Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)



бет16/70
Дата09.06.2016
өлшемі4.34 Mb.
#124728
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70

18) Экономайзер құбырлары – құрастыру;

19) Фахверктер, кронштейндер, жүгіртпелер, байланыс – жасау және құрастыру;

20) Жоғары қысымдағы бу құбыржолдары құбырларының фланецтері – шегендеу;

21) Шахта астындағы ғимараттардың конвейер эстакадалары, каркастары, бағаналары – жасау.


263. Қазандықшы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі қазандықтарды, аппараттарды, реакторларды, жылы алмастырғыштарды, бағаналарды түрлі болаттан және түсті металдан жасалған жекелеген бөлшектерін дәл қиыстырып сызбалар және эскиздер бойынша жасау, құрастыру, шегендеу және жөндеу. Технологиялық процесті тоқтатпай тоттану ортасында қысыммен жұмыс істейтін күрделі технологиялық жабдықты жөндеу. Күрделі герметикалық жіктердің ірі бөлшектерін пневматикалық балғамен және қолмен, сондай-ақ қазандық жасауда 1,2 МПа (12 атм) жоғары қысымда жұмыс істеуге арналған стационарлық сығымдағыштар және аспалы шегендеу скобаларда ыстықтай және суықтай шегендеу. Қазандықтардың күрделі және дәлме-дәл тораптары мен бөлшектерін белгілеу. Түрлі қалыңдықтағы жайма болаттан жасалған цилиндрлер мен конустарды ию. Қазандық болатының жиектерін басуға және дәнекерлеуге қиыстыру. Құрастыруға түсетін күрделі тораптар мен бөлшектердің жарамдылығын айқындау. Қазандықтар мен аппараттардың герметикалығын қысымда сынау. Қазандықтар мен механизмдердің орнатудан алдын тұғырларын тексеру. Жоғары қысымдағы қазандықтарда барлық құбыр қою жұмыстарын орындау.

Білуге тиіс: жоғары қысымдағы күрделі қазандықтар мен жылу алмастыратын аппараттардың құрылымы мен конструкциясы, күрделі құрылымды қазандықтарда құбырларды орнатудың барлық тәсілдерінің кезектілігі, күрделі құрылымды қазандықтарды құрастырудың, сынау және тапсырудың техникалық шарттары, металды қыздырғанда, дәнекерлегенде және түзеткенде бұзылуының себептері, жылу техникасының негіздері, күрделі ұңғыларды белгілеу тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптарының номенклатурасы, қызметі және реттеу тәсілдері, қазандықтардың, реакторлардың, жылу алмастырғыштар мен аппараттардың гидравликалық, бу және ауа сынама тәсілдері.

Жұмыс үлгілері.

1) Күрделі қазандықтар арматурасы-қазандықта монтаждау, демонтаждау;

2) Сферикалық газгольдер түптері, үштіктер мен компрессорлар-құрастыру;

3) Жылу алмастырғыш аппараттардың иректемелері-станокта көп қабатты толтыру;

4) Ауа жылытқыш иректемелері – жасау және құрастыру;

5) От құбыр қазандықтары – түбі бар және от камерасымен корпустарды құрастыру;

6) Бу қыздырғыштардың ілмектері мен құбырлары – орнату және біліктеу;

7) Түтін камераларының, төбелердің торлары және паровоздың от қораптарының қабырғалары – ию, қиыстыру, орнату;

8) Жылжымалы және табанды байланыстар мен паровоздың циркуляциялық құбырлары – бөлшектеу, құрастыру;

9) Қазандық агрегаттарының негізгі құбырлары – орнату және біліктеу;

10) Циклондар – жасау және құрастыру;

11) Қазандықтарға арналған экономайзерлер – құрастыру.

264. Қазандықшы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және бірегей қазандықтар мен қазандық агрегаттарын, аппараттарды, бақылау-өлшеу аспаптарын, жоғары қысымдағы арматура пульттерін жасау, құрастыру, монтаждау және жөндеу. Жоғары қысым жағдайында жұмыс істейтін күрделі, бірегей және тәжірибелік қазандықтарды, күрделі құрылымдағы жылу алмастыру аппараттарын техникалық шарттарға сәйкес сынау және тапсыру. Қазандық күрделі автоматикасын монтаждау, реттеу және тапсыру, күрделі және қуатты қазандықтар мен қазандық агрегаттардың орнатардан алдын тұғырларын тексеру. Агрегаттарды, тораптар мен арматураның орнатардан алдын орнату координаттарын айқындау. Қазандықтар мен механизмдерді тексеру және сынау кезіндегі ақаулықтарын айқындау.

Білуге тиіс: жоғары қысымдағы күрделі қазандықтардың, қазандық агрегаттары мен жылу алмастыру аппараттарының құрылымы мен конструкциясы, күрделі қазандықтардың, аппараттардың, өлшеу аспаптары мен пульттерді монтаждау, реттеу және сынаудың технологиялық кезектілігі мен технологиялық шарттары, қазандықтар мен қазандық агрегаттардың жиынтығын гидравликалық, бу және ауа сынамалаудың ықтимал тәсілдері, жылу техникасы мен механика негіздері, қазандықтар мен қазандық агрегаттарын құрастыруда, монтаждау және сынауда қолданылатын айлабұйымдар мен құрылғылардың үлгілері.

Жұмыс үлгілері

1) Қазандық арматурасы - қоректендіру автоматикасын реттеу;

2) Тәжірибелік қазандықтар-корпусты құрастыру және қаптауды монтаждау;

3) Тәжірибелік қазандық агрегаттары – құбыр жүйесін жасау және орнату, түпкілікті құрастыру, гидравликалық сынау, монтаждау және тапсыру;

4) Газ, шаң ауа құбыржолдарға, тұндырғыштарға, бойлерлер мен басқа да сферикалық және конусты түптері бар көлемді бұйымдарға арналған линзалық және сегіз қырлы және үлгілік бөлшектердің компенсаторлары – жасау және құрастыру;

5) Жоғары қысымдағы резервуарлар – құрастыру;

6) Жылыту қазандықтары мен қазандық агрегаттарының құрылымы – жану автоматикасын монтаждау және реттеу.

Суықтай қалыптау жабдықтарының баптаушысы


265. Суықтай қалыптау жабдықтарының баптаушысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды суықтай қалыптауға арналған 1 МН-ге дейінгі күшті эксцентрикті, фрикциялық және қосиінді сығымдағыштарды, сондай-ақ қарапайым және орташа күрделіктегі 1-ден жоғары 3 МН-ге дейінгі күшпен істейтін сығымдағыштарды баптау. Бір соққылы суықтай отырғызатын, гайка өткізетін, шегелік және әмбебап иетін автоматтар мен тығыздағыштарды, тойтарма шеге, бұрандалар, бұрандалы шегелер және басқа да бұйымдарды шығаратын автоматтарды баптау. Кесетін станоктарды, тығыздағыш қайшыларды, дірілмен кесетін қайшыларды және басқа да қайшыларды баптау. Кесетін қарапайым және тесетін қалыптарды құрастыру, бөлшектеу, орнату және баптау және бапталғаннан кейін сынамалау. Лактайтын машина конвейерлерінің жылдамдығын реттеу. Қалыптардың жұмысқа жарамдылығын айқындау. Қызмет көрсетілетін учаскенің штампылаушыларына нұсқаунама жүргізу. Жабдықты ағымдағы жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтар мен қолданылатын қалыптар мен айлабұйымдардың құрылымы мен баптау ережесі, тығыздағыштар мен автоматтарды баптау жолдары мен қалыптарды орнату тәсілдері, жасалатын бұйымға қойылатын техникалық талаптар, бақылау-өлшеу аспабының, арнайы және әмбебап айлабұйымдардың қызметі мен қолдану шарттары, салқындататын және майлайтын материалдарды пайдалану ережесі, кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлері.

266. Суықтай қалыптау жабдықтарының баптаушысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды суықтай қалыптауға арналған 1-ден жоғары 3 МН-ге дейінгі эксцентрикті, фрикциялық және қосиінді сығымдағыштарды, сондай-ақ қарапайым және орташа күрделіктегі 3-тен жоғары 10 МН-ге дейінгі күшпен істейтін сығымдағыштарды баптау. Екі соққылы суықтай отырғызатын, гайка өткізетін, шегелік және әмбебап иетін автоматтар мен тығыздағыштарды, тойтарма шеге, бұрандалар, бұрандалы шегелер және басқа да цилиндр қалпағы бар, мұрты бар қалпақты немесе төрт бұрышты қалпағы бар бұйымдарды шығаратын автоматтарды баптау. Орташа күрделіктегі кесетін, соратын және иетін қалыптарды құрастыру, бөлшектеу, орнату және баптау және бапталғаннан кейін сынамалау. Лактайтын машина конвейерлерінің жылдамдығын реттеу. Түрлі кескіндегі металдан жасалған түрлі күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды суықтай қалыптауға арналған автоматты, жартылай автоматты желілер мен тығыздағыш автоматтарды баптау. Желілердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Бағдарламалық басқарылатын өнеркәсіптік манипуляторлардың (роботтардың) қапсырғыштарын баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы мен кинематикалық тәсімдері, автоматты, жартылай автоматты желілер мен тығыздағыш автоматтардың өзара әрекеті, қолданылатын қалыптардың, арнайы және әмбебап айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, үлгілік өнеркәсіптік манипуляторлардың құрылымы, манипуляторлардың жұмысқа қабілеттілігін және позициялау дәлдігін тексеру ережесі, кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлері.

267. Суықтай қалыптау жабдықтарының баптаушысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды қалыптауға арналған 3-тен жоғары 10 МН-ге дейінгі эксцентрикті, фрикциялық және қосиінді сығымдағыштарды, сондай-ақ қарапайым және орташа күрделіктегі 10 МН-нен асатын күшпен істейтін сығымдағыштарды баптау. Көп соққылы суықтай отырғызатын және гайка өткізетін бағдарламалық басқарылатын автоматтарды баптау. Күрделі бұйымдарды отырғызатын көп позициялы, құрама, калибрлік суықтай отырғызатын автоматтарды баптау. Металл дайындамалардан жасалған бөлшектерді соруға арналған арнайы гидравликалық тығыздағыштарды баптау. Кесетін, соратын, өткізетін, қалыптайтын, құрама және иетін күрделі қалыптарды құрастыру, бөлшектеу және баптау және бапталғаннан кейін сынамалау. Калибрлейтін, түзу, ұшы бар және созғылайтын станоктар мен стандарды баптау. Түрлі кескіндегі металдан жасалған жай және орташа күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды суықтай қалыптауға арналған автоматты, жартылай автоматты желілер мен бағдарламалық басқарылатын тығыздағыш автоматтарды баптау. Бөлшектерді сынап өңдеу және оларды ТББ-ға тапсыру. Бағдарламалық басқарылатын өнеркәсіптік манипуляторлардың жекелеген тораптарын баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың конструкциясы, дәлдігін тексеру тәсілдері мен құрылымы, қызмет көрсетілетін тығыздағыштар мен автоматтарды баптау жолдары, ықтимал қалыптар мен айлабұйымдардың құрылымы мен орнату тәсілдері, қызмет көрсетілетін тығыздағыштарға қойылатын техникалық талаптар, жөнделетін қалыптардың құрылымдық ерекшеліктері, қызмет көрсетілетін жабдықтардың принципиалды электр тәсімдері, түрлі өнеркәсіптік манипуляторлардың құрылымы, автоматты бақылау құралдары мен желіге қосу тәсімдерінің жұмыс істеу қағидаты.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

268. Суықтай қалыптау жабдықтарының баптаушысы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды қалыптауға арналған 10 МН-нен жоғары эксценртикті, фрикциялық және қосиінді сығымдағыштарды баптау. Жылжымалы құрамның дөңгелектерін тығыздауға арналған тығыздағыштарды баптау. Кесетін, қалыптайтын және құрама күрделі қалыптарды құрастыру, бөлшектеу және баптау және бапталғаннан кейін сынамалау. Күрделі бұйымдарды отырғызатын көп позициялы, құрама, калибрлік суықтай отырғызатын автоматтарды баптау. Түрлі кескіндегі металдан жасалған күрделі бөлшектер мен бұйымдарды суықтай қалыптауға арналған автоматты, жартылай автоматты желілер мен бағдарламалық басқарылатын тығыздағыш автоматтарды баптау. Бағдарламалық жүйелердің күрделі тораптары мен құрылғыларын бөлшектеу, реттеу және құрастыру. Қымбат бағалы металлдар мен қатайтылған рұқсат шегімен қорытпалардан жасалған бөлшектерді қалыптауға арналған тығыздағыштарды баптау. Бағдарламалық басқарылатын манипуляторларды баптау және реттеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы, дәлдігін тексеру тәсілдері мен орналасуы, қызмет көрсетілетін тығыздағыштарды баптау жолдары мен тәсілдері, қызмет көрсетілетін тығыздағыштарда жасалатын бөлшектерге қойылатын техникалық талаптар, автоматты, жартылай автоматты желілер мен тығыздағыш аппараттардың кинематикалық тәсімдері, жабдықты баптау, жөндеу және монтаждау тәсілдері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Суықтай қалыптау жабдықтарының автоматты және жартылай автоматты желілерінің операторы


269. Суықтай қалыптау жабдықтарының автоматты және жартылай автоматты желілерінің операторы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автоматты, жартылай автоматты желілер мен басқару пультті тығыздағыш автоматта түрлі кескінді металлдан жасалған орташа күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды кесу және қалыптау. Орама жұмысын реттеу. Тығыздағышқа таспа жіберу және толтыру. Дүкендер мен бункерлерге дайындамалар мен бөлшектерді қалау және толтыру. Бөлшектерді конвейерге, транспортерге және басқа да механизмдерге ілу. Бөлшектерді контейнерлер мен штабельдерден шешу және қалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автоматты, жартылай автоматты желілер мен тығыздағыш автоматтардың жұмыс істеу қағидаты, таспаларды тығыздағыштарға жіберу және толтыру, дайындамалар мен бөлшектерді дүкендерге, контейнерлерге, штабельдерге толтыру және қалау ережесі, бөлшектер мен бұйымдарды ілу және шешу ережесі.

Жұмыс үлгілері.

Қалыптау:

1) Кузов қаптау қысқаштары;

2) Әйнек көтергіш корпустары;

3) Кронштейндер;

4) Жапсырмалар;

5) Қапсырмалар;

6) Тыстары;

7) Шайбалар.

270. Суықтай қалыптау жабдықтарының автоматты және жартылай автоматты желілерінің операторы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Автоматты, жартылай автоматты желілер мен басқару пультті тығыздағыш автоматта түрлі кескінді металлдан жасалған орташа күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды кесу және қалыптау процесін жүргізу. Орташа күрделіктегі бөлшектердің қалыптарын орнату және шешу. Майлау және салқындату жүйесінің жұмысын қадағалау. Жұмыс процесінде көлік құралдары элементтерін реттеу. Бөлшектерді үлгілер, шаблондар және арнайы бақылау-өлшеу аспаптары бойынша жасау сапасын тексеру. Жоғарылау білікті оператордың басқаруымен автоматты және жартылай автоматты желілерде түсті металдан және олардың қорытпаларынан жасалған дайындамаларын, бөлшектері мен жапсарларын кесу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автоматты, жартылай автоматты желілер мен тығыздағыш автоматтардың құрылымы, орташа күрделіктегі бақылау-өлшеу аспабын қызметі мен пайдалану шарттары, қалыптарды орнату және шешу жолдары, қалыптау материалдарының негізгі механикалық қасиеттері, кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлері, майлайтын және салқындататын сұйықтықтардың қызметі мен қасиеті.

Жұмыс үлгілері.

Қалыптау:

1) Бампер тістері;

2) Шар тіректердің, бітегіштер мен фаралардың қаптары;

3) Есік жалғамалары;

4) Картер түптері;

5) Май тығыздағыштар;

6) Кузов күшейткіштер.

271. Суықтай қалыптау жабдықтарының автоматты және жартылай автоматты желілерінің операторы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автоматты, жартылай автоматты желілерде және тығыздағыш автоматтарда, оның ішінде бағдарламалық басқарылатын, пультпен басқарылатын автоматтарда түрлі кескіндегі металлдан жасалған күрделі бөлшектерді, бұйымдарды кесу және қалыптау процесін жүргізу. Күрделі бөлшектердің қалыптарын орнату және шешу және аспапты ауыстыру. Жұмыс процесінде қажеттігіне қарай көлік құралдары элементтерін ауыстыру. Желілердің, тығыздағыш автоматтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Жұмыс процесінде қызмет көрсетілетін жабдықты баптау. Қызмет көрсетілетін жабдықты ағымдағы жөндеуге қатысу, автоматты, жартылай автоматты желілерде және тығыздағыш, оның ішінде бағдарламалық басқарылатын автоматтарда түсті металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған дайындамаларды, бөлшектер мен құймаларды кесу.

Білуге тиіс: автоматты, жартылай автоматты желілер мен тығыздағыш автоматтардың құрылысы, жабдықтардың принципиалды тәсімдері мен өзара әрекетесуі және оларды жұмыс процесінде баптау ережесі, қалыптарды орнату және шешу ережесі, арнайы әмбебап бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдардың құрылысы, кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлері.

Жұмыс үлгілері.

Қалыптау:

1) Радиаторлардың бачоктары мен торлары;

2) Бензобактар;

3) Шашқыштар;

4) Лонжерондар;

5) Аспап панельдері;

6) Багажник едендері;

7) Әйнек көтергіштердің роликтері;

8) Капоттар мен багажниктердің күшейткіштері.

272. Суықтай қалыптау жабдықтарының автоматты және жартылай автоматты желілерінің операторы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автоматты, жартылай автоматты желілерде және тығыздағыш автоматтарда, оның ішінде бағдарламалық басқарылатын, пультпен басқарылатын автоматтарда түрлі кескіндегі металлдан жасалған күрделі бөлшектерді, бұйымдарды кесу және қалыптау процесін жүргізу. Күрделі бөлшектердің қалыптарын орнату және шешу. Жұмыс процесінде қызмет көрсетілетін жабдықты баптау. Жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: автоматты, жартылай автоматты желілер мен тығыздағыш автоматтардың құрылысы, қалыптардың рұқсат етілген шегі, қалыптанатын материалдардың механикалық қасиеттері, қызмет көрсетілетін жабдықты баптау ережесі, түрлі күрделіктегі қалыптар мен айлабұйымдардың құрылысы және орнату тәсілдері, бөлшектерді жасауға қойылатын техникалық талаптар.

Жұмыс үлгілері.

Қалыптау:

1) Жақтаулары;

2) Ішкі және сыртқы есіктері;

3) Дөңгелек дискілері;

4) Капоттар, багажниктер;

5) Алдыңғы, артқы қанаттары;

6) Шатырлары;

7) Цилиндр блоктың қалпағы;

8) Кузов едендері;

9) Көлденең бөлшектері;

10) Аспалы рычагтар;

11) Тежегіш қалқаншалары.

Қолмен түзетуші


273. Қолмен түзетуші 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым ұсақ бөлшектерді суықтай және қызған күйі аспаптың көмегімен қолмен түзету. Ұзындығы 1 м шекті саңылауы 2 мм-ден асатын жай бөлшектерді плитада қол балғалары арқылы түзету. Алюминийден және болат шыбықтардан жасалған үлгілік кескіндерді сызғыш, бұрыштық және шаблон бойынша түзету. Жоғарылау білікті түзетушінің басқаруымен жайма және шыбықты металдан жасалған ірі бөлшектерді түзету.

Білуге тиіс: түрлі сұрыпты металлды және жай бұйымдарды түзетудің негізгі жолдары мен тәсілдері, түзету кезінде білінетін металдың қасиеттері, кеңінен таралған қарапайым айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарын қызметі мен пайдалану шарттары.

Жұмыс үлгілері.

1) Косынкалар, шайбалар – түзету;

2) Планкалар, төсемдер, фланецтер - түзету;

3) Тегіс және цилиндр ыдыс - эмальдеуге дейін түзету;

4) Айыр түтіктері – түзету.

274. Қолмен түзетуші 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Илемделген және басқа металлдан жасалған құйылған, қалыпталған бөлшектер мен бұйымдарды суықтай және қызған күйі шаблон, бұрыштық және сызғыш бойынша қолмен плитада түзету. Ұзындығы 1м шекті саңылауы 2 мм-ден асатын жай бөлшектерді плитада қол балғалары арқылы түзету.

Білуге тиіс: орташа күрделіктегі жайма, жолақты және кескінді металлды және қалыпталған бұйымдарды қолмен плитада түзетудің түрлі жолдары мен тәсілдері, түзетілген металлды түзетудің және қалаудың технологиялық кезектілігі, анағұрлым кеңірек тараған әмбебап және арнайы айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану шарттары, құймаларды қыздыру және түзету ережесі мен режимдері.

Жұмыс үлгілері.

1) Ұзындығы 500 мм-ге дейінгі білікшелер - түзету;

2) Тегіс түптер - түзету;

3) Егеулердің, рашпиль мен надфиль дайындамалары күйдіргеннен кейін түзету;

4) Шатырлар мен қораптар – түзету;

5) Түрлі аяқ педальдар – түзету;

6) Ыдыс – термоөңдегеннен кейін түзету;

7) Сальник пружиналары (корпусты) – түзету;

8) Диаметрі 20 мм-ге дейінгі түтіктер – түзету;

9) Түсті металдардан және қорытпалардан жасалған құбырлар мен шыбықтар – түзету;

10) Штангенциркуль штангілері – түзету.

275. Қолмен түзетуші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жайма және кескінді металлдан жасалған орташа күрделіктегі суықтай және қыздырылған күйінде плитада бақылау сызғышы бойынша ұзындығы 1 м рұқсат етілген 1 мм-ге дейінгі саңылауы бар қалыпталған бөлшектерді қолмен түзету. Ыстыққа төзімді болаттан, титан және магний қорытпалардан жасалған өңделген қарапайым бөлшектерді түзету. Күрделі үлгілік қорытпалар құймаларының жекелеген бөліктерін қыздыру және түзету. Қозғалтқыштың және машинаның су, май және отын жүйесі құбыржолдарын және жаншылған жерлерін түзету. Гофрланған бөлшектер мен бұйымдарды түзету. Пружиналарды суықтай және қыздырылған күйінде түзету.

Білуге тиіс: түзету режимі, әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, металл құрылымының қыздырған және суыған кезіндегі қасиеті мен өзгеру сипаты, металлдың созылғанда және игенде білінетін физикалық және механикалық қасиеті.

Жұмыс үлгілері.

1) Ұзындығы 500 мм-ден асатын білікшелер – түзету;

2) Қозғалтқыштардың тарату біліктері – түзету;

3) Пианино және рояльдардың металл бөлшектері – оларды жасауға арналған сымдарды түзету;

4) Мойындарының диаметрі 500 мм-ге дейін дәнекер сферикалық түптер – түзету;

5) Ротор турбогенераторларының, қозғалтқыштардың соратын және шығаратын келте құбырлары мен құбыржолдары коллекторларының катушкалары – түзету;

6) Асхана пышақтары – термоөңдегеннен кейін түзету;

7) Магний плиталар – түзету;

8) Тоңазытқыш, компрессор клапандарының пружиналары – түзету;

9) Рамкалар - әйнек пен плитаның өлшемі бойынша түзету;

10) Бойлап бөлетін машинаның тіректері – түзету;

11) Ұзындығы 5 м-ге дейінгі құбырлар – түзету;

12) Қыздырылған шпиндельдер – түзету.

276. Қолмен түзетуші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Суықтай қалыпталған күрделі бөлшектер мен тораптарды, үлкен жаймаларды, түрлі құбырлар мен құймаларды қыздырылған және суықтай күйде, ыстыққа төзімді болаттан жасалған сұрыптық металл мен бөлшектерді, титан және магний қорытпаларды сызғыш және калибр бойынша тексере отырып плитада термоөңдегеннен кейін және дейін, сондай-ақ жұқа жаймалық болаттан жасалған күрделі қалыпталған бөлшектерді сферикалық бетіне жеткізе отырып қолмен түзету. Бөлшектерді түзету және қыздыру режимін орнату. Термиялық өңделген күрделі бөлшектерді түзету.

Білуге тиіс: түрлі металлдарды қолмен плитада және түзу жабдықта түзетудің жолдары мен тәсілдері, айлабұйымдарда күрделі дәнекерленген кешендер мен құрылымдарды шаблондарды пайдалана отырып және сызба бойынша түзету тәсілдері, бөлшектердің сферикалық бетінің ақаулары және оларды түзетудің жолдары, арнайы және әмбебап айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, түрлі түзетуге арналған қыздыру температурасы.

Жұмыс үлгілері.

1) Мойындары 500 мм-ден асатын сферикалық дәнекерленген түптер – түзету;

2) Дәнекер құрылымдар – түзету;

3) Рессорлық жаймалар – түзету;

4) Екі және одан да көп бөліктерден тұратын дәнекерленген лонжерондар – түзету;

5) Ірі көлемді фюзеляжды қаптау – дәнекерлегеннен кейін түзету;

6) Фюзеляж панельдері, қанаттары, қауырсындары – түзету;

7) Кескінді қанат панельдері – дәнекерлегеннен кейін түзету;

8) Созбалар – түзету;

9) Ұзындығы 5 м-ден асатын құбырлар – түзету;

10) Тоңазытқыш шкафтар - түзету.

277. Қолмен түзетуші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ыстыққа төзімді болаттан, титан және магний қорытпаларынан жасалған ірі көлемді және тәжірибелік бөлшектер мен тораптардың стапельдерін қыздырылған күйі және суықтай плитада, түзу жабдықта немесе шаблон бойынша қолмен түзету. Күрделі металл дәнекер құрылымдарды түзету және бақылау.

Білуге тиіс: ірі көлемді бөлшектер мен тораптарды плитада және түзу жабдықта түзету технологиясының ерекшеліктері, қолданылатын айлабұйымдардың, жарақтар мен бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылымы, металл технологиясы негіздері, рұқсат шегі мен отырғызу, жасалатын бұйымдардың қызметі мен олардың жұмыс істеу шарттары.

Жұмыс үлгілері.

1) Фюзелаж, қанаттарының каркастары – термоөңдегеннен кейін түзету;

2) Көлемі 3...3,5 м және қалыңдығы 1,5...8 мм нервюр жиынтығы қанаттарының панельдері – дәнекерлегеннен кейін түзету;

3) Көлемі 1,5...3 м және қалыңдығы 1,5...4 мм стрингер жиынтығы қанаттарының панельдері – дәнекерлегеннен кейін түзету;

4) Түрлі қалыңдықтағы кескіндер, науалар – термоөңдегеннен кейін түзету.

Кескіндеуші


278. Кескіндеуші 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қалыңдығы 0,45 мм-ге дейінгі көміртекті болаттан, түсті металлдардан және қорытпалардан жасалған жолақтарды, таспаларды және жаймаларды және қарапайым кескінді бұйымдарды бапталған арнайы кескіндейтін станоктар мен біліктерде кескіндеу. Кескінделген дайындамаларды штабельге таңбалау және қалау. Кескіндеуші роликтер мен бағыттарды орнату.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы туралы негізгі мәліметтер, өңделетін металлдың атауы және таңбалануы, кеңінен таралған қарапайым айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану шарттары.

279. Кескіндеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қалыңдығы 0,45 мм-ден жоғары көміртекті болаттан, түсті металлдардан және қорытпалардан жасалған жолақтарды, таспаларды және жаймаларды және қарапайым кескінді бұйымдарды бапталған арнайы кескіндейтін станоктар мен біліктерде кескіндеу.

Білуге тиіс: үлгілік кескіндегіш станоктардың жұмыс принципі, кеңінен таралған әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану шарттары, орындалатын жұмыс шегінде өңделетін металлдың негізгі механикалық қасиеттері.

280. Кескіндеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жүк және жеңіл автомобиль дөңгелектерінің дәнекерленген жиектерін, жеңіл автомобиль терезелерінің тіреулерін және басқа да орташа күрделіктегі кескінді бұйымдарды үлгілік арнайы кескіндегіш станоктарда кескіндеу. Станокты баптау.

Білуге тиіс: кескіндегіш үлгілік станоктардың құрылымы мен жұмыс істеу қағидаты, арнайы және әмбебап айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері.

281. Кескіндеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жел рамаларын, капоттар мен жел рамаларының ілмектерін, автомобиль капоттарының жиектерін және да басқа күрделі кескіндегі бұйымдарды түрлі құрылымдағы арнайы кескіндегіш станоктарда кескіндеу. Станоктарды жұмыс істеу процесінде баптау.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі кескіндегіш станоктардың құрылымы, кинематикалық тәсімдері мен баптау ережесі, арнайы айлабұйымдардың құрылысы, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану шарттары.


Металды қайшымен және сығымдағышпен кесуші


282. Металды қайшымен және сығымдағышпен кесуші 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қалыңдығы 3 мм-ге дейінгі жайма металдан жасалған қарапайым дайындамалар мен бөлшектерді бапталған сығымдағышпен, сығымдағыш қайшылармен, гильотинді қайшылармен тірек, шаблон және белгі бойынша берілген мөлшерлерді және шектерді сақтай отырып тік сызықпен кесу. Жоғарылау білікті кесушінің басшылығымен қалыңдығы 3 мм-ден асатын жайма металдан жасалған тік сызықты контур және түрлі кесілетін түрлі маркалы сұрыптық металл бөлшектерін кесу. Металлды қолмен қайшымен кесу. Түрлі металл емес материалдардан (мата, картон, гетинакс және т.б.) жасалған дайындамалар мен бөлшектерді тік сызықты кесу. Металлды қайшыға қолмен немесе рольганг бойынша жіберу. Металлды кескеннен кейін жинау, оны көрсетілген жерге тасымалдау және сұрыптары мен маркалары бойынша қалау. Сығымдағыштар мен қайшыларды майлау. Көтергіш-көлік механизмдерін басқару.

Білуге тиіс: сығымдағыш және қайшылардың жұмыс істеу қағидаты, қайшымен металл кесу жолдары, пышақ және тіректерді орнату және бекіту ережесі, бақылау-өлшеу аспаптары мен кеңінен таралған айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану шарттары, жоғарылау білікті кесушінің жұмысындағы шартты дабыл қаққыштар, жүк қарпитын және жүк көтеретін механизмдердің жұмыс қағидаты, жүктерді ілмектеу, көтеру және жылжыту негіздері.

Жұмыс үлгілері

1) Баллонның мойындары – кесу;

2) Дөңгелек, төрт бұрышты және алты қырлы кесілетін сұрыптық металлдан жасалған дайындама – шыбықтан немесе штангіден бұрыш бойынша және ықтимал кесу;

3) Рентген торларына арналған тұтас металлды растр дайындамалары – кесу;

4) Жаймадан жасалған жапсырмалар, косынкалар, планкалар мен басқа да бөлшектер – белгілеу бойынша тік сызықты кесу;

5) Егеулер және рашпильдер – эксцентрикті сығымдағыштарда тіс пайда болғаннан кейін және дейін кесу;

6) Айыр мүйіздері – ұштарын кесу;

7) Түтіктер – кесу.

283. Металды қайшымен және сығымдағышпен кесуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қалыңдығы 3 мм-ге дейінгі жайма металдан жасалған дайындамалар мен орташа күрделіктегі бөлшектерді, қалыңдығы 3-тен жоғары 16 мм-ге дейінгі жайма металлдан жасалған қарапайым және орташа күрделіктегі дайындамалар мен бөлшектерді, 20 кв. см-ге дейінгі кесілетін берілген бұрышта түрлі маркадағы сұрыптық металдан жасалған дайындамалар мен бөлшектерді бапталған сығымдағышпен, сығымдағыш қайшылармен, гильотинді қайшылармен тірек, шаблон және белгі бойынша берілген мөлшерлерді және шектерді сақтай отырып тік сызықпен кесу. Қалыңдығы 16 мм-ге дейінгі жайма металлдан жасалған қарапайым және орташа күрделіктегі дайындамалар мен бөлшектерді қисық сызықты кесу. Жоғарылау білікті кесушінің басшылығымен қалыңдығы 16 мм-ден асатын жайма металдан жасалған тік сызықты контур бөлшектерін кесу, түсті металлдар мен қорытпалардан жасалған жаймаларды, жолақтар мен таспаларды гильотинді және көп дискілі қайшылармен кесу. Металл емес түрлі материалдардан (мата, картон, гетинакс және т.б.) жасалған дайындамалар мен бөлшектерді қисық сызықты кесу. Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді белгілеу. Сығымдағыштарды, сығымдағыш қайшыларды және гильотинді қайшыларды жұмыс процесінде баптау.

Білуге тиіс: үлгілік сығымдағыштарды және сығымдағыш қайшылардың құрылымы, арнайы және әмбебап айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану шарттары, дайындамалар мен бөлшектерді кесу шектері.

Жұмыс үлгілері.

1) 20 кв. см-ге дейін көлденең қималы түрлі маркадағы кескінді металлдан жасалған ұзындығы 4 м-ге дейінгі бөлшектер – берілген бұрыш бойынша кесу;

2) Жаймадан жасалған қисық сызықты контур бөлшектері – белгілеу және кесу;

3) Резервуарлардың дөңгелек, жартылай дөңгелек және эллипс тәрізді түптері мен қақпақтары – белгілеу және кесу;

4) Трансформаторлы және сұрыпты болаттан жасалған қалыптар мен сығымдағыштарға арналған дайындамалар – бұрыштықпен тірек және сызғыш бойынша кесу;

5) Штангалар, баллондар дайындамалары мен автомобиль дөңгелектері – кесу;

6) Қалыңдығы 0,1…0,7 мм жайма болаттан жасалған металл ыдыс дайындамалары – кесу;

7) Алюминий негіздегі қорытпалардан жасалған жаймалар – жолақтарды бекітілген шекте кесу;

8) Рельсті бекітпелер – сығымдағышпен кесу;

9) Қимасы 50х50 кв. мм-ге дейінгі кескінді бұрыштықтар – кесу;

10) № 10 үлгілік өлшемге дейін швеллерлер мен зет тәрізді болат – бұрыштықпен белгілеп кесу;

11) Диаметрі 120 мм-ге дейінгі дөңгелек қималы штангілер – кесу.

284. Металды қайшымен және сығымдағышпен кесуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қалыңдығы 3 мм-ге дейінгі жайма металдан жасалған дайындамалар мен күрделі бөлшектерді, қалыңдығы 3-тен жоғары 16 мм-ге дейінгі жайма металлдан жасалған күрделі дайындамалар мен бөлшектерді, қалыңдығы 16 мм-ден жоғары жайма металлдан жасалған қарапайым және орташа күрделіктегі дайындамалар мен бөлшектерді, 20 кв. см-ден жоғары кесілетін берілген бұрышта түрлі маркадағы сұрыптық металдан жасалған дайындамалар мен бөлшектерді бапталған сығымдағышпен, сығымдағыш қайшылармен, гильотинді қайшылармен тірек, шаблон және белгі бойынша берілген мөлшерлерді және шектерді сақтай отырып тік сызықпен кесу. Қалыңдығы 16 мм-ге дейінгі жайма металлдан жасалған күрделі дайындамалар мен бөлшектерді және 16 мм-ден асатын қалыңдықтағы қарапайым және орташа күрделіктегі қисық сызықты кесу. Түсті металлдар мен қорытпалардан жасалған жаймаларды, жолақтар мен таспаларды гильотинді және көп дискілі қайшымен кесу. Түсті металлдар мен қорытпалардан жасалған ротапринт пен фольга жаймаларын кесу. Капсюль өндірісі бұйымдарына арналған дайындама металын дискілі немесе рычаг қайшымен кесу. Қалыңдығы 100 мм-ге дейін ірі кескінді металды ыстықтай және суықтай сығымдағышпен және түрлі құрылымдағы сығымдағыш қайшымен кесу. Қажетті аспапты пайдалана отырып жайма дайындамалары мен бөлшектерді сызба бойынша белгілеу. Пышақтарын ауыстыру және дайындаманың берілген өлшеміне қарай тіректі реттеу. Жұмыс барысында кезеңімен дайындамалар мен бөлшектердің кесу сапасын тексеру. Барлық жүйедегі сығымдағыштарды, сығымдағыш қайшылар мен дірілмен істейтін қайшыларды баптау. Түрлі кескіндегі және маркадағы металлдарды сығымдағышта өлшемімен сындыру. Абградмашинада металл бүршіктерін кесу.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі сығымдағыштардың, дірілмен істейтін қайшылардың, рычагты, дискілі, гильотинді және сығымдағыш қайшылардың құрылымы мен жұмыс істеу қағидаты, арнайы және әмбебап айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, жайма металлын белгілеу және оңтайлы пішу ережесі мен әдістері, рұқсат шегі жүйесі, қолданылатын металлдың маркалары, талшық бағыттарын ескере отырып иленетін металды пішу ережесі.

Жұмыс үлгілері.

1) Айналымдар, иірімдер, циклондар – белгілеу және жаймадан жасалған әшекейлі кесу;

2) 20 кв. см.– дан қиялай кесетін түрлі маркадағы кескінді металлдан жасалған 4 м-ге дейін ұзындықтағы бөлшектер – берілген бұрышпен кесу;

3) Көміртекті және төмен колегирленген болаттан жасалған бөлшектер – дискілі қайшымен кесу;

4) Перфорациялы станоктарға арналған жаймалы қаңылтыр – пішу, кесу;

5) Сферикалық нысан бұйымдарына болат дайындамалар – пішу картасы бойынша кесу;

6) Үрмелі аспаптар иіндері – белгілеу және кесу;

7) Ұзындығы 4 м-ге дейін түрлі ендегі жолақтар – тірек бойынша қайшымен кесу;

8) Кескінді қимасы 50х50-ден жоғары 100х100 кв. мм-ге дейінгі бұрыштықтар – кесу;

9) Фаскалар – СКС-25 сындыратын станоктар және гильотинді қайшымен шешу;

10) Фланецтер – сығымдағышпен сындыру;

11) №10-нан жоғары №18-ге дейін үлгі өлшемдегі швеллерлер мен зетотәріздес болат – бұрыштықпен белгі бойынша кесу.

285. Металды қайшымен және сығымдағышпен кесуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қалыңдығы 16 мм-ден жоғары жайма металлдан жасалған күрделі бөлшектерді тірек, шаблон және белгі бойынша сығымдағыштармен, сығымдағыш қайшылар және гильотинді қайшылармен тік сызықпен кесу. Қалыңдығы 100 мм-ден асатын ірі кескінді металды ыстықтай және суықтай сығымдағышпен және түрлі құрылымдағы сығымдағыш қайшымен кесу. Түрлі кескіндегі дискілі қайшымен жоғары қоспаланған болаттан және қымбат бағалы металдан және оның қорытпаларынан жасалған жолақтар мен рулондарды кесу. Қисық сызықты кескіндегі жайма металл жиектерін кесу. Сызғыштарды, бұрыштықтарды, циркульдерді, шаблондарды, үлгілер мен қажетті бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалана отырып сызба бойынша бөлшектерді белгілеу.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі сығымдағыштардың, сығымдағыш қайшылардың және дірілмен істейтін қайшылардың кинематикалық тәсімдері мен құрылымдары, пышақ жарамдылығының шекті деңгейі, қалыптарды баптау ережесі және жұмыс барысында баптау, Механизация құралдарының құрылымдары, арнайы және әмбебап айлабұйымдардың құрылымдары.

Жұмыс үлгілері.

1) Бульдолық және бұрыштық кескіндегі арқалықтар – берілген биіктікке дейін ұзындық бойынша кесу;

2) Түрлі маркадағы және кесетін кескінді металдан жасалған 4 м-ден жоғары ұзындықтағы бөлшектер – берілген бұрышпен кесу;

3) Арнайы қорытпалардан жасалған бөлшектер – дискілі қайшылармен кесу;

4) Ротор сымдарының бөлшектері мен гидрогенератор жабындар- дайындамаларды кесу;

5) Рессорларға арналған дайындамалар – кесу;

6) Қозғалтқыш иінді валының дайындамалары – кесу;

7) Металл құрылымдағы дайындамалар – кесу;

8) Жартылай вагондардың қалыпталған жаймалары мен кузов тіректері – сығымдағыш қайшымен кесу;

9) Ұзындығы 4 м-ден жоғары түрлі ендегі жолақтар – тірек бойынша қайшымен кесу;

10) №18 –ден асатын үлгілік өлшемдегі швеллерлер мен зетотәріздес болат – бұрыш белгілері бойынша кесу.

Арамен, қол арамен және станокпен кесуші


286. Арамен, қол арамен және станокпен кесуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі кескіндегі және қималы сұрыптық металдан жасалған қалыңдығы немесе диаметрі 100-ден 200 мм-ге дейінгі түрлі үлгідегі дайындамаларын және қалыңдығы немесе диаметрі 50-ден асатын 100 мм-ге дейінгі жоғары қоспаланған, тотқа төзімді, ыстыққа төзімді, тез кесетін болат пен аустенитті сыныптағы болаттан, баяу балқитын металлдар мен қорытпалардан жасалған дайындамаларды пакетпен немесе даналап, сондай-ақ таспен және құбырмен түрлі үлгідегі бапталған кесу, токарлық-револьверлік және көлденең фрезерлі станоктарда, пышақпен және арамен кесу. Графит құрамды электродты дайындамалар мен бұйымдарды белгілеу және кесу. Кірісті, шыңдалмалар мен құймаларды перпендикулярлы, бұрышпен және параллельді кесу, Капсюльді бұйымдарға арналған дайындамаларды кесу. Қарындаштарға арналған ниппельдерді станокта кесу және дайындау. Түрлі металл емес– фибраны, гетинакс, текстолит, асбоцемент тақта, оқшаулау таспасы, целлулоид, пластмасса, шыны тақтайша және т.б. материалдарды даяр белгі бойынша кесу және жасау. Кескінді металлдан жасалған орташа күрделіктегі дайындамалардағы бөлшектерді түзу сызықты белгілеу. Илем құбырларын, бұрыштықтарын станокта абразивті дөңгелекпен тірек және белгі бойынша кесу.

Білуге тиіс: бір үлгілік қызмет көрсетілетін станоктардың құрылғысы, қызмет көрсетілетін станоктардың маңызды бөлшектерінің атаулары мен қызметі, өңделетін материалдардың атауы мен таңбалануы, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану шарттары, араларды орнату және қайрау ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану шарттары, қоспаланған және көп қоспаланған болатты кесу режимі.


287. Арамен, қол арамен және станокпен кесуші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі кескіндегі және қималы сұрыптық металдан жасалған қалыңдығы немесе диаметрі 200 мм-ден асатын түрлі үлгідегі дайындамаларын және қалыңдығы немесе диаметрі 100 мм-ден асатын жоғары қоспаланған, тотқа төзімді, ыстыққа төзімді, тез кесетін болат пен аустенитті сыныптағы болаттан, баяу балқитын металлдар мен қорытпалардан жасалған дайындамаларды пакетпен немесе даналап, сондай-ақ пластмассадан жасалған рулонды материалдан түрлі үлгідегі кесу, токарлық-револьверлік және көлденең фрезерлі станоктарда, пышақпен және арамен кесу. Түзу кесетін станоктарда металлды түзету және кесу. Станоктарды баптау. Кескінді металлдан жасалған күрделі бөлшектерді сызба бойынша белгілеу.

Білуге тиіс: кесетін, токарлық-револьверлік, көлденең фрезерлік және басқа да түрлі үлгідегі станоктардың құрылысы, әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, өңделетін металлды өңдеу сипатына және түрлі маркаларына қатысты қатты қорытпалардан жасалған пышағы бар аспапты болаттан жасалған араларды қайрау және орнату ережесі, қоспаланған және көп қоспаланған болатты кесу режимі.


Кузовтарды тегістеуші


288. Кузовтарды тегістеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тегістеуге арналған аспаптың көмегімен жүк автомобильдері кузовтарының қаптау бөлшектері мен тораптарын және жеңіл автомобильдер кузовтарының көрінбейтін бөлшектері мен тораптарын сырлауға тегістеу. Жүк автомобильдерінің тораптарын, есіктерін саңылаулары мен жанасатын жерлерін қиыстыру. Жеңіл автомобиль кузовтарының бөлшектері мен тораптарын балқытуға дайындау. Кузовтың ішкі және балқытылған орындарын дәнекерлеп тазарту. Ойықтар мен кузовтардың ауытқуларын оның жалпылама геометриялық формалары мен параметрлерін қалпына келтіру кезінде жою. Кузовтың зақымданған бөлшектерін ауыстыра отырып немесе кузовтың дайындалған бөлшектерінен немесе жайма металлдан жасалған жөндеу үстемелерін қалпына келтірілетін бөлшектердің қалыбын сақтай отырып пайдалану жолымен жөндеу.

Білуге тиіс: жүк автомобильдері кузовтарының қаптау бөлшектері мен тораптарын және жеңіл автомобильдер кузовтарының көрінбейтін бөлшектері мен тораптарын сырлауға тегістеу технологиясы мен әдістері, балқытуға кузовтың бөлшектері мен тораптарын дайындау ережесі, ақаулықтарды түзету тәсілдері, түзетуге арналған аспаптың жұмыс істеу қағидаты, дәнекерленетін бөлшектердегі ішкі жанасулар мен деформацияның пайда болу себептері, олардың алдын алу шаралары мен оларды жоюдың тәсілдері, түзету кезінде білінетін металдың қасиеті.


289. Кузовтарды тегістеуші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тегістеуге арналған аспаптың көмегімен және қалайы-қорғасын дәнекерлер, мастика, паста және полиэфирлі және эпоксидті тығындарды пайдалана отырып, жеңіл автомобильдер мен жоғары сыныпты автобустардан басқа, автомобильдер мен автобустардың кузовтарының қаптау бөлшектері мен тораптарын және жеңіл автомобильдер кузовтарының көрінбейтін бөлшектері мен тораптарын сырлауға тегістеу. Кузовтың дәнекерленетін жерлерінің бетін қалайылауға дайындау. Кузовтардың бөлшектері мен тораптарын қалайылау және балқыту. Автомобиль есіктерінің ойықтарын өңдеу, есіктерін ойықтар бойынша ілмектеу және қиыстыру. Автомобиль кузовының белдеме жолағын теңестіру. Кузов бөлшектері мен тораптарының бетіндегі ақауларды анықтау. Автомобиль кузовтарының бөлшектері мен тораптарын оларды түзете отырып қалпына келтіріп жөндеу.

Білуге тиіс: автомобиль және автобус кузовтарының қаптау бөлшектері мен тораптарын түзетудің технологиясы мен әдістері, ақаулықтарды анықтау және түзету тәсілдері, қыздыру аспаптары мен газ жанарғыларын түзетуге арналған аспаптың құрылысы және жұмыс процесінде реттеу ережесі, кузов бөлшектері мен тораптарын балқыту және қалайылау тәсілдері, тегістеу пасталарының, дәнекерлерінің, пластмассаларының қасиеті, маркалары, қалпына келтіріп жөндеу тәсілдері.


290. Кузовтарды тегістеуші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тегістеуге арналған аспаптың көмегімен және қалайы-қорғасын дәнекерлер, пасталарды пайдалана отырып, жеңіл және жүк автомобильдерінің, сондай-ақ жеңіл автомобильдер мен жоғары сыныпты автобустардың тәжірибелік, көрмелік үлгілері кузовтарының қаптау бөлшектері мен тораптарын сырлау үшін тегістеу.Шаблон бойынша тексере отырып бетін айнадай етіп тегістеу. Автомобиль бөлшектері мен тораптарын түзету кезінде технологиялық жолдарды және олардың кезектілігін таңдау.

Білуге тиіс: жеңіл және жүк автомобильдерінің, сондай-ақ жеңіл автомобильдер мен жоғары сыныпты автобустардың тәжірибелік, көрмелік үлгілері кузовтарының қаптау бөлшектері мен тораптарын сырлау үшін тегістеу технологиясы мен түзету әдістері, бетін тегістеу тәсілдері, түзетуге арналған аспапты баптау ережесі, түзетуге арналған шаблондарды белгілеу және жасау.

Токарлық сығатын станоктардың токары
291. Токарлық сығатын станоктардың токары 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі сору тереңдіктегі диаметрі 300 мм-ге дейінгі, диаметрінің жартысына дейін сору тереңдігі 300-ден асатын 400 мм-ге дейінгі диаметрдегі дюралюминийден, латуньнен және аз қоспаланған болаттан жасалған, сору тереңдігі диаметрінің жартысына дейінгі және түрлі диаметрдегі тотқа төзімді болаттан және түрлі сору тереңдіктегі алюминийден жасалған 12-14 квалитеттер бойынша шектегі қарапайым бөлшектер мен бұйымдарды конфигурациясы бойынша сығатын токарлық станоктарда жасау. Қаңылтырдан жасалған бұйымдарды сығу. Бөлшектер мен бұйымдарды сыққаннан кейін үшкірлеу, кесу, дөңгелету, қайрау және басқа токарлық өңдеу.

Білуге тиіс: үлгілік сығатын токарлық станоктардың жұмыс істеу қағидаты, кеңінен таралған әмбебап және арнайы айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу және кесетін аспаптардың қызметі және пайдалану шарттары, өңделетін бұйымдарға қойылатын техникалық талаптар, кедір-бұдырлықтың шегі және отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі, металлды токарлық өңдеу негіздері.

Жұмыс үлгілері.

1) Бактар, шелектер – жартылай дөңгелек дөңес жерлерді сығу;

2) Қарапайым конфигурациялы қалпақтар, жиектер – сығу;

3) Төбе желдеткіштеріне арналған сақиналар мен қақпақтар – жасау;

4) Бортты сақиналар –сығу;

5) Ауа клапаны корпустары мен қақпақтары – сығу;

6) Диаметрі 300 мм-ге дейінгі центрифугалы конус бөлшектердің беті – сығу;

7) Тежегіш басқаруға арналған болат фланецтер – сығу.


292. Токарлық сығатын станоктардың токары 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі сору тереңдіктегі диаметрі 300 мм-ден 400 мм-ге дейінгі, диаметрінің жартысына дейін сору тереңдігі 400-ден асатын диаметрдегі дюралюминийден, латуньнен және аз қоспаланған болаттан жасалған, сору тереңдігі диаметрінің жартысына дейінгі және түрлі диаметрдегі; диаметрдің жартысынан асатын сору тереңдігі 300 мм-ге дейінгі, түрлі сору тереңдігінің диаметрі 300-ден асатын 400 мм-ге дейінгі диаметрдегі тотқа төзімді болаттан жасалған; тотқа төзімді болаттан және түрлі сору тереңдіктегі алюминийден жасалған; баяу балқитын және бағалы металлдардың қатты қорытпаларынан және түрлі диаметрдегі және түрлі сору тереңдіктегі қорытпалардан жасалған 8-11 квалитеттер бойынша шектегі орташа күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды конфигурациясы бойынша сығатын токарлық станоктарда жасау. Қарапайым және бөлшектенетін патрондарды пайдаланып, аспапты қолмен бере отырып сығу станоктарында бұйымдардың сферикалық, коникалық және цилиндрлі бетін сығу. Станоктарды баптау.

Білуге тиіс: түрлі токарлық сығатын станоктардың құрылысы, жұмыс істеу қағидаты мен баптау ережесі, кеңінен таралған әмбебап және арнайы айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу және кесетін аспаптардың құрылысы, кесетін аспапты қайрау және орнату ережесі, сорған кездегі қара және түсті металлдың негізгі қасиеттері, патрондар жасауға арналған өңделетін металлдар мен ағаштың қасиеттері, кедір-бұдырлықтың шекі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

Жұмыс үлгілері.

1) Металл ойыншықтар – сығу;

2) Бос бұйымдар - ролик және белгілегіш арқылы бұрандаларды басу;

3) Қалпақтар мен қақпақтар – алдын ала басу, күйдіру, түпкілікті басу;

4) Үлкен көлемді шылапшындардың, шайғыштар, кастрюльдердің корпустары – басу;

5) Шасси бұрыштарының ағымшалары, сым шабақтарға арналған ағымшалар, алюминий штуцерлері, роликті қораптар, карбюратор сақиналары – терең сора отырып басу;

6) Белгі фонарьларының шағылдырғыштары – сығу;

7) Диаметрі 300 мм-ден асатын центрифугалы конусты бөлшектердің беттері – сығу;

8) Қаймақ құйғыштар, сүт құйғыштар, кофе қайнатқыш, уылдырық салғыш – мойындарын сығу, туралау және бұрау;

9) Пеш футлярлары – жартылай дөңгелек дөңестерін сығу;

10) Түрлі диаметрдегі шарлар – сығу.

293. Токарлық сығатын станоктардың токары 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі сору тереңдіктегі диаметрі 300 мм-ден 400 мм-ге дейінгі, диаметрінің жартысына дейін сору тереңдігі 400-ден асатын диаметрдегі дюралюминийден, латуньнен және аз қоспаланған болаттан жасалған, сору тереңдігі диаметрінің жартысынан асатын және түрлі диаметрдегі; түрлі сору тереңдігінің диаметрі 400 мм-ден асатын диаметрдегі тотқа төзімді болаттан жасалған; тотқа төзімді болаттан және түрлі сору тереңдіктегі алюминийден жасалған; баяу балқитын және бағалы металлдардың қатты қорытпаларынан және түрлі диаметрдегі және түрлі сору тереңдіктегі қорытпалардан жасалған 8-10 квалитеттер бойынша шектегі орташа күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды конфигурациясы бойынша сығатын токарлық станоктарда жасау. Бөлшектенетін патрондарды пайдаланып, күрделі контурларды сығу жөніндегі тәжірибелік және экспериментальды жұмыстарды орындау. Жаңа бұйым үлгілерін сығуға арналған күрделі ағаш патрондарды жасау. Түрлі материалдардан жасалған жұқа қабырғалы бөлшектерді қолмен сығу. Диаметрі 1200 мм-ге дейін бөлшектері мен бұйымдарды жартылай автоматты және автоматты станоктарда, бағдарламалық басқарылатын станоктарда жасау. Станоктарды баптау.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі токарлық сығатын және дөңгелетіп кеңейтетін станоктардың құрылысы, кинематикалық тәсімдері мен баптау ережесі мен олардың дәлдігін тексеру ережесі, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу және кесетін аспаптардың құрылысы, токарлық сығатын жұмыстарға арналған патрондардың құрылымы мен жасау тәсілдері, арнайы жиектер мен айлабұйымдарды бақылау ережесі, дайындамалар мен бөлшектерді орнату және тексеру тәсілдері, созғандағы металлдың негізгі қасиеттері, орындалатын жұмыстың шегінде металлды кесу теориясының негіздері, қарапайым және арнайы аспаптың термоөңдеу және жеткізу ережесі, металлды термиялық өңдеу түрлері мен қызметі, кедір-бұдырлықтың шекі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

Жұмыс үлгілері.

1) Конусты су құйғыштар, түбі жазық шыны аяқтар, айдайтын аппараттар мен олардың баяу балқитын және құнды металлдан жасалған жүйелері – күйдіре отырып сығу;

2) Дөңгелектерге арналған дискілер – сығу;

3) Қымбат бағалы және түсті металдан жасалған зергерлік әшекей бұйымдар – жасау;

4) Ішкі және сыртқы сфералық катодтар – сығу;

5) Саксафондар мен кларнеттердің қалпақтары – сығу жұмыстары, терең сору және қатайту;

6) Түпкі манжеттер – бортигін кесіп сығу;

7) Ернеушелер – сығу;

8) Арнайы кесетін ағыншалар – сығу;

9) Кіретін келте құбырлар – сығу;

10) Опа салғыштар, арақ және ликер құятын рюмкалар, вазалар және зергерлік бұйымдар – сығу;

11) Қоныштар, белгі беру аспаптары қонышының, құбырлардың, горндар, қалпақшалардың қақпақтары – терең сору, қатайту, тегістеу;

12) Қоректендіру қабырғаларының қаттылығы, саусақ тәрізді тигльдердің қақпақтары – сығу;

13) Рефлекторлар мен прожектор рамалары – сығу;

14) Диффузор тыстары – сығу;

15) Түрлі өлшемдегі және құрылымдағы самауырлар, шампан шараптарын салқындатуға арналған шелектер – сығу;

16) Оркестр тәрелкелері – сығу жұмыстары, қатайту, тегістеу;

17) Қымбат бағалы металлдар мен қорытпалардан жасалған тиглдар-күйдіріп сығу;

18) Екі жағы да ашық құбырлар – тереңдігі бойынша бұрандаларды сығу;

19) Шам түпшелері – бұранда жолағы бойынша сығу;

20) Гофрлы икемді шлангілер – бұранда жолағы бойынша сығу;

21) Шпангоуттар – сығу.

294. Токарлық сығатын станоктардың токары 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі сору тереңдіктегі дюралюминийден, латуньнен және аз қоспаланған болаттан жасалған, баяу балқитын және бағалы металлдардың қатты қорытпаларынан және түрлі диаметрдегі және түрлі сору тереңдіктегі қорытпалардан жасалған 5-8 квалитеттер бойынша шектегі орташа күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды конфигурациясы бойынша сығатын токарлық станоктарда жасау. Күрделі нысандағы бөлшектерді сығу және бөлшектерді ротациялық сору жөніндегі экспериментальды және тәжірибелік жұмыстарды орындау. Ротациялық сору кезінде өтпелерді өз бетінше есептеу. Терең соратын және дөңгелентудің кіші радиусты бөлшектерін сығуға арналған айлабұйым жасау. 1200 мм-ден асатын диаметрдегі жартылай автоматты және автоматты станоктарда, бағдарламалық басқарылатын станоктарда бөлшектер мен бұйымдар жасау.

Білуге тиіс: сығатын токарлық және дөңгелетіп кеңейтетін станоктардың кинематикалық тәсімдері мен баптау ережесі, өңдеудің технологиялық кезектілігін айқындау әдістері, бөлшектердің геометриясы мен ротациялық сору процесін өңдеу параметрлеріне әсері, пайдаланатын аспаптардың, айлабұйымдардың, жиектер мен басқа арнайы жарақтардың барлық түрлерін жасау және пайдалану әдістері, бағалы металлдар мен олардың қорытпаларымен жұмыс істеу ережесі, автоматикалық реттеу аспаптарын баптау ережесі.

Жұмыс үлгілері.

1) Ампулалар, колбалар- тығындарды мойнына қиыстырып және тегістеп сығу;

2) Катод ұстағыштар – токарлық өңдеп сығу;

3) Тұзақтар, анодтар – сығу;

4) Платина мен алтыннан жасалған микротиглдар мен олардың қақпақтары-сығу;

5) Айналма қабықшалары – жасау;

6) Валторналар, тубалар, саксафондар, тромбондар, жеке жоғары сапалы үрмелі музыкалық аспаптардың қоныштары мен буындары – сығу жұмыстары, акустикалық деректерін қатайтып, сақтап тегістеу;

7) Терең соратын және саусақ тәріздес тиглдар – термиялық өңдеп сығу;

8) Баяу балқитын және бағалы металдан жасалған сферикалық түпті шыны аяқтар – күйдіріп сығу.

Нақыштаушы


295. Нақыштаушы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдарды сынау үшін дайындық жұмыстарын орындау; бұйымды суға толтыру, тығындарға төсемдерді таңдау. Сынау кезінде тығындар үшін арасына салатын төсем жасау. Жоғарырақ білікті нақыштаушының басшылығымен тойтарманың сыртқы жіктері мен бастарын қолмен немесе пневматикалық балғамен нақыштау.

Білуге тиіс: пневматикалық балғалардың құрылысы туралы негізгі мәліметтер, өңделетін материалдардың атауы мен таңбалануы, кеңінен таратылған қарапайым айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану шарттары.

Жұмыс үлгілері

1) Тығындар – төсем таңдау;

2) Көлемді секциялар, цистерналар-суға толтыру, бор ерітіндісін дайындау және олардың жіктерін майлау; бұйымдарға нығыздалған ауа үрлеу.

296. Нақыштаушы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 300 кПа (3 атм) –ға дейінгі қысымда істейтін ыдыстар мен аппараттарда тойтармалардың сыртқы жіктері мен бастарын қолмен немесе пневматикалық балғамен нақыштау. Бұйымның жіктерінің тығыздығын сынау және нақыштауды сынау кезінде анықталған ақаулықтарды жою. Ажыратылған жаймалар мен бөлшектерді нақыштауда жіктерінің жиектерін кесу.

Білуге тиіс: пневматикалық балғаның құрылысы мен жұмыс істеу қағидаты, жиектерін нақыштауға және кесуге арналған кеңінен таратылған әмбебап айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану шарттары, нақыштау тәсілдері мен жолдары.

Жұмыс үлгілері.

1) Қалыңдығы 6 мм-ге дейінгі жаймадан жасалған сұйықтықты құюға арналған сыйымдылықтар – тойтармаларының жіктері мен бастарын нақыштау;

2) Бекітпелер – орнату;

3) Қазандықтар мен резервуарлар – тойтармалардың жіктері мен бастарын нақыштау;

4) Тойтарма бекіткіштер, құрылымдағы фланецтер – нақыштау;

5) Диаметрі 75 мм-ге дейінгі штуцерлер мен құбырлар – жиектеу және нақыштау.

297. Нақыштаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 300 кПа–дан (3 атм-нан асатын 8 атм-ға дейін) жоғары 800 кПа-ға дейінгі қысымда істейтін ыдыстар мен аппараттарда тойтармалардың сыртқы жіктері мен бастарын қолмен немесе пневматикалық балғамен нақыштау. Қол жетпейтін жерлерді нақыштауды орындау. Тойтарылған жаймалар мен бұйымдарды нақыштағанда жіктерінің жиектерін кесу. Нақыштауды сынау кезінде ақаулықтарды анықтау және жою. Аспаптар мен айлабұйымдарды баптау және реттеу. Цистерналарды, бөлікшелерді сумен 150 кПА –ға дейінгі (1,5 атм) қысымда және 30 кПА-ға дейінгі (0,3 атм) қысымдағы ауамен толтырып сынау.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі пневматикалық аппараттар мен балғаның құрылысы мен жұмыс істеу қағидатын, тойтарма болаттың механикалық қасиеттерін, пневматикалық аспаптың дұрыс жұмыс істеуіне арналған ауа желісіне берілетін қысымды, нақыштағаннан кейін жіктерді қабылдаудың техникалық шарттары, жіктерді сынау тәсілдері, әмбебап айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы.

Жұмыс үлгілері.

1) Қалыңдығы 6 мм-ден асатын жаймадан жасалған сұйықтықты құюға арналған сыйымдықтар – тойтармалардың жіктері мен бастарын нақыштау;

2) Сығымдалған ауамен сыналатын бірікпелердегі тойтармалар- нақыштау;

3) Көрінбейтін және жартылай көрінетін тойтарма шегелер – қысыммен бастарын нақыштау;

4) Иллюминаторлар, қақпақтар, қондырмалар – нақыштау;

5) Сыртқы және ішкі жіктерінің жиектері – нақыштау;

6) Сыртқы қаптама және палубасы бойынша жапсырма жаймалар-нақыштау;

7) Сыртқы және палубаның қабы – нақыштау;

8) Диаметрі 75-тен асатын 150 мм-ге дейінгі құбырларды нақыштау.

298. Нақыштаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 800 кПа–дан (8 атм-нан асатын 12 атм-ға дейін) жоғары 1200 кПа-ға дейінгі қысымда істейтін ыдыстар мен аппараттарда және корпустық құрылымдарда тойтармалардың барлық жіктері мен бастарын қолмен немесе пневматикалық балғамен нақыштау. Нақыштау сығымдағышында жазық және көлемді нақыштау. Бұйымдарды сынау және тапсыру анықталған нақыштардың ақаулықтарын сынау. Цистерналарды, бөлікшелерді сумен 150 кПА –ден жоғары (1,5 атм) қысымда және 30 кПА-ға дейінгі (0,3 атм) қысымдағы ауамен толтырып сынау.

Білуге тиіс: пневматикалық аппараттар мен нақыштайтын сығымдағыштардың құрылысы мен кинематикалық тәсімдері, бұйымдарды сынау тәсілдері мен жіктерді қабылдаудың техникалық шарттары, кемелердің бөліктерінің өткізгіштігіне қойылатын талаптар, алюминий қорытпаларды нақыштаудың техникалық шарттары, әмбебап айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, пневматикалық аспаптарды майлау жүйесі.

Жұмыс үлгілері.

1) Клинкетті есіктер - өткізгіштігін сынау;

2) Көрінетін және жартылай көрінетін тойтармалар, сыртқы және ішкі жіктерінің жиектері – нақыштау;

3) Гидротурбиналардың қалақтары – шаблонмен диаметральді белдік бойынша кесу;

4) Алюминий қорытпалардан жасалған цистерналар, резервуарлар мен бактар, отындық және майлайтын материалдар-нақыштау және герметикалығын сынау;

5) Жоғары қысымда істейтін жіктер – нақыштау;

6) Диаметрі 150 мм-ден асатын штуцерлер мен құбырлар – нақыштау және жиектеу.

299. Нақыштаушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 1,2 мПа–дан (12 атм) жоғары қысымда істейтін ыдыстар мен аппараттарда және кеме корпустарының бөліктерінде жіктерді қолмен немесе пневматикалық аппаратпен нақыштау. Жоғары қысымда істейтін бұйымдарды сынғаннан кейін нақыштаудың ақаулықтарын жою.

Білуге тиіс: пневматикалық аспаптар мен сығымдағыштардың құрылысы, биметалды және қоспаланған болатты нақыштаудың техникалық шарттары, түрлі тәсілдермен жіктер мен тойтармаларды аса тығыз нақыштау, нақыштауда қолданылатын аспаптардың барлық түрлері, өткізгіштігін сынағанда пайдаланылатын бақылау-өлшеу құралдардың құрылысы.

Жұмыс үлгілері.

1) Жайма металдан жасалған түрлі құрылымдар – жіктерді жиектері бойынша нақыштау;

2) Түп аралық бөліктер, шахталар, жималар – нақыштау және өткізгіштігін сынау.

Штампылаушы


300. Штампылаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі кескіндегі металдан және металл емес материалдардан жасалған қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді текстолит, фольга, слюда, гетинакс және басқа да бапталған эксцентрикті, фрикционды және қисық тиекті сығымдағыштарда 3 МН-ге (300 тс) дейінгі күшпен қарапайым және күрделі кесетін, соратын, иетін және қалыптайтын қалыптарды пайдалана отырып суықтай қалыптау. Қаңылтырдың, сіңдірілген матаның, фибра мен целлулоидтың қалдықтарынан жасалған бұйымдарды қалыптау. Түсті және бағалы металдар мен қорытпалардан жасалған құймаларды кесу. Жасалған бөлшектерді үлгі немесе шаблон бойынша тексеру. Сығымдағыш механизмдерін басқару және оны майлау. Қалыпты және ауыстыратын аспапты орнатуға қатысу. Жоғарырақ білікті штампылаушының басшылығымен бөлшектерді қуаттырақ сығымдағыштарда қалыптау.

Білуге тиіс: бір үлгілік сығымдағыштардың құрылысын, қалыптарды орнату және шешу жолдарын, орындалатын жұмыс шегінде қалыпталатын материалдардың негізгі механикалық қасиетін, бақылау-өлшеу аспаптардың қызметі мен пайдалану шарттарын, кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесін.

Жұмыс үлгілері.

1) Газ баллондарға арналған башмақтар – дайындамаларды кесу және таңбалау;

2) Бушондар – кесу және қалыптау;

3) Диаметрі 100 мм-ге дейін ұзындығы 1500 мм-ге дейін иінді және тарату біліктері – құйылманы кесу;

4) Гайкалар, бұрандамалар, тойтармалар, планкалар, төсемдер – кесу, қалыптау;

5) Жаймалы болаттан жасалған металл ыдыстың бөлшектері – қалыптау;

6) Жайма металдан жасалған жапсырмалы құлыптың бөлшектері – кесу, ию, қалыптау;

7) Радиоқұрам бөлшектері – төсемдер, шайбалар, планкалар, гайкалар, жапырақтары – қалыптау;

8) Дискілер – жолақтан кесу, паздар мен саңылауларды кесу;

9) Браслет доғалары – кесу;

10) Бұйымдардың ауыздары –түзету;

11) Жеребелер – кесу, ию;

12) Кабельді ілмелердің дайындамалары – бұрыштарын кесу;

13) Кесетін дайындамалар – кейіннен июге фигуралы бұрыштарды кесу;

14) Кабельді ілмелердің құлыптары – кесу, ию;

15) Көзсіз ине – ілмекті (тістерін) ию;

16) Қаптық инелер – қалыптау;

17) Металл ойыншықтар – бөлшектерін кесу, ию, қалыптау;

18) Гайка кілттер – кесу, ауыздарын қалыптау;

19) Желдеткіш иіндері – дайындамаларды кесу;

20) Корпусты сақиналар (жиектер), рычагтар, жүгіртпелері, шайбалар, төсемдер, платина және сағат көпіршелері дайындамалары – кесу;

21) Түрлі қалпақтар, қақпақтар, құбырлар – қалыптау;

22) Болат ыдыс корпустары – дайындамаларды кесу;

23) Желдеткіш айқаспалары – саңылауларды тесу;

24) Кронштейндер – ию;

25) Балық аулайтын ілмектер, кеңсе түйрегіштері – сақинаның радиусын ию;

26) Жеңіл автомобиль дөңгелектерінің жиектері – сығу;

27) Бензобак қоршаулары – қалыптау;

28) Ілмектер – дайындаманы кесу;

29) Сүзгіге арналған планкалар – қалыптау;

30) Планкалар, бұрыштықтар – саңылаулардың ою, тірек бойынша бөлшектерді орналастыра отырып бір пуансонды қалыптарда бұрыштарды кесу;

31) Ілмелер, қамыттар, қапсырмалар, планкалар - құрама қалыптарда қалыптау;

32) Кабель ілмелер – табаншаларды ию;

33) Газ плиталардың түптері және қалқаншалары – қалыптау;

34) Жолақтар – доғал саңылауларды тесу;

35) Желдеткіш құбырларына арналған резиналық төсемдер – бір уақытта саңылауларын тесіп контурын қалыптау;

36) Түрлі пластиналар мен төсемдер – қалыптау;

37) Рельс төсемдері – саңылауларын қалыптау (тесу);

38) Қысқаштарды, тістеуіктерді шыңдау – құйманы кесу;

39) Алюминийден және тотқа төзімді болаттан жасалған асханалық аспаптар – кесу, қалыптау;

40) Жіңішке және жалпақ сарапты рельстер – саңылау тесу;

41) Ыдыстың болат ұстағыштары – кесу, ию;

42) Газ баллон ұстағыштары – ию;

43) Электр машиналарына арналған статорлардың, роторлардың зәкірлердің сегменттері – қалыптау;

44) Ауа сүзгіш торлары – гофрлау;

45) Металл кесетін станоктардың қапсырмалары, дискілері, орамалдары, төсемдері – қалыптау, кесу, ию;

46) Аша түтікшелері – саңылау тесу;

47) Бұрыштықтар, құлақшалар - ию;

48) Зергерлік және гетинакс пен текстолиттен жасалған бұйымдардың шайбалары, сегменттері, төсемдері, жапсырмалары және басқа да бөлшектері – қатынастар, тесу, кесу;

49) Шарнирлер – кесу, ию.

301. Штампылаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі кескіндегі металдан жасалған күрделі бөлшектерді эксцентрикті, фрикционды және қисық тиекті сығымдағыштарда 3 МН-ге (300 тс) дейінгі күшпен күрделі құрама, кесетін, соратын, иетін, тазартатын және координатты қалыптарды пайдалана отырып суықтай қалыптау. Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді 3 МН-ден 10 МН-ге дейінгі (300 тс-дан асатын 1000 тс-ге дейін) күшпен суықтай қалыптау. Түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды қалыптау. Өлшеу аспабымен жасалған бөлшектерді тексеру. Жұмсартылған целлулоидтан, органикалық әйнектен, слюдадан, линолеумнен және поливинилхлоридті дайындамалардан жасалған бұйымдарды сығымдағыштар мен қалыптарда қалыптау немесе кесу. Қалыпты орнату, шешу және аспапты ауыстыру. Сығымдағыш механизмін басқару және өз бетінше реттеу.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі сығымдағыштардың құрылысы мен жұмыс істеу қағидатын, бұйымдардың маркасына және талап етілетін бетінің тазалығына байланысты қалыптау тәсілдерін, капсюль өндірісі метал таспалары мен кесілген бөлшектердің өлшемдерін, қалыптарды және пайдаланылатын аспапты орнату, шешу және бекіту тәсілдерін, саңылау тәріздес сүзгілерді жасауға техникалық шарттарын, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысын, кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесін.

Жұмыс үлгілері.

1) Дәнекер арқалықтар-3 МН-ге дейінгі (300 тс) күшпен гидросығымдағыштарда түзету;

2) Қабақ көтергіштер, тісі бар зондылар – қалыптау;

3) Анкер сағат ашалары – паздарды тесіп кесу;

4) Газ баллонның ернеулері – саңылау тесу;

5) Қорытпалардан жасалған бөлшектер мен қапсырмалар – алдын ала қыздырып ию;

6) Электр вакуумды аспаптардың бөлшектері: анодтар, катодтар, ұстағыштар, цилиндрлер – қалыптау;

7) Баллонның ауа түптері – созу және кесу;

8) Газ баллондарға арналған түптер – созу;

9) Қоспалайтын егеуге арналған дайындамалар – сығымдағышпен ию;

10) Дәнекер кассеталарға арналған құлыптар – ию;

11) Белгілер, жетондар – қалыптау;

12) Радиусты инелер – ию;

13) Капсюльді өндірісі бұйымдары (қалпақтар, шыны аяқтар)-саңылауларды кесу, қалыптау, тарту, дәнекерлеу және тесу;

14) Сағат қаптар – қалыптау;

15) Желдеткіш иіндері – тарту;

16) Баяу балқитын металдан жасалған контактілер – қалыптау;

17) Сепараторларға арналған конустар – тарту;

18) Конустар, қораптар, цилиндрлер – шаблон бойынша тексеріп ию;

19) Жапсырмалы құлыптың корпусы – тарту;

20) Газ плиталардың корпустары – саңылауларын тарту, кесу, жиектеу және планкаларын ию;

21) Жалғасу муфталарының корпустары – қалыптау;

22) Металл кесетін станоктарға арналған астаулар, қаптары, каркастар – қалыптау, ию;

23) Желдеткіш қиыспалары – қалақ тесу және ию;

24) Су қаптардың қақпақтары – тарту және қалыптау;

25) Мойындарының қақпақтары – сәуле бойынша саңылау тесу;

26) Қақпақтар мен есіктер – тарту және қалыптау;

27) Өшіргіш, қабылдау келте құбырларының жаймалары – перфосығымдағышта перфорациялау;

28) Ағынша жаймалары – сәуленің көмегімен өлшемі бойынша саңылауларын тесу;

29) Электр машиналарына арналған статор, ротор, зәкір жаймалары – қалыптау;

30) Табақтар – тарту;

31) Тіс техникалық балғалар – калибрлеу;

32) Монеталар – қалыптау;

33) Сағат көпірлері, платиналар – керндеу, координатты саңылауларды тазарту;

34) Сағат жиектеу – құйманы контур бойынша бір уақытта тазартып кесу;

35) Ауыр автомобиль дөңгелектерінің айналдыру – сығу;

36) Гетинакс және шыны текстолитті жұқа жаймада саңылаулар, паздар, терезелер – 0,5 т-ға дейін пневмосығымдағыштарда кесу және қалыптау;

37) Аша иіндері – қалыптау;

38) Кабельді ілмелер – таспаны жартылай автоматта бір уақытта саңылау және кесім төсеп кескіндеу, ию;

39) Қуыршақ шаналардың табандары, тірегі, арқасы – саңылау ию және тесу;

40) Түсті металл мен қорытпалардан жасалған ыдыс – терең тарту;

41) Тотқа төзімді болат пен түсті металдар мен қорытпалардан жасалған асханалық аспаптар – сурет салып қалыптау;

42) Қызыл мыс төсем – жолақтарды қалыптау және калибрлеу;

43) Кереует рамалары – бұрышта саңылау тесу;

44) Жалюзьді торлар – саңылауды ресімдеп тесікті қалыптау;

45) Торлар – көп пуансонды қалыпта саңылау тесу;

46) Жиһаз ұстағыштары – қалыптау;

47) Сағат рычагтары – штифтер тарту;

48) Қалдықсыз торшалар – қалыптау;

49) Элемент жүйесінің тіректері – айлабұйымдардағы тікбұрышты түтікшелерде паздарды тесу;

50) Өшіргіш сферасы – тарту;

51) Аша түтіктері – қалыптау;

52) Кереует бөлшектеріне арналған түтікшелер – қалыптау;

53) Бензобак құятын құбырлар – тесу және ию;

54) Жұдырықша валиктердің тірек фланецтері мен шайбалары – тесу;

55) Фланецтер – саңылауды бір уақытта тесіп контурын қалыптау;

56) Қамыттар – саңылау ию, тесу;

57) Шынжырлар – автоматта жасау;

58) Сағат циферблаттары – сандарды бедерлеу және отырғызу;

59) Гидрогенератор табар тіреу шайбалары – қалыптау;

60) Шайбалар, айылбастар мен басқа бөлшектер – құламалы құрылғыны кезеңімен баптап, таспаны автоматты түрде беретін сығымдағышта қалыптау;

61) Зергерлік бұйымдардың шинкалары мен галеркалары және басқа да бөлшектері – қалыптау, кесу.

302. Штампылаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі кескіндегі металдан жасалған күрделі бөлшектерді эксцентрикті, фрикционды және қисық тиекті сығымдағыштарда 3 МН-ден 10 МН-ге дейінгі (300 тс-ден 1000 тс-ге дейінгі) күшпен соратын, қалыптайтын, құрама, кесетін және компаунды қалыптарды пайдалана отырып суықтай қалыптау. Ірі қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді 1000 тс-дан жоғары күшпен суықтай қалыптау. Дайындамалар мен арнайы (магний, титан) қорытпалардың қыздырылған қалыптарда қалыптау, ию және тарту. Бөлшектерді роликті және валикті сығымдағыштарда, бұрандалы тегістеу және илемдеу машиналарымен жапсарлас көп шпиндельді сығымдағыш автоматтарда, және револьвер, ілмек, тістеуін және білікті қалыптарда суықтай қалыптау. Дорнмен тегістейтін тістеуікті гидравликалық сығымдағышта калибрлеу. Құнды металдар мен олардың қорытпаларынан жасалған күрделі конфигурациялы бөлшектерді автоматты жіберетін қалыпта суықтай қалыптау. Қалыптар мен аспаптарды теңшеу. Сығымдағыш механизмдерін басқару және оны өз бетінше реттеу.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі сығымдағыштардың құрылысы мен кинематикалық тәсімдерін, металды қалыптауда қолданылатын маркалар мен сұрыптар, ірі бөлшектерді қалыптау жолдары, арнайы, әмбебап және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесін.

Жұмыс үлгілері

1) Автомобиль бамперлері – қалыптау;

2) Бензин бактері – тарту және қалыптау;

3) Радиатор қаптамаларының қақпақтары – тарту;

4) Зергерлік бұйымдардың жұқа және кесілген бөлшектері - әшекейлеп қалыптау және тарту;

5) Щетка ұстағыш бөлшектері – қалыптау;

6) Тежеуіш дискілері – қалыптау;

7) Автомобиль қанаттары – тарту және қалыптау;

8) Жаймалар – автоматты түрде білік беретін станоктарда (Аида) (жұмыстан алдын станокты және жұмыс процесінде баптап) перфорациялау;

9) Электр машина полюстерінің жаймалары – қалыптау;

10) Лонжерондар – ию, тарту;

11) Ордендер, медальдар және омырау белгілері – қалыптау;

12) Жартылай бұрыштық вагон люктары мен тіректері – қалыптау;

13) Жолақтан тұратын бөлшектерді қалыптауға арналған құламалы құрылғы – орнату және баптау;

14) Жуатын ыдыстар – қалыптау, жиектеу;

15) Алдыңғы қалқандары мен панелі – қалыптау;

16) Аспаптарға арналған қалқандар – түрлі конфигурациялы саңылауларды белгісі бойынша кесу.

303. Штампылаушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ірі және күрделі бөлшектер мен бұйымдарды эксцентрикті, фрикционды және қисық тиекті сығымдағыштарда бір жақты және екі жақты істейтін 10 МН-ден жоғары (1000 тс) күшпен соратын, қалыптайтын, құрама, кесетін және компаунды бір уақытта кесуді және қалыптауды орындайтын қалыптарды пайдалана отырып суықтай қалыптау. Құнды металдар мен олардың қорытпаларынан жасалған күрделі конфигурациялы бөлшектерді көп позициялы қалыпта суықтай қалыптау.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі сығымдағыштардың құрылымы, қалыпқа арналған рұқсат шегі, қалыпталатын металлдардың механикалық қасиеті.

Жұмыс үлгілері

1) Цистерна түптері – қалыптау;

2) Сферикалық және коникалық қалпақтары бар құнды металдар мен қорытпалардан жасалған контактілер – қалыптау және тесу;

3) Ірі электр машинаға арналған желдеткіш қанаттары – қалыптау;

4) Автомобильдің төбелері - қалыптау;

5) Жартылай вагон люктерінің төбелері – саңылау тесіп қалыптау;

6) Автомобиль рамаларының лонжерондары, көлденең және күшейткіш бөлшектері – тесу және қалыптау;

7) Тұғыр панелі, арты, жаны – қалыптау;

8) Ротор және генератор жиектерінің сегменттері – қалыптау;

9) Турбогенераторлар мен гидрогенераторларға арналған статор сегменттері – қалыптау;

10) Жиектемелерін бекітуге арналған қаптар – қалыптау.

Қопару әдісімен штампылаушы


304. Қопару әдісімен штампылаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бос бөлшектерді қалыптау және тарту; үзілу шегінің мықтылығы 500 МПа-ға дейін (50 кгс/кв. мм) жайма материалдан жасалған тарту коэффициенті K < 1/4 (K = fd, бұл жерде f бүгілу көрсеткіші; d – бөлшек диаметрі) және қалыңдығы 4 мм –ге дейінгі қарапайым бөлшектердің саңылауларын жинақы энергожеткізгіш ретінде оқ-дәріні, газ тәріздес қопарғыш қоспаларды, бризантты қопарғыш заттарды қолданатын қопарғыш аппаратура құрылғыларында тарту, қалыптау, калибрлеу, тесу және жиектеу. Матрицаларды орнату, шешу, тазарту және майлау. Бөлшектерді орнату, бекіту, шешу.

Білуге тиіс: қопарғыш заттардың қасиеті, қопарғыш материалдарды ұстау ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану шарттары, қолданылатын жайма материалын термиялық өңдеу режимі, қолданылатын материалдың қасиеттері мен олардың бұзылу ерекшеліктері.

Жұмыс үлгілері

Саңылауларды созу, қалыптау, калибрлеу, тесу және жиектеу:

1) Қарапайым ернеушелер;

2) Ағыншалар, конустар, сфералар.


305. Қопару әдісімен штампылаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бос бөлшектерді қалыптау және созу; үзілу шегінің мықтылығы 500 МПа-дан жоғары (50 кгс/кв. мм) жайма материалдан жасалған тарту коэффициенті K < 1/2 және қалыңдығы 4 мм–ге дейінгі қарапайым бөлшектердің саңылауларын жинақы энергожеткізгіш ретінде оқ-дәріні, газ тәріздес қопарғыш қоспаларды, бризантты қопарғыш заттарды қолданатын қопарғыш аппаратура құрылғыларында тарту, қалыптау, калибрлеу, тесу және жиектеу. Матрицаларды орнату.

Білуге тиіс: қопарғыш аппаратураның, көтергіштердің, су және вакуум сорғылардың, қолданылатын конструкциялардың құрылысы және жұмыс істеу қағидаты, жайма металлдар мен қоспалардың түрлі маркаларын термиялық өңдеу режимдері, олардың қасиеттері мен бұзылу ерекшеліктері, матрицаларды баптау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Түптері – созу, қалыптау, калибрлеу, топтастырып тесу және саңылауларды жиектеу;

2) Жоғары төзімді материалдардан жасалған жабық пішіндегі ернеушелер – түтік дайындамалардан қалыптау және калибрлеу және саңылауларды топтастырып тесу;

3) Тегіс қалқалар – саңылауларды топтастырып тесу.


306. Қопару әдісімен штампылаушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғары төзімді жайма материалдар мен қоспалардан жасалған ұзындығы 2500 мм-ге дейінгі ірі көлемді бөлшектерді қалыптау. Орташа күрделіктегі бөлшектерді қалыптау, созу және калибрлеу. Түрлі периметрдегі терең қалыпталған бөлшектерді қалыптау; жайма материалындағы, оның ішінде қалыңдығы 4-тен 10 мм-ге дейінгі алюминий, титан қоспалардан, бөлшектерден және басқалардан олардың жасауда жоғары дәлдікті қамтамасыз ете отырып, саңылауларды тесу және жиектеу. Зарядты есептеу және дайындау және қопарғыш өндіру.

Білуге тиіс: қопару әдісімен қалыптау кезінде қолданылатын керек-жарақтар мен қопарғыш аппаратурасының негізгі құрылымдық ерекшеліктері, зарядтау шеберханаларындағы жұмыс ережесі, дайындамаларға әсер ететін сыртқы жүктемені айқындау ережесі, технологиялық параметрлерін есептеу, зарядтау пішіні және массасы, қопару ара қашықтығы және зарядтың сұйықтықтың бетінде еркін орналасу тереңдігі, газ қоспаның құрамы және оны детонациялауға қажетті шарттар, зарядтауға және қопару тізбегін дайындау ережесі, топтық зарядтар жасау және оларды қопару тәсілдері, қопарғыш заттарды сақтау ережесі мен оларды тасымалдау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Диффузорлар – қалыптау, созу және калибрлеу;

2) Цилиндр белдікті сферикалық, эллипс пішінді ірі көлемді түптер – қалыптау, созу және калибрлеу;

3) Ірі көлемді ернеушелер – қалыптау, созу және калибрлеу;

4) Қаттылық қабырғалары – қалыптау, созу және калибрлеу.

307. Қопару әдісімен штампылаушы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғары төзімді жайма материалдар мен қоспалардан жасалған ұзындығы 2500 мм-ден жоғары ірі көлемді бөлшектерді қалыптау. Топтастырып және пішінді зарядтауды пайдалана отырып бірнеше қопаруда күрделі конфигурациядағы бөлшектерді қалыптау, созу және калибрлеу. Белгілі бір учаскедегі құбырларды көлденең сақиналы ирек түрінде олардың қаттылығын сақтай отырып ұзындықтарын қысқару есебінен кеңейту. Рифталы және қабырғасы қатты панельдерді пішіндеу. Түрлі периметрдегі терең қалыпталған бөлшектерді қалыптау, жайма материалындағы, оның ішінде қалыңдығы 10 мм-ден жоғары алюминий және титан қорытпалардан, болаттан оларды жасағанда жоғары дәлдікті қамтамасыз ете отырып тесу және жиектеу.

Білуге тиіс: қопару әдісімен қалыптау кезінде пайдаланылатын керек-жарақтар мен құрылғылардың конструкциясы, топтық және пішінді зарядтарды жасау және оларды қопару тәсілдері, зарядтарды қайта қопару кезінде орнату ерекшеліктері.

Жұмыс үлгілері

1) Иректі ернеушелер - белгілі бір учаскедегі құбырларды ұзындықтарын қысқару есебінен кеңейту;

2) Жану камераларының қаптары –қалыптау, созу және калибрлеу;

3) Қозғалтқыш арнасы–қалыптау, созу және калибрлеу.


Құлап тұратын балғамен штампылаушы


308. Құлап тұратын балғамен штампылаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қалыптауға берілетін түрлі жайма материалдан: дюральді қорытпалар, бола, магний, титан және басқа да арнайы қорытпалардан жасалған құлап тұратын балғамен қарапайым бөлшектерді қалыптау, калибрлеу, ию, созу және түзету. Құлап тұратын балғаларға қалып орнату және оларды шешу; сақтандыру арқандарын бекіту. Пуансон беттерін қорғасынмен нивелирлеу. Құлап тұратын балғаларды реттеу. Пуансондарды тазарту. Қалыптарды тазарту және майлау.

Білуге тиіс: түр үлгідегі құлап тұратын балғалардың құрылысы мен жұмыс істеу қағидаты, бір соққылы қалыптау жолдары, қорғасын мырыш және аспапты қалыптардың құрылысы, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану шарттары, жайма материалын термиялық өңдеу режимі, арқан жинау тәсілдері, кедір-бұдырлықтың рұқсат шегі және отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

Жұмыс үлгілері

Қалыптау, калибрлеу, ию және түзету:

1) Шасси тіректерінің бекітпелері;

2) Ауа қораптарының люктері;

3) Су бактарының қаптамалары;

4) Шығару құбырларын қаптау;

5) Пилон қаптау;

6) Ағызатын бактарды жиектеу;

7) Ауа құбыржолдарының келте құбырлары;

8) Фюзелаждың ішкі жиынтық кескіндері.


309. Құлап тұратын балғамен штампылаушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыптауға суықтай және қыздырылған күйінде түсетін түрлі жайма материалдан жасалған құлап тұратын балғамен орташа күрделіктегі бөлшектерді қалыптау, калибрлеу, ию, созу және түзету. Дайындаманы оттекті ацетиленді пісіру (ОАП) жанарғысымен қыздыру; қорғасын бұлауда дайындаманы күйдіру. Материалдарды арнайы станоктарда отырғызу. Дірілді және роликті қайшымен құйманы кесу. Құлап тұратын балғаларды баптау.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі құлап тұратын балғалардың, отырғызу станоктарының, дірілді және роликті қайшылардың құрылысы, жұмыс істеу қағидаты мен баптау ережесі, қорғасын-мырыш және аспапты қалыптар мен оттекті-ацетиленді пісіру жанарғыларының құрылысы, жайма материалдарының механикалық қасиеті, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, дайындамаларды электр пештерде қыздыру тәсілдері мен жолдары, кедір-бұдырлықтың рұқсат шегі және отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

Жұмыс үлгілері

Қалыптау, калибрлеу, ию және түзету:

1) Люк бактарын;

2) Саңылау қанаттары тігістерін;

3) Орташа жармалы таспалар;

4) Шасси жармалары қаптамаларын;

5) Шамдардың қыздырма рамаларын;

6) Фюзеляждардың ішкі қаттылық қабырғалары;

7) Алдыңғы жармалардың тостағандары.

310. Құлап тұратын балғамен штампылаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыптауға суықтай және қыздырылған күйінде түсетін түрлі жайма материалдан жасалған құлап тұратын балғамен күрделі конфигурациялы бөлшектерді қалыптау, калибрлеу, ию, созу және түзету. Резина, фанер сақина төсемді материалды 0,5 мм-ге дейінгі дәлдікте отырғыза отырып ірі көлемді бөлшектерді қалыптау және созу. Шағын бөгетшелі, қисық сызықты қабырғалы, бір, екі жазықтықта тегіс немесе дөңгеленген дөңес бөлшектерді қалыптау. Отырғызу станоктарында материалды ажырататын және қағатын балғамен ажыратып және түзетіп, гофрды отырғыза отырып қалыптау. Түрлі периметрде терең қалыпталған бөлшектерді қалыптау. Матрицаларды қорғасынмен құйып қалыптарды орнату, шешу және нивелирлеу. Құлап тұратын балғаларды баптау.

Білуге тиіс: түрлі құлап тұратын және қағатын балғалардың, көп өтпелі қалыптардың, отырғызу станоктары және қыздырғыш аппаратурасының (электр пештер, электр плиталар) құрылысы, кинематикалық тәсімдері, баптау және басқару ережесі, бөлшектерді қыздыру кезінде термоқарындаштарды пайдалану ережесі, қағатын және ажырататын балға шаппаларының құрылысы және қызметі, түрлі жүйедегі құлап тұратын балғалармен және түрлі массадағы құлап тұратын балғалармен қалыптаудың күрделі жолдары, қалыптауға берілетін түрлі материалдардың механикалық қасиеті мен қыздыру режимдері, қалыпталатын бөлшектерді термиялық өңдеу, ұстап тұратын және көтергіш айлабұйымдар мен түрлі конструкциядағы (көп тұтқалы, құрамалы және т.б.) қалыптардың конструкциясы, кедір-бұдырлықтың рұқсат шегі және отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

Жұмыс үлгілері

Қалыптау және созу:

1) Жоғары қысымдағы қабырғалары қалың баллондар;

2) Фюзеляждың кіретін есіктері, багаж люктері;

3) Түрлі өлшемдегі қораптар мен қаптары;

4) Өтпелі радиустағы өлшемі 400х600 мм және одан да көп ағыншалар;

5) Мөлшері 500х800 мм және одан да көп түрлі бүктелу радиусындағы борттарының малкасы ауыспалы жиектемелер;

6) Үш жазықтықта бүктемесі бар мөлшері 500х600 мм-ден және одан да жоғары үлкен қисықты жартылай келте құбырлар;

7) Екі және үш жазықтықта бүктемесі бар ұзындығы 1000 мм-ден жоғары кескіндер мен бұрыштықтар;

8) Бір жақты және екі жақты қисық қаттылықтағы, үш және одан да көп қалыптамасы бар барлық өлшемдегі қабырғалар.


311. Құлап тұратын балғамен штампылаушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құлап тұратын балғамен суықтай және қыздырылған күйде күрделі, сондай-ақ тәжірибелік бөлшектерді қалыптау, калибрлеу, созу, ию және түзету. Қалыпталатын материалдардың маркасы мен қалыңдығын ескере отырып қыздыру температурасын қалыптау. Радиациялық қыздыруды пайдалана отырып титан қорытпалардан жасалған бөлшектерді қалыптау.

Білуге тиіс: құлап тұратын балғамен радиациялық қыздырылатын бөлшектерді қалыптау технологиясының ерекешеліктері, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы және пайдалану ерекшеліктері, қалыпталатын материалдардың механикалық және термиялық қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1) Колонкалары бар аспапты қорытпалардан жасалған бөлшектер – қалыптау;

2) Ерекше төзімді материалдардан жасалған аса күрделі конфигурациялы бөлшектер – түрлі контейнерлерде қалыптау.

Электр импульсті әдіспен штампылаушы


312. Электр импульсті әдіспен штампылаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жаймалық немесе үлгілік металдан жасалған жай бөлшектерді қалыптау, құбырларды кеңейту, жайма дайындамаларын тарту, саңылауларды кесу және тесу процесін электромагнитті және электрогидравликалық құрылғыларда басқару пультімен жүргізу. Бөлшектерді үлгі немесе шаблон бойынша тексеру. Бөлшектерді, индукторлар мен матрицаларды орнату және шешу. Қызмет көрсетілетін құрылғыларды баптау.

Білуге тиіс: бөлшектер мен қорғау құрылғыларын қалыптауға арналған электромагнитті және электрогидравликалық құрылымдардың жұмыс істеу қағидаты, қарапайым және орташа күрделіктегі бақылау-өлшеу аспаптар мен айлабұйымдардың қызметі және пайдалану шарттары, жоғары вольтті жабдыққа қызмет көрсету ережесі, гидравлика, механика, электротехника негіздері, кедір-бұдырлықтың рұқсат шегі және отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

Жұмыс үлгілері

1) Мембраналар, диафрагмалар - жаймалық дайындаманы тарту;

2) Келте құбырлар - кесу;

3) Құбырлар - кеңейту.

313. Электр импульсті әдіспен штампылаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі кескіндегі металдан жасалған орташа күрделіктегі бөлшектерді қалыптау, құбырларды кеңейту, саңылауларды кесу және тесу, су ортада қиын бұзылатын қорытпалардан жасалған цилиндрлі және коникалық нысандағы бөлшектерді тарту, нақыштау, сондай-ақ қалыптау процесін электромагнитті және электрогидравликалық құрылғыларда басқару пультімен жүргізу. Алынбайтын бірікпе алу мақсатында дайындаманы сығу. Қызмет көрсетілетін құрылғыларды баптау.

Білуге тиіс: бөлшектер мен қорғау құрылғыларын қалыптауға арналған электромагнитті және электрогидравликалық құрылымдардың құрылысы, қызмет көрсетілетін құрылғыларды баптау ережесі, индукторлар жұмысының принципі, процесті басқару пультінің құрылысы, орындалатын жұмыстың шеңберіндегі гидравлика, механика, электротехника негіздері, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының қызметі және пайдалану ережесі, электромагнитті қалыптау процесінің негізгі физикалық және электрлік параметрлері, қолданылатын материалдарды қалыптаудың технологиялық кезектілігі, өңделетін материалдардың механикалық қасиеті, кедір-бұдырлықтың рұқсат шегі және отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

Жұмыс үлгілері

1) Түптері, ағыншалары – тарту;

2) Металл ұштамалар – оқшаулағышты сығымдау;

3) Болат құбырлар – алтықырлы құралмен сығымдау;

4) Басқару жетегі – болат ұштамаларға қысу.

314. Электр импульсті әдіспен штампылаушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі кескіндегі металдан жасалған күрделі бөлшектерді өңдеу, кесу және тесу, тарту, нақыштау, құрастыру процесін электромагнитті және электрогидравликалық құрылғыларда басқару пультімен жүргізу. Ішкі бұрандадан құралған цилиндрлі бос бөлшектерді сығу. Біріктірілетін элементті сығымдау арқылы екі және одан да көп бөлшектерді біріктіру. Отырғызатын орындарды калибрлеу.

Білуге тиіс: электромагнитті және электрогидравликалық құрылғылардың құрылымдық ерекшеліктері мен оларды баптау ережесі, процесс параметрлерін болжамды есептеу әдісі, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылымы.

Жұмыс үлгілері

1) Жоғары төзімді материалдан жасалған жабық пішіндегі ернеушелер – қалыптау;

2) Металл құбырлар – ішкі бұранданы жасай отырып сығу.

«Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың қолданыстағы БТБА 2002 жылғы шығарылымының атаулары көрсетілген тізбесі БТБА-ның (2-шығарылым), 4 - бөлімінің 4-қосымшасында келтірілген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет