Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)



бет58/70
Дата09.06.2016
өлшемі4.34 Mb.
#124728
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   70

Жұмыс үлгілері

1) Автогрейдерлер, пневмодөңгелек жүріс бойынша өздігінен жүретін автокрандар - құрастыру (бөлшектерді жөндеу кезінде таңдау);

2) Автомобильдер - құрастыру (құрастыру мен жөндеуге қажетті бөлшектер мен тораптарды таңдау);

3) Велосипедтер – бас құрастыру конвейеріне бағытталған тораптарды құрастыру;

4) Кеме қазандықтары – құрастырылуға бағытталған тораптарды құрастыру;

5) Арнайы жабдық – құрастыру (жөндеуге арналған бөлшектерді таңдау) және бөлшектерді құрастыру цехына монтаждау үшін жіберу;

6) Ірі кемелердің көлемді секциялары – тораптары мен толық жинақтау ведомостері бойынша құрастыру.

738. Бұйымдар мен құралдарды құрастырушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құрастырылатын механизмдерінің, аспаптары мен басқа да жабдықтарының саны көп қымбат тұратын құрылғыларды, агрегаттар мен жабдықтарды сызбалар, айырықшалықтар, ведомостер, каталог және прейскуранттар бойынша лабораториялық сынаулардың деректерін немесе техникалық бақылауларды пайдалана отырып құрастыру.

Білуге тиіс: күрделі және қымбат тұратын бұйымдарды құрастыру ережесі және техникалық құжаттама, құрастыру бойынша есеп жүргізу жүйесі және қолданылатын құжаттама, сызу және геометрия негіздері.

Жұмыс үлгілері

1) Кеме автоматикасы - құрастыру;

2) Ірі көлемді бөлшектер, тораптар, механизмдер мен металл конструкциялар – құрастыру;

3) Техникалық құжаттама - құрастыру;

4) Кеме құрылысы жинақтары - құрастыру;

5) Электрорадиоаппаратурасын құрастыру және монтаждау конвейері –бөлшектермен, тораптармен, блоктармен ведомостер бойынша құрастыру;

6) Арнайы жабдық – құрастыру ведомостері бойынша толық құрастыруды тексеру;

7) Мартен пештерінің табаны, домна пештерінің салу аппараты, илем орнағының көтермесі, құю, таратып бөлу және миксерлік крандардың теңгерімдері - құрастыру;

8) Сағат - құрастыру (жөндеуге қажетті бөлшектер мен тораптарды таңдау).

Өлшеу аспаптары мен арнайы құралдарды бақылаушы


739. Өлшеу аспаптары мен арнайы құралдарды бақылаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 12 – 14 квалитеттер шегінде өңделген, шаблондар, калибрлер мен шекті қапсырмалар бойынша қарапайым құрылғыларды, қалыптарды, кесу және өлшеу құралдарын тексеру және қабылдау. Қабылдау құжаттамасын ресімдеу.

Білуге тиіс: қолданылатын құралдар мен құрылғылардың мақсаты, бақылау-өлшеу және кесу құралдарын, қалыптарды, құрылғыларды тексеру және қабылдау ережесі және техникалық шарттары, қабылдау құжаттамасын ресімдеу ережесі, шектеу, қондырма жүйесі, квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері.

740. Өлшеу аспаптары мен арнайы құралдарды бақылаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 11 – 12 квалитеттер шегінде өңделген күрделілігі әртүрлі жұмыс және өлшеу құралдарын, аспаптарды, құрылғылар мен қалыптарды тексеру және қабылдау.

Білуге тиіс: күрделілігі әртүрлі құралдар мен құрылғылардың құрылысы, арнайы және әмбебап өлшеу құралдарын, кесу құралдарын, аспаптар мен қалыптарды, күрделілігі әртүрлі кондукторлар мен құрылғыларды қабылдау ережесі, шектеу, қондырма жүйесі, бұранда түрлері және оларға қойылатын шектеулер.

741. Өлшеу аспаптары мен арнайы құралдарды бақылаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Барлық жүйелер мен сыныпты (1 сыныпты үлгі, аналитикалық, вагондық және техникалық аспаптардан басқа) салмақ өлшеуіш аспаптарды, сондай-ақ күрделі өлшеу және кесу құралдарын, қалыптар мен құрылғыларды түпкілікті құрастыру және өңдеуден кейін 7-10 квалитеттер бойынша өлшемдерді сақтай отырып, тексеру, бөлшектеу, реттеу және сынау. Ақаулықтарды анықтау және жою. Өлшеу аспаптары мен ұсақ гірлерді тексеру. Тексеру кезінде салмақ өлшеуіш аспаптардағы кемшіліктерді анықтау. Салмақ өлшеуіш аспаптар мен ұсақ гірлердің олардың мақсатына сәйкес дұрыс қолданылуын тексеру. Салмақ өлшеуіш аспаптарды аттестаттау. Арнайы құралды тексеруден кейін қабылдау, бөлшектеу, реттеу, сынау және аттестаттау.

Білуге тиіс: қысым және сұйылту салмақ өлшеуіш аспаптардың, электр және радио өлшеу аспаптарының, микроманометрлердің және т.б. құрылысы, ұсақ гірлердің, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының, қалыптар мен құрылғылардың жіктемесі және оларды пайдалану ережесі, аспаптар мен ұсақ гірлерде жол берілетін салмақты өлшеудегі ұсақ кемшіліктер, әртүрлі салмақ өлшеуіш аспаптарда өлшеу тәсілдері, шектеу, қондырма жүйесі, квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері, әртүрлі өлшеу және кесу құралдарын қабылдау ережесі және салмақ өлшеуіш аспаптарды, радио және электр аспаптарды, қысым және сұйылту аспаптары мен арнайы құралдарды тексеру әдістері, аттестациялық құжаттарды ресімдеу тәртібі және таңбалау.

Жұмыс үлгілері

1) Индикаторлар, пройма, сақинала, калибрлер, манометрлер және басқа да арнайы құралдар – тексеру, реттеу және аттестаттау;

2) Салмақ өлшеуіш аспаптар – тексеру, аттестаттау және таңбалау;

3) Приборы электр және радио өлшеуіш аспаптар мен 1 - 4 квалитеттер бойынша қысым және сұйылту аспаптары - тексеру, аттестаттау.

742. Өлшеу аспаптары мен арнайы құралдарды бақылаушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 1 сыныпты үлгі, аналитикалық, вагондық және техникалық аспаптарды, күрделі өлшеу және кесу құралдарын, қалыптар мен құрылғыларды түпкілікті құрастыру және өңдеуден кейін 6-7 квалитеттер бойынша өлшемдерді сақтай отырып, тексеру, бөлшектеу, реттеу және сынау. Оларды тексергеннен кейін аттестаттау және таңбалау. 1,0-сыныпқа дейінгі арнайы электр және радио өлшеу аспаптары мен қысым және сұйылту аспаптарын қабылдау, тексеру, реттеу және сынау.

Білуге тиіс: салмақ өлшеуіш аспаптарын тексеру, бөлшектеу және реттеу ережесі, оларды аттестаттау және таңбалау тәртібі, электр және радио өлшеу аспаптары мен қысым және сұйылту аспаптарын тексеру үшін қолданылатын бақылау аспаптарының мақсаты, құрылысы және олармен жұмыс істеу тәртібі, барлық бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын тексеру әдістері.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1) Техникалық вагондық, аналитикалық және үлгі таразылар – тексеру және таңбалау;

2) Дәлдігі мен күрделілігі ерекше құралдар – тексеру және аттестаттау;

3) II разрядты, 0,05 сыныпты МВП-2,5типті мановакуумметрлер – тексеру және аттестаттау;

4) 1,0 сыныпты қысым және сұйылту аспаптарын - қабылдау, тексеру және аттестаттау;

5) ИЛ-13, УП4-1М, УИП-1, АНТ типті аспаптар - тексеру және аттестаттау;

6) Приборы типа М-109, МОР-60, ЛМ-1 - тексеру және аттестаттау;

7) Хронометрлер – тексеру, реттеу және аттестаттау;

8) ЭНО-1 типті электронды – сәулелі осциллографтар мен ВК7-4 типті аспаптар - тексеру және аттестаттау.

743. Өлшеу аспаптары мен арнайы құралдарды бақылаушы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі оптикалық аспаптарды, үйлестіру машиналарын, құрастыру және сынау стенділерін, жазықтық шаблондарды, әртүрлі бұрышта үш-төрт жазықтықтың әртүрлі бұрышында саңылау тесуге арналған күрделі кондукторларды, оларды 5 квалитет бойынша өлшемдерді сақтай отырып түпкілікті құрастыру және өңдеуден кейін тексеру. Жазықтықтарды 1-4 квалитеттер бойынша орналасқан дәл және күрделі лекалаларды тексеру. Аспаптарды эвольвентті, спиралі мен қадамын тексеру үшін баптау және оларды тексеруге байланысты есептерді орындау.

Білуге тиіс: күрделі оптикалық аспаптардың, үйлестіру машиналарының, құрастыру және сынау стенділерінің және т.б. конструкциясы, кеңістікті шаблондарды өлшеу әдістемесі, олардың конструкциясы мен жасау технологиясы, кеңістікте белгіленген өлшемдерді есептеу тәсілдері, эвольвентті, спираль мен қадамды тексеру үшін қажетті есептердің әдістемесі, төлқұжаттарды, қабылдау актілерін ресімдеу ережесі.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1) Арнайы күрделі құралдар - тексеру және аттестаттау;

2) Әмбебап микроскоптар, компараторлар, интерферометрлер - тексеру және аттестаттау;

3) Күрделі пішінді көп орынды нығыздауыш қалыптар – жасауды бақылау және баптау;

4) Оптикалық өлшеу аспаптары - тексеру және аттестаттау;

5) Кузовтық штамптар - жасауды бақылау және баптау.

Материалдар, металдар, жартылай дайын өнімдер мен бұйымдарды бақылаушы

744. Материалдар, металдар, жартылай дайын өнімдер мен бұйымдарды бақылаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қаңылтыр болатты, сорттық илемді, шойынды, мысты, қалайыны және чушкадағы басқа да металдарды, жартылай дайын өнімдерді, дайындамаларды, құймаларды, әртүрлі соқпалар мен қалыптарды бақылау-өлшеу құралдарын, серіппелерді, химикаттарды, кооперация арқылы түсетін күрделі емес дайын тораптарды, қалыпталған, резина және басқа да бұйымдарды мемлекеттік стандартқа сәйкес қабылдау және жарамсыз ету. Бақылап қабылдау құжаттамасын ресімдеу. Өнімді дұрыс тасымалдау және орналастыруды бақылау.

Білуге тиіс: өндірісте қолданылатын материалдардың, жартылай дайын өнімдердің, химикаттар мен бұйымдардың мақсаты мен қасиеттері, қолданылатын материалдар мен бұйымдардың мемлекеттік стандарты мен оларға қойылатын техникалық шарттар, материалдар мен бұйымдарды қабылдау және жарамсыз ету, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу ережесі, ақаулардың түрлері және қабылданатын өнімнің кемшілік белгілері, шектеу, қондырма жүйесі, квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері, өнімді сақтау ережесі.

745. Материалдар, металдар, жартылай дайын өнімдер мен бұйымдарды бақылаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі шыңдауыштарды, ірі құймаларды, қарапайым электр және радио техникалық жабдықтарды, әмбебап құралдарды, химикаттарды, металл илемдер мен резина бұйымдарды бақылау, қабылдау және жарамсыз деп тану. Материалдардың даярлығын химиялық және механикалық лабороторияның талдаулары бойынша анықтау. Үлгілер мен ыдыстар жасау үшін тақтайлар мен қырлы бөренелердің өлшемдерін тексере отырып, кесілмелі және ағаш материалдарын қабылдау.

Білуге тиіс: қабылданатын материалдар мен бұйымдардың мемлекеттік стандарты және оларға қойылатын техникалық шарттар, өндірісте қолданылатын материалдардың, жартылай дайын өнімдердің, химикаттар мен бұйымдардың мақсаты мен қасиеттері, сапасын бақылау ережесі мен әдістері, кесілмелі материалдарың жіктемесі, мақсаты мен маркасы, арнайы бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының реттеу құрылымы және қолданылу ережесі, ағаштық шекті ақаулықтары.

746. Материалдар, металдар, жартылай дайын өнімдер мен бұйымдарды бақылаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі электр және радио техникалық жабдықтарды, әртүрлі пішінді илемдерді, кооперация арқылы түсетін машиналар мен аппаратураларды, күрделі құймаларды, шыңдауыштарды, әртүрлі металдан жасалған қалыптар мен серіппелерді, әмбебап және арнайы құралдарды қолдана отырып жасаған күрделі бұйымдарды бақылау, қабылдау және жарамсыз деп тану. Сертификаттық деректердің немесе бақылау сынақтарының мемлекеттік стандартқа және техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру. Нормаға сәйкес келмейтін өнімдерден бас тарту актісін ресімдеу.

Білуге тиіс: қабылданатын құралдар мен жабдықтардың мемлекеттік стандарттары және оларға қойылатын техникалық шарттар, төлқұжат деректері, қолданылатын аппараттарды, аспаптарды, электр машиналарының қозғалтқыштары мен жабдықтарды техникалық бақылау және сынау әдістері, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу ережесі, сапасын сызбалар мен схемалар бойынша тексеру тәсілдері, орындалатын жұмыс көлемінде электротехника негіздері, жарамсыз деп тану актілері мен мемлекеттік стандартқа және техникалық шарттардан, сызбалар мен схемалардан ауытқушылықтары бар өнімдерді өндірушілерге ұсынуға арналған құжаттарды әзірлеу тәртібі.

747. Материалдар, металдар, жартылай дайын өнімдер мен бұйымдарды бақылаушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бірегей электр және радио техникалық жабдықтарды, турбо және гидрогенератор құрылысында қолданылатын күрделі құймалар мен шыңдауыштарды әмбебап және арнайы құралдарды қолдана отырып, бақылау, қабылдау және жарамсыз деп тану. Лабороториялық сынақтарға қатысу.

Білуге тиіс: қабылданатын жабдықтардың мемлекеттік стандарттары және оларға қойылатын техникалық шарттар, қолданылатын электр жабдықтарды, аппараттарды, аспаптар мен құрылғыларды техникалық бақылау және сынау әдістері, сапасын күрделі монтаждау схемасы бойынша монтаждау тәсілдері, металтану негіздері, химиялық, металлографиялық талдау және механикалық сынау нәтижелері.


Электромонтаждау жұмыстарын бақылаушы


748. Электромонтаждау жұмыстарын бақылаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым тораптар мен агрегаттарды құрастырғаннан немесе орнына орналастырғаннан кейін оларды сызбалар, схемалар мен техникалық шарттар бойынша бақылау және қабылдау. Қабылданған немесе жарамсыз деп танылған өнімге құжаттама ресімдеу.

Білуге тиіс: агрегаттар мен тораптар қабылдау мен сынаудың мемлекеттік стандарттары және оларға қойылатын техникалық шарттар, электромонтаждау жұмыстары мен тораптарды жасау технологиясының негіздері, қабылданатын нысандардың мақсаты, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты және қолдану ережесі, электротехника негіздері, әртүрлі қималы электр сымдардың маркалары, батарея аккумуляторларын зарядтау ережесі, ақаулықтардың жіктемесі.

Жұмыс үлгілері

1) Аккумуляторлық батарея - электролитті құюды, оның тығыздығын бақылау және жүктеу ашасымен зарядтау;

2) Электроаппаратураға арналған қарапайым ширатпалар – сапасын бақылау;

3) Кабельдердің ұштары – басұштарын дәнекерлеуді бақылау;

4) Үстелге қойылатын шамдар – құрастырылуын бақылау;

5) Ротор, статор, тороид, электр машиналардың қақпағы өзекшесінің жиынтықтары – іріктеу, дайындау және оқшаулау операцияларын бақылау;

6) Дірілмен массаждау аспабы – құрастыруды және электр монтаждауды бақылау;

7) Тұрмыстық электр аспаптары – құрастыруды бақылау және сынау;

8) Реле - құрастыруды бақылау;

9) Контактілі термобулар - құрастыруды бақылау;

10) Шиналар – дайындаудан кейін бақылау;

11) Электр вулканизаторлар – құрастыру мен монтаждауды бақылау;

12) Әртүрлі тұрмыстық электр аспаптар - құрастыру мен монтаждауды бақылау.

749. Электромонтаждау жұмыстарын бақылаушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электромонтаждау операцияларынан кейін күрделілігі орташа тораптарды, конструкциялар мен жұмыс механизмдерін бақылау және қабылдау. Электромонтаждау операцияларынан кейін күрделілігі орташа тораптарды, конструкциялар мен жұмыс механизмдерін түпкілікті қабылдау. Қарапайым электр жабдықтарын машинада монтаждауды түпкілікті қабылдау. Электр жабдығының жекелеген агрегаттарын стенділерде қажетті бақылау-өлшеу аспаптарын қолдана отырып тексеру және сынау. Ақаулықтардың пайда болу себептерін жою және оларды уақтылы жою. Сынау журналын жүргізу.

Білуге тиіс: күрделілігі орташа тораптарды қабылдауға және өндіруге қойылатын техникалық шарттар, орындалатын жұмыс көлемінде электротехника негіздері, электр машиналары мен радио құрылғыларының негізгі пайдаланушылық сапасы, аккумулятолық батареялардың құрылысы, қарапайым электр машиналарын, электр аппараттары мен радио жабдықтарын құрастыру және монтаждаудың технологиялық процестері, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты және қолдану ережесі, электр жабдықтары ақаулықтары мен монтажының негізгі түрлері және олардың алдын алу.

Жұмыс үлгілері

1) Жылжымалы рентген аппараты – құрастыруды және реттеуді бақылау;

2) Дәнекерлеу аппараты - монтаж бен құрылғыны бақылау;

3) Май турбосорғылардың сөндіргіштері – саңылауларын тексеру;

4) Электр вагондардың калориферлері – орнатуды және монтаждауды бақылау;

5) Қақпақтар, коллекторлар, траверстер, реттеуіштер, демпферлер – бақылау;

6) Мотор – іске қосуды ретте машинасын орнату, монтаждау және іске қосуды бақылау;

7) Автомобиль электр жабдықтарының аспаптары: реле, реттеуіштер, индукциялық ораманың генераторы, бөліп таратқыштарды үзгіштер – жұмысты тексеру;

8) Электр машиналарының роторлары мен статорлары және олардың жиынтықтары – құрастыруды бақылау;

9) Камбуз қалқандар – монтаждауды бақылау, стендте сынау.

750. Электромонтаждау жұмыстарын бақылаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электромонтаждау операцияларынан кейін конструкциялар мен жұмыс механизмдерінің күрделі тораптарын бақылау және қабылдау. Күрделілігі орташа электр жабдықтарын түпкілікті қабылдау. Электр монтаждау кезіндегі ақаулықтардың себептерін анықтау және оларды жою бойынша уақтылы шараларды қабылдау. Белгіленген құжаттаманы ресімдеу.

Білуге тиіс: күрделілігі орташа электр жабдықтарды құрастыруға, сынауға және монтаждауға қойылатын техникалық шарттар, орындалатын жұмыс көлемінде электротехника және радиотехника заңдары, қуаты аз электр машиналарының құрылысы, бақылау-өлшеу аспаптары мен аппаратурасының құрылысы, мақсаты және қолдану ережесі, тораптарды, агрегаттар мен құрылғыларды, электр жабдықтарының құрылғыларын құрастыру кезіндегі және оларды машинада монтаждау кезіндегі ақаулықтардың түрлері.

Жұмыс үлгілері

1) Сигнал оттардың аппаратурасы – мотаждауды бақылау;

2) Генераторлар – монтаждауды қағидаттық схема бойынша бақылау;

3) Кабельдер – құбырға тарту, күрделілігі орташа кемелерге магистральдық және жергілікті кабельдерді тарту және бекіту сапасын бақылау;

4) Машинисттің басқару пульті, радиорубкалар, динамометрлер, электр вагондардың бақылау жәшіктері – орнату мен монтаждауды бақылау;

5) Роторлар, статорлар, электр машиналардың қақпақтары, қаптамалар, корпустар, гироскоптардың тораптары, вакуум аспаптар - бақылау;

6) Қалқандардың панельдері мен секцияларының схемасы – схемаларды жалпы схемаға біріктіруді тексеру;

7) Әртүрлі схемалар - икемді сыммен монтаждаудан кейін сапасын бақылау;

8) 10 нөмірге дейін коммутаторы бар электронды байланыс схемасы-байлау және жүргізу сынақтары кезінде монтаждау және тапсыру сапасын бақылау;

9) Кеме жүйелерінің (су ағызу, сырттағы, ауызсуды ағызу, кептіру, өртке қарсы) сорғы электр жетектерінің сызбасы - байлау және жүргізу сынақтары кезінде монтаждау және тапсыру сапасын бақылау;

10) Жалпы кеме желдеткіші, компрессорлық құрылғылардың, тоңазыту құрылғыларының электр жетектерінің схемасы-байлап сынау кезінде монтаждау және тапсыру сапасын бақылау;

11) Шпиль, брашпиль электр жетектерінің схемасы - байлау және жүргізу сынақтарында қабылдау және тапсыру;

12) Күрделі электр схемасы бар, сымдары мен аппаратурасының саны көп таратқыш құрылғылар-стендте толық монтаждау және сынаудан кейінгі бақылау;

13) Магистральді электровоздар мен тепловоздардың электр қозғалтқыштары – түпкілікті құрастыруды бақылау;

14) Электр жетектер және тамақ блогының, кір жуу блогының, медициналық блоктың электр жабдықтары – монтаждау сапасын бақылау;

15) Күрделілігі орташа электр схемалар - тексеру және сынау.


751. Электромонтаждау жұмыстарын бақылаушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарттарда көзделген барлық сынақтарды орындай отырып, түпкілікті құрастырғаннан кейін күрделі электр және радио жабдықтарды бақылау және қабылдау. Электр қозғалтқыштарды белгіленген жұмыс режимі жағдайында тексеру. Жоғары дәлдікті қабылдау, жіберу және арнайы радио құрылғыларынан тұратын арнайы күрделі аппаратураны бақылау және қабылдау. Жасалатын және монтаждалатын радио жабдықтардың төлқұжаттарын жасау және қабылдау актілері мен сынау хаттамаларын ресімдеу.

Білуге тиіс: күрделі электр және радио жабдықтарды қабылдауға қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар, тораптар мен агрегаттарды құрастырудың технологиялық процестері, электр жабдықтарын сынау әдістері, бақылау-өлшеу аппаратурасын, электр және радио жабдықтарды тексеру және сынауға арналған аспаптар мен арнайы құрылғыларды баптау тәсілдері, электр және радио жабдықтарды тексеру және сынауға арналған аппаратураның, аспаптар мен арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктері, қуаты әртүрлі электр машиналары мен радио құрылғыларының конструктивтік ерекшеліктері.

Жұмыс үлгілері

1) Электр схемасы күрделі аппаратура, арнайы мақсаттағы машиналар және басқару пульттері - монтаждау мен реттеуді бақылау;

2) Қорғаныш құрылғылары мен автоматика схемасының аппаратурасы - монтаждауды бақылау және байлау және жүргізу сынақтары кезінде тапсыру;

3) Радио таратқыштардың көп диапазонды және көп каскадты сынақ үлгілері монтаждауды схемасы бойынша бақылау;

4) Электр шағын станциялары - монтаждауды бақылау;

5) Басқару және термо реттеу пульттері - монтаждауды бақылау;

6) Автоматика (өртке қарсы, қыздыру, суландыру және т.б.) жүйесі – монтаждау сапасын бақылау және байлау және жүргізу сынақтары кезінде тапсыру;

7) Турбогенераторлар мен дизель-генераторлар станциясы- коммутацияны бақылау және стендте сынау;

8) 100 номерге дейінгі автоматты телефон станциялардың схемасы, тұрақты және айнымалы тоқтардың автоматты дабылдағыш және түрлендіргіштердің күрделі схемалары - монтаждау сапасын бақылау және байлау және жүргізу сынақтары кезінде тапсыру;

9) Телеграф, гирокомпас, лаг, эхолот, көрсеткіштер схемалары – сапасын бақылау, монтаждауды қабылдау;

10) Тұрақты және айнымалы тоқтардың рульдік құрылғылары – байлап сынау кезінде қабылдау және тапсыру;

11) Күрделі тарату қалқандары – кабельдің ұштарын клеммалармен ұштастыратын монтаждың сапасын бақылау, байлау және жүргізу сынақтары кезінде тапсыру;

12) Станоктардың, крандардың, дәнекерлеу аппараттарының, жолаушылар вагондары мен электр пештерінің электр жабдықтары – монтаждауды және сынауды бақылау;

13) Контакторлы, контроллерлі, электр гидравликалық, магнит және басқа да басқару жүйелері бар электр жетектер - монтаждау сапасын бақылау және байлау және жүргізу сынақтары кезінде тапсыру.

752. Электромонтаждау жұмыстарын бақылаушы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарттарда көзделген барлық сынақтарды орындай отырып, түпкілікті құрастырғаннан кейін күрделі тораптардың агрегаттарды, электр поездар мен тепловоздарды және басқа да күрделі электр жабдықтарды бақылау және қабылдау. Бақылау аспаптарын тексеру және баптау. Қабылданған электр жабдықтарына төлқұжат немесе формуляр толтыру, қабылдау актілері мен сынақ хаттамаларын ресімдеу. Бақылау және сынау кезінде анықталған ақаулықтарды тексеруге және бұл ақаулықтарды жою жөніндегі шараларға қатысу. Электр машиналары мен аппаратураның шекті жүктемесін қарапайым есептеу.

Білуге тиіс: күрделі тораптар мен агрегаттарды қабылдауға қойылатын техникалық шарттар, қолданылатын электр және радио жабдықтарды құрастыру және сынаудың технологиялық процессі, монтаждау схемалары, бақылау және сынау әдістері, қолданылатын жабдықты құрастыру, монтаждау, сынау және пайдалану кезінде анықталатын ақаулықтардың негізгі түрлері, оларды анықтау және жою тәсілдері, бақылау және сынау үшін қолданылатын аспаптардың, аппаратураның, стенділердің және басқа да жабдықтардың түрлері, оларды баптау, реттеу және тексеру тәсілдері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1) 100 нөмірге дейінгі автоматты телефон станциялары – байлау және жүргізу сынақтары кезінде;

2) Арнайы аппараттар – сынақ үлгілерін монтаждауды бақылау;

3) Басқару қалқандары бар тұрақты және айнымалы тоқты бас ашалы электр қозғалтқыштар, бас таратып бөлгіш қалқандар - байлау және жүргізу сынақтары кезінде бақылау және қабылдау;

4) Параллельді – жүйелі іске қосу станциясы – монтаждауды бақылау және қабылдау, жұмыста тексеру;

5) Белгіленген сутекті және сумен салқындатылатын турбогенераторлардың статорлары және гидрогенераторлар – қабырғаларды белсенді болатты құрастыруға таратуды қабылдау, аспаптардың көмегімен нығыздаудың тығыздығын тексеру;

6) Төменгі жиілікті күшейткішінің баспалық сынақ үлгілерінің схемасы – монтаждаудан кейін қағидаттық схема бойынша бақылау;

7) Экскаваторлар – монтаждауды бақылау, сынау;

8) Тұрақты және айнымалы тоқ электр машиналары-құрастыру және қабылдауды бақылау;

9) Есептеп-шығару және есептеу схемалары бар күрделі автоматтандырылған кешенді электр жабдықтар - монтаждауды бақылау және байлау және жүргізу сынақтары кезінде қабылдау.

Мыстаушы
753. Мыстаушы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым бұйымдарды қаңылтыр металл мен құбырдан жасау. Түсті металды белгісі бойынша кесу және шабу. Қаңылтыр металл мен құбырды, дайындамаларды күйдіру. Бұйымдарды жұмсақ дәнекерлермен өңдеу, қалайылау және дәнекерлеу. Ыдыстағы раковиналарды қорғасынмен дәнекерлеу және қысыммен жұмыс істеуге арналмаған қорғасын құбырлардың бастарына құю. Ыдыстар мен арматураларды гидравликалық және пневматикалық сынау. Қарапайым пішінді бұйымдарды қалайылау және автогенді шілтермен дәнекерлеу. Біліктілігі анағұрлым жоғары мыстаушының басшылығымен күрделі бұйымдарды жасау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, анағұрлым кең тараған құрылғылардың, медициналық істе қолданылатын жұмыс және бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты, қарапайым медициналық жұмыстарды орындау тәсілдері, өңделетін металдың негізгі механикалық қасиеттері, технологиялық операциялардың жүйелілігі, қарапайым бұйымдарды белгілеу тәсілдері, күйдіру, ию және дәнекерлеу температурасы, жіктерді дәнекерлеуге дайындау ережесі, қолданылатын дәнекерлердің құрамы, қолданылатын сілтілер мен қышқылдардың негізгі қасиеттері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет