Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)



бет60/70
Дата09.06.2016
өлшемі4.34 Mb.
#124728
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   70

12) Жаудыру оқпанының тежегіштері - баптау және реттеу;

13) Жаудыру фермалары - баптау және реттеу.

764. Ауыл шаруашылық машиналары мен

тракторларды жөндеуші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ауыл шаруашылық машиналардың, тракторлар мен комбайндардың күрделі тораптары мен агрегаттарын баптау, тексеру және реттеу. Тартпа сыныбы 3 бастап 4 дейінгі тракторларға және комбайндарға техникалық қызмет көрсетудің стационарлық және көшпелі құралдарының көмегімен техникалық қызмет көрсету операцияларының барлық түрін орындау. Ауыл шаруашылық машиналардың, тракторлар мен комбайндардың қарапайым және күрделілігі орташа механизмдері мен тораптарын диагностикалау. Ауыл шаруашылық машиналарды, тракторлар мен комбайндарға жоспарлы техникалық қызмет көрсету операцияларын орындау жүйелілігінің тиімділігін айқындау және олардың орындалу сапасын бақылау.

Білуге тиіс: ауыл шаруашылық машиналарының, тракторлар мен комбайндардың барлық маркалары мен типтерінің құрылысы, тораптар мен механизмдерді баптау және реттеудің техникалық шарттары мен ережесі, машиналар мен тракторларды сынау әдістемесі мен режимі, баптау және сынау кезінде ақаулықтарды жою тәсілдері, жанасқан бөлшектердің тозу себептері, оларды анықтау және жою тәсілдері, жоспарлы қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеудің технологиялық процессі, қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының конструктивтік ерекшеліктері, ауыл шаруашылық машиналарын жөндеу жөніндегі 4-разрядты слесарьдің жұмыс көлеміндегі слесарлық іс.

Жұмыс үлгілері

1) Қуатты таңдау біліктері – бақылау, баптау және реттеу;

2) От алдыру білтесінің электродтары арасындағы саңылау – бақылау және реттеу;

3) Автоматты қорғау - бақылау, баптау және реттеу;

4) Негізгі қозғалтқыштың, беріліс қорабының, түпкі берілістің артқы мосттың картері – тексеру;

5) Рульдің доңғалақтар – еркін жүруін тексеру және реттеу;

6) Консольдер мен фермалар – көтеру жылдамдығын реттеу;

7) Магнетоны үзу контактілері - бақылау, баптау және реттеу;

8) Жаудыру машиналары және сорғы станциялары – агрегаттардың өзара остілігін бақылау және реттеу;

9) Бидай тазалау, сүрлем жинау, тыңайтқыштарды себу, шөп пен сабанды таңдау және нығыздау машиналары - бақылау, баптау және реттеу;

10) Егін ору машинасының мотовиласы - бақылау, баптау және реттеу;

11) Негізгі дизель мен іске қосу қозғалтқыштарының ілінісу муфталары -бақылау, баптау және реттеу;

12) Саптама – судың біркелкі шашырауын реттеу;

13) Су сорғылары - бақылау, баптау және реттеу;

14) Егін ору машинасы шалғысы сегменттері мен қысқаштарының саусақшалары - бақылау, баптау және реттеу;

15) Негізгі берілістің подшипниктері - бақылау, баптау және реттеу;

16) Тракторлар мен машиналардың гидравликалық жүйесі - бақылау, баптау және реттеу;

17) Тежегіш пен рульдік басқару - бақылау, баптау және реттеу;

18) Форсункалар - бақылау, баптау және реттеу.

765. Ауыл шаруашылық машиналары мен

тракторларды жөндеуші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ауыл шаруашылық машиналардың, тракторлардың, энергиямен жабдықталғандарын қоса алғанда және комбайндардың тораптары мен агрегаттарын баптау, тексеру және реттеу және оларды қалпына келтіру. . Тартпа сыныбы 4 астам тракторларға және комбайндарға техникалық қызмет көрсетудің стационарлық және көшпелі құралдарының және көшпелі диагностикалық жиынтықтың көмегімен техникалық қызмет көрсету операцияларының барлық түрін орындау. Ауыл шаруашылық машиналардың, тракторлар мен комбайндардың күрделі механизмдері мен тораптарын диагностикалау. Техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және машиналар мен тракторларды қысқы сақтауға қою, жедел жоспарлау және олардың қызмет көрсетуге уақтылы қойылуын және техникалық қызмет көрсетудің сапалы жүргізілуін бақылау. Ауыл шаруашылық машиналарға, тракторлар мен комбайндарға оларды жүруге дайындау кезінде және пайдалануды аяқтағаннан кейін де техникалық қызмет көрсету.

Білуге тиіс: тракторлардың, ауыл шаруашылық комбайндардың, технологиялық және диагностикалық жабдықтардың құрылымдық ерекшеліктері, кинематикалық және электр схемалары, машиналардың техникалық жай-күйін бағалау әдістері, тозығы жеткен бөлшектерді толық қалпына келтіру және нығыз ету тәсілдері, ауыл шаруашылық машиналарын жөндеу жөніндегі 5-разрядты слесарьдің жұмыс көлеміндегі слесарлық іс, машиналарды техникалық қызмет көрсетуге қоюды жоспарлау әдістері, экономика және өндірісті ұйымдастыру негіздері.

Жұмыс үлгілері

1) Кардан біліктері – бақылау және реттеу;

2) Бұлғақ және түпкі мойынтіректер мен поршеньді сақиналардың мойынтіректері - бақылау және реттеу;

3) Іске қосу қозғалтқыштарының карбюраторы, тракторлар мен комбайндардың гидравликалық жүйесі - бақылау, баптау және реттеу;

4) Қозғалтқыштардың клапандық механизмдері - бақылау және реттеу;

5) Қоректендіру, салқындату, майлау, рульдік басқару, күш берілісі электр жабдықтары жүйесі, ауыл шаруашылық тракторлар мен комбайндардың бақылау-өлшеу аспаптары - бақылау, баптау және реттеу;

6) Жанармай сорғылары - бақылау, баптау және реттеу;

7) Турбокомпрессорлар - бақылау, баптау және реттеу.

Дәнекерлеуші
766. Дәнекерлеуші 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жиегін тазалау. Дәнекерлеуден кейін сумен шаю және жіктерін тазалау. Дәнекерлеуіштер мен дәнекерлерді, жабдықтарды жұмысқа дайындау және дәнекерлеу кезіндегі басқа да дайындық жұмыстарын орындау. Қыздыру аспаптарын тазалау, толтыру және реттеу.

Білуге тиіс: дәнекерлеу құралы мен жабдықтарының құрылысы және оларды пайдалану ережесі, қыздыру құрылғыларын пайдалану ережесі.

767. Дәнекерлеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 10 кг/кв. мм дейін созылған кезде жіктердің беріктігін қамтамасыз ету үшін қара және түсті металдан жасалған күрделілігі орташа тораптарды, бөлшектер мен бұйымдарды және балқымаларды баяу балқитын және тез балқығыш дәнекерлермен металл қалыңдығы 1 мм астам болған кезде және жіктерінің ұзындығы әртүрлі болған жағдайда, көріктерде, газ шілтерде және бензин шамдарда қыздыра отырып дәнекерлеу. Дәнекерлерді, қышқылдар мен астауларды қалайылау үшін дайындау. Жіктерді сынаудан кейін немесе жөндеу кезінде дәнекерін ашу. Шыбықтарды, таспалар мен жолақтарды дәнекерлеу. Жіктерді дәнекерлеу үшін және дәнекерлеу алдында бұйымдарды өңдеу.

Білуге тиіс: әртүрлі беттер мен жіктерді дәнекерлеу үшін дайындау тәсілдері, дәнекерлеу жұмыстарын орындаудың жүйелілігі, әртүрлі металдар мен олардың балқымаларын балқыту температурасы, дәнекерлердің негізгі қасиеттері мен дайындау тәртібі, бұйымдарды көріктерде, газ шілтерде және бензин шамдарда қыздыру ережесі, дәнекерлеуде қолданылатын құрылғылар, оларды қолдану ережесі, қышқылдар мен сілтілерді пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері

1) Әртүрлі арматура – дәнекерлеу;

2) Дыбыс теңгерімі – төменгі регистрдің дыбыс тілінің ұшына дәнекерлеу;

3) Бидондар, шелектер, воронкалар, май сауыттар, ас ішетін ыдыстар - дәнекерлеу;

4) Латунь, мыс, алюминийден жасалған бұйымдар - дәнекерлеу;

5) Әмбебап май сауыттар - дәнекерлеу;

6) Коллекторлардың айдары және қуаты 100 кВт машинаның зәкірін орау - қалайы дәнекермен дәнекерлеу;

7) Май сүзгі корпусының торы - дәнекерлеу;

8) Ас құятын металл термос – корпусы мен түбінің жіктерін дәнекерлеу;

9) Май бұратын түтіктер - дәнекерлеу;

10) Әртүрлі құлақтар мен тұтқалар - бұйымдарға дәнекерлеу;

11) Майды тазалауға арналған сүзгі және май сорғының штуцері - дәнекерлеу;

12) Белгілер мен қалыптардың штифттері - дәнекерлеу.

768. Дәнекерлеуші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі металдар мен балқымаларды жасалған, жік-жігімен немесе бірінің үстіне бірі құрастырылған бөлшектер мен бұйымдарды қалайы, мыс, күміс және басқа да дәнекерлермен металл қалыңдығы 1 мм болған кезде және жіктерінің ұзындығы кез келген болған жағдайда дәнекерлеу. Пішіні бойынша күрделі, жігінің беріктігі керілген кезде 10-20 кг/кв. мм бөлшектерді, тораптар мен бұйымдарды дәнекерлеу. Қолжетімділігі қиын жерлерінің схемалары күрделі аппаратуралар мен аспаптарды, сондай-ақ әртүрлі бұйымдарды барлық қолданылуы мүмкін дәнекерлермен дәнекерлеу. Барлық дәнекерлерге арналған құрамдарды дайындау. Дәнекерлеу жұмыстарына арналған аппаратураны баптау. Дәнекер сапасын тексеру. Біліктілігі анағұрлым жоғары дәнекерлеушінің басшылығымен бөлшектерді жоғары жиілікті тоқпен, электр доғамен және газ шілтермен қыздыру кезінде пеште дәнекерлеу.

Білуге тиіс: дәнекерлеу процессінің негіздері және дәнекерлеуден кейін бөлшектерге, тораптарға, бұйымдарға қойылатын талаптар, дәнекерлеуіштердің және бөлшектерді индукциялық немесе контактілі қыздыруға арналған құрылғылардың құрылысы, дәнекерлеу үшін бұйымдарды қыздыру температурасын айқындау тәсілдері, дәнекерлеуді бақылау үшін қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылысы мен жұмыс қағидаты, температураның металдар мен балқымалардың құрылысына тигізетін әсері және олардың металл қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1) Әртүрлі аппаратура - дәнекерлеу;

2) Түтіктің дыбыс машиналарының, альттің, тенор мен баритонның тораптары мен бөлшектері - дәнекерлеу;

3) Иректемелер - дәнекерлеу;

4) Айқастырмалар, буындар, түтіктерді қосу үштіктері - дәнекерлеу;

5) Құрсау – құрастыру және дәнекерлеу;

6) Коллекторлардың айдары және қуаты 100 кВт машинаның зәкірін орау - қалайы дәнекермен дәнекерлеу

7) Турбиналардың статорлары мен роторларын байланыстырушы сым – күміспен дәнекерлеу;

8) Алмас сегменттер және басқалар - дәнекерлеу;

9) Май, су және ауа құбырларының бұрма үштіктері – мыс дәнекермен дәнекерлеу;

10) "Дно часового корпуса" торабы- дәнекерлеу;

11) Шайнектер, кофе қайнатқыштар, сүт құйғыштар – түбі мен аузын дәнекерлеу.

769. Дәнекерлеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ыстыққа төзімді балқымалар мен тоттанбайтын болатты баяу балқитын және беріктігі жоғары дәнекерлермен жіктері 20 кг/кв. мм астам керілген кезде,қалпына келтіруші атмосфералы электр пештерінде қыздырған кезде және нақты реттелетін температурамен берік болатындай дәнекерлеу. Алмас сегменттерді және қайрақтарды ТВЧ құрылғысында дөңгелектер мен штрипстердің корпусына дәнекерлеу. Бөлшектерді жоғары жиілікті тоқпен, электр доғамен және газ шілтерде қыздыру кезінде пеште дәнекерлеу. Тұзды астауда дәнекерлеу. Жоғары қысыммен жұмыс істейтін аппараттардың күрделі жіктерін дәнекерлеу. Құбырлардың қолжетімділігі қиын жерлерін дәнекерлеу. Феррит бұйымдары ультрадыбыстық құрылғыларда дәнекерлеу. Кварц шамды, электронды-сәулелік және лазерлік құрылғыларда энергияның байытылған көздерімен дәнекерлеу. Балқытылған дәнекерге батыру арқылы және дәнекер толқынымен дәнекерлеу.

Білуге тиіс: әртүрлі әдістермен қатты дәнекерлермен электр пештерде және тұзды астауларда дәнекерлеу процессі, дәнекерлеу кезінде қолданылатын әртүрлі жабдықтардың, құрылғылар мен құралдардың құрылысы, дәнекерлерді дайындау тәртібі және қолдану ережесі, дәнекердің керу мен кесуге беріктігін анықтау ережесі, пленканың тотығын алып тастау тәсілдері, бөлшектер мен бұйымдарды дәнекерлеудің техникалық шарттары және жиектерінің қосылыстары арасындағы саңылаудың көлемі.

Жұмыс үлгілері

1) Сутегімен салқындатылатын ірі машиналар мен турбо- және гидрогенераторлардың ауа және газ салқындатқыштары – құбырларды салқындатумен дәнекерлеу;

2) Алтын сағат корпустарының бөлшектері – дәнекерлеуге дайындау;

3) Алюминийден жасалған радиоаппаратураның корпустық бөлшектері – тұзды астауларда дәнекерлеу;

4) Көп кіретін иректемелер - дәнекерлеу;

5) Буындар, құбырдың, альттің, тенор мен баритонның және т.б. келтеқұбырлары – баяу балқитын дәнекермен дәнекерлеу;

6) Кеспелі сегментті алмас дөңгелектер – сегменттерді дәнекерлеу;

7) Автомобильдердің кузовтары - әртүрлі дәнекерлермен және синтетикалық ұнтақпен балқыту;

8) Ротор турбиналардағы және турбиналардың жұмыс дөңгелектеріндегі күректер - дәнекерлеу;

9) Схемасы күрделі өлшеу аспаптары – қолжетімділігі қиын жерлерін дәнекерлеу;

10) Сумен салқындатылатын радиаторлар - дәнекерлеу;

11) Құбырлар – пеште дәнекерлеу;

12) Алмас штрипстер - қайрақтарды дәнекерлеу.

770. Дәнекерлеуші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Алтын сағаттың корпусының бөлшектерін құндақ пештерде, сутегінің қорғаныш атмосферасында дәнекерлеу және қалпына келтіру. Құлақшаларды сутегі шілтермен сағат корпусының алмас кесіктердің өңдеуінен өткен жиектері мен сақиналарына дәнекерлеу. Қышқылмен және сілтімен өңдеу, флюстерді, ағарту және сілтілік ерітінділерді, мөлшерленген дәнекерді дайындау. Дәнекерлеу құрылғыларын түзету және жасау. дәнекерлеу шеберханасы мен сутегі станциясының жабдықтарын бақылау.

Білуге тиіс: термореттеу аспаптары мен қыздыру пештерінің құрылысы мен жұмыс қағидаты, алтын балқымалар мен палладийді, дәнекерлер мен флюстерді балқыту температурасы, бағалы металдар мен паладий балқымасының, сутегі, флюстер, дәнекерлер, ағартқыш, сілті ерітінділер мен жарықтандырғыш газдың қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

Дәнекерлеу:

1) Алтын сағаттың корпусы;

2) Ордендер.

Винипласт бойынша дәнекерлеуші
771. Винипласт бойынша дәнекерлеуші 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Винипласт қаңылтырларын таңбалау бойынша жазу. Бетті қышқылға төзімді қабатты қаптау үшін дайындау. Полимерлеу камераларына қызмет көрсету және біліктілігі анағұрлым жоғары винипласт бойынша дәнекерлеушінің басшылығымен бөлшектерді құрастыру.

Білуге тиіс: ию станогының құрылысы және онда жұмыс істеудің қағидаттары, қызмет көрсетілетін учаскедегі полимерлеу камерасының құрылысы, бетті қышқылға төзімді қабатты қаптау үшін дайындау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Винипласт бөлшектер – белгіленуі бойынша кесу;

2) Кружкалар - жасау.

772. Винипласт бойынша дәнекерлеуші 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Винипласттан қарапайым бөлшектер мен бұйымдарды жасау. Беті конус тәрізді және қисық сызықты бөлшектер мен бұйымдарға арналған сызбалар бойынша винипласт қаңылтырларды ашу. Винипласт қаңылтырларды ашу үшін белгілеу. Ию станогында шаблон бойынша ию. Қарапайым бұйымдарды фаолиттен (құбырлардан, пластиналардан) жасау. Нығыздауыш ұнтақты мөлшерлеу, нығыздауыш қалыптарды толтыру және полимерлеу. Винипласт қаңылтырлар мен бұйымдарды пісіру. Антикоррозиялық жақпаларды белгіленген рецептура бойынша дайындау.

Білуге тиіс: пісіру шілтерлері, термостаттар, нығыздауыштар, полимерлеу камераларының құрылысы, полимерлеу процессі, пісіру және нығыздау ережесі, геометриялық фигуралар құрылымының негізгі ережелері, қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1) Бидондар - жасау;

2) Астаулар, қаптамалар - жасау;

3) Беті тікбұрышты бөлшектер мен бұйымдар – жұмыс үстелінде пісіру;

4) Жиектері – бөлшектеу, қиыстыру және пісіру үшін дайындау;

5) Қаптауға арналған қаңылтырлар – ішкі тік бұрышты беті бойынша қиыстырып келтіру;

6) Тік қаңылтырлар - алдын ала қыздыра отырып, гильотинада кесу.

773. Винипласт бойынша дәнекерлеуші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Винипласттан күрделілігі орташа бөлшектер мен бұйымдарды жасау, жөндеу, дәнекерлеу және пісіру. Винипласт қаңылтырларды ашуға арналған шаблон жасау. Нығыздау. Кесте бойынша полимерлеудің ұзақтығын айқындау. Винипласттың бетін фольгамен және пластикпен қаптау. Винипластты қолмен пластикатпен және станокта пісіру. Винипласт құбырларды пісіру және оларды қысыммен сынау.

Білуге тиіс: төмендетуші трансформатордың, ауаны қыздыруға арналған шілтердің және винипластты өңдеуге және пісіруге арналған басқа да аспаптар мен станоктардың құрылысы, пісіру режимі мен тәсілдері, винипластан жасалатын бұйымдарға қойылатын техникалық шарттар, поливинилхлоридтер мен фенопласттардың физикалық және химиялық қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1) Болттар, қанаттар – шыны пластик жабыстыру;

2) Винипласт астаулар – жөндеу;

3) Винипласт бөлшектер - электр пештерде қыздыра отырып қалыптау;

4) Металл бұйымдар – тұрған орнында ию, қиыстырып келтіру және пісіру арқылы винипласт қаңылтырмен қаптау;

5) Тұнбалар, сүзгілер мен винипласттан жасалған себеттер - жасау және пісіру;

6) Винипласт құбырлар – ию.

774. Винипласт бойынша дәнекерлеуші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Винипласт, фторопласт, полиэтиленнен жасалған күрделі бұйымдарды жасау және жөндеу. Күрделілігі орташа аппаратураны, механизмдер мен агрессивті ортада жұмыс істейтін құрылғыларды винипласт, фторопласт, полиэтиленмен қаптау. Антикоррозиялық қаптамасы бар аппараттар мен механизмдерді бөлшектеу, жөндеу және монтаждау. күрделі шаблондарды жасау.

Білуге тиіс: винипласт пен пластикатты пісіру режимі, иектерді бөлшектеу формасы, жиектердің пісірілген жиектерге тигізетін әсері, күрделі қисықтарға арналған шаблондарды жасау тәсілдері, антикоррозиялық материалдардың мақсаты және физикалық механикалық қасиеттері, аппаратура мен механизмдерді винипласт, фторопласт және т.б. қаптау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Аппараттар, желдеткіштер, сорғылар мен центрифугалар –бетін винипласт, фторопласт, полиэтиленмен қаптау;

2) Дөңгелек және тік бұрышты қималы ауа үрлегіштер - винипласттан жасау;

3) Құбырлар мен олардың фасонды бөліктері (бұрмалары мен үштіктер) - винипласттан, хлорвинилден жасау.

775. Винипласт бойынша дәнекерлеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жанасқан бұрмаларының, әртүрлі қималы және профильді винипласт, фторопласт, полиэтилен мен басқа да пластмассалардан жасалған өткелдері бар күрделі бөлшектер мен бұйымдарды жасау және жөндеу. Фасонды пирамида және конус тәрізді бұйымдарды ашу. Аппараттар мен механизмдердің бетіндегі полимерлерді қысылған ауамен тозаңдандыру. Тозаңдандырылған полимерлерді жоғары кернеулі электр пештерінде балқыту.

Білуге тиіс: күрделі бұйымдарды жасаудың технологиялық процессі, винипласттың қыздыру кезінде деформациялануы туралы, құбырлардағы шекті температура мен қысым, пісіру кезіндегі күю мен піспей қалудың себептері, винипласттан жасалған бұйымдарды сынау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Аппараттар мен бұйымдар – полимерді тозаңдандыру және балқыту арқылы антикоррозиялық қаптау;

2) Ауа үрлегіштер, циклондар - монтаждау;

3) Жанасқан бұрмаларының саны көп және конус ауа үрлегіштер-винипласттан жасау;

4) Диффузорлар, дефлегматорлар, шиберлер - винипласттан жасау.

Белгі қоюшы


776. Белгі қоюшы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Плитада, төсемелерде, сынада, домкраттарда салыстырып және орнатып, 12 - 14 квалитеттер бойынша өңдеу үшін дайындамаларды, бөлшектерді, металл үлгілерді, құймаларды, шыңдауыштар мен металл құрылымдарды таңбалау. Борлы ерітінді дайындау. Бөлшектерді таңбалау үшін сырлау. Жанасуы қарапайым, күрделі емес геометриялық құрылымдарды сызу.

Білуге тиіс: қарапайым таңбалау құралының атауы, құрылысы және қолданылу ережесі, доға, хорда, дөңгелегінің ұзындығын анықтау тәсілдері, таңбалау құралын қайрау және толтыру ережесі, материалды ашу және бөлшектердің таңбалау кезіндегі орналасу ережесі, таңбаланатын бетті сырлауға арналған ерітіндінің құрамы және оны дайындау тәсілдері, базалық бет және кейіннен өңделуге тиіс беттер, жиектерді пісіруге дайындау ережесі, шектеулер мен қондырма негіздері және олардың сызбада белгіленуі, техникалық сызу негіздері.

Жұмыс үлгілері

1) Балғалар тығыздамасының букстері – белгілеу;

2) Білікшелер - шпондау пазалары мен шплинттау саңылауларын белгілеу;

3) Салмағы 1000 кг дейінгі илемдеу біліктері – кесу және орталықтау үшін белгілеу;

4) Бір буынды біліктер – шыңдауыштарын белгілеу;

5) Электр машиналарының біліктері - бұрғылау үшін белгілеу;

6) Қарапайым бөлшектер: толқындар, ашалар, рамалар, құлақтар және т.б. шаблон бойынша белгілеу;

7) Фасонды бөлшектер – механикалық өңдеу үшін белгілеу;

8) Тепловоздың бөлшектері (өкшеліктердің дискілері, дизельдің сору клапандарының рычагтары, жанармай құбырларына арналған қысқыштар) - белгілеу;

9) Сорттық, жолақты және қаңылтыр болаттан жасалған дайындамалар – шаблон бойынша кесу үшін белгілеу;

10) Гайка кілттер - зевті белгілеу;

11) "Жұлдызша" кілттер – қашау үшін белгілеу;

12) Диаметрі 300 мм дейінгі мойынтіректердің корпустары мен қақпақтары – белгілеу;

13) Клапанды колонкалардың корпусы – сынақ планкаларын кесуге арналған орындарды белгілеу;

14) Рессорлық кронштейндер, тұтас металдан жасалған вагондар арбаларының теңгерімдері, тежеуіш ілмектері, рессорлық сырғалар - белгілеу;

15) Әртүрлі станоктардың жылдамдық қораптарының қақпақтары – сүргілеу және жоңғылау үшін белгілеу;

16) Автобус кузовы – қаптамасын белгілеу;

17) Жұдырықшалар – шаблон бойынша белгілеу;

18) Үлгілер мен өзекті қораптар (күрделі емес), контурының қисығы үлкен емес кокильдер мен шаблондар – айтарлықтай көп емес геометриялық құрылымды және өзекті қораптары бар үлгілердің өлшемдерін байланыстыру арқылы өңдеу үшін белгілеу;

19) Сыртын қаптау –қаңылтырларды бұрғылаудан кейін жиектеу;

20) Пішіні күрделі емес ұсақ фасонды құймалар – шаблон бойынша жоңғылау үшін таңбалау;

21) Бөлшектердегі паздар мен терезелер – белгілеу;

22) Түзу сызықты конфигурациялы планкалар – контурларды шаблон бойынша белгілеу;

23) Электромагниттік тақтайшалар – сүргілеуге белгілеу;

24) Электросекция сыртқы вагондардың арбалық ілмелер – белгілеу;

25) (Сыртқы және ішкі жартылай) мойынтіректер – шпонды жырашықты қашауға белгілеу;

26) Суппорттар – пазды сүргілеуге белгілеу;

27) Фланецтер – саңылауды бұрғылауға белгілеу;

28) Металл фланецтер мен бекітпелер – шаблон бойынша белгілеу;

29) Өзекшелі жәшіктер мен үлгілерді тексеруге арналған қарапайым шаблондар – белгілеу;

30) Тісті дөңгелектер, маховиктер, муфталар – шпонды паздарды белгілеу;

31) Штампылар, кондукторлар, айлабұйымдар, цангты патрондар мен аспаптар – қарапайым бөлшектерді белгілеу.

777. Белгі қоюшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 11-12 квалитеттер бойынша астарларда, сыналарда, көтергіштерде тексеріп және орната отырып бөлшектерді, тораптарды, металл үлгілерді, құймаларды, шыңдағыштарды, штампыларды, айлабұйымдарды, аспаптар мен металл құрылымдарды өңдеуге еденде, стеллаждарда және плитада белгілеу. Арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып 11 квалитеттер бойынша ірі және күрделі бөлшектер мен бұйымдарды өңдеуге белгілеу. Негізгі қалыбы мен мөлшерінен ауытқу болған кезде одан әрі өңдеу үшін бөлшектердің жарамдылық дәрежесін айқындау. Дайындамаларды, бөлшектер мен тораптарды белгілеу және тексеру үшін күрделі емес бөлшектердің бөлу сызбаларын сызу және қарапайым геометриялық тізбектерді орындау.

Білуге тиіс: геометрия, тригонометрия негіздері мен тригонометриялық кестелерді пайдалану ережесін, белгіленетін бөлшектер мен тораптардың орналасуы және олардың басқа бөлшектермен өзара іс-әрекетін, белгіленетін бөлшектерді, модель тораптарын өңдеу кезектілігін, геометриялық қисық сызықтың түзілу және бөлетін сызбаларды сызу тәсілдерін, қисық сызықты кескіндегі корпустардың сыртын және ішін қаптау жаймаларын жазық күйінде плазада әзірленген сызбалар мен рейкалар бойынша белгілеу тәсілдерін, плазалық бөлудің үш проекциясындағы басты сызықтарды, түрлі құрылымдарды пісіру кезіндегі ақаулықтың көлемін, шектеулер мен отырғызу жүйесін.

Жұмыс үлгілері

1) Орта токарлық станоктардың артқы тұғырлары – саңылауларды жонуға және паздарды фрезерлеуге белгілеу;

2) Жүк көтергіш механизмдердің швартты барабандары – механикалық өңдеуге белгілеу;

3) Іштен жанатын қозғалтқыш цилиндрлерінің саны төртке дейінгі цилиндр блоктар – белгілеу;

4) Паровоз букстары – жазықтығы бойынша сүргілеу үшін белгілеу;

5) Жылжымалы құрам букстары – механикалық өңдеу үшін белгілеу;

6) Сорғыларға арналған жұдырықшалы біліктер – жұдырықшаларды белгілеу;

7) Массасы 1000 кг-нан жоғары илемдеу біліктері – кесу және ортасын туралау үшін белгілеу;

8) Иіндері түрлі жазықтыққа орналасқан екі және үй иінді біліктер және бір жазықтықтағы иінді біліктер – жону үшін белгілеу және сүргілеу;

9) Май бұлаулар – арматуралау орындарын белгілеу;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет