айналыспайды сонымен қоса оның жөні түзу мінез-құлығын қамтамасыз етеді. Бұл кейбір авторларға оларды “қамтамасыз ету” деп атауға жол береді.
Бұлтартпаудың төртінші мақсаты біріншімен сәйкес келетін сияқты: айыпталушының тергеу мен соттан жасырынуын ескере отыра, біз үкімнің кейін орындалу мүмкіндігін қамтамасыз етеміз. Егер бұл осылай болса онда. Төртінші мақсатты бөліп алу қажеттілігі жойылады. Бірақ кейбір авторлар кейбір бұл мақсатты басқаша түсінеді. Олардың пікірінше ол мақсатты сот айыптау үкімін шығарғанда көздейді. Осылай сот өзі шығарған немесе өзгертусіз қалдырған үкімді жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сонымен ұсыныс жасауға болады: бірінші және төртінші мақсаттарды қосы осы бірегей мақсатты келесі сипатта айқындауға болады: айыпталушының /күдіктінің/ анықтаудан, алдан ала тергеуден, соттан және үкімді орындаудан жасырынуына жол бермеу. Қарастырылған мақсаттар із кесу шарасын таңдауға негіз болатын жағдайда дәлелдеуге жатады. Айыпталушының анықтаудан, тергеуден, соттан немесе үкімді орындаудан қашып жүргенін, ол ақиқатты айқындауға бөгет жасауы немесе қылмыстық қызметті жалғастыруы мүмкіндігін дәлелдеу қажет. Із кесу шарасын таңдау үшін аталып өткен айыпталушының қажетсіз мінез құлқының жоқ дегенде біреуінің ықтималдығын дәлелдесе жетіп жатыр. Бұл жағдайда дәлелдеу, болжамдық сипатқа ие, яғни болашаққа айтылған.
Асылында із кесушарасын қолданудың негізгі қылмыстық істе көрсетіліп, істе бар дәлелдемелермен бекітілу керек. Тек осындай жағдайда ғана істі пракурор тексергенде немесе оны сот қарағанда із кесу шарасын таңдау заңдылығы мен негізділігін бақылауға болады.
Айыпталушы жасырынап, ақиқатты айқындауға бөгет жасауы мүмкін дегенді нақтылаушы дәлелдер із кесу шарасын қолданудың “негіздерінің негізі” болып табылады.
Айыпталушының жеке басын іске алу із кесу шараларын таңдауға ықпал ететін, отбасыға жақындық, адалдық, еңбекке деген қатынас, еңбек ұжымының сенімі сияқты жағдайларды қамтиды.
Айыпталушының айналысу түрі із кесу шарасының белгілі бір түрін қолдану үшін маңызы бар, өйткені ол айыпталушы жұмыс істейді ме, ұжымда ма немесе жекеше ме, іссапарға көп шыға ма дегендей мәліметтермен сипатталады.
Айыпталушының жасы оның интеллектуалдық және өнегелік дамуын, белгілі бір ортаға жататындығын анықтайды, сондықтан ло ізкесу шарасын тандағанда есепке алынады. Әрине қарт адамдарды қамауға алудың жөні жоқ, өйткені олар тергеу мен соттан қаша алмайды. Кәмелетке толмағандарды қамауға алу оқиғасы сирек кездесу керек, өйткені оларды сырт әлемінен оқшаулау олардың бекімеген психикасына кері әсеретіп, өз кезегінде олардың жалған куәлік беруіне әкеліп соғады. Айыпталушыныңденсаулық жағдайы кейбір жағдайларда оны қамауға алуға жол бермейді /шұғыл операция қажеттілігі, өмірі қауіпте болса/. Басқа жағдайларда белгілі бір бұлтартпау шарасын таңдау аурудың ауыртпалығы мен созылмалығына байланысты. Бұл жағдайда айқындау үшін кей жағдайларда сот сараптамасы жүргізіледі. Науқасы қатты адамды қамауға алу, тергеушінің оның рухын сындырып, қажетті мойындауға қол жеткізу ниетін байқатады. Сондықтан мойындауды бағалау кезінде, соттар олардың қамауға алынған адамдардың науқасының ықпалымен алынбағанына көз жеткізу керек.
Отбасылық жағдай бұлтартпау шарасын таңдауға әсер етеді, өйткені жарының, балаларының. Қарт ата-анасының болуы және айыпталушы мен сол адамдардың жақсы қарым-қатынасының болуы айыпталушының тергеу мен соттан, үкімді орындаудан қашу ықтималдылығын едәуір төмендетеді, ақиқаттың тез орнығуына және жаңа қылмысқа жол бермеуге септігін тигізеді.
Бұлтартпау шарасын таңдау кезінде ескеретін басқа да жағдайларға алға ауыр болуын, әскери қызметке шақырылуды, лауазымдық жағдайын, сотталғандығын. Отан алдындағы еңбектерін жатқызуға болады.
Айғақтар бұлтартпау шарасын қолдану негізін көрсетпейді, басты дерек яғни белгілі бір адаммен қылмыстың жасалғаның көрсетеді. Айғақтар тұлғаны айыпталушы жағдайына қоюға жеткілікті болса да оны қамауға алуға жеткіліксіз болып табылады. Мұндай жағдайда тергеушіжұмсақтау бұлтартпау шарасы ешқайда кетпеу туралы қолхатты таңдай алады. Айыпталушыны қорғану құқымен қамтамасыз ете отыра, тергеуші жеткіліксіз негізделген қамауға алуға жол бермейді, өйтсе іс тоқтатылуы немесе сотталушы ақталып кетуі мүмкін.
Дәлелдеуге заң бойынша бұлтартпау шарасына әсер ететін барлық жағдайларды талдау жатады. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулыда айыпталушының кінәсінің дәлелдемесін немесе қамауға алу сияқты бұлтартпау шарасын қолдануға заңмен айқындалған негіздердің бар екенің нақтылайтын дәлелдер келтіруі бар көзқарастар бар.
/Кінәсін дәлелдеуді, шығуы бұлтартпау шарасын таңдауға себеп болатын тұлғаны айыпталушы ретінде тарту қаулысында келтірген жөн еді. Бұл жағдайда айыпталушы не үшін айып тағылып отырғанын, айып неге негізделгенің және неге оған бұлтартпау шарасы қолданылғаның білетін болады.
Осы талаптарды сақтағанда бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы көлемі бойынша үлкен болады, бірақ айыпталушының заңдық мүдделері жақсы кепілденеді: ол өзінің қандай себептен қамауға алынғаның немесе неге басқа бұлтартпау шарасына ұшырағаның білетін болады. Бұл бұлтартпау шарасын даулауды әжептәуір жеңілдетер еді. Бұл жағдайда тергеу құпиясының тарауынан және айыпталушының өзін кінәлайтын дәлелдерді тым білетіндігінен қорықпау керек. Бұл жерде әңгіме боп отырған дәлелдер-ерекше текті: олар айыпталушының қылмыс жасағаның көрсетпейді, оның тергеу мен сот уақытындағы жөнсіз мінезінің мүмкіндігін көрсетеді. Айыпталушыдан оның кінәсінің дәлелдерін жасырудың жөні жоқ, егер де оған айып тағылғаннан бастап, барлық іске қорғаушы жіберілсе. Іске жіберілерде ло іс материалдарымен танысу құқына ие болу керек. Оған іс мазмұны туралы өзінің қорғалушысына хабар беруге тыйым салуға болмайды. Бұл жағдайларда айыпталушығаоған бұлтартпау шарасын қолдану кезінде осындай дәлелдерді жасырудың және айыпталушы ретінде жауапқа тарту қаулысында кінәсін дәлелдейтін дәлелдер келтіруден бас тартудың мағынасы жоқ болар еді.
Бұлтартпау шаралары айыпталушыға тәрбиелік ықпал ету үшін таңдалады деген көзқарас кең тараған. Әсіресе бұл қоғамдық кепілдемемен, кәмелетке толмағандарды ата-ана қарамағына бермеумен және жабық балалар мекемесінің әкімшілігіне берумен байланысты бұлтартпау шараларына қатысты. Кәмелетке толмаған айыпталушыны ата-ана қарауына берген тергеуші айыпталушы мен оның ата-аналарына да қатысты тәрбие жұмысын жүргізуге тиісті деп есептеледі15.
Бұл көзқарастарда көптеген даулар мен қателер бар. Үкім шығып, заңдық күшіне енгенше айыпталушы кінәсіз болып табылады. Кінәсі ресми түрде мойындалмаған және сот ақтауы да мүмкін адамда қалайша қайта тәрбиелеуге болады. Мойындау мен өкіне бұл сұрақты шеше алмайды. Кінәсіздер де мойындап, “өкініп” жатады ғой. Әсіресе кәмелетке толмаған айыпталушының ата-анасына қатысты тәрбиелік іс-шараларға жол беруге болмайды. Егер айыпты өз кінәсін мойындаса онда тәрбиелік сипаттағы шаралар сәтті болуы мүмкін. Яғни адами тәрбиелік шаралар мойындауға айырбас ретінде қолданылады, бұл қылмыстық сот жүргізудегі “айыптау бүкпесі”.
Бостандықтан айыру орындарының әкімшілігінің кінәні мойындауға бейім рухта қамалғандарды тәрбиелеуге еш құқы жоқ. Бұл оныі ісі емес. Бұл жұмыста бостандықтан айыру мекемесінің әкімшілігімен ынтымақтасатын /ақылға симайтын/ адамдарды пайдалануға мүлдемжол беруге болмайды.
Сонымен тергеушінің айыптаушыларды қайта тәрбиелеуге немесе мұндай міндетті қамау орны әкімшілігіне жүктеуге еш құқы жоқ. Сот туралы да айту керек. Бірақ бұл айыпталушы тәрбиелік әсер ету саласынан тыс қалады деген сөз емес. Егер ол кінәлі болса, онда сот процесі оның өнегелік қайта құрылуының басы болып есептеледі.
Бұлтартпау шарасы, оның ішінде қамауға алу, қылмыскер бостандықта қалды деген қоғамдық пікірдің даурығыуын ескерту және азаматтар тыныштығын қамтамасыз ету, жапа шегушінің ары мен намысын құрметтеу мақсатында қолданыла алмайды.
Бұлтартпау шарасын неізгізсіз қолдану, егер де айыпталушыны қамаудан босатуға әкелсе, қоғамдық пікір одан сайын ашу шақырады. Болмада бар: сол қоғамдық пікірді тыныштандыру үшін кінәсізді соттау. Қоғамдық пікір мен жапа шегушіні тыныштандыру бұлтартпау шарасының дербес мақсаты ретінде қарастырыла алмайды.
Мақсаттар мен оларға жету үшін қажет бұлтартпау шараларын таңдауға негіздер болса, тергеуші,анықтау органы және сот бұлтартпау шарасын қолдануға құқылы ғана емес міндетті.
Бұлтартпау шарасын таңдауға негіз болса, оны тек бірер құқықтық шарттарды сақтағанда ғана қолдануға болады.
Біріншіден, бұлтартпау шарасы тек қозғалған қылмыстық іс бойыншағана таңдалады. Бұл негізсіз, заңсыз қамаудан қорғайтын тұлға дербестігінің басты кепілі. Тек қана қамауға алу емес, сонымен қоса ешқайда кетпеу туралы қолхат, жеке және қоғамдық кепіл сияқты бұлтартпау шаралары да егер де қылмыстық іс қозғалмаса қолданыла алмайды. Осыдан қылмыстық істі ашуға, жүргізуге және шешуге құқы жоқ тұлғалармен бұлтартпау шараларын қолдануға жол бермеу керектігі туады.
Екіншіден, бұлтартпау шарасы айыпталушыға төніп тұрған қылмыстық жазадан ауыр болмау керек. Егер айыпталушыға қылмыстық кодекстің бабымен телініп отырған шарасы бір жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздемесе, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарсына жол берілмейді16.
Айыптаудың заңдық жағын тергеуде немесе сотта өзгерткенде жаңа айыпқа сай келуі үшін бұлтартпау шарасын өзгерту туралы мәселені әркез талқылаған дұрыс. Бұл әрекет айыпталушыға жақсы немесе жаман болуы мүмкін.
Үшіншіден, кез келген түрдегі бұлтартпау шарасын қолдану шарты тұлғаны айыпталушы ретінде тарту боп табылады.
Бұлтартпау шарасы тұлғаға айып тағылып, одан айыпталушы ретінде жауап алғаннан кейін ғана қолданылу керек. Бұл бұлтартпау шарасын мәселесін шешу кезінде айыпталушының пікірін тыңдауға, бұлтартпау шарасын қате қолданудың алдын алуға, қамау мерзімін айыпталушыны нақты қамауға алғаннан бастап есептеуге мүмкіндік берер еді.
Бұл жағдайларда бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы айып тағылғанға дейін жеке тұлғадан айыпталушы ретінде жауап алғанға дейін шығарылуы қажет.
Төртіншіден, бұлтартпау шарасы қылмыстық жауапкершілік жасына /16 жас/ жеткен адамға ғана қолданыла алады.
Жан-дүниесі ауратындарды қамап ұстау үшін тергеу изоляторлар жанындағы ауруханаларда арнайы палаталар жабдықталу қажет. Егер ол қылмыстық кодекспен қарастырылған қоғамдық қаупті әрекет жасағаны дәлелденсе оны айыпталушы ретінде тартпай-ақ бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін. Бұлтартпау шарасы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары туралы сот шешіміне дейін қолданылады. Бұлтартпау шарасын қолдануға ауруда куәлендіретін құжатты немесе маман-психиатрдың қортындысы негіз бола алады.
Мәжбүрлеу шаралары сайланатын және тағайындалатын кейбір тұлғаларға да жауапты органдардың оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту және қамауға берген келісімі болған жағдайда қатысты. Ондай тұлғалар Парламент депутаттары және барлық деңгейдегі маслихаттар депутаттары, соттар және әскери қылмыс жасаған әскерилер мен оларға теңестірілген тұлғалар жатады.
II тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің жүйесі.
2.1. Қылмыстық істі жүргізу барысындағы мәжбірлеу шаралары.
Процессуалдық мәжбүрлеу шараларына қолданылатын ғылыми жіктеудің маңызы оның бір уақытта барлық зертелетін нәрселерді қамту мүмкіндігінде.
Сонымен қоса олардың әрқайсысының тұрған жерін ғана емес, сонымен қоса олардың бір-бірімен байланысын қалыптастырады. Олардың ішкі заңдылықтарын ашады.
Процессуалдық әдебиеттерде процессуалдық мәжбүрлеу шаралары әр автордың әр түрлі қөзқарастарымен топтастырылады. Мысалы, П.М.Давыдов:”Сот және тергеу органдарына алып келуге бағытталған шақыртумен алып келу түріндегі шаралар; тінті, алу, куәландыру; айыпталушының қызметі бойынша жаңа қылмыстарды жасаудың алдын алатын шаралар; қызметіне шеттету; соттық талқылау тәртібін қамтамасыз ететін шаралар – тәртіп бұзушыларды сот мәжілісі залынан шығару, айып салу; азаматтық талапты қамтамасыз ету бөлігіндегі сот үкімін орындауды қамтамасыз ететін шаралар; мүлікке тыйым салу; айыпталушының алдын- ала тергеуде және сотта болуын қамтамасыз ететін шаралар; кесі шаралар жатады”.
Ю.Д.Лившиц процессуалдық мәжбүрлеу шараларын келесідей түрге жіктейді:
1/ бұлтартпау шаралары
2/ дәлелдемелерді табу, алу және бекітуге бағытталған шаралар
3/ соттық талқылау тәртібін қамтамасыз етуші шаралар
4/ аталған топтардың ешқайсына да жатпайтын басқа да шаралар17
М.А. Чельцов процессуалдық мәжбүрлеу шараларын үш топқа жүктейді:
1/ айыпталушының әділ соттан жалтармауын қамтамасыз етуші шаралар
2/ дәлелдеу құралдарын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар
3/ соттық талқылау тәртібін қамтамасыз етуші шаралар
З.Ф.Коврига процессуалдық мәжбүрлеу шараларын келесідей түрлерін бөледі:
1/ бұлтартпау шаралары,келу туралы міндеттеме, ұстау, алып келу, іздестіру, этаптау, айыпталушының қызметінен шектету, сот мәжілісі тәртібін бұзғандарға қолданылатын шаралар жатады.
2/ қамтамасыз ету құралдары, оның ойынша олардың қатарына тінту, алу, айыпталушыны немесе сезіктіні медициналық мекемеге орналастыру жатады.
Келтірілген жіктеулердің барлығы бір-бірінен айырмашылықтары аз, өйткені оларды жіктеудің негізіне мақсаттық белгілері қойылған, Аталған шаралардың барлығы белгілі бір мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді. Мысалы, бұл тұлғаны тергеу органдарына алып келу арқылы дәлелдемелерді алуды қамтамасыз етеді. Кесуге және қылмыстың алдын алуға бағытталған ұстау қылмыстық процесте бір уақытта сезіктінің қатысуын және дәлелдемелер алуды қамтамасыз етеді.
Барлық жетіспеушіліктерге қарамастан мақсаттық белгілер бойынша жіктеу барынша толықтығын және процессуалдық мәжбүрлеу шаралары түрлерінің байланысын білдіреді.
Жоғарыда көрсетілген жіктеулерді талдап қортындылай келе процессуалдық мәжбүрлеу шараларын келесідей жіктеуді ұсынамыз: бірінщі топ- айыпталушының және қылмыстық процесске қатысушы тұлғалардың қылмыстық қатысуын және тәртібін қамтамасыз етуші шаралар. Оған: бұлтартпау шаралары, келутуралы міндеттеме, алып келу, ұстау, қызметінен уақытша шеттету. Екінші топ- дәлелдемелерді табуды, алуды, зерттеуді, азаматтық талапты немесе мүлікті тіркелудің мүмкіндігін қамтамасыз етуші шаралар. Шаралардың бұл тобы:
А/ дәлелдемелерді табу, алу және зерттеуді қамтамасыз ететін шаралар тінті, алу, куәландыру салыстырмалы зерттеуге үлгілер алу, медициналық мекемеге орналастыру;
Б/ мүлікті тәркілеудің мүмкіндігін және азаматтық талапты қамтамасыз етуші шаралар.
Барынша толық, бірақ ыңғайлы қөзқарас бойынша бұл еңбектің құрлымында зерттелетін шаралар өзінің сипаты және көріну дәрежесінде мәжбүрленуі бойынша жіктелген. Сондықтанда осы негіздерге байланысты процессуалдық мәжбүрлеудің барлық шаралары: кесу шаралары және басқа процессуалдық мәжбүрлеу шараларына бөлінеді.
Қылмыстық – процессуалдық мәжбүрлеу қылмыстық-процессуалдық әрекет субъектілерінің тәртібіне мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалар қылмыстық-процессуалдық қатынастар саласында жасайтын әсер ету. Бұл әрекет процессуалдық міндеттердің орындалуын, қылмыстық сот өндірісінің дұрыс жүруін қамтамасыз етуге бағытталған.
Әдебиеттерде қылмыстық – процессуалдық мәжбүрлеудің шараларын әртүрлі жіктеген. З.Ф.Коврига барлық қылмыстық – процессуалдық мәжбүрлеу шараларын негізгі екі топқа бөледі:
1/ бұлтартпау құралдары;
2/ қамтамасыз ету құралдары.
Бірінші топқа бұлтартпау шаралары, келу туралы міндеттемені алу, ұстау, алып келу, іздестіру және этаптау, айыпталушыны қызметінен шеттету, сот мәжілісінің тәртібін бұзушыларға қолданылатын шаралар. Екінші топқа: тінту, алу, айыпталушыны немесе сезіктіні соттық-психиатриалық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге орналастыру, мүлікке тыйым салу.
З.Ф.Коврига өзінің жіктеуінің негізіне мақсаттық белгілерді қойған осыған байланысты одан бір жағынан құқыққа қайшы әрекеттерді жоятын құралдар, екінші жағынан дәлелдемелерді алуды қамтамасыз етуге бағытталған құралдар бөлінеді. Бірінші топқа автор бұл мақсатқа сай емес құралдарды жатқызған. Кесу шаралары, келу туралы міндеттеме. Айыпталушыны атқаратын қызметінен шеттету, алдын алу мақсатында айыпталушы қылмыстық сот өндірісінің жүруіне теріс әсерін тигізуіне жол бермеу үшін, яғни процессуалдық міндеттер бұзылмау тұрып жасалады. Бұл топқа автор процессуалдық міндеттер бұзылған жағдайда қолданылатын шараларды жатқызады: шақыруға дәлелсіз себептермен келмегені үшін алып келу, сот мәжілісінің тәртібін бұзушыларға қолданылатын шаралар. Автор кесу құралдарының бір тобында өзінің мақсаты және сипаты бойынша әртүрлі мәжбүрлеу шараларын біріктірген: қылмыстық-процессуалдық заң бойынша процеске қатысушының заңға сәкес емес тәртібінің алдын алатын құралдар мен превентивтік шаралар.Автордың ойынша қамтамасыз ету шараларын қолданудың мақсаты әділ соттың жүзеге асырылуына мәжбүрлі тәртіпте жағдай жасау және сонымен қатар жалпы қылмыстық процестегі мәжбүрлеу шараларының мақсаты болып табылады.
В.М. Корнуков процессуалдық мәжбүрлеу шараларын олардың мақсатарына байланысты 2 топқа бөледі: бірінші топқа-айыпталушының және басқа да тұлғалардың қылмыстық процеске қатысуын және қажетті тәртібін қамтамасыз ететін шаралар жатады. Оған автор: кесу шараларын, келу туралы міндеттемені, ұстауды және қызметінен шеттеуді жатқызған18. Екінші топқа дәлелдемелерді табуды, алуды және зерттеуді қамтамасыз ететін шаралар жатады.Бұл екінші топ өзі екі топшаларға бөлінеді:
А/ дәлелдемелерді алуды, табуды және зерттеуді қамтамасыз ететін шаралар тінту, алу, медициналық мекемеге орналастыру;
Б/ азаматтық талапты және мүмкін болатын мүлікті тіркелудің қамтамасыз ететін шаралар.
Осыған орай жіктеуді З.З.Зинаттулин жасаған. Ол: а/ қылмыстық-процессуалдық әрекеттің қатысушыларының жағымсыз тәртібінің алдын-алуға бағытталған шаралар;
б/ дәлелдеу құралдарын жинаумен және зерттеумен тікелей байланысты шаралар деп екі топқа бөледі.
Келтірілген жіктеулерде бөлудің негізіне салынған мақсаттың белгі өзін ақтады. Бірақ олардың жалпы ортақ кемшіліктері барлығындағы бір шараның түрі әртүрлі топтарға жатқызылады. Мысалы, қылмыстық сот өндірісінің қатысушыларының тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың соңғы мақсаты дәлелдемелер алу19.
Бұған куәнің және жәбірленушінің тергеушіге, сотқа келуін және олардың көрсету беруін қамтамасыз етуші шаралар бағытталған тергеу әрекеттерін мәжбүрлеу шараларына жатқызуға болмайды.
Тергеу әрекеттері-бұл жалпы мәжбүрлеу әрекеті емес. Олар мәжбүрлеумен бірге жүреді және мәжбүрлеуді өзіне белгілі бір жағдайларда қосады, яғни тергеу әрекеттерін жүргізуге кедергілер болған жағдайда. Бұл айыпталушының қарсыласуы, оның дәлелдемелерді алуға кедергі жасауға тырысуы. Заңда қылмыстық процесс қатысушыларының дәлелдемелерді өз әрекеттерімен тапсыруы қарастырылған: айыпталушы, сезікті жәбірленуші, азаматтық талапкер және жауапкер. Егер тереу әрекеттерін жүргізу кезінде дәлелдемелерді процесс қатысушылары өз еріктерімен тапсырса, онда мәжбүрлеу әрекеттері туралы айтуға болмайды.
И.Л.Петрухиннің қөзқарасы бойынша қылмыстық процесте мәжбүрлеу үш нысанда көрінеді: құқықтық тәртіпті қорғау шаралары, превентивтік шаралар, жауапкершілік шаралары. Қоғау шараларына автор міндеттің субъектісіне мәжбүрлі орындатудың тұратын қалпына келтіру санкцияларын қолдануды жатқызады. / мәжбүрлі куәландыру, сараптаманы мәжбүрлі түрде жүргізу, мәжбүрлі алу және т.с.с/. Превентивтік шаралар / күзетпен қамау, сезіктіні ұстау, мүлікке тыйым салу және басқалары/ - бұл азаматтың құқыққа қайшы тәртібімен және санкция қолдануымен байланысты емес шаралар. Үшінші топқа автор процессуалдық міндеттерді бұзғаны үшін қолданылатын айыптық санкциялар20. Мысалы, ақша өндіріп алу.
Келтірілген жіктеулердің негізінде қылмыстық процесте қолданылатын мәжбүрлеу шараларының сипаты жатыр. Оның ерекшелігі сонда ол қалпына келтіруші санкцияларды, айыптық санкцияларды және превентивтік шараларды бір-бірінен нақты айыруға жағдай жасайды.
Бірақ біздің ойымызша қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеудің құқықтық табиғатын талдау үшін мәжбүрлеушараларын қолдану негіздері бойынша жіктеген барынша ыңғайлы болады. Қылмыстық сот өндірісінің субъектісінің процессуалдық міндеттерді бұзу дерегі қолданудың негізінде жатыр ма, соған байланысты барлық процессуалдық мәжбүрлеу шараларын процессуалдық құқық бұзушылықтарға байланыссыз қолданылатын шараларға бөлуге болады.
Негізінде процессуалдық құқық бұзушылықтар болатын процессуалдық мәжбүрлеу әртүрлі болуы мүмкін. Бұл көбіне қалпына келтіру шаралары, ымсалы заңсыз және негізсіз үкімінің күшін жою, істі қосымша тексеруге қайтарып беру.
Қылмыстық-процессуалдық әрекет үшін олар ерекше тән болады.
Қылмыстық іс бойынша өндіріс кезінде көптеген билікті процессуалдық шешімдер: тергеуші мен прокурордың қаулысы, бірінші соты, соттардың ұйғарымдары мен үкімдері және жоғарғы тұрған соттардың қаулылары шығарылады. Заңдылықтың талаптарын бұзудан келетін әлеуметтік төлемдер өте үлкен, сондықтан да бұндай қылмыстық-процессуалдық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған, оның ішінде теріс салдарды жоюға бағытталған арнайы қалпына келтіруші шаралар қарастырылған.Бұндай шаралардың міндеті: дұрыс емес шешімді жоюға және осы арқылы процессуалдық құқық бұзушылықтан келген зиянды төменгі шекке жеткізу, қылмыстық сот өндірісі бойынша сұрақтардың дұрыс шешілуін және іс бойынша заңды және негізделген шешім шығаруға қамтамасыз ету. Судья ҚР ҚІЖК-ң 303-бабында көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтарады. Кассациялық инстанция соттары маңызды негіздер бойынша айыпталушыны үкімді кейінге қалдыруға құқылы.
Процессуалдық құқықбұзушыларға жазалаушы қамтамасыз етуші шаралар қолданылуы мүмкін. Мысалы, оған айыпкер сезікті бірінші тағайындалған бұлтартпау шарасы бойынша өзіндіктерін орындамаған жағдайда оған барынша қатал бұлтартпау шарасы ауыстырылады немесе сот мәжілісінің тәртібін бұзған жағдайда сот залына жіберу немесе куәні дәлелді себепсіз шақыртуға келмеген жағдайда алып келу және басқалары жатады. Көрсетілген шаралар құқықбұзушылық үшін қолданылатын және шектеу ретінде қолданылатын жазаның бір көрінісі. Құқыққа қайшы әрекеттердің теріс салдары белгілі бір тәртіпке мәжбүрлеудің құралы ретінде болады және ол іс бойынша ақиқатты қалыптастыратын қылмыстық сот өндірісінің ойдағыдай жүруін қамтамасыз етеді. Бұл жерде айта кететін бір жай, қылмыстық сот өндірісінің ойдағыдай жүруін қамтамасыз ету-бұл процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданудың жалпы соңғы мақсаты.
Мәжбүрлеу шараларының ішіндегі құқықбұзушылыққа жауап болып табылмайтын түрі ретінде ең алдымен превентивтік шараларды көрсетеміз. Олардың негізгі мақсаты процеске жеке қатысушылардың тарапынан болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстық-процессуалдық қатынастардың қалыпты дамуына кері әсер ететін немесе іс бойынша ақиқатты қалыптастыруға кедергі болатын әрекеттердің алдын алу21. Оған, мысалы бұлтартпау шараларын қолдану, айыпталушыны алдын-ала шақыртусыз алып келу, мүлікке тыйым салу жатады.
Кейбір тергеу әрекеттерін жүргізуде қолданатын мәжбүрлеудің сипаты туралы сұрақ белгілі бір қиындықтарды туғызады. Мәжбүрлеумен бірге алудың, куәландыруды, салыстырмалы зерттеуге үлгілерді алуды жүргізу бірге болады. Заңға сәйкес айыпталушы немесе сезікті адам соттық-медициналық немесе соттық-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге орналастыруы мүмкін. Бұл мәжбүрлеу санкциябола ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін көрсетілген шаралардың сипатына талдау жасайық.
Қылмыстық-процессуалдық санкциялар қылмыстық процестегі басқа мәжбүрлеу шараларынан басты айырмашылығы сонда, санкциялар процессуалдық міндеттерді бұзған ерекше жағдайларда ғана қолданылады. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде мәжбүрлеу дәлелдемелерді белгілі бір адамдарда ерікті түрде ала алмаған жағдайда дәлелдемелерді табу және алуды қамтамасыз ету үшін қолданылады. Мәжбүрлеу алуды және басқа да осыған ұқсас мәжбүрлеу шараларын санкциялар қатарына жатқызуды ұсынған авторлар негізсіз бұл жерде мәжбүрлеу азаматқа сәйкес құқықтық қатынастағы міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді деп есептейді.
Әдебиеттерде басқаша көзқарастар айтылған В.М.Корнуков тінті, алу, куәландыру үлгілерді салыстырмалы зерттеуге алып келу қылмыстық-процессуалдық нормалардың бұзылуымен байланысты емес деп есептейді. Заңда бұл шараларды қолдануға рұқсат етілген тұлғалармен процессуалдық нормалардың талаптарын бұзу мен және орындаумен байланыстырмайды22.
Аталған тергеу әрекеттерін жүргізу қылмыстық-процессуалдық нормалардың бұзылуымен байланысты емес дегенмен келісу керек.Бірақ жерде әңгіме тергеу әрекеттерінің іс туралы емес, ал оларды өткізу кезіндегі мәжбүрлеу шаралары туралы болып отыр. Автор бұндай барлық әрекеттерді мәжбүрлеу шаралары деп есептейді, сондықтан да бұл жердегі мәжбүрлеу санкция емес. Айтқанымыздай тергеу әрекеттерінің кейбіреулері мәжбүрлеу шараларымен бірге жүрмеуі де мүмкін. Маңыздыкепіл болып қамауды және қамауда ұстаудың мерзімін ұзарту заңдылығы мен негізділігі жөнінде соттық бақылау табылады. Лауазымды тұлғалармен мемлекеттік органдармен, олардың өндірісінде жүріп жатқан істер бойынша бұл кепілдіктерді қатаң ұстау, тұлғаның құқықтары мен бостандығын қорғауға және қылмыстық сот өндірісінің дұрыс жүруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2.2. Мәжбүрлеу шараларының түрлері
Жүктелген міндетті орындамаған субъекті үшін салдардың мінездемесіне байланысты процессуалдық мәжбүрлеу шаралары екі негізгі топқа бөлінеді. Біріншісін заң ұстанушы азаматтардың құқықтық дәрежесіне кіретін, субъективті құқықтарды шектейтін процессуалдық тәсілдер құрастырады. Бұл процессуалдық ықпал етудің превентивті мәжбүрлеу шаралары деп аталатындар кіреді, И.Л.Петрухин оларды құқықтық тәртіпті қорғау мен заңдылықты орнына келтіру шаралары деп анықтайды23. Екінші топқа кіретін мәжбүрлеу шаралары олардың процессуалдық дәлелдеу мен байланыстылығына немесе қылмыстық-процессуалдық қатынастардың дұрыс дамуы үшін ұйымдастырушы шарттарды туғызуға бағытталғандығына тәуелді ажыратылады.
Мәжбүрлеу тәсілдерін, олардың мақсатты тағайындалуына байланысты бөлшектеу ревалюцияға дейін орыс ғылымында орын алған. Мысалға, И.Я.Фойницкий келесі түрлерді анықтаған: 1/ дәлелдемелерді алу шаралары; 2/ айыпкердің келуін қамтамасыз етуші шаралар; 3/ айыпкерден жауап алу; 4/ сотта істі қарауды қамтамасыз етуші шаралар.
Заң әдебиеттерінде келесі жіктелу аса көп таратылады, оған сәйкес негізгі топтар ретінде дәлелдемелерді алуға бағытталған шаралар және процесс субъектісінің тиісті тәртібін қамтамасызетуші мәжбүрлеу шаралары қарастырылады. Қызметтік критерийді назарына алмаған бірде-бір автор жоқ.
Сонымен қатар қылмыстық процесс теориясында, қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын жіктеу үшін тағы да бір қатар басқа негіздер бар. Мысалға, ықпал етілетін, объектілердің ортасына байланысты, бүкіл шараларды, қылмыстық сот өндірісін жүргізіп отырған лауазымды тұлғаларға қатысты әрекет ететін шаралар және процестің басқа қатысушыларының тиісті емес тәртібіне байланыссыз шаралар деп бөлуге болады. Құқықты қамтамасыз ету мәселсіне байланысты превентивтік алдын алушы. Жоюшы мәжбүрлеудің қамтамасыз етуші тәсілдері деп бөлуге болады.
Құқықты шектеуші бағыттылығына тәуелді келесі түрлері бөлінеді: басым жекелік мінездемедегі шаралар және тиімсіз мүліктік салдарды туғызушы шаралар.
Ықпал ету уақытына байланысты мәжбүрлеу тәсілдері ұзақ және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Ықпал ету мінездемесіне сәйкес оларды үш топқа бөлуге болады, басым дәрежеде не психологиялық, не физикалық, не материалдық ықпал ететіндер. Пайда болу негіздері мәжбүрлеу шараларын келседей бөлуге құқық береді: құқық бұзушылықты жасаудың шынайы мүмкінділігінде процесте пайда болатын және құқық бұзушылықты жасағаннан кейін пайда болатын шаралар.
Барлық әрекет етіп отырған критерийлер әртүрлі аспектілерді қылмыстық процестегі мәжбүрлеу тәсілдерін мінездейтіндігі шартсыз. Бірақта олардың маңызын кішірейтпей, мәжбүрлеуді тұлғаға ұсынылған мінез еркіндігі және ерікті білдіру бостандығы шарасы арқылы қарастырған, басқаларға қарағанда, толып деп есептейміз. Мәжбүрлеу, мемлекетпен бүкіл азаматтар үшін анықталған шектерде, тұлға ие болып отырған немесе ие болуы мүмкін болған әлеуметтік құндылықтар мен байлықтар комплексіне қарама-қарсы қойылады.
Бұл құндылықтарға ие болуы шарасы ең алдымен тұлғаның бекітілген құқықтық дәрежесіне тәуелді болады.
Мәжбүрлеу шараларын жіктеудің маңызды критерийіне құқық шектеу мінездемесін жатқызбаған жөн. Бұндай негіз ретінде күштелген субъектінің ерекше құқықтық дәрежесі қарастырылады.
Құқықтық дәреже біріншіден мемлекетпен, оның органдары түрінде анықталатын бостандық шарасынан тәуелді болады.
И.Ребаненың көзқарасы бойынша, бұл критерийді қабылдау, мәжбүрлеп жатқан тұлға детерминация тізбегінен шығарылмайды деген мағынаны білдіреді.
Мәжбүрлеп жатқан тұлға құқықсыз объектіге айналмайды. Тұлға қызығушылықтары, мемлекет органдарымен лауазымды тұлғалармен есепке алынады және қалайда көп мүмкінділік дәрежесінде қамтамасыз етіліп қанағатталу керек.
Аталған негізге сәйкес, қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу тәсілдерінің жіктелуін нақты тәсілдердің тұлға құқықтары мен бостандықтарымен арақатынасын есепке ала отырып құруға болады.
1/ Әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени және жеке құқық саласындағы тұлғаның шектелген құқықтық дәрежесін орнатушы, қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шаралары. Оларға: мәжбүрлеу шарасы ретіндегі қамауға ұстау, стационарлық тексеруді өткізу үшін медициналық мекемеге орналастыру жатқызылады.
2/ Әлеуметтік-заңдылық және жеке құқық саласында тұлғаның шектелген құқықтық дәрежесін бекітуші, қылмыстық-процессуалдық шаралар. Бұл айыпкерді лауазымды орнынан алып тастау.
3/ Жеке құқық саласында шектелген құқықтық дәреженің тәртібін белгілеуші, процессуалдық мәжбүрлеу шаралары: а/ тұрғын жай мен мүліктің қол сұқпаушылығына құқықтар /тінту, алу, мүлікке арест, қамау салу, пошталетеграфтық хат жазысуға қамау салу; ә/ дене қол сұқпаушылығына құқықтар /куәландыру, салыстырмалы зерттеу үшін үлгі салу. Азаматтардың жеке тінтуі; б/ жүріп тұру мен тұрғын жайды тандау еркіндігінің құқығы/ басқа бұлтартпау шаралары, сот тергеу органдарының шақыруы бойынша келу міндеттемесін алу, әкелу/.
Құқықтың қорғаушы қызметі өзін үш негізгі формаларда бейнелейді. Бұл заңдылық жауапкершілік, құқықтық тәртіпті қорғау шаралары және превентивтік шаралар. Мәжбүрлеу де осы формалардың әрқайсысында жүзеге асуы мүмкін.
В.Н.Корнуков қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын келесі түрлерге бөледі:1/ процессуалдық жауапкершілік; 2/ құқықтық тәртіпті қорғау шаралары /заңсыз шешімдерді жоққа шығару/; 3/ белгілі әрекеттердің алдын алу тәсілдері және дәлелдемелерді табу үшін жағдай жасау /тінту, алу, тұлғаны медициналық мекемеге орналастыру және т.б./ . Бұл жіктеулер, дәлелдемелерді жинауды қамтамасыз етуші, тәсілдер мен бұлтартпау шаралары тобына негізсіз біріктірілген24.
А.А.Филющенко қылмыстық-процессуалдық нормаларды мәжбүрлеп қамтамасыз етудің үш түрін айырады: 1/ заңдылық жауапкершілік; 2/ қорғаныс шаралары; 3/ превентивті шаралар/.
З.Ф.Коврига процессуалдық мәжбүрлеуді. Жауапкершілікті, санкцияны бөліп шығарады да олардың ара-қатынасын қарастырады.
Г.Н.Ветрова қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын келесідей бөледі: 1/ процессуалдық міндеттерді орындамағаны үшін қолданылатын шаралар; 2/ қалпына келтіруші және жазалаушы-қамтамасыз етуші мінездегі шаралар; 3/ процессуалдық құқық бұзушылыққа байланыссыз қолданылатын шаралар.
З.З.Зинатуллин келесідей процессуалдық мәжбүрлеу шараларын бөліп шығарады: 1/ процессуалдық құқық бұзушылықты жасауға дейінгі қолданылатын шаралар; 2/ процессуалдық құқық бұзушылықты жасағаннан кейін қолданылатын шаралар; а/ орындалмаған процессуалдық міндетті мәжбүрлеп орындату шаралары / привоз, алу және т.б./ ә/ процессуалдық заңды бұзушыларға ықпал ету шаралары/ сот залынан шығарып жіберу және т.б./.
З.З.Зинатуллин мәжбүрлеу шаралары мен жауапкершіліктің ара қатынастарын қарастыра отырып, шараларды топтарға бөледі: а/ басымды процессуалдық мәжбүрлеудің шаралары; ә/ мәжбүрлеу мен жауапкершілікті біріктіретін шаралар; б/ басым жауапкершілік шаралары25.
Ф.Стацевич процессуалдық мәжбүрлеу шараларын келесідей бөледі: 1/ әділеттік мүдделерін қамтамасысыз ететін; 2/ дәлелдемелерді анықтау мен бекіту үшін қызмет ететін; 3/ сот залындағы тәртіпті орнату үшін қолданылатын шаралар.
Превентивтік шаралар мәжбүрлеуші болса да, процессуалдық құқық бұзушылықты жасағаны үшін емес, тек олардың алдын алу үшін және сезіктінің, айыптының тиісті тәртібін қамтамасыз ету үшін ғана қолданылады, сондықтанда олардың жүзеге асуы санкцияларды қолдану деп есептелмейді. Қылмыстық процесте қорғау шаралары мен превентивтік шаралар басым болады.
1/ Ұстау.
А.В.Франктің көзқарасы бойынша :”Ұстау жазалау шарасы немесе өндіртіп алу шарасы ретінде қолданылмайды, яғни санкция мінездемесіне ие болмайды”.
Ұстау тек тәсіл ретінде қарастырылады, соның көмегімен биліктің тиісті органдары мен оның лауазымды тұлғалары қоғамдық тәртіпті, мемлекеттік және жеке қауіпсіздік қорғау жөнінде оларға жүктелген міндеттемелерді орындаулары мүмкін.
Ұстау-қылмыстылық пен күресудің “алдыңғы шегі”. Ұстаудың негізінде қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын орган қылмыстық әрекетті тоқтатады, құқық бұзушының қашып кетуінің алдын алады, егерде белгісіз болса, онда құқық бұзушы тұлғаны анықтайды, тергеу әрекеттерінде оның қатысуын қамтамасыз етеді, куәлар мен жәбірленушілерді айынуға, айыпкердің дәлелдемелерді бұрмалау мен жасандылауына бөгет жасайды және шындықты, ақиқатты орнатуға, анықтауға бөгет жасайтын оның басқа да әрекеттеріне кедергі жасайды.
2/ Бұлтартпау шаралары.
Айыпталушы анықтаудан. Алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі сотта объективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілетті шегінде ол адамға ҚР ҚІЖК 140 б. көзделген бұлтартпау шараларының келесі түрлері көрсетілген:
1/ ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру;
2/ жеке кепілдік беру;
3/ әскери қызметшіні әскери бөлім командованиесінің бақылауына беру;
4/ кәмелетке толмағанды қарауға беру;
5/ кепіл беру;
6/ үйде қамауда ұстау;
7/ қамау.
Бұлтартпау шараларын тек бірқатар құқықтық шарттарды орындағанда ғана қолдану мүмкін:
-
біріншіден, бұлтартпау шарасы тек құқықтық шарттарды орындағанда ғана қолдану мүмкін
-
екіншіден, бұлтартпау шарасы айыпталушыға тағайындалатын қылмыстық жазадан айырылмау керек
-
үшіншіден, бұлтартпау шарасының кез келген түрін қолданудың шарты болып тұлғаны айыпталушы ретінде тарту табылады
-
төртіншіден, бұлтартпау шарасы тек тиісті субъектіге, яғни қылмыстық жауапкершілік жасына жеткен тұлғаға ғана қолданылуы мүмкін.
Нақтырақ айтқанда, бұлтартпау шараларының тек өзіне тән мақсаттары бар:
-
айыпталушының/сезіктінің/ анықтаудан. Алдын ала тергеуден және соттан жасыруының алдын алу
-
айыпталушының /сезіктінің/ айқындылықты орнатуға кедергі жасауын болдырмау
-
айыпталушының /сезіктінің/ қылмыстық әрекеттерін әрі қарай жалғастыруының алдын алу
-
үкімнің орындалу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Бұлтартпау шараларын қолдану азаматтардың жеке бостандығын, ерекше алғанда тұлға қолсұғушылығы, кедергісіз орын ауыстыру және тұрғын жай тандау құқықтарын аса белсенді шектеумен байланысты.
Жоғарыда атаулының кеткен бұлтартпау шараларының қайсы бірін қолдану қажеттілігін шешкенде анықтамада аталған мән-жайлармен қатар, тағылған айыптаудың ауырлығы, айыпталушының жеке басы. Оның жас мөлшері, денсаулық жағдайы отбасы жағдайы, немен шұғылданатындығы, мүліктік жай-күйі, тұрақты тұратын жерінің бар жоғы және басқа да мән-жайлар ескерілуге тиіс.
А/ Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру. Ешқайда кетпеу туралы қолхат беру, ең көп таралған мәжбүрлеу шарасы. Бұлтартпау шараларының жүйесінде оның үлесі: В.М.Корнуковтың мәліметері бойынша-46%¹, З.З.Зинатуллиннің мәліметері бойынша-48-53%². Соған қарамастан бұл жеткілікті тиімді шара т.б.Б.А.Денжкиннің мәліметтері бойынша26, ешқайда кетпеу туралы қолхат бергендердің тек 1,5 іс барысында жасырынып кетті.
Бұл бұлтартпау шарасының негізгі жақсы жағы, оны қолдану адамды бостандығынан айырмайды, оны жанұясынан, жұмысынан үзіп алмайды. Сонымен қатар ешқайда кетпеу туралы қолхат беру-процессуалдық мәжбүрлеу шарасы, өйткені тұлға мәжбүрлеу тәртібінде белгілі уақытқа жүріп тұрып бостандығынан айырылады да нәтижесінде оның заңды мүдделері толық қанағаттанбай қалуы мүмкін /мысалға, ол басқа қалада тұратын таныстарына, туыстарына бара алмайды, өз қалауы бойынша демалатын жерін таңдай алмайды, іскерлік сапарға жүріп кете алмайды жәнес.с.т.б./ Бірақта сол қала бойынша ол адамның жүріп-тұру екендігі шектелмейді. Сонымен бірге нақты бұлтартпау шарасын тандаған, лауазымды тұлға немесе органның рұқсаты бойынша, айыпты адамның кез келген жерге баруы мүмкін, егерде ол қызмет бабымен болса немесе айыпкердің өзінің мүдделері болса /жақын туысының қатты ауырып қалуы немесе қайтыс болуы, оның жан ұясы тұратын үйінен айырған, өрт немесе апат жағдайларында және с.с.т.б./. Ешқайда кетпеу туралы қолхат берген тұлғалармен заңмен басқа ешбір құқықтық шектеулер қойылмайды. Бұл тұлғалар конституциялық және салалық құқықтар мен бостандықтардың бүкіл комплексімен пайдалана алады /еңбекке деген құқық, демалуға деген құқық, саяси құқықтар мен бостандықтар және с.с.т.б./. Бірақта ведомстволық нормативтік актілер аталған тұлғалар үшін бірқатар қосымша шектеулерді енгізеді, олардың көмегімен ешқайда кетпеу туралы қолхат беру бірқатар шаралар мен “күшейтіледі” ерекше айтқанда, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен қанағаттанбай тергеушілер мен анықтаушылар осы бұлтартпау шарасын тағайындағаны туралы айыптының жұмыс орны бойынша кадрлар бөліміне, ол жұмыстан босап кетіп қалмау үшін хабарлайжы, айыптының тұратын орны бойынша төлқұжат столына райвоенкоматқа хабарлайды. Ешқайда қашпау, айқындылықты орнатуға бөгет жасамау, қылмыстық әрекетпен айналыспау, үкімнің орындалуына қарсы келмеу тергеу, анықтау, прокуратура және сот органдарының шақыруы бойынша келу, оларға мекен-жайды ауыстыру туралы қолхат берген тұлғаның орындалуға тиісті міндеттемелері. Бұл міндеттемелердің барлығын орындау “өзін дұрыс ұстау” деген түсініктемемен қамтылады. Б/ Жеке кепілдік – сенім көрсететін тұлғлардың /екіден кем болмау керек/ жазбаша міндеттемелері, ол бойынша сенім көрсететін, арттыратын тұлғалар айыпталушының тиісті мінезіне және тергеуді жүзеге асырып отырған тергеуші, прокурор немесе сот шақыруы бойынша айыпталушының келуін қамтамасыз етеді. Бұл бұлтартпау шарасы кепіл берушілердің шағымдануы немесе олардың келісімі бойынша қолданылады. Кепілдік беруші оған қатысты өзі кепілдік беретін адамның айыбының мәні, кепілдік берушінің оған сезікті, айыпталушы бұлтартпау үшін осы шара қолданылған әрекетті жасаған жағдайда ақшалай айып салынатындығынан тұратын жауаптылығы түсіндіргендігін растайтын жеке кепілдігі туралы қолхат береді. Бұл бұлтартпау шарасын тандай отырып тергеуші немесе сот кепіл берушілерге сенім білдіру керек, ал олар, өз қатарында кепіл беріп отырған адамдарына сенім білдіру керек. Кепілдік беруші қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сәтінде кепілдік беруден бас тартуға құқылы. Сезікті, айыпталушы оны болдырмау үшін жеке кепілдік қолданылған әрекеттерді жасаған жағдайда, әрбір кепілдік берушіге сот ҚІЖК 160 бабына сәйкес тәртіппен жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде ақшалай айып салуы мүмкін. Бұл бұлтартпау шарасында айыпталушының тергеу органдарының шақыруы бойынша келуін және тиісті тәртіпті ұстанып жүруінің кепілі ретінде сенімге ие тұлғалардың жақсы аты, ұяты және адами қасиеттері қарастырылады. Ал айыпталушы тарапынан кепіл ретінде ол үшін кепіл беріп отырған тұлғаларды ұятқа қалдырмау т.б. Екінші орындағы кепіл ретінде пайдақорлық ойлар қарастырылады. Кепіл беруші тұлғалар өз ақшаларынан айырылып қалмау үшін өзіне жүктелген міндеттемелерді дұрыс орындайды. В/ Әскери бөлімдер командованиесінің әскери қызметшілерді байқауы. Бұл бұлтартпау шарасы ең алғашқы рет, бізге қатысты, 1919ж. 30 қыркүйекте қабылданған әскери тергеушілер туралы Ережемен енгізілді, оған сәйкес әскери қызметші басқармасының байқауына берілді. Әскери командованиесінің байқауы бұлтартпау шарасы ретінде айыпталушының тиісті емес тәртібінің кез келген көрінісінің алдын алу үшін қолданылады. Бұл бұлтартпау шарасын тағайындау үшін командованиесінің және айыпталушының келісімі талап етілмейді. Ал тергеушінің қаулысы немесе сот шешімі екеуіне де міндетті т.б. командованиесінің байқауына түскен қызметшілер бірқатар құқылық шектеулерге ұшырайды: қару ұстау құқығынан уақытша айырылады, қараулға және басқа да жауапты нарядтарға тағайындалмайды, өз бастықтарының және сөткелік наряд тұлғаларының біріңғай байқауының астында жүреді, жекелеген тәртіпте бөлімшенің сыртындағы жұмыстарға жіберілмейді, бөлімшеден увольнениеге /демалысқа/ жіберілмейді, бөлімшеден өзінің бастықтарының рұқсатынсыз уақытша кетуге де құқығы жоқ. Әскери бөлімдер командованиесінің әскери қызметшілер немесе оқу жиынына шақырылған әскери міндеттілер болып табылатын сезіктілерді, айыпталушыларды байқау Қазақстан Республика Қарулы Күштері мен ішкі әскерлерінің жарғыларында көзделген және ол адамдардың тиісті мінез-құлқы мен олардың қылмыстық процесті жүргізуші органың шақыруы бойынша келуін қамтамасыз етуге тиісті шаралардың қолданылуынан тұрады. Әскери бөлімнің командованиесіне ол бойынша аталған бұлтартпау шарасы тандалған істің мәні туралы хабарланады. Әскери бөлімнің командованиесі байқау орнатылғаны туралы осы бұлтартпау шарасын тандаған органға жазбаша хабарлайды. Сезікті айыпталушы оны болдырмау үшін аталған бұлтартпау шарасы тандалған әрекетті жасаған жағдайда әскери бөлімнің командованиесі ол туралы осы бұлтартпау шарасын тандаған органға жедел хабарлауға тиісті. Бұл бұлтартпау шарасын қолданғанда әскери қызметші ешбір физикалық мәжбүрлеуге ұшыратылмайды. Оған басқа әскери қызметшілерге де қолданылатын тәрбиелеуші шаралар қолданылады. Ал арнайы тәрбиелеуші шараларды қолдану уақытынан бұрын болып саналады, өйткені әскери қызметші әлі заңмен бекітілген тәртіпті кінәлі деп танылған жоқ. 1/ Кәмелетке толмағанды қарауына беру. Кәмелетке толмағанды ата-анасының, қамқоршыларының, қорғаушыларының немесе басқа да сенімге ие адамдардың, сондай-ақ тұрып жатқан арнаулы балалар мекемесінің әкімшілігінің қарауына беру аталған адамдардың біреуінің кәмелетке толмағаның тиісті мінез-құлқы мен оның қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуін қамтамасыз етуін өзіне қабылдайтын жазбаша мінднттеме қабылдануынан тұрады. Кәмелетке толмағанды ата-анасының және басқа да адамдардың қарауына беру тек олардың жазбаша өтініші бойынша ғана мүмкін болады. Қарауына қабылдау туралы қолхат алынып қойылған кезде ата-аналарға, қамқоршыларға, қорғаушыларға, арнаулы балалар мекемелері әкімшілігі өкілдері кәмелетке толмаған сезік келтірілген немесе ол айыпталған қылмыстың сипаты туралы және қарауына алу жөніндегі өздеріне қабылданған міндеттерін бұзған жағдайдағы олардың жауаптылығы туралы хабардар етіледі Қарауына кәмелетке толмаған берілген адамдарға олар қабылданған міндеттемелерін оындамаған жағдайда ҚР КІЖК 145 б.5 бөлігінде және КІЖҚ 60 б. көзделген жазалау қолданылуы мүмкін. Д/ Кепіл. Кепіл бұлтартпау шарасы ретінде Кеңестер Одағы кезінен бастап қолданыла бастады, бірақта тек екі одақтас республикалардың кодекстерінде /ҚІЖК-де/ көрініс тауып қолданды: Ресей /89б./ және Тәжік республикасында /82б./. Кепіл қамауда ұстаудың орнын басатын шара ретінде қлданылады. Кепілді төлеуге мүмкіндігі жоқ адамдар сотты күтіп түрмеде отырады немесе кәсіби адамдардың көмегіне жүгінеді сот арқылы ақша істейтін, кепіл берушілер. Кепіл-айыптымен немесе басқа тұлғалармен сот депозитіне ақшаны немесе құндылықтарды енгізу т.б. Бұның көмегімен айыптының анықтауышы, тергеуші, прокурор, сот шақырғанда келуін қамтамасыз етіледі. Егер айыпты келмесе кепіл мемлекет кірісіне түседі. Егер кепіл айыптымен немесе оның жанұясының мүшелерімен енгізілсе, онда айыптының келуін, ақшадан немесе құндылықтардан айырылып қалу мүмкіндігінің қорқынышына байланысты, пайдакүнемдік ойлар қамтамасыз етеді. Ал кепілді басқа тұлғалар енгізгенде моральдық стимулдар әрекет етеді, айыпкер бұл тұлғаларға зиян келтіргісі келмейді, сондықтанда оның келуі қамтамасыз етіледі. Кепіл бұлтартпау шарасын тандағанда енгізеді. Кепіл-сезіктінің, айыпталушының өзі, не басқа жеке немесе заңды тұлға соттың депозитіне сезікті, айыпталушы анықтау. тергеу органдарына немесе сотқа оларды шақыруы бойынша келуі жөніндегі міндеттерін орындауын қамтамасыз етуге енгізетін ақшадан тұрады. Кепіл ретінде прокурордың немесе соттың рұқсатымен басқа да бағалы заттар мен жылжымайтын мүлік қабылдануы мүмкін. Кепілдің бағалылығын дәлелдеу кепіл берушіге жүктеледі. Кепілдің сомасын айыптаудың ауырлығын, сезіктінің, айыпталушының жеке басын, кепіл берушінің мүліктік жағдайын ескере отырып, осы бұлтартпау шарасын тандаған адам белгілейді. Аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамдарға қатысты кепіл қабылданбайды. Кепіл прокурордың санкциясымен не соттың шешімі бойынша ғана қабылданады. Сезікті, айыпталушы қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келмеген жағдайда, кепіл мемлекет кірісіне айналдырылып, бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаңырақ етіп өзгеріледі. Кепілдің кемшіліктері де бар. Мысалға, егер айыпталушы айқындылықты орнатуға кедергі жасаса /дәлелдемелерді жасандылайды, куәгердерді айнытады және с.с.т.б./ немесе жаңа қылмыстарды жасаса, онда кепіл мемлекет кірісіне айналдырылмайды. Біздің ойымызша, бұл дұрыс емес. Кепіл айыпталушының қандай да тиісті емес тәртібінің алдын алып отыру керек, бұл барлық бұлтартпау шараларының мақсаты болып табылады. Қорытынды кепіл – уақыт рухына, қоғам өмірінің, қазіргі заманның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына сай келетін бұлтартпау шарасын, оны қалайда кеңірек қолдануға тырысу керек. Е/ Үйде қамап ұстау. Үйде қамап ұстау сезіктіге, айыпталушыға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тандауға мүмкіндік беретін шарттар болған, бірақ адамды толықтай оқшаулау қажет бола қоймайтын немесе жақсы, денсаулық жағдайы, отбасының жағдайы және басқа да мән жайлар ескеріле отырып, дұрыс емес деп ұйғарылған кезде ҚР ҚІЖК 150б. көзделген тәртіппен прокурордың санкциясымен не соттың шешімі бойынша қолданылады. Бұлтартпаудың аталған шарасын тандау туралы қаулыда қамауға алынған адамға қолданылатын бостандығын нақты шектеу және белгіленген шектеулердің сақталуына қадағалауды жүзеге асыру жүктелген орган немесе лауазымды адам көрсетеді. Қамап ұсталатын адамға белгілі бір адамдармен қарым-қатынас жасауға, хат-хабар алуға және жөнелтуге, кез келген байланыс құралдарын пайдалануы, сондай-ақ тұрғын үйден шығуға шектеу белгіленуі мүмкін. Қажет болған кезде оның мінез құлқын қадағалау белгіленді. Үйде қамауға ұстаудың мерзімі оны ұзартудың және оған шағымданудың тәртібі ҚР ҚІЖҚ 110; 153 б-да белгіленген ережелермен айқындалады. Ж/ Қамауға алу. Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде прокурордың санкциясымен не соттың шешімі бойынша ғана және заңмен екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс жасағандығына айыпталушыға /сезіктіге/ қатысты қолданылады. Ерекше жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы заңмен екі жылдан артық емес мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген қылмыстар туралы іс бойынша айыпталушыға /сезіктіге/ қатысты, егер: 1/ оның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жері болмаса 2/ оның жеке басы анықталмаса 3/ ол бұрын тандалған бұлтартпау шарасын бұзса 4/ ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға тырысса немесе жасырынса қолданылуы мүмкін. Тергеуші, анықтаушы бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды тандау қажет болған кезде осы бұлтартпау шарасын ттуралы қаулы шығарылады. Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған сезіктілер мен айыпталушылар тергеу изоляторында ұсталады. Оларды ұстаудың тәртібі мен ережелері заңдармен белгіленеді. Прокурор мен сот айыпталушыға /сезіктіге/ қолданылған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын немесе үйде қамап ұстауды кепілге алмастыруға құқылы. Бұл жағдайда айыпталушы /сезікті/ келісілген сома іс жүзінде соттың дипозиттік шотына енгізілгенге дейін қамауда немесе үйде қамауда ұстауда қалады. Осыдан кейін прокурордың, соттың қаулысы атқарылуға беріледі. Іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде қамауға алудың мерзімі, ҚР ҚІЖК көзделген ерекше жағдайларды қоспағанды, екі айдан аспайды. Қамауға алудың ерзімі айыпталушы /сезікті/ қамауға ұсталған кезден бастап істі сотқа жолдағанға дейін саналады. Процессуалдық мәжбүрлеу шараларының сипаттаушы белгілер: 1/ олар тек қылмыстық сот өндірісі саласында ғана қолданылады. 2/ соларға қатысты қолданылатын тұлғалардың еркімен тілегіне байланыссыз қолданылады. 3/ бұл шараларды қолдану жеке адамның құқықтарын шектеумен байланысты болады, оның ішінде жеке бостандық құқығын, жеке тиіспеушілік құқығын, еркін жүріп-тұру құқығын, тұғын үйге қол сұқпаушылық және хат жазысу, өзге де құпия құқығын қалыптастырылған. 4/ соларға қатысты қолданылатын тұлғалар және оны қылмыстық іс жүргізу заңында қатаң қалыптастырылған. 5/ оларды қолданудың заңдылығы мен негізділігі саяси, экономикалық, құқықтық, оның ішінде қылмыстық-процессуалдық кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Қорытындылай келе, процессуалдық мәжбүрлеу шаралары жеке логикалық құрлымға ие болатын қылмыстық-процессуалдық құқықтың жеке нормаларын қарастырады. Бұл шараларды санкцияларға қосу оларды шығаратын нормалар тек санкциялармен ғана көрінеді. Ал бұл құқықтық норманың құрлымы туралы жалпы теориялық ережеге қайшы келеді. Осы сұраққа байланысты А.С.Пигалкин:” Бұл көрсетулер санкция болып табылмайды. Алдарында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мәжбүрлеуді, белгілі бір мелекеттік органдардың қолдануына мүмкіндік беретін құқықтық норманың диспозициясында бекітілген құқықтық әрекеттін өзі болып табылады” деген. Бұл ережеге байланысты процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қылмыстық-процессуалдық заңдылықпен қарастырылған мәжбүрлеу сипатындағы процессуалдық құралдар. Олар заңмен қатар тағайындалған тіртіпке анықтау органымен тергеушімен, прокурормен және сотпен айыпталушыға, сезіктіге, жәбірленушігі, куәға және қылмыстық істі тексеру мен шешу процесінде нақты және мүмкін болатын кедергілерді жою үшін басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Қылмыстық процесте көптеген әрекеттер оның жеке қатысушыларының еркінен тыс жасалады және осы жерде ол мәжбүрлеудің кейбір дәрежесінен алыстамаған. Бұл әрекеттерге куә мен жәбірленушіні жатқызуға болады. Бұл негізінде жеке авторлар мұндай әрекеттерді процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде қарастырылады. Бұл көрсетілген әрекеттерді процессуалдық мәжбүрлеу шараларының қатарына жатқызуды теорияда да, практикада да қолдану туыпты деуге болмайды. Қылмыстық жауапкершілікке тарту мәжбүрлеумен байланысты, өйткені ол тартылатын адамның еркінен тыс жүзеге асырылады. Бірақ мәжбүрлеуді тағайындау және оның әдісі, сол сияқты қылмыстық жауапкершілікке тарту кезінде жеке құқықтар мен мүдделерін бұзылуы және процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану әртүрлі. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлға оның еркінен белгілі бір процессуалдық жағдайда болады. Процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану тұлғаның белгілі нақты нәтижелерге жету бағытын және оның құқығын тікелей шектейтін әрекеттермен жасалады. Оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке тарту-қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін жүзеге асыру әдістерінің бірі және ол қамтамасыз етуді қажет етеді. Қылмыстық жауапкершілікке тарту және белгілі бір процеске қатысушыларды шақырту ойдағыдай дамып келе жатқан процестің ойдағыдай дамуын және оның алдындағы міндеттерді атқаруды қамтамасыз етуге ғана бағытталған және сонымен қатар ондағы көрінетін мәжбүрлеудің сипаты бойынша көрінеді. Оларға, бұлтартпау шаралары, келу туралы міндеттеме, ұстау, алып келу, қызыметінен шетету, тінту, алу, куәландыру, салыстырмалы зерттеуге үлгілерді алу, медицина ұйымына тексеруге орналастыру, мүлікке тыйым салу. Қылмытық процес теориясында процессуалдық мәжбүрлеу шараларына соттық талқылаудын тәртібін қамтамасыз ететін шаралар жатқызылады: айыппұл, сот мәжіліс залынан шығару. Біздің ойымызша бұл мәжбүрлеу шаралары процессуалдық санкция ретінде болады және оларды қолдану кезінде қылмыстық-процессуалдық жауапкершілік ретінде болады. Сондықтан да біз оларды процессуалдық мәжбүрлеу шараларына жатқызамыз.
1975 жылы шыққан З.Ф.Ковриганың “Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу” деген еңбегінде процессуалдық мәжбүрлеудің жеке шарасы ретінде орналасқан жері белгісіз айыпталушының іздеу танылған. Оның ішінде іздестіру бір ғана әрекеті емес, ол кешенді шараларды білдіреді27. Оны тергеуші, анықтау органы айыпталушының, сотталушының және сотталған тұлғалардың орналасқан жерін қалыптастыру бойынша жүзеге асырады. Іздестірудің мәжбүрлеу негізін процессуалдық мәжбүрлеудің белгілі шаралары құрайды: тінті, алу, ұстау, қамауға алу. Іздестіру кезінде басқа ешқандайда мәжбүрлеу шаралары жүргізілмейді. Этаптауға байланысты болсақ оны тұлғаны бір орыннан басқа орынға ауыстыру жағдайындағы бұлтартпау шарасын орындау ретінде қарастырамыз. Осыған байланысты іздестіруді біздің ойымызша процессуалдық бұлтартпау шаралары, яғни ұстау, тінту, алу т.б. қатар процессуалдық мәжбүрлеу шарасы деп атауға болмайды.
2.3. Қылмыстық іс бойынша мәжбүрлеуді жүзеге асыру да тұлғаға берілетін кепілдіктер.
Қылмыстық іс жүргізу үрдісі теориясында тұлғаның бостандығымен құқықтарына кепілдік беру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Осыған байланысты көптеген еңбектер жарық көруде. Олар: кепілдік түсінігі, оның мәні мен мазмұны, оларды жіктеуге қатысты. Процессуалист-ғалымдардың мұндай назары кездейсоқ емес. Шын мәнінде құқықтарды жариялау үшін кепілдік жүйесі қажет. Заң әдебиеттерінде кепілдіктің келесі белілерін бөліп, көрсетеді: экономикалық, саяси, идеялогиялық, ұйымдық, құқықтық.
Тұлғаның құқығына кепілдік туралы сауалдарды зерттеу қылмыстық іс жүргізудің негізгі қатысушысы – айыпталушымен байланысты.
Тұлғаның бостандығы мен құқығы алдын-ала тергеу сатысында шектеледі. Мәжбүр көрсетілетін азаматтардың қатарына: айыпталушы, куәгер, жәбірленуші, маман, үшінші тұлға жатады.
“Қылмыстық іс жүргізу кепілдігінің” мазмұны туралы мәселелер бойынша процессуалист-ғалымдардың шеберінде кемінде, тұрақты төрт көзқарас бар. Олардың бірі әділ соттық кепілдігін абсалюттендіре, басқалары-тұлғаның кепілдігі.
Өзге көзқарасты ұстанушылар осы кепілдіктерді бір-бірімен байланыстырып, тұлға мен әділсоттың кепілдігі біртұтас санатты құрайды деген позицияны ұстанады. Кейбір авторлар бұл екі кепілдіктің арасындағы қарама-қайшылықты көрсетеді.
Біздің көзқарасымыз бойынша әділсот пен тұлғаның кепілдігі арасындағы ұқсастық тек теориялық емес сонымен қатар күрделі мән болып көрінеді.
Дауға байланысты қылмыстық сот өндірісінде барлық кепілдіктер негізгі үш мазмұнды құрайды. Бірінші топқа: әділ соттық кепілдігімен толық сәйкес келетіндер; Екінші топты: әділ соттың кепілдігімен қайшы келетіндер; Үшінші топты: әділсоттық кепілдігіне қарағанда үлкен құндылыққа ие тұлғаның құқығына кепілдіктер құрайды.
Қылмыстық процесс теориясында тұлғаның құқықтарына кепілдік адам және азаматтық заңды мүдделері және ұсынылған бостандықтар мен құқықтарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін тәсілі ретінде анықталады. Қылмыстық іс жүргізу әдебиеттерінде мұндай кепілдіктерді: қылмыстық процессуалдық құқықтың нормалары, тұлғаның құқықтары, қылмыстық процесті жүргізуші органдар мен лауазымды органдардың процессуалдық міндеттері сол сияқты т.б.
Жоғарыда көрсетілген жіктеулерді екі үлкен топқа бөлеміз: тұлғаның құқығының мазмұның анықтайтын және құқық қамсыздандыру механизімін құратындар.
Бірінші топты өз мүдделерін қорғайтын тұлғалардың құқықтары, қылмыстық процесті жүргізуші органдармен лауазымды тұлғалардың міндеттері, екінші топты: қылмыстық сот өндірісінің жүйесі, қағидалары, қылмыстық-процессуалдық нысан, қылмыстық процессуалдық нормалар құрайды. Құқықтық процесте процессуалдық кепілдіктің элементтері қылмыстық сот өндірісі кезінде байқалады.
Жүйелі анализге негізделе отырып, қылмыстық сот өндірісінде тұлғаның құқықтарына кепілдікті екі топқа жіктейміз. Бірінші топты азаматтарды заңсыз және негізсіз қылмыстық жауапқа тартудай шектейтін процессуалдық тәсілдер; Екінші топты тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды біріктіреді. Қылмыстық процессуалдық заң және заңға бағынышты актілер мұндай кепілдіктердің тұтас жүйесін белгілейді.
Процессуалдық кепілдік-бұл қылмыстың процеске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен мүдделі қорғалатын және қамтамасыз етілетін заңмен белгіленген әдістер.
Тұлғамен әділсот кепілдігі арасында айырмашылық байқалса артықшылық мемлекеттің мүддесінен кейін тұрады.
Процессуалдық мәжбүр ету саласында тұлғаның заңды мүдделері жәнеқұқықтарына кепілдікті келесі элементтердің жиынтығы ретінде көрсетуге болады:
1/ қылмыстық – процессуалдық мәжбүр етудегі жалпы талаптарды қолдану және қағидаларды нормативтік реттеу;
2/ өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғау және жоғары деңгейлі мамандандырылған құқықтық көмек алу;
3/ қылмыстық процессуалдық мәжбүр ету бойынша анықтау және алдын ала тергеу органдарының қызметіне ведомстволық және прокурорлық қадағалау жүргізу;
4/ қылмыстық процесті жүргізуші органдармен лауазымды тұлғалардың қылмыстық мәжбүр ету шараларын заңсыз және негзсіз қолданудағы жауапкершілік.
Алдын-ала тергеу мен қылмыстық істі сотта қарауда сезікті ретінде таратылатын әрбір азаматқа ҚР-ң Конституциясы мен ҚР ҚІЖК-де қылмыстық іздестірудегі құқықтарын қорғау ұсынылады.
1959 ж ҚазССР-ң ҚІЖК-сі қабылданған мезеттен бастап қылмыстық сот өндірісінде үш кезеңді бөліп көрсетеді:
Біріншісі (1959-1971ж) алдын-ала тергеу аяқталған уақытқа дейін барлық жағдайда қорғаушыларды қатыстыруға рұқсат берген.
Екінші кезең 1971 ж 15 сәуірде қорғаушы тек прокурордың қаулысы бойынша айыпты тағу уақытынан бастап қатыса алды.
Үшінші этап қорғау институтының дамуы 1991 ж 16 ақпанда ҚазССР Президентінің жарлығымен сәйкес басталды. Қорғаушы тұлға қылмыс жасады деп сезіктелгеннен бастап, өз функциясына кіріседі.
Азамат қылмыстық істі қорғау сатысында қылмыстық процесті жүргізуші орган немесе лауазымды тұлғалармен қатынасқа түседі. Саты екі шешімнің бірін қабылдаумен аяқталады: қылмыстық істі қоғау немесе оны қорғаудан бас тарту.
ҚР Конституциясының 39 бабына сәйкес тек адам және азаматтық құқығымен бостандығын заң ғана шектей алады деп көрсетілген.
ҚР-ң құқықтық жүйесі адам және азаматтың құқығымен бостандық кешені жүзеге асырылуға кепілдік береді. ҚР-сы Конституциясының 13-18, 25,26 баптары адам және азаматтық құқығымен бостандығы, оның жеке өміріне қол сұқпаушылықты және сол сияқты т.б. көрсетілген.
Тұлғаның құқығының мәнің түсіну үшін құқықтық мәртебенің мазмұнын ашу қажет. Тұлғаның құқығы оны 1 элементі ретінде қарастырылады. Құқықтық мәртебенің мазмұның заңды құқық, міндет және заңды мүдде қарайды.
Қылмыстық процесс теориясында тұлғаның мүддесі проблемалары кешендік сипатқа ие және ол тек айыпталушы мен қорғаушы бейнесіне ғана емес, сонымен қатар процеске қатысушы өзге тұлғаларға да тән.
Ислам елдерінде кінәсіздік призумпциясы батыс елдерге қарағанда XI ғасыр бұрын пайда болған.
Сонымен. Процессуалдық мәжбүр ету шараларына тартылған тұлғалардың құқықтық жағдайы қылмыстық-процессуалдық құқықта жеке институт ретінде қалыптасуы қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Достарыңызбен бөлісу: |