III бөлік
19 - бөлім. Өсімдік шаруашылығы, су және орман шаруашылығындағы жұмысшылар кәсіптерінің жұмыстарының сипаттамалары
Параграф 1. Жүзім өсіруші
779. Жұмыс сипаттамасы:
жүзім сабағын отырғызу, жеміс салатын жүзімдіктер мен жүзім алқабын күту жөніндегі жұмыстарды орындау;
жүзім көшеттерінің ережесі, сақтау кезінде екпелерді күту, алқапқа жүзім екпелерін отырғызу, алқапты күту, көшеттерді қазу;
жүзім жинау тәсілдері, сұрыптау, сақтауға дайындау, сату, қайта өңдеу.
780. Білуге тиіс:
жүзім сорттары және оны өсірудің ерекшеліктері;
жүзім егу үшін егістік алқабын дайындау, жүзім көшеттерін отырғызу тәсілдері;
жеміс салатын және жас көшеттерді күту;
жүзім сабақтарын кесу, оларды аспаға байлау, жүзімдікті көшеттермен және көк бұтақтармен жөндеу тәсілдері;
бұтақтарды екпеге дайындау, оны сақтау тәсілдері, сабақтарын екпе жасау үшін кесу, екпені қолмен және машинамен жасау, екпені сақтау және күту;
жүзім алқабына отырғызу және оны күту;
жүзімнің асханалық және техникалық сорттарын жинау тәсілдері, жүзімді сұрыптау және сақтауға дайындау, оны сату және қайта өңдеу тәсілдері.
781. Кәсіптік орта білім талап етіледі.
Параграф 2. Саңырауқұлақ өсіруші
782. Жұмыс сипаттамасы:
ашық және жабық топырақта саңырауқұлақ өсіру кезіндегі жұмыстарды орындау: топырақты дайындау, тыңайтқыштарды себу, саңырауқұлақ егу, егістікті күту, саңырауқұлақты жинау, өнімді сатуға, қайта өңдеуге, сақтауға дайындау.
783. Білуге тиіс:
саңырауқұлақтардың түрлері және оларды ашық және жабық топырақта өсіру тәсілдері;
жұмыстарды орындаудың, атыздарды, сөрелерді, саңырауқұлақтарды өсіруге арналған камераларды дайындаудың технологиялық кезектілігі және орындау тәсілдері; саңырауқұлақ егу тәсілдері;
саңырауқұлақтардың күтімі (жылуды, жарықты, ылғалдылықты реттеу);
егістікті арнайы препараттармен және өсіруді ынталандырғыштармен өңдеу тәсілдері;
саңырауқұлақтарды жинау мерзімі мен тәсілдері, сұрыптау, сапасын анықтау, сатуға дайындау;
саңырауқұлақтардың ауруы, олардың алдын алу;
топырақты, жиналған саңырауқұлақтарды өсіруге және уақытша сақтауға арналған ыдысты, камераны, құрылыстарды дезинфекциялау тәсілдері.
784. Кәсіптік орта білім талап етіледі.
Параграф 3. Ағаш өсіруші
785. Жұмыс сипаттамасы:
машиналар мен механизмдердің көмегімен ағаш жыныстарының тұқымдары мен көшеттерін отырғызу, алқаптар мен егістіктерде егіс материалдарын, ағаштар мен бұтақтарды өсіру, оларды күту (топырақты қопсыту, минералды тыңайтқыштар себу, себелеу құрылғысынан немесе мотопомпадан суару);
бұтақтарға екпе жасау, жемісті, ағаш жыныстарының егіс материалдарын құнарландыру;
ағашты сақтау жұмыстары (улы химикаттарды бүрку мен ранецтердің, жылқы және трактор бүріккіштердің көмегімен);
моторлы еңбек құралдарының көмегімен ағаш кеспелерді бөлу мен ағаш өсіруді жоспарлау жұмыстары (шабу, тазалау және визирлерді, кварталдық жолдар мен шекаралық сызықтарды өлшеу және кварталдық, визирлік және бөлу бағаналарын жасау және орнату, сынама алаңдарды орнату, ағаштарды өлшеу және қайта есептеу, модельді ағаштарды кесу және тағы басқа);
мотопомпалардың, тракторлық, жылқы және қолмен су себелеу құрылғыларының көмегімен орман өртін сөндіру;
қолданылатын машиналарды, жылқы және қол еңбегі құралдарын алдын ала тексеру және техникалық күту.
786. Білуге тиіс:
орман шаруашылығы, орманды қалпы келтіру, ағаш өсіруді жоспарлау, орманды қорғау, ағашты пайдалану, орман тауартануы, сондай-ақ топырақтану негіздері;
түрлі ағаш және бұта жыныстарының егіс материалдарын өсіру әдіс-тәсілдері және технологиялық ерекшеліктері;
түрлі ағаш жыныстарының егіс материалдарын егу тәсілдері және техникалық ерекшеліктері;
улы химикаттардың субстраттарын, ерітінділерін және эмульсияларын дайындау ережесі мен әдістері;
орман қорғау жұмыстарын жүргізудің, сондай-ақ химиялық өңдеу нәтижелерін есепке алу әдістері мен технологиялық ерекшеліктері;
орман өртінің алдын алу және онымен күресу әдіс-тәсілдері;
әр түрлі орман жыныстарын күтудің әдістері мен технологиялық ерекшеліктері;
бүлінген ағаштарды анықтау және шабу әдістері;
ағаш аурулары мен орман зиянкестерін анықтау әдістері және олармен күресу шаралары;
қолданылатын трактор, жылқы және ранец машиналардың, агрегаттардың, отырғызу ағын-механикаландырылған желілердің, басқа да еңбек құралдарының құрылысы, техникалық күту және пайдалану ережесі мен әдістері.
Параграф 4. Зығыр өсіруші
787. Жұмыс сипаттамасы:
зығыр шаруашылығында тұқым дайындау, тыңайтқыштарды пайдалану, егу, егістікті күту, зығыр өнімдерін жинау, қолмен немесе қарапайым құралдар мен айлабұйымдарының көмегімен өңдеу, сақтау және зығыр трестерін өткізу, тұқымдарды қоймаға салу жұмыстарын, сондай-ақ электр мотор және іштен жану қозғалтқыштарының көмегімен жүретін зығыр соққышқа, кептіргішке, сұрыптауыштарға және зығырды тарту, тұқымдарды жетілдіру және зығыр трестері кезінде қолданылатын басқа да механизмдер мен агрегаттарға қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау.
788. Білуге тиіс:
зығыр шаруашылығында топырақты дайындау, тыңайтқыштарды себу, тұқымды дайындау, зығырды егу, отау, егістікті күту, өсімдіктерді қорғау, жинау, тарту, тұқымдарды сақтау және зығыр трестерін жұмыстарын орындау тәсілдері;
қарапайым еңбек құралдарының мақсаты және оларды пайдалану, зығыр шаруашылығында қолданылатын механизмдер мен агрегаттарға қызмет көрсету кезінде жұмыстарды орындау әдістері.
Параграф 5. Су бүріккіш құрылғысының машинисі
789. Жұмыс сипаттамасы:
ауыл шаруашылығы дақылдарын, бау-бақшаларды, алқаптар мен егістіктерді, өрістерді, ағаш егілген жерлерді және басқа да плантацияларды су бүріккіш құрылғылармен немесе машиналармен қатарлап немесе бүрку тәсілімен суару;
негізгі механизмдер мен су бүрку құрылғыларының (машиналарының) тораптарын мерзімді алдын ала тексеру және техникалық күту; негізгі тораптарды мерзімді майлау;
құбырларды монтаждау және демонтаждау;
ақаулықтар мен бұзылуларды анықтау және түзету;
гидравликалық жүйелерді, сорғыны, тораптар мен су бүрку құрылғыларының механизмдерін жөндеу.
790. Білуге тиіс:
су бүріккіш құрылғылардың немесе әр түрлі үлгідегі машиналардың құрылысы және жұмыс істеу қағидаттары;
сорғылар мен олардың жетегінің жұмыс сипаттамасы;
сорғылардың тиімді және ең көп шекті жүктемесі;
су бүріккіш құрылғылардың немесе машиналардың гидравликасы мен механикасы және оларды пайдалану бойынша қажетті мәліметтер;
сорғы типтерін пайдалану ерекшеліктері;
су жинау, жіберу және суару, негізгі тораптар мен құбырларды монтаждау және демонтаждау ережесі мен қағидаттары;
мерзімді қызмет көрсету және техникалық күту ережесі мен әдістері;
бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және оларды пайдалану;
құрылғылар мен машиналардың немесе қолданылатын жабдықтардың жұмысындағы негізгі ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері;
әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын, бау-бақшаларды, алқаптар мен егістіктерді, өрістерді суару ережесі мен ерекшеліктері.
Параграф 6. Стационарлық сорғы станциясының машинисі
791. Жұмыс сипаттамасы:
әр түрлі үлгідегі стационарлық сорғы станцияларында жұмыстар кешенін орындау, негізгі тораптар мен агрегаттарды ай сайын тексеру, мерзімді техникалық күту;
станцияны жұмысқа дайындау және оны белгіленген жұмыс режимінде басқару;
өндіріс жағдайының өзгеруіне сәйкес жұмыс режимін реттеу;
тораптар, агрегаттар мен басқа да жабдықтарды мерзімді майлау, монтаждау және демонтаждау;
ақаулықтар мен бұзылуларды анықтау және жою;
қозғалтқышты, сорғыны, гидравликалық жүйені, басқа да тораптар мен сорғы станциясының жабдықтарын күрделі емес жөндеу.
792. Білуге тиіс:
әр түрлі жұмыс режимінде стационарлық сорғы станцияларының құрылысы мен жұмыс қағидаттары;
қозғалтқыштың, сорғының, олардың жетектерінің, жұмыс сипаттамасы;
қозғалтқыштың, сорғыны, сорғы станциясының тораптар мен агрегаттарының тиімді және ең көп шекті жүктемесі;
қозғалтқыштарды, сорғыны, гидравликалық жүйе мен сорғы станциясының басқа да жабдықтарын пайдалану ерекшеліктері, оларды техникалық пайдалану сипаттамасына сәйкес реттеу ережесі мен ерекшеліктері;
негізгі тораптар мен агрегаттарды монтаждау және демонтаждау ережесі;
жекелеген агрегаттарды, тораптар мен стационарлық үлгідегі станциялар жүйесін алдын ала тексеру және мерзімді техникалық күту ережесі мен әдістері бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және оларды пайдалану;
станцияның, оның негізгі тораптары мен агрегаттарының жұмысындағы ақаулықтарды анықтау әдіс-тәсілдері.
Параграф 7. Көкөніс өсіруші
793. Жұмыс сипаттамасы:
көкөніс шаруашылығында топырақты дайындау, тұқым дайындау, көшет өсіру, көкөніс дақылдарын егу және отырғызу, дақылдарды күту, өнімді жинау және сақтау, оны сату, қарапайым қол құралдары мен айлабұйымдарының көмегімен өңдеу жұмыстарын, сондай-ақ электр мотор және іштен жану қозғалтқыштарының көмегімен жүретін механизмдер мен агрегаттарға қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау;
қолданылатын машиналар мен механизмдерге техникалық қызмет көрсету, олардың ақаулықтарын анықтау және жою.
794. Білуге тиіс:
ашық және жабық (жылыжайда, көшетханада, комбинаттарда, басқа да құрылыстарда), топырақта өсірілетін дақылдардың технологиялық ерекшеліктері және оларға қойылатын агротехникалық талаптар, қарапайым құралдардың, электр мотор және іштен жану қозғалтқыштарының көмегімен жүретін машиналар мен механизмдердің көмегімен орындалатын топырақты өңдеу, тыңайтқыштарды дайындау және себу, тұқымдарды тазалау және егуге дайындау, көшеттерді өсіру, көкөніс дақылдарын егу және отырғызу жөніндегі жұмыстардың түрлері, өсімдіктерді күту тәсілдері, өнімді жинау мерзімін белгілеу тәсілдері, көкөніс өнімдерінің әр түрлі түрлерінің сапасына қойылатын талаптар, олардың сортын айқындау;
көкөніс шаруашылығында қолданылатын машиналар мен механизмдерге техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу тәсілдері.
Параграф 8. Жабық топырақ жабдығының операторы
795. Жұмыс сипаттамасы:
жылу, ылғал жіберу механизмдерінің, жарықтандырғыш аспаптарының үздіксіз және үнемді жұмысын қамтамасыз ету, өсірілетін дақылдарды күту және оларды тыңайтқыштармен қоректендір процессін реттеу;
өсірілетін дақылдардың вегетациялық кезеңінің мерзімін, өсірілген дақылдарды жинау мерзімін белгілеуге, дақылдардың жаңа айналымын салуға топырақты дайындауға қатысу;
жабық топырақ құрылыстарындағы микроклиматты реттейтін жабдықтар мен аспаптарды жеңіл-желпі жөндеу, агрегаттар мен механизмдерді жөндеуге және ауыстыруға қатысу.
796. Білуге тиіс:
жылыжайдағы және жабық топырақ құрылыстарындағы микроклиматты реттейтін автомат және жартылай автомат механизмдердің құрылысы мен жұмыс қағидаты;
өсірілетін дақылдардың қажеттілігін ескере отырып, жылу, жарық, ылғал жіберу схемасы, дақылдарды өсіру мен кезектестірудің вегетациялық кезеңі, дақылдардың айналымын отырғызу үшін топырақты дайындау тәсілдері, басқа да агротехникалық талаптар;
микроклиматты реттеу механизмінің, бақылау аспаптарының ықтимал ақаулықтары, оларды алдын алу және жою тәсілдері, қолданылатын жабдықтарды алдын ала тексеру мерзімділігі.
Параграф 9. Кептіру құрылғыларының операторы
797. Жұмыс сипаттамасы:
тұқымдар мен дақылдардың әр түрлі түрлерін дайындау және кептіру құрылғысында кептіру процесін басқару, кептіру процессін бақылау;
өндірістік журнал немесе басқа да қажетті жазбаларды жүргізу, алдын алу жұмыстарын орындау, жанармайды, ауаны жіберу жүйесін, арту және тиеу құрылғыларын және басқа да механизмдерді жөндеу.
798. Білуге тиіс:
бидай, бұршақ тұқымдарын, күнбағысты, май дақылдарды, зығырды, шелқабық, көкөніс, бақша дақылдарын, шөптерді, ағаш-бұтақ жыныстары мен басқа да дақылдардың тұқымдары мен бұталарын кептіруге арналған әр түрлі кептіру құрылғылары мен арнайы машиналардың мақсаты мен құрылысы;
жанармай мен ауаны жіберу жабдықтары мен механизмдерінің құрылысы мен жұмыс қағидаттары, жанармайды ұтымды пайдалану немесе басқа энергия түрін пайдалану тәсілдері;
кептіру дәрежесін бақылауға арналған аспаптың мақсаты мен құрылысы;
қызмет көрсетілетін жабдықты күту ережесі және оның жұмысындағы ақаулықтарды түзету тәсілдері;
кептіру құрылғыларының, жанармай мен ауа жіберу, қажетті температура режимін және ылғалдылық деңгейін сақтау жөніндегі жекелеген агрегаттардың жұмысында пайда болуы мүмкін ақаулықтардың себептері.
Параграф 10. Көшетхананы баптаушы
799. Жұмыс сипаттамасы:
топырақты дайындау, егу, тұқымды және сүйекті дақылдардың көшетін отырғызу жұмыстарын орындау;
өсімдіктерді күту, өсімдіктерді егуге, құнарландыруға дайындау;
көшеттерді қазып алу, оларды сұрыптау және сатуға дайындау;
егуге арналған материалдарды дайындау, оны сақтау;
көшеттерді, тұқымдарды қыста сақтау тәсілдері; егістердің өсіп кетуін тексеру.
800. Білуге тиіс:
көшетханаларда тұқымды және сүйекті дақылдар көшеттерін өсіру ерекшеліктері;
топырақты бау дақылдарының әр түрлі түрлерінің көшеттерін отырғызу үшін топырақты дайындау жұмыстары;
алманы, алмұртты, жүзім сабақтарын, басқа да бау дақылдарын құнарландыру және егу тәсілдері;
егістерді күту ережесі; бұталарды, көшеттерді қыста сақтау әдістері;
бір және екі жылдық көшеттердің кесу және басын қалыптастыру;
фумигация үшін жүзім сабақтары көшеттерін орналастыру;
алманы, алмұртты, жүзім сабақтарын егу үшін материал дайындау;
күзгі және көктемгі егістердің өсіп кетуін тексеру және есептеу.
801. Кәсіптік орта білім талап етіледі.
Параграф 11. Диқан
802. Жұмыс сипаттамасы:
топырақты өңдеу және дайындау, егу, отырғызу және оны күту кезінде қолмен жасалатын ауыл шаруашылығы жұмыстарын орындау;
ауыл шаруашылығы дақылдарының арамшөптері мен зиянкестерімен күресу жөніндегі қол жұмысын орындау, өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын қолдану, егістікке көң, шымтезек тастау, минералды тыңайтқыш себу, қоймаға салу, тыңайтқыштарды ауыстыру және жан-жаққа шашу, минералды тыңайтқыштарды ұнтақтау және себу, компост дайындау, шымтезек пен көңді шұңқырларға салу;
тұқымдарды жылы ауамен жылыту, тұқым сепкіштер мен көшет отырғызғыштарға тұқым мен минералды тыңайтқыштарды салу, егістікті отау, арамшөп жинау және егістік алқабынан шығару, шөпті, сабанды, бауды кептіру;
шөп пен сабанды жинау және көпенелеу;
картоп пен басқа да дақылдарды жыртылған жерден, жыртқаннан кейінгі қатардан жинау;
қаптарды, жәшіктерді, себеттерді толтыру, ауыстыру және салу;
сақтағаннан кейін картопты, тамырлы жемістерді іріктеу, жуу, сұрыптау.
803. Білуге тиіс:
егістікте өсірілетін дақылдарға қойылатын агротехникалық талаптар;
топырақты өңдеу және дайындау, тыңайтқыштарды себу, тұқымдарды тазалау, егу, отырғызу, егістікті күту, өсімдіктерді қорғау, өнімді жинау, өнімді сақтау кезінде қол жұмыстарын және егістіктегі басқа да жұмыстарды орындау тәсілдері;
еңбек құралдарын, малды пайдаланып орындайтын жұмыстардың түрлері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жұмыстарын орындау кезінде механизмдер мен агрегаттарға қызмет көрсетумен байланысты жұмыстар;
өнімді жинау, пысықтау,өнімді сақтау және өткізу тәсілдері мен мерзімі;
электр моторлары мен іштен жану қозғалтқыштарымен жүретін механизмдер мен агрегаттар;
қолданылатын жабдықтар мен механизмдерде қолданылатын ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері.
Параграф 12. Күріш өсіруші
804.Жұмыс сипаттамасы:
күріш шаруашылығында қолмен және әр түрлі құралдардың, агрегаттар мен механизмдердің көмегімен агротехникалық жұмыстарды орындау: егу алдында тұқымды дайындау, оларды химиялық өңдеу;
егу алдында топырақты және күріш алқабын дайындау;
тыңайтқыштарды дайындау және себу, вегетация (коректендіру, арамшөппен, аурулармен және зиянкестермен күресу) кезеңінде өсімдіктерді күту;
атыздарды тегістеу;
квадраттар бойынша бастапқы орындаушылық түсіру;
кастаішілік тордың гидротехникалық құрылыстарын жөндеу;
атыздарға су құю, атыздағы су қабатын реттеу, гидротехникалық жүйеге қызмет көрсету;
атыздардың арасындағы шығыңқы жерлерді шабу, арамшөптерді жұлу және өрттеу;
жинаудың алдында атыздарды кептіру, атыздардың бұрышындағы және гидротехникалық құрылғылардағы күрішті қолмен шабу;
егістікті жинауға дайындау; шабылған шығыңқы жерлерді қопсыту;
егістіктен топырақтағы үлкен кесектерді және жекелеген кесілмеген бұталарды алып тастау;
тыңайтқыштарды, күріш дәндерін және басқа да жүктерді тиеу және тасымалдау;
тұқым мен күріш дәндерін тазалау, сұрыптау, жетілдіру;
қолданылатын еңбек құралдарын, агрегаттар мен механизмдерге техникалық қызмет көрсету.
805. Білуге тиіс:
күріш шаруашылығында орындалатын жұмыстар: тұқым мен топырақты дайындау, егу алдында және вегетация кезінде тыңайтқыштарды себу;
өсімдіктерді күту (химикаттарды пайдалана отырып отау, тыңайтқыштармен қоректендіру, тозаңдандыру және аурулар мен зиянкестерге қарсы улы химикаттарды себу);
атыздарды тегістеу; квадраттар бойынша алу;
гидротехникалық жүйені күту және оны жөндеу;
егістіктегі арамшөптерді жұлу және өрттеу, атыздардың арасындағы шығыңқы жерлерді шабу;
атыздардың бұрышындағы және гидротехникалық құрылғылардағы күрішті шабу;
күріш алқаптарын жинауға дайындау;
шабылған шығыңқы жерлерді қопсыту;
тыңайтқыштарды, тұқым мен күріш дәндерін тиеу, түсіру және тасымалдау;
тұқым мен күріш дәндерін тазалау, сұрыптау, жетілдіру;
қолданылатын еңбек құралдарын, агрегаттар мен механизмдерге техникалық қызмет көрсету тәсілдері.
Параграф 13. Баушы
806. Жұмыс сипаттамасы:
бау шаруашылығында жас талдарды, жеміс салатын ағаштар мен бұталарды күту, ағаштардың зиянкестері мен ауруларымен күрес, жас талдар мен жеміс салатын ағаштарды кесу және басын қалыптастыру, көшеттерді егу және құнарландыру, өнімдерді жинау, сұрыптау, сақтау және сатуға дайындау жөніндегі қол жұмыстарын орындау.
807. Білуге тиіс:
ағаштар мен бұталы өсімдік жыныстарын өсірудің ерекшеліктері;
тыңайтқыштардың түрлері және оларды жеміс салатын баулар мен жидек өсіретін жерлерде салу тәсілдері;
жеміс салатын ағаштар мен бұталы өсімдіктердің көшеттерін қазу, оларды отырғызуға дайындау және отырғызу тәсілдері;
жеміс өсіретін бауда ағаштар мен бұталарды күту;
жас талдар мен жеміс салатын ағаштарды кесу және басын қалыптастыру ережесі;
жеміс салатын ағаштар мен талдардың зиянкестері мен ауруларымен күрес шаралары, емдеу тәсілдері;
жемісті ағаштардың сорттары, пісу мерзімдері, жемістерін жинау, оларды сақтау үшін сапаларына қарай сұрыптау, өңдеу;
жеміс салатын ағаштар мен талдарды қыстауға дайындау әдістері, оларды аяз бен зиянкестерден қорғау тәсілдері.
Параграф 14. Қызылша өсіруші
808. Жұмыс сипаттамасы:
қызылша өсіру шаруашылығында топырақты, тұқымды дайындау, тыңайтқыштарды дайындау және пайдалану, егу, егістікті күту, арамшөппен және зиянкестермен күресу, қызылшаны жинау, пысықтау, үю, сақтау, қызылшаны өткізуге дайындау жұмыстарын және қол еңбегі құралдарын, сондай-ақ электр моторлары мен іштен жану қозғалтқыштарының көмегімен жүретін механизмдер мен агрегаттарды пайдаланумен байланысты басқа да жұмыстарды орындау.
809. Білуге тиіс:
қызылша өсіруге қойылатын агротехникалық талаптар, қызылша шаруашылығында қол еңбегі құралдарының, механизмдер мен агрегаттардың көмегімен орындалатын топырақты өңдеу;
тыңайтқыштарды дайындау және пайдалану, тұқымды тазалау, оны өңдеу және егуге дайындау;
егістікті күту жөніндегі жұмыстардың түрлері;
өсімдіктерді зиянкестерден қорғау және арамшөппен күресу құралдары;
қызылшаны жинау мерзімі, оны жетілдіру, үю тәсілдері және қызылшаны сақтаудың басқа да тәсілдері, оны сатуға дайындау.
Параграф 15. Тұқым өсіруші
810. Жұмыс сипаттамасы:
тұқым өсіру шаруашылығында топырақты, тұқымды дайындау, тыңайтқыштарды себу, егу, тұқым дақылдарын егу және егістікті күту, тұқымның жетілу мерзімін айқындау, тұқым дақылдарын жинау, тұқымның сапасын анықтау, оларды сақтауға және өткізуге дайындау жұмыстарын қарапайым еңбек құралдары, электр моторлары мен іштен жану қозғалтқыштарының көмегімен және басқа да энергия көздерінің көмегімен жүретін механизмдер мен агрегаттар арқылы орындау;
қолданылатын машиналарды, механизмдер мен агрегаттарға техникалық қызмет көрсету, ақаулықтарын анықтау және жою.
811. Білуге тиіс:
тұқым дақылдарын өсіруге қойылатын агротехникалық талаптар және өсіру ерекшеліктері;
қарапайым еңбек құралдары, электр моторлары мен іштен жану қозғалтқыштарының көмегімен және басқа да энергия көздерінің көмегімен жүретін механизмдер мен агрегаттар арқылы тұқым дақылдарын өсіру, топырақты өңдеу, тыңайтқыштарды себу, тұқымдар мен тұқымдықтарды отырғызуға дайындау, өсімдіктерді отау, арамшөппен және зиянкестермен, дақылдардың ауруларымен күресу бойынша жұмыстардың түрлері, тұқымдықтарды іріктеп және тегіс жинау, тұқымдарды тазалау, сұрыптау, сақтауға дайындау және өткізу тәсілдері;
өсірілетін дақылдар тұқымдарының сапасына қойылатын талаптар;
тұқым шаруашылығында пайдаланылатын машиналарға, механизмдер мен агрегаттарға техникалық қызмет көрсету тәсілдері.
Параграф 16. Темекі өсіруші
812. Жұмыс сипаттамасы:
қарапайым құралдарды, машиналар мен агрегаттарды пайдалана отырып, темекі шаруашылығында топырақты өңдеу, тыңайтқыштарды себу, тұқымды темекіден тазарту, оларды егуге дайындау жұмыстарын орындау;
егісті өткізу, көшеттерді өсіру, оларды отырғызу, күту, арамшөптер мен аурулардан қорғау, жинау, жетілдіру, өнімді сапасы бойынша сұрыптау және өткізу.
813. Білуге тиіс:
темекі мен махорканың әр түрлі сорттарын өсірудің агротехникасы;
темекі шаруашылығындағы механизмдер мен агрегаттарға қызмет көрсетумен байланысты топырақты өңдеу, тыңайтқыштарды себу, темекі тұқымдарын тазалау, оларды егуге дайындау, егу жөніндегі жұмыс түрлері, түрлі сортты темекі мен махорканың көшеттерін өсіру, темекі мен махорканың көшеттерін отырғызу, өсімдіктерді күту, отау, арамшөптер мен аурулардан қорғау, жинау, жетілдіру тәсілдері, өткізуге дайындау.
Параграф 17. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі
814. Жұмыс сипаттамасы:
егістік алқаптарында ауыл шаруашылығы жұмыстарын (жер жырту, әр түрлі ауыл шаруашылығы және орман дақылдарын егу және отырғызу, қопсыту, тырмалау, топырақты нығыздау, органикалық және минералды тыңайтқыштарды себу, қопсыту, шөпті, сабанды жинау, бидай және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау) орындау кезінде;
стационарлық жұмыстарды орындау кезінде (тұқымдарды тазалау, кептіру, сұрыптау, сүрлемді, пішендемені нығыздау, сабан мен сүрлемді кескішке қызмет көрсету);
қырманда, фермада және басқа да өндірістік жағдайларда тасымалдағыштарға қызмет көрсету кезінде барлық тасымалдау жұмыстарын орындау кезінде (фермаларға жемді жеткізу және тарату, қорадан қиды шығару) агрегаттағы жетегі бар және аспалы машиналары мен құралдары бар тракторларды, бульдозерлерді, тиегіштерді, комбайндар мен басқа да өздігінен жүретін машиналарды басқару;
өсімдік шаруашылығында, мал шаруашылығында, жем өндірісінде, жабық топырақта, көп жылдық егістерді күту бойынша, агро- және гидромелиорацияда және орман шаруашылығында оларға қойылатын агротехникалық және технологиялық талаптарға сәйкес ауыл шаруашылығы жұмыстарын орындау;
тракторлар мен ауыл шаруашылығы машиналарына ай сайын техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, ақаулықтарды анықтау және оларды жою.
815. Білуге тиіс:
тракторлар мен оларға агрегатталатын ауыл шаруашылығы машиналары мен құралдарының құрылысы;
ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге қойылатын агротехникалық және технологиялық талаптар;
техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жүргізу ережесі;
жетек және аспалы агрегаттарды жинақтау және оларды тасымалдау ережесі;
жол жүру ережесі;
машиналар мен агрегаттардың негізгі ақаулықтарының түрлері, оларды анықтау және жою тәсілдері;
тракторлар мен ауыл шаруашылығы машиналарының механизмдері мен тораптарын реттеу тәсілдері.
816. Кәсіптік орта білім талап етіледі.
Параграф 18. Құлмақ өсіруші
817. Жұмыс сипаттамасы:
құлмақ шаруашылығында топырақты өңдеу, құлмақты отырғызу, өсімдіктерді күту, құлмақ шаруашылығында пайдаланатын машиналарға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау;
бұтау, өркендерді аспаға байлау, құлмақтың бүршіктерін жинау, бұталарын, сымдарын жинау; құлмақты кептіру, престеу, орау.
818. Білуге тиіс:
құлмақ өсірудің агротехникасы, құлмақ отырғызу, құлмақ өсіретін жердегі қатарлардың арасындағы топырақты өңдеу, өркендерді аспаға байлау, құлмақтың басын түзету, негізгі тамыр бастарын ашу, құлмақты бұтау (артық өркендерін алып тастау) жұмыстарының түрлері;
құлмақтың бүршіктерін жинау және сұрыптау тәсілдері, құлмақтың бұталарын жинау, аспалы сымды орау жұмыстары, құлмақты сұрыптау, престеу және орау тәсілдері.
Параграф 19. Гүл өсіруші
819. Жұмыс сипаттамасы:
гүл шаруашылығында топырақты дайындау, тыңайтқыштарды себу, гүл дақылдарын отырғызу және егу, кесу мерзімін белгілей отырып,гүл дақылдарын күту;
гүлдерді сұрыптау, гүлдерді тасымалдау және сатуға дайындау, гүл дақылдарының тұқымдарын жинау, түйіндерін, тамыр бастарын, баданаларын қазып алу және сақтау, бұталарды дайындау және сақтау жұмыстарын қарапайым құралдар мен механизмдердің көмегімен орындау, сондай-ақ іштен жану қозғалтқыштары мен басқа да энергия көздерінің көмегімен жұмыс істейтін машиналар мен механизмдерге қызмет көрсету.
820. Білуге тиіс:
гүл дақылдарын өсірудің ерекшеліктерің мен оларға қойылатын агротехникалық талаптар;
топырақты дайындау, тыңайтқыштарды себу, тұқымдарды, түйіндерді, баданаларды отырғызу және егуге дайындау және отырғызылған, егілген гүл дақылдарын күту, арамшөптермен, зиянкестермен және гүлдердің ауруларымен күресу тәсілдері;
тұқымдарды, түйіндерді, баданаларды, тамыр бастарын, гүл дақылдарының бұталарын жинау тәсілдері;
гүл шаруашылығындағы жұмыстарды орындау жөніндегі машиналар мен механизмдерді қолдану және оларға қызмет көрсету.
821. Кәсіптік орта білім талап етіледі.
Параграф 20. Шай өсіруші
822. Жұмыс сипаттамасы:
шай шаруашылығында тұқымдарды егу, көшеттерді өсіру жұмыстарын орындау, егіс алқаптарын көшеттерді отырғызуға дайындау, шай бұталарын күту, оларды кесу және фумигациялау;
шай жапырақтарын жинау, сұрыптау және шай жапырақтарын сатуға дайындау.
823. Білуге тиіс:
шай бұталарын өсіру негіздері, топырақты дайында, тұқымдарды егу тәсілдері, шай бұталарының көшеттерін отырғызу және өсіру;
шай бұталарын күту жұмыстарының түрлері, аспаларды орнату, үш және төрт жылдық шай бұталарын қалыптастыру және кесу тәсілдері, аспадағы шай бұталарын ауыр, жартылай ауыр кесу тәсілдері;
шай жапырақтарын жинау мерзімі мен тәсілдері, шай бұталарын фумигациялау, шай алқаптарын жөндеу (барлық жұмыс түрлерімен тұқымдарды егу, көшеттерді отырғызу).
Параграф 21. Эфир-зәйтүн өсіруші
824. Жұмыс сипаттамасы:
эфир-зәйтүн және емдік дақылдарды (жалбыз, лаванда, шатыраш, раушан, кориандр, тмин, фенхель, қазоты және тағы басқа) өсіру жөніндегі жұмыстар кешенін орындау;
егу немесе отырғызу алдында топырақты, тұқымды және отырғызу материалын дайындау;
егу немесе отырғызу алдында, сондай-ақ өсімдіктердің вегетациясы кезінде тыңайтқыштарды дайындау және себу;
тұқымдарды егу және көшеттер мен басқа да отырғызу материалдарын отырғызу;
вегетация (отау, қопсыту, түптеу, бұталарды кесу, қалыптастыру, зиянкестермен және аурулармен күресу) кезінде өсімдіктерді күту;
өнімді жинау, сұрыптау, жетілдіру және сақтауға немесе өткізуге дайындау;
селекциялық көбейту үшін жоғары сапалы өсімдіктерді, тұқымдар мен отырғызу материалдарын сұрыптау;
еңбек құралдарына, машиналар мен механизмдерге, агрегаттарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
825. Білуге тиіс:
эфир-зәйтүн және емдік дақылдарды өсіру жөніндегі агротехникалық жұмыстар кешені;
егу немесе отырғызу алдында топырақты, тыңайтқышты, тұқымды, отырғызу материалын және егістік алқабын дайындау;
тұқым мен отырғызу материалын себу; вегетация (отау, қопсыту, түптеу, бұталарды кесу, қалыптастыру, зиянкестермен және аурулармен күресу) кезінде өсімдіктерді күту;
өнімді жинау, сұрыптау, жетілдіру және сақтауға немесе өткізуге дайындау тәсілдері;
селекциялық көбейту үшін жоғары сапалы өсімдіктерді, тұқымдар мен отырғызу материалдарын сұрыптау ережесі;
жұмыста пайдаланылатын еңбек құралдарына, машиналар мен механизмдерге, агрегаттарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |