Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)



бет57/70
Дата09.06.2016
өлшемі4.34 Mb.
#124728
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   70

Жұмыс үлгілері

1) Аппараттардың микробюреткалары – белгілерді салу;

2) Эталондық аспаптар – жөндеуден кейін шәкілдерді градуирлеу;

3) Электронды реттеуіштер - градуирлеу;

4) Бұрыш өлшеуіштерге лимбаларды басуға арналған эталондық шыны – штрих салу;

5) Майдың тұрақтылығын анықтауға арналған аспаптардың шәкілдері - белгілерді салу;

6) Арнайы және масштабты сызғыштарға арналған эталондар - штрих салу.

724. Градуирлеуші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және эксперименталдық аспаптарды реттеу және градуирлеу; олардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Эталон жиілігіне барлық диапазондар бойынша сәйкес келетін нүктелердің нөлдік соғысы бойынша анықтау. Штрихтерді балауыз бен күміс жалатылған қабатқа, дәлме-дәл сызғыштар мен бұрыштық торларға, бөліністерінің саны 360, штрих қалыңдығы кемінде 0,005 мм және өлшемдерінің шектеуі 0,003 - 0,001 мм, бұрыш шәкілдерін бөлу бағасының дәлдігі 10 дейін кедір-бұдырлық өлшемі Ra 80- 0,16 шәкілдер мен лимбаларға әртүрлі күрделі бөлу машиналарында салу. Әртүрлі бұрышта түйісетін шәкілдерді 5 дейінгі дәлдікпен салу. Кедір-бұдырлық өлшемі Ra 80 жоғары жиілікті лимбаларға 2 дейінгі дәлдікпен бөліністерді салу. Күрделі автоматтар мен дәлме-дәл бөлу машиналарын, баптау. Кесетін қырының ені 0,003 мм кесу құралын қайрау және салу.

Білуге тиіс: кинематикалық және электр схемалары, әртүрлі үлгілі бөлу машиналары мен автоматтарының дәлдігін тексеру тәсілдері, ара қашықтықты есептеу үшін кесте құру, қол бөлу машиналарында жұмыс істеген кезде эталонды шәкілге қарап түзетуді есептеу, өлшеу нәтижесі бойынша шәкіл қателіктеріне кесте құру, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылымдық құрылысы, аса күрделі және эксперименталдық аспаптарды олардың сипаттамасын ала отырып, градуирлеуді реттеу тәсілдері.

Жұмыс үлгілері.

1) Өлшемі Ra 80 бөлу саны 360, 45 есе үлкейтілген бұрышпен градуирленген, қысым бағасының дәлдігі 10, штрихтарының ені 0,0035± 0,0005 мм, айнала штрихтерінің орталықтан ығысуға қойылатын шектеуі ± 0,05 мм, алдын ала балайыз жағылған және кейіннен өңделетін лимбалар;

2) Өлшемі Ra 80 бөлу саны 360, 75 есе үлкейтілген бұрышпен градуирленген, қысым бағасының дәлдігі 5, штрихтарының ені 0,003 және сандарының желісі 0,0005 мм, өлшемдерінің шектеуі ± 0,003 мм, алдын ала балауыз жағылған және кейіннен өңделетін лимбалар;

3) Күрделі, сынақ аспаптар – шәкілдерді градуирлеу;

4) Өлшемі Ra 80 шәкілдер-штрихтарының ені 0,002 мм және өлшемдерінің шектеуі 0,001 мм, алдын ала балауыз жағу және кейіннен өңдеу;

5) Өлшемі Ra 80, ұзындығы 200, 60 есе үлкейтілген бұрышпен градуирленген, штрихтарының ені 0,005 мм және сандарының желісі 0,0005 мм, өлшемдерінің шектеуі ± 0,001 мм шәкілдер.

Қаңылтыршы
725. Қаңылтыршы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым бұйымдарды қаңылтыр металдардан және нығыздалған бейіндерді сызбалар, шаблондар мен үлгілер бойынша жасау. Қаңылтыр металды тік сызықты қолмен кесу және барлық өлшемді фасонды дайындамаларды шаблондар мен белгілер бойынша кесу. Жабын және жұқа қаңылтыр болаттан жасалған қарапайым бөлшектерді жетекті станоктарда қисық сызықты кесу. Тік сызықты фалецтерді икемдеу. Шағын көлемді бөлшектер мен бұйымдарды және ірі бөлшектер мен бұйымдарды түзету. Қаңылтыр материалдар мен дайындамаларды күйдіру. Саңылауларды кондукторы мен белгілері бойынша бұрғылау. Бөлшектерді шабу, егеулеу және тазалау. Қарапайым бөлшектер мен бұйымдарды дәнекерлеу. Күрделі емес қаптамалар мен қорғаныш қоршауларды орнату және жабдықтау. Біліктілігі анағұрлым жоғары қаңылтыршының басшылығымен күрделі және аса күрделі қаңылтырлау жұмыстарын орындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жетекті станоктар мен қайшылардың жұмыс қағидаты, әмбебап және арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты және қолданылу ережесі, металл мен балқымаларды қисық сызықты және түзу сызықты кесу тәсілдері, қарапайым бөлшектер мен тораптарды жұмсақ және қатты дәнекермен дәнекерлеу тәсілдері, өңделетін металдар мен балқымалардың атауы, таңбалануы, қарапайым қаңылтырлау жұмыстарын орындау тәсілдері, таңбалаушы белгілер.

Жұмыс үлгілері

1) Ауызсуға арналған бактар – жасау;

2) Бұйымдарды орап салуға арналған банкалар – қаңылтырдан жасау;

3) Воронкалар, жәшіктер, легендер, моторлардың қоршауы – екі саусақ қаңылтыр болаттан дәнекерлеп және қалайылап жасау;

4) Қаңылтыр болаттан жасалған бөлшектер – бір және екі жазықтықта әртүрлі бұрыштарда белгілеу, бұрғылау, бекіту және ию машинасымен және қолмен ию; ролик қайшымен кесу;

5) Құю цехтарына арналған тіреушіктер – кесу, ию, бекіту, қалайылау;

6) Қаңылтыр материалдардан жасалған қарапайым дайындамалар – қол қайшымен кесу;

7) Қарапайым қаптамалар, фара астына қоятын қалпақтар – жасау және орнату;

8) Қарапайым қораптар – жасау;

9) Электродтарға арналған пенал – жасау;

10) Қаңылтыр болаттан жасалған ілмектер, тұтқалар – сызбалар мен эскиздер бойынша жасау;

11) Тік бұрышты, дөңгелеу және фигуралы төсемелер - сызбалар мен эскиздер бойынша кесу;

12) Рупорлар – жасау;

13) Жиектемесі бар локомотивтерге арналған сифондар – жасау;

14) Қаңылтыр болаттан жасалған цилиндр құбырлар – жасау және орнату;

15) Фланецтер – түзету;

16) Вагонның ішкі шамдары – дайын шаблондар бойынша жасау және дәнекерлеу;

17) Өлшеу жәшіктері, қоқыс науалары, ілмектер – жасау;

18) Тоңазытқыш шкафтардың жәшіктері – қаңылтыр материалмен қаптау.

726. Қаңылтыршы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құралдар мен пневматикалық құралдарды қолдана отырып, қаңылтыр металдардан күрделілігі орташа бұйымдарды жасау және жөндеу. Күрделілігі орташа бұйымдарды нығыздалған профильдерден жасау. Жиектерін жаншымамен, нығыздауышпен немесе қолмен майыстырып бүгу. Қаңылтыр металдан жасалған күрделі пішінді бұйымдарды шаблондар мен сызбалар бойынша бүгу және жиектеу; фасонды науалардың кесектері мен прокатын зиг – машинада жиектеу. Қаңылтыр болаттан жасалған цилиндр бөлшектерді жетекті біліктерде жаншу. Қаңылтыр болаттан жасалған бөлшектерді жетекті біліктерде дәнекерлеу. әртүрлі металдар мен балқымалардан жасалған бөлшектерді қалайымен, мыспен күміспен және т.б. дәнекерлеу. Күрделілігі орташа ұзындығы 1 м бетінде шекті саңылауы 1 мм дейін бұйымдар мен бөлшектерді ыстық және суық күйінде плитада түзету. Күрделілігі орташа қисық сызықты контурлы бөлшектер мен бұйымдарды барлық маркалы қаңылтыр металл мен балқымалардан кесу. Бөлшектерді сызғыш, бұрыштамаларды, циркуль, шаблон, шәкіл және басқа да қажетті бақылау-өлшеу құралдарын қолдана отырып белгілеу. Қарапайым шаблон жасау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін ию және жаныштау машиналары мен жетек қайшылардың құрылысы, қаңылтырлау жұмыстарында пайдаланылатын күрделілігі орташа құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы, күрделілігі орташа бөлшектерді, бұйымдар мен тораптарды әртүрлі металдармен дәнекерлеу тәсілдері, қаңылтыр және сортты болат, алюминий, магний және мыс балқымалардың негізгі қасиеттері, күйдірудің механикалық қасиеттеріне тигізетін әсері, күрделілігі орташа бөлшектер мен бұйымдарды белгілеу тәсілдері, қашаудың құрылымының ережесі, күрделілігі орташа бөлшектер біріктіру тәсілдері, геометрия негіздері.

Жұмыс үлгілері

1) Жолаушылар вагондарының суға арналған бактары - жасау;

2) Әртүрлі қалыпты баллондар - жасау;

3) Градир – машиналарға арналған брамзельдер - жасау;

4) Конус астаулар - жасау;

5) Шелектер, бидондар, сызғыштар, шәйнектер – түбі мен жоғарғы бөлігін дәнекерлеу арқылы жасау;

6) Иллюминатордың суағары - жасау;

7) Жүк автомобильдерінің капоты, кабинасы-жапырылған жерлерін түзету, бүлінген жерлерді кесу, жасау және құрақтарды пісіруге дайындау;

8) Жабдықтарға арналған қаптамалар, жарықтандыру желісінің арматуралар мен қалқандарына арналған күрделі емес жәшіктері, үштіктер - жасау;

9) Диаметрі 250 мм астам күрделі құбырлардың буындары (бір жазықтықта бестен астам және екі жазықтықта екіден астам буын) – шаблондар бойынша жасау;

10) Легендер - жасау;

11) Әртүрлі көлемді фигуралық май салғыштар - жасау;

12) май құбырлары – құбырларды қиыстыра отырып құрастыру және орнату;

13) машиналарды айналдыра көмкеру және қаптау – жекелеген учаскелерін ауыстыру үшін қаңылтыр материалды ашу;

14) Құбырлардың қисық сызықты учаскелерін қаптау- жасау және орнату;

15) Инжектордың, автотежегіштердің сіңдіргіш су қабылдағыш құбырлары ию және дәнекерлеу;

16) Мыс тордан жасалған сүзгілер - жасау;

17) Бұрыштамалар мен жолақтардан жасалған дөңгелек пішінді фланецтер жасау;

18) Сигналдық, паровоздардың, кемелердің шамдары – шаблон бойынша жасау;

19) Күрделілігі орташа шаблондар - жасау;

20) Жарықтандырғыш және түсірімдік аппаратураға арналған пердеше, жарық сүзгіштер мен прожекторларға арналған рамалар, төрт және бес қырлы конус фонарьлардың электр қалқандарына арналған қаптамалар - жасау.

727. Қаңылтыршы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қаңылтыр металл мен құбырлардан жасалатын күрделі бөлшектер мен бұйымдарды, тораптарды жасау, жөндеу және орнату. Қаңылтыр металдан жасалған күрделі және ірі бөлшектерді әртүрлі пішінді жаншымалар мен нығыздауыштарда ыстық және суық күйінде жаншу және нығыздау. Жиектерін жаныштамаларда немесе қолмен дәлме-дәл ию; үлкен қаңылтырларды, әртүрлі құбырлар мен бұйымдарды түзету. Күрделі бөлшектерді қатты созу арқылы жасау. Екі жазықтықта бүгілген күрделі қисық сызықты профильдерді жасау. Күрделі шаблондарды сызбалар мен бөлшектер бойынша жасау. Күрделі бұйымдарды белгілеу, күрделі тораптарды, бөлшектер мен бұйымдарды ашу. Қысыммен жұмыс істейтін күрделі бұйымдарды, бөлшектер мен тораптарды дәнекерлеу. Дәнекер жасау. Жаншымаларды түзету, ию және жаншудың әртүрлі түрлеріне баптау. Барлық жүйелердің нығыздауыштары мен нығыздауыш қайшыларын баптау.

Білуге тиіс: әртүрлі үлгілі жабдықтардың құрылысы, қызмет көрсетілетін жабдықты баптау ережесі, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу ережесі, әмбебап және арнайы құрылғылардың құрылысы, күрделі қашауларды ашу ережесі және құрылымы және оларды есептеу, көміртекті және қоспаланған болаттың, түсті металдар мен балқымалардың механикалық қасиеттері, күрделі бөлшектер мен тораптарды біріктіру және дәнекерлеу тәсілдері, әртүрлі дәнекерлердің мақсаты мен рецептурасы.

Жұмыс үлгілері

1) Әртүрлі жүйелердің сфера қалыпты бактары - жасау және қалайылау;

2) Ірі көлемді бөлшектер – қалыптау және термоөңдеуден кейін құм қалыптар мен кеспелтектер бойынша тегістеу және түзету;

3) Ірі көлемді қаңқалар, панельдер, жұқа бүрмелер - түзету және жетілдіру;

4) Құбырлардың фланец сақиналары – дәнекерлеу;

5) Автомобиль кузовы – күрделі пішінді жекелеген бөліктерін жасау және орнына қиыстырып келтіру;

6) Тұрақты және ауыспалы қималы, жетілдіру дәлдігі 3 мм дейінгі жиектер мен сақиналар, жарты сақиналар, белдіктер - жасау;

7) Жеңіл автомобильдер төбесінің еңісі – жапырылған жерлерді түзету;

8) Сфералық бет - жасау;

9) Ауыспалы қималы профильдер - жасау;

10) Қалың қабатты профильдер – аргонды доғал дәнекерлеу үшін кесектерді бөлшектеу және өңдеу;

11) Рефлекторлар, монтаждау және электр монтаждау үстелдерінің бөлшектері - жасау;

12) Тегістеп өңдейтін станоктарға арналған эксгаустерлер - жасау.

728. Қаңылтыршы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қаңылтыр металл мен құбырлардан жасалған, әртүрлі қималы және профильді бұрмалардың түйіскен жері көп күрделі бөлшектерді, бұйымдар мен тораптарды жасау, жөндеу, монтаждау және орнату. Кез келген қалыңдықты қаңылтыр металдан жасалған цилиндрлер мен конустарды ию. Үлкен көлемді сфералық және фигуралық бұйымдарды жасау. Жоғары қысым жағдайында жұмыс істейтін бұйымдарды дәнекерлеу. Жасалған бұйымдар мен бөлшектердің герметикалығы мен беріктігін сынау. Қаңылтыр металдан жасалған бұйымдарды жасау кезінде қолданылатын әртүрлі станоктарды, аппараттар мен бақылау аспаптарын баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктардың құрылысы мен дәлдігін тексеру ережесі, қаңылтырлау жұмыстарында қолданылатын құрылғылар мен шаблондардың құрылысы, әртүрлі металдарды барлық дәнекерлермен дәнекерлеу әдістері, әртүрлі қатты және жұмсақ дәнекерлерді, флюстер мен дәрілердің құрамы мен оларды дайындау және қолдану ережесі, геометриялық фигуралардың күрделі жазылуын есептеу және орналастыру ережесі, әртүрлі сынауларды (оның ішінде жоғары қысыммен, аса күрделі тораптар мен механизмдердің герметикалығы мен беріктігін) жүргізу ережесі, құрастыруға қойылатын техникалық шарттар.

Жұмыс үлгілері

1) Жеңіл автомобильдер кузовтарының түбі – алдына ала аша отырып, шаблон бойынша қолмен жасау;

2) Ұшақ қозғалтқыштарының капоттары – қағып шығару және қайта орнату арқылы жөндеу;

3) Прожекторлардың қаптамалары, жарықтандыру және проекциялық аппаратураны қаптау - жасау;

4) Жеңіл автомобильдердің қанаттары - жасау;

5) Ұшақ тораптарына арналған жөндеу жұмыстары - алюминий балқымалары мен болаттарын жасау;

6) Жеңіл автомобильдердің кузовтары мен қанаттарын қаптау - түзету;

7) Титан балқымалардан жасалған профильдер, қалқалар мен панельдер – түзету және жетілдіру;

8) Газ ағындары – күрделі жөндеу;

9) Ректификациялық аппараттарға арналған цилиндрлер (спирт тоңазытқыштар, спирт қыздырғыштар және т.б.) - жасау;

10) Қалқандар, сауыттар, дулыға және басқа да тарихи қорғаныш құралдары - тесу және жасау.

Қозғалтқыштарды сынаушы


729. Қозғалтқыштарды сынаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қуаты 73,6 кВт (100 л.с.) іштен жану қозғалтқыштарын сыртқы сипаттамаларын ала отырып сынау. Қозғалтқышты сынау стендіне орналастыру, монтаждау және бөлшектеу. Қозғалтқышты іске қосу және белгіленген жұмыс режимі бойынша қуаты мен жанармайдың жұмсалуын өлшей отырып сынау. Қозғалтқышты сынау кезінде пайда болатын ақаулықтарды біліктілігі анағұрлым жоғары қозғалтқыштарды сынаушының басшылығымен анықтау және жою. Сынау журналын жүргізу. Гидромеханикалық берілістерді жүктемесіз жүргізіп сынау.

Білуге тиіс: сыналатын іштен жану қозғалтқыштарының құрылысы, қозғалтқышты сынауға қойылатын техникалық шарттар, сынау стенділерінде орнатылған аспаптардың мақсаты мен қолданылуы, слесарлық өңдеу тәсілдері, майлар мен жанармайдың қолданылатын сорттары, олардың негізгі қасиеттері, қолданылатын металдар мен балқымалардың және металл емес материалдардың негізгі қасиеттері, қозғалтқыштарды сынау кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы және жұмыс қағидаты, сынау журналын жүргізу ережесі.

730. Қозғалтқыштарды сынаушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қуаты 73,6 кВт бастап 736 кВт дейін (100-1000 л.с.) іштен жану қозғалтқыштарын сыртқы сипаттамаларын ала отырып сынау. Әртүрлі маркалы және типті қозғалтқыштарды монтаждау және сынау стендіне орнату. Газ таратып бөлгішті, жанармайдың жіберілу бұрышы мен ауаны таратып бөлгішті орнату және реттеу. Күрделі сызбалар мен схемаларды оқу. Қозғалтқыштардың ақаулықтарын анықтау және жою. Гидромеханикалық берілістерді қысыммен жүргізіп сынау.

Білуге тиіс: стендте сыналатын қозғалтқыштардың құрылысы мен тораптары мен бөлшектерінің өзара іс-әрекеті, қозғалтқыштарды сынауға қойылатын техникалық шарттар, сынау стендінің барлық бөліктері мен аспаптарының мақсаты мен өзара іс-әрекеті, қолданылатын бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы.


731. Қозғалтқыштарды сынаушы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қуаты 736 кВт астам (1000 л.с.) іштен жану қозғалтқыштарын өнеркәсіптік өндіріс жағдайында және лабораториялық және эксперименталдық өндіріс жағдайында қуатын шектемей сынау. Қажетті өлшемдерді жасау. Өлшемдерін есептеу. Қозғалтқыштарды сынау кезінде анықталған ақаулықтарды жою. Гидромеханикалық берілістерді кешенді және эксперименталды сынау.

Білуге тиіс: қозғалтқыштарды сынаудың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары, қызмет көрсетілетін қозғалтқыштардың құрылымдық ерекшеліктері, қозғалтқыштарды бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу әдістері, өндірістік өлшемдердің негізінде қуат пен тартпа күшін, жанармай мен майдың жұмсалуын есептеу әдістері, су мен майдың жылу шығарудың әдістері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Герметикалығын сынаушы


732. Герметикалығын сынаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдардың герметикалығын сынауға дайындау; ішкі бетін кептіру, қабыршақтар мен жоңқалардан т.б. тазалау және сыйымдылығын өлшеу. Бұйымдарды сынау стенділеріне орнату және олардан алу. Бұйымдардың ақаулықтары мен герметикалығын анықтау үшін суы бар астауға салу. Ыдыстар мен арматураларды 5 МПа (50 кгс/кв.см) қысыммен гидравликалық сынау. Пневможүйелерді 0,4 МПа (4 кгс/кв.см) дейінгі қысыммен сынау. Ақаулы орындарды белгілеу.

Білуге тиіс: су өлшеуіш колонкалар мен қол сорғылардың пневматикалық құрылғыларының құрылысы мен жұмыс қағидаты, гидросынау және ауамен сынау кезінде шлангалар мен қол сорғыларды жалғау және ажырату ережесі, пісірілген жіктердің беріктігіне қойылатын техникалық шарттар.

Жұмыс үлгілері

1) Бактар мен цистерналар - сынау;

2) Вакуум - сүзгілер - гидросынау;

3) Ыдыстар – су ағынымен сынау;

4) Буландырғыштардың корпусы - гидросынау және ауамен сынау;

5) Кеме корпустық құрылымдары – сынауға дайындау;

6) Желге төзімді фонарьлар – бензинде сынау.

733. Герметикалығын сынаушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Пішіні, өлшемі мен салмағы әртүрлі құйма және дәнекерленген бөлшектер мен аппаратураларды белгіленген техникалық талаптар бойынша сынауға дайындау. 5 - 15 МПа ( 50 до 150 кгс/кв.см астам) гидравликалық қысыммен вакуумда 0,4 - 1,6 МПа (4 до 16 кгс/кв.см астам) пневматикалық қысыммен сынау. Аспаптарды аппаратураға орнату және аспаптарды бақылау. Аспаптардың сынау құралдарын баптау.

Білуге тиіс: гидравликалық нығыздауыштың, сорғының, орама құбырларды гидросынау жөніндегі станоктың, әртүрлі типті жабдықтардың, олардың құрылғыларының және сынау стенділерінің конструктивті құрылысы, сынау құрылғыларын баптау тәсілдері, сынау кезінде қолданылатын слесарлық-монтаждау құралының мақсаты, техникалық талаптарға сәйкес сынау және таңбалау ережесі, қысылған газ, су және басқа да сұйықтықтардың, сондай-ақ металдар мен балқымалардың негізгі қасиеттері, бақылау-өлшеу аспаптары мен таразылардың мақсаты және қолданылу ережесі, бұйымдардың ақаулықтарын анықтау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Теңестіру бактары – дәнекерлеу және фланецтік қосылыстардың тығыздығы мен беріктігін гидросынау;

2) Барлық өлшемді бұрандалар, ысырмалар, крандар мен клапандар - сынау;

3) Ыдыстар – тараларға салу және керосин ағынымен сынау;

4) Металл ұнтақтардан жасалған қаңылтырлар мен таспалар – герметикалығын сынау;

5) Тұғыр – жіктердің беріктігі мен тығыздығын сынау;

6) Қысым реттеуіштері - сынау клапандар мен жіктердің беріктігі мен тығыздығын сынау;

7) Рессиверлер - жіктердің беріктігі мен тығыздығын сынау;

8) компрессорлардың цилиндрлері, жинақтағы сорғылардың корпустары мен қақпақтары - герметикалығын сынау;

9) Металмен және дюрирлеп оралған шлангалар - сынау.


734. Герметикалығын сынаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жекелеген конструкцияларды, ыдыстар мен арматуралардың герметикалығын 15,0 - 30,0 МПа (150 - 300 кгс/кв.см) гидравликалық қысыммен, 1,6 - 4,0 МПа (16 - 40 кгс/кв.см) пневматикалық қысыммен сынау. Сынау кезінде анықталған қарапайым ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: конструкциялар мен арматураларды сынау ережесі және сынауға қойылатын техникалық талаптар, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен мақсаты, қоспаланған, тоттанбайтын болаттың, түсті және арнайы балқымалардың механикалық қасиеттері, сынау кезінде анықталған қарапайым ақаулықтарды жою әдістері.

Жұмыс үлгілері

1) Клинкет есіктер - өткізбеушілік қасиетін сынау;

2) Палубадағы сыртқы қаптама бойынша жапсырма қаңылтырлар – ақаулықтарын жою;

3) Кеме палубасы - сынау;

4) Орын жай – герметикалығын сынау;

5) Түйіндер мен тораптар – герметикалығын сынау;

6) Жалғамалар – сынаудан кейінгі ақаулықтарды жою;

7) Екінші түбінен жоғары орналасқан жанармай цистерналары – герметикалығын сынау.

735. Герметикалығын сынаушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жекелеген конструкциялар мен арматуралардың герметикалығын 30 МПа астам (300 кгс/кв.см) гидравликалық қысыммен, 4 МПа (40 кгс/кв.см) астам пневматикалық қысыммен сынау. Сынау кезінде анықталған күрделі ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: кеме конструкциялары мен арматураларды жоғары қысым жағдайында сынау ережесі және техникалық шарттары, сынау кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен конструктивтік ерекшеліктері, сынау кезінде анықталған күрделі ақаулықтарды жою әдістері.

Жұмыс үлгілері

1) Блоктар - док - камерада сынау;

2) Үлкен көлемді кеме конструкциялары - сынау;

3) Дудон аралық бөліктер, шахталар, түсетін жер - өткізбеушілік қасиетін сынау.

Бұйымдар мен құралдарды құрастырушы
736. Бұйымдар мен құралдарды құрастырушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сызбаларды, технологиялық құжаттаманы, машиналардың тораптарын, механизмдерді, аппараттарды, аспаптарды, тауарлық жиынтықтар мен құралдарды сызбалар, айырықшалықтар, каталог және макеттер бойынша жинақтау. Құрастырылатын бұйымға қажетті қосалқы бөлшектер мен құралдарды іріктеу және құрастыру. Құрастырылатын бұйымдарды бүлінуден сақтау. Бөлшектерді уақытша консервілеу. Анағұрлым күрделі тораптарды, бұйымдар мен технологиялық құжаттаманы біліктілігі анағұрлым жоғары құрастырушының басшылығымен құрастыру. Қабылдап-тапсыру құжаттамасын ресімдеу және құрастыру ведомостерін жасау.

Білуге тиіс: құрастыру бойынша нұсқаулық, құрастырылатын бұйымдардың номенклатурасы, тораптары мен бөлшектерінің өлшемдері мен мақсаты, сызбалар, сұлбалар, айырықшалықтар, ведомостер, прейскуранттар мен каталогтар бойынша құрастыру ережесі, материалдардың, бекітілген және қалыпталған бөлшектер мен тораптардың стандарттары, шартты белгілер мен құрастырылатын бөлшектердің, бұйымдар мен құралдардың саны жүйесі, құрастырылатын бұйымдарды, материалдар мен бөлшектерді қоймаға салу және бүлінуден сақтау тәсілдері, құрастырылатын бұйымдарды, материалдарды орап-түю және тасымалдау тәсілдері, қарапайым бөлшектер мен тораптарды консервілеу ережесі, құрастырып арту ведомостері мен айырықшалықтарын ұстау, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының қолданылу ережесі, құрастырылатын бөлшектердің жарамдылығын анықтау тәсілдері, бөлшектерді таңбалау және белгі салу бойынша нұсқаулық.

Жұмыс үлгілері

1) Агрегаттар тораптар – құрастыру (болттарды, гайкаларды, шайбаларды, жапсырмаларды, түйреуіштерді, қамыттарды іріктеу);

2) Қалыпталған, үнемі ауыстырылатын бөлшектер – ведомосі бойынша құрастыру;

3) Қалыптанған бекіткіш бөлшектер – құрастыру ведомосі бойынша іріктеу және қабылдау;

4) Рельстер мен бекітулер – құрастыру;

5) Кеме жүйелері мен күрделі емес құрылғылар – құрастыру;

6) Сырмалар, бульдозерлер, шығырлар – құрастыру (бөлшектерді жөндеу кезінде таңдау).

737. Бұйымдар мен құралдарды құрастырушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Машиналарды, механизмдерді, аппараттар мен аспаптарды сызбалар бойынша, бақылау-өлшеу құралдарын, аппараттар мен аспаптарын қолданып, сондай-ақ айырықшалықтар, ведомостер, каталог және прейскуранттар бойынша құрастыру. Жіберу үшін дайындалған құрастырылған торапта бөлшектердің толық жиынтығының болуын тексеру. Құрастыру үшін қажет бөлшектерді тораптарды, материалдар мен бұйымдарды алу және олардың қолданылуын бақылау. Күрделі бұйымдар мен машиналарға техникалық құжаттаманы құрастыру. Қабылдап-тапсыру құжаттамасын ресімдеу және бұйымдар мен тораптардың кестеге сәйкес өтуін есепке алу.

Білуге тиіс: күрделі бұйымдар мен техникалық құжаттаманы құрастыру ережесі, құрастырылатын материалдардың атауы мен қасиеттері, құрастырылатын өнімге тапсырыстардың тізбесі, құрастырылатын тораптарды, машиналарды, механизмдерді, аппараттар мен аспаптарды құрастыру жүйелілігі, құрастырылатын өнімді есепке алу, тасымалдау, орналастыру, сақтау, буып-түю және белгіленген құжаттаманы ресімдеу ережесі, құрастырылатын бұйымдар мен машиналарды өңдеу бойынша цехаралық және цех ішілік кооперация.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет