Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)



бет66/70
Дата09.06.2016
өлшемі4.34 Mb.
#124728
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70

Білуге тиіс: болат және полимер құбырдан жасалған құбыржолды санитарлық-техникалық жүйелерінің құрылымдары мен жөндеу тәсілдері, поршенді пистолеттердің құрылысы мен олармен жұмыс істеу ережесі, аспаптар мен бекітпелерді орнату орнын белгілеу тәсілдері, санитарлық және қыздыру аспаптарын орнату ережесі.

Жұмыс үлгілері

1) Шаятын бачоктарды;

2) Түрлі астауларды;

3) Вентилдерді;

4) Үш жүрістілерден басқа крандарды;

5) Түрлі жуғыштарды;

6) Раковиналарды;

7) Араластырғыштарды;

8) Қол жуғыштарды;

9) Унитаздарды;

10) Төсейтін судноларды жууға арналған құрылғыларды;

11) Соратын шкафтарды бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

868. Слесарь – сантехник 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Орталық жылу беру, сумен жабдықтау, кәріз және су ағар санитарлық-техникалық жүйелердің бөлшектері мен тораптарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Шойын құбырдан жасалған құбыржолдардың учаскелерін ауыстыру. Құбыржолдарды сынау кезінде ақаулы жерлерін орнату.

Білуге тиіс: түрлі санитарлық-техникалық құбыржол жүйелерінің құрылысы мен жөндеу тәсілдері, құбыржолдарды сынау кезінде ақаулы жерлерін орнатудың тәсілдері.

Жұмыс үлгілері.

1) Аппаратураны;

2) Су қыздырғыштарды;

3) Ауа жинағыштарды;

4) Колонкаларды;

5) Үш жүрісті крандарды;

6) Айқаспаларды;

7) Манометрлерді;

8) Секциялық бұрамаларды;

9) Су өлшеу әйнектерін;

10) Үштіктерді бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

869. Слесарь – сантехник 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Орталық жылу беру, сумен жабдықтау, кәріз және су ағар санитарлық-техникалық жүйелердің бөлшектері мен тораптарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Санитарлық-техникалық жүйелерді сынау. Аппаратураны ревизиядан өткізу және сынау. Бақылау-өлшеу аспаптарын орнату орындарын белгілеу.

Білуге тиіс: санитарлық-техникалық жүйелерді және арматураны сынау ережесі, қазандықтарды, бойлерлерді, калориферлер мен сорғыларды дайындау және сынау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері:

1) Бойлерлерді;

2) Инжекторларды;

3) Калориферлерді)

4) Бу қазандықтарын;

5) Автоматты өрт сөндіру жүйелерін;

6) Термореттегіштерді;

7) Жандыру құрылғыларын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик
870. Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жай қол айлабұйымдар мен аспаптарды пайдалана отырып электрмен жарықтандырудың жай тораптарын, аппараттары мен арматурасын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Электр жабдықтары бөлшектері мен аспаптарын тазалау, шаю, ысқылау және сығылған ауамен үрлеу. Сұрыптық металдан жасалған күрделі емес бөлшек жасау. Жай электр монтаждық тәсімдер бойынша электр машиналары, электр аспаптарының бөлшектері мен тораптарын біріктіру. Біріктіру муфтыларын, үштіктер мен қораптарды орнату.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жылжымалы құрамның электр машиналарын, электр аспаптары мен электр аппараттарының жұмыс істеу принциптері, кеңінен таралған әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен пайдаланылатын бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі, сым жүргізу тәсілдері, бөлшектер мен тораптарды біріктірудің жай электр монтажды тәсімдері, электр машиналары мен аспаптарды іске қосу және ажырату ережесі, орындалатын жұмыс көлемінде металдың электр техникасы мен технологиясының негіздері.

Жұмыс үлгілері

1) Электр аппараттары мен машиналары - үрлеу;

2) Электр жарықтандыру өшіргіштері - шешу және орнату;

3) Вагон желдеткіштерінің жалюздері – шешу және орнату;

4) Аппараттар мен шиналардың тірек оқшаулағыштары – шешу және орнату;

5) Қоршау қаптары мен қалқандары – шешу және орнату;

6) Электр машиналарының зәкірлік мойынтіркетерінің қақпақтары- шешу;

7) Муфтылар (оператор және басқа да электр машиналары біліктерінің біріктірме пакеттері) – бөлшектеу;

8) Вагон нөмірлегіштер – шешу және орнату;

9) Резистор панельдері – бөлшектеу;

10) Электр машина мойынтіркетеррі – майлама толтыру;

11) Магнитті қосқыштар, тежегіш электр магниттер – жөндеу;

12) Ажыратқыштар – шешу және орнату;

13) Қалқандар мен панельдер (таратқыштар, күш және топтық) – шешу және орнату;

14) Электр шамдар, плафондар – шешу және орнату.

871. Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі тораптар мен аппараттарды, электр жарықтандыру арматурасын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Орташа күрделіктегі тәсімдер бойынша электр машиналары, электр аппараттары мен электр аспаптары бөлшектері мен тораптарын біріктіру. Электр сымдары мен кабельдерін қалайылау, дәнекерлеу, оқшаулау, төсеу және ұзарту. Жерден көтергіш-көлік механизмдерін басқару, жүктерді ілмектеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін айнымалы және тұрақты ток электр машиналарының құрылысы және жұмыс істеу принципі, орташа күрделіктегі электр монтаждау тәсімдері мен іске қосуды реттейтін аппаратураны, электр қозғалтқыштардың щеткалы механизмдерін баптау тәсілдері, өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың, монтаждау аспабы мен пайдаланылатын бақылау-өлшеу аспабының құрылысы.

Жұмыс үлгілері

1) Амперметрлер, вольтметрлер - шешу, тексеріп орнату;

2) Селеналық түзулегіштер – шешу және орнату;

3) Төмен вольтты қорғағыш қысқыштары, ток қабылдағыштардың жеңдері – жасау;

4) Блоктау контакторлары – бөлшектеу және құрастыру;

5) Бу тарату қораптары, жұмыс дөңгелектерінің қалақтары, конденсаторлық және бу өткізу құбырлары, паровоз турбогенератор желдеткіштері – шешу, орнату;

6) Электр машиналарының мойынтіркетері – сығымдау;

7) Электровоз ток қабылдағыштарының табаны – майламамен толтыру;

8) Қорғағыштар (Фарфорды қоспағанда) – қайта зарядтау;

9) Төбелік ажыратқыштар мен оқшаулағыштар, ток қабылдағыш жеңдері, редукциялық, электр пневматикалық клапандар, ток қабылдағыштардың ауа цилиндрлері, электровоздың барлық үлгідегі разрядтағыштары – шешу, орнату;

10) Электрмен жарықтандыру бөлгіштері, патрондары, розеткалары мен ажыратқыштары, прожекторлар, фаралар, педальдар – жөндеу және құрастыру;

11) Вагонның іске қосатын және реттейтін реостаттары – шешу және орнату;

12) Қырағылық саптары – бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;

13) Жетекті электр қозғалтқыштар мен электр машиналарының зәкір секциясы – жасау;

14) Полюс және катушкалардың өзекшелері – сығымдау және босату;

15) Ауаны желдететін рефрижераторлы пойыздар (секциялар) мен вагондардың кедергі термометрлері – бөлшектеу, құрастыру;

16) Ток қабылдағыштар – табандарын ауыстыру;

17) Вагондардың, рефрижератор пойыздарының (секцияларының) вагон асты тарату құрылғылары – шешу және орнату;

18) Электр аппараттары мен электр машиналарының шунттары, пышақтары, ұштамалары мен маңдайшалары – жасау, орнату;

19) Электр пештер, желілік және мостылық контакторлардың жәшіктері, резистор блоктар – шешу;

20) Өрістердегі электр сымдар – төсемдер мен бекіту.

872. Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Серіппелі және сырғымалы отырғызу жағдайында электр машиналарының, электр аспаптары мен электр аппараттарының күрделі бөлшектері мен тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Электр машиналарының, электр аппараттары мен электр аспаптарының бөлшектері мен тораптары біріктіру. Электр күші құрылғыларын жерлендіру және нөлдендіру. Жөнделген электр машиналарын, электр аппараттары мен электр аспаптарын сынау. Ақаулық ведомості жасау.

Білуге тиіс: электр машиналарының, электр аппараттары мен электр аспаптарының құрылысы мен қызметі, бөлшектер мен торап бірікпелерінің электр монтажды тәсімдері, жөнделген электр машиналарын, электр аппараттары мен электр аспаптарын сынаудың техникалық шарттары.

Жұмыс үлгілері

1) Доға сөндіргіш камералар – бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;

2) Тепловоз, жетекті электр қозғалтқыш және қосалқы машиналардың жетекті генератор коллекторлары – жол салу;

3) Бу тарататын қораптар, паровоз турбогенераторлары жұмыс дөңгелектерінің қалақтары – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;

4) Аппаратуралы панельдер, қалқандар – шешу, орнату;

5) Электр машиналарының коллекторлық зәкір пластиналары – «айдар» жасау;

6) Ток қабылдағыш табандары – жаңаларын құрастыру және қондыруды түзете отырып жөндеу;

7) Барлық үлгілерінің разрядниктері - жөндеу, сынау;

8) Ток қабылдағыштардың жоғарғы және төменгі рамалары – жасау;

9) Тартпалы электр қозғалтқыштар мен қосалқы электр машиналарының, электр машиналары зәкірлерінің, контроллерлерінің реакторлары, топтық қайта қосқыштардың тартпалары, барлық түрдегі реле – шешу, орнату;

10) Монтаждау схемалары – құрастыру, жасау;

11) Электровоз ток қабылдағыштары, фаза ажыратқыштары – шешу, орнату;

12) Паровоз турбогенераторлары, орталықтан тебетін реттегіштер – шешу, орнату;

13) Вагондардың мотор-желдеткіш құрылғылары – шешу, орнату;

14) Өртке қарсы құрылғылар – байқау, бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, тексеру;

15) Тартпалы қозғалтқыш біліктерінің тісті дөңгелектері, барлық жүйедегі электр машиналарының біліктері мен коллекторлары – сығымнан босату;

16) Электр машиналардың щеткалары – ысқылау және реттеу;

17) Желілік және мостылық контакторлардың жәшіктері, резистор блоктары – орнату.

873. Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Отырғызудың барлық үлгісіндегі электр машиналарының, электр аппараттары ме электр аспаптарының күрделі бөлшектері мен тораптарын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру. Күрделі монтаждау тәсімдерін жасау. Электр машиналарының, электр аппараттары мен электр аспаптарының жиналған тораптарын реттеу және сынау.

Білуге тиіс: күрделі электр машиналарының, электр аппараттары мен электр аспаптарының тораптары мен топтарының қызметі, құрылымы мен өзара іс-әрекеті, электр машиналарының, электр аппараттары мен электр аспаптарының күрделі тораптарын құрастыру тәсілдері, бөлшектер мен тораптарды біріктірудің күрделі электр монтажды тәсімдері, жөнделген тораптарды құрастырудың техникалық шарттары мен сынау.

Жұмыс үлгілері

1) Бір полюсті ауа және тез әсер ететін қосқыштар – шешу, жөндеу, орнату;

2) Селенді түзеткіштер – сынау;

3) Ток қабылдағыштардың бірікпе және гарнирлі кареткалары – жөндеу, құрастыру;

4) Вагон температураларының қашықтық контроллерлері – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;

5) Барлық жүйедегі мотор желдеткіш құрылғылары, умформерлер, вагондардың электр қыздырғыш және таратқыш құрылғылары, қыруға арналған люменисцентті жарықтандыру және қайта түрлегіш жүйесінің ток генераторлары, букстарды қыздыру температурасын бақылау құрылғысы (термодатчиктер), жылу жүйесінің электр агрегаттары, ауаны салқындату құрылғыларының, автоматика аспаптарының электр қозғалтқыштары, барлық үлгідегі вагонның тоңазыту құрылғыларының электр қозғалтқыштары – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;

6) Генератор және басқа да электр машиналары білік бірікпелерінің муфталары (пакеттер), қырағылық тұтқасы – тексеру, өзара іс-әрекетін реттеу;

7) Тартпалы электр қозғалтқыштардың мойынтіректері (шайқалту мойынтіректері) – толықтай ревизиялау;

8) Барлық үлгідегі электр машиналарының мойынтіректері – сығымдау;

9) Электровоздардың фарфор қорғағыштары – қайта зарядтау;

10) Вагон карданды-редукторларының жетектері – шешу, жөндеу, сынау, орнату;

11) Жылдамдық өлшегіштер, есептегіштер, электронды кернеулік реттегіштері, жылдамдату электронды релесі, кремний түзеткіш, қорғау панельдері – байқау, электр параметрлерін тексеру, жөндеу;

12) Турбогенераторлар, паровоз турбогенераторларының орталықтан тебетін реттегіштері – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;

13) Трамвай вагондар мен троллейбустардағы басқару тізбектері – білікке орнату;

14) Электр қозғалтқыштар, тартпалы генераторлар, қосалқы электр машиналары, электр өлшегіш аспаптар, топтық қайта қосқыштар және олардың тартпалары, стартерлер, контроллерлер, радиоаппаратураның қоректендіру қайта түрлегіштері, барлық үлгідегі контакторлар мен реле – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, электр тізбегі бірікпелерінің дұрыстығын тексеру;

15) Вагондарды электрмен жіберетін дизельдегі, пойыз рефрижераторлары (секциялар) мен орталықтандырылған электрмен жабдықтандырылған вагондардағы электрмен жабдықтау – шешу, бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, орнату.

874. Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик 6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі электр машиналарын, электр аппараттары мен электр аспаптарының дәлдігін тексеру, сынау және реттеу. Теңгеретін жүкті орната отырып барлық үлгідегі электр машиналарының зәкірлерін динамикалық теңгеру. Қашықтықтан басқару электр жүйелерін сынау және реттеу.

Білуге тиіс: күрделі жабдықтар мен құрылғылардың конструкциялық ерекшеліктері, жұмыс принциптері, күрделі электр машиналарын, электр аппараттары мен электр аспаптарының жұмысын реттеу тәсілдері мен ережесі, теңгеретін жүктерді орната отырып барлық үлгідегі электр машиналарының зәкірлерін динамикалық теңгеру жолдары мен тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Жоғары вольтті камера аппараттары – оқшаулау кедергілерін өлшеу және аппараттардың өзара іс-әрекетін тексеру;

2) Электр аппараттары, аспаптар мен машиналар, автоматтандырылған локомотивті дабыл қағу және автостоптар жүйесі - өзара іс-әрекетін және реттеуді тексеру;

3) Автоматика және қашықтықтан басқару аспаптары – реттеу;

4) Кернеулік реттегіштер – жөндеу, стендіде сынау;

5) Моторвагонды жылжымалы құрамдағы «ТОН» радио тарату жүйесі және «СИГНАЛ» байланысы, «СОЮЗ-Р» радио таратқыштардың поезд пункттері – техникалық күйін тексеру, реттеу;

6) Су мен дизель майының температурасын автоматтандырылған реттеу жүйелері, сондай-ақ электр майлы қыздырғыш ыдыстары – теңшеу;

7) Жылдамдық өлшегіштер, есептегіштер, электронды кернеу реттегіштер, жылдамдату электронды релесі, кремний түзеткіштердің панельдері, қорғау – реттеу, сынау;

8) Паровоз турбогенераторлары – сынау, реттеу;

9) Электр тізбектер – омикалық кедергілерді тексеру;

10) Тартпалы электр қозғалтқыштар, қосалқы электр машиналары, электр аппараттар мен электр аспаптар – сынау, теңгеру, стендіде реттеу, сипаттамасын және ұңғысын алу.

875. Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик 7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі жүйелердегі күрделі электронды блоктардың алдын алу, электр параметрлерін жөндеу, тексеру. Микропроцессорлық элементті базасы бар күрделі электронды блоктардағы ақаулықтарды іздеу және жою. Түрлі локомотивтер мен вагондардың электр жабдықтарының жағдайын тексеретін күрделі жүйелерді пайдалана отырып диагностикалау.

Білуге тиіс: түрлі жүйедегі күрделі электронды блоктардың конструкциялық ерекешеліктері, локомотив және вагон электр тәсімімен электронды жүйелерінің байланысу тәсімі құрылысының принципі.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1) Жылжымалы құрамның электронды жоғары вольтты және төмен вольтты аппаратурасы – ақаулықтарды тексеру, жою және реттеу;

2) Жылжымалы құрамдағы электронды жүйелерді автоматты басқару блоктары – электр параметрлерінің алдын алу, жөндеу, тексеру;

3) Күш диодтары – жылу кедергілерін тексеру;

4) Күш тізбектері мен олардың элементтері – арнайы жүйе арқылы тұтастығын тексеру;

5) Электр тізбектер – сандық индикатор («Мастер-5» үлгісіндегі) арқылы параметрлерін бақылау.

876. Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик 8-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі бірегей электронды аппаратура және аспаптарды диагностикалау, сынау және реттеу. Есептеу техникасының негізіндегі құрылғыларды пайдалана отырып жылжымалы құрамның қозғалысы мен тежеуін автоматты басқару жөніндегі іске қосу баптау жұмыстарын орындау, автоматты реттеу жүйелі вагон электр тәсімінің жанасу ақауларын анықтау және жою.

Білуге тиіс: күрделі және бірегей электронды аппаратура мен аспаптардың конструкциялық ерекшеліктері, диагностикалауға арналған бақылау-өлшеу аспаптары мен стенділері, логикалық тәсім құру негіздері, оларды микроэлементті базада іске асыру, ЭУМ құрылғылары жекелеген блоктарының ақаулықтарын тексеру және жою әдістері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1) Электронды аппаратура - баптау, реттеу, сынау;

2) Локомотив және вагондардың электр машиналары - автоматталған жүйелердің көмегімен («Тестер-ЭМ, «АСКД-ЭМ» үлгісіндегі) коммутация сапасын бағалау, параметрлерін бақылау;

3) Микропроцессорлық элементті базасы бар қауіпсіздік аспаптары-диагностикалау, сынау және реттеу;

4) Ток трансформаторлары – токтың таратылуын тексеру;

5) Локомотив, вагондардың электр жабдықтары – автоматталған («АСКД», «СУИД» үлгісіндегі) жүйенің көмегімен параметрлерін бақылау.

Слесарь – электрмонтажшы


877. Слесарь – электрмонтажшы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әмбебап айлабұйымдар мен аспаптарды пайдалана отырып жай тораптар мен аппараттарды құрастыру. Қуаттылығы 50 кВт-ға дейінгі ауыспалы және тұрақты ток электр машиналарын және қуаттылығы 30 кВт-қа дейінгі дәнекерлеу аппараттарын монтаждау және орнату. Орнатқаннан кейін жөнделетін арнайы айлабұйымдар мен шаблондарды машиналар мен аппаратураларды сынамалау. Арнайы айлабұйымдар мен шаблондарды пайдалана отырып орташа күрделіктегі тораптар мен аппаратураларды құрастыру және монтаждау. Бөлшектер жасау, айлабұйымдар мен шаблондарды құрастыру. Төмен вольтты аппаратуралардың жай электр конструкцияларының, сондай-ақ электр аспаптар мен іске қосатын реттейтін аппаратуралардың бөлшектерін жасау, құрастыру, сынау және орнату. Өткізгіштердің ұштарын монтаждау және дәнекерлеу. Өткізгіштерді берілген түстерге сырлау. Біріктіру муфтыларының, үштіктер мен қораптардың сегіз тобына дейін жарықтандыру қалқандарын құрастыру және орнату. Жай тәсім сымдарын құрастыру. Панель дайындау, коммуникациялық аппаратура орнату және қоректендіру станциясын монтаждау. Жарық, күш және дабыл қаққыш желілерін жүргізу. Кірпіш және бетон қабырғаларда шлямбурмен және пневматикалық аспаппен ұя салу. Қолмен және станоктарда саңылаулар тесу, ұңғылау, бұранданы кіргізу. Кабель ұштарын қалайылау. Жоғарылау білікті слесарь-электр монтаждаушының басшылығымен күрделі бұйымдар мен электр машиналарын құрастыру, орнату және сынау.

Білуге тиіс: орындалатын жұмыс көлемінде электр техникасының негіздері, қуаттылығы 50 кВт-қа дейінгі күрделі емес электр машиналарының, аспаптардың және іске қосатын аппаратураның құрылысы мен қолдану принциптері және оларды монтаждаудың техникалық шарттары, бұрғылау станоктарында пневматикалық және электр дрельмен жұмыс істеу жолдары, материалдармен жұмыс істеуде қолданылатын қызметі, дәнекерлеу кезінде қолданылатын дәнекер мен флюстар, дәнекерлеу ережесі, газ құбырларда, роликтер мен трос ілмелерде сым төсеу ережесі, электр машиналарын іске қосу ережесі, құрастыру мен монтаждауда қолданылатын слесарлық және бақылау-өлшеу аспаптары, айлабұйымдар мен аппаратура.

Жұмыс үлгілері

1) Амперметрлер, вольтметрлер, электр есептегіштер - желіге қосу;

2) Жарықтандыру осьінің өшіргіштері – орнату;

3) Штепсельді ұяшықтар – панельде құрастыру және орнату;

4) Аппаратураның іске қосылуын реттейтін бөлшектер – жасау;

5) Күш және жарықтандыру қалқаншаларының оқшаулау тақталары-жасау;

6) Түрлі жүйедегі және үлгідегі аспапқа арналған электр магнитті катушкалар – орау және орнына орнату;

7) Динамомашина мен мотор коллекторлары – құрастыру кезінде тазалау)

8) Үстелге қоятын лампалар – құрастыру;

9) Контактілі жапырақшалар – тойтару;

10) Қайта қосылатын люстралар – орнату;

11) Жарық беру желісі – сымды белгілеу;

12) Оқшаулау панельдері – орнату;

13) Жай контактілі панельдер – жасау;

14) Қайта қосқыштар мен реостаттар – орнына орнату және жалпы тәсімге қосу;

15) Клемді платалар – құрастыру және орнату;

16) Қорғағыштар, ауыспалы қораптар, кескіштер – құрастыру және орнату;

17) Тығыздағыш резина – тарату қалқандарына желімдеу;

18) Қарапайым тұрақты және ауыспалы ток релесі – толықтай құрастыру және реттеу;

19) Үш полюсті кескіштер – құрастыру және іске қосуды қиыстыру;

20) Контактілі термобулар – құрастыру;

21) Микрофон тұтқалары, екі контактілі телефон релесі, телефон аппараттары, полярланған қоңыраулар, селекторлық диспетчерлік байланыс жәшіктері, рельсті механизацияланған педальдар, Мелентьев ату жүйесінің бақылау құлыптары, найзағай бұрғыштар, семафорлық қайталағыштар, шарнирлі ататын тұйықтатқыштар – құрастыру және жинақтау;

22) Контактілі шпилькалар, оқшаулағыштар, белгі беру лампалары, қайта қосқыштар, тумблерлер – орнату;

23) Шунттар – орнату;

24) Щетка ұстағыштар – құрастыру.

878. Слесарь–электрмонтажшы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып қуаты 50-ден асатын 100 кВТ-қа дейінгі тұрақты және ауыспалы ток электр машиналарын, орташа күрделіктегі электр аспаптары мен тораптарын монтаждау, құрастыру, сынау және тапсыру. Арнайы айлабұйымдар мен шаблондарды пайдалана отырып күрделі электр аспаптар мен электр машиналарын құрастыру және орнату. Электр жабдығындағы ақаулықтарды монтаждауда анықтау және оларды жою. Сегіз топтан асатын тарату қалқандарын және шина құрамаларын, сондай-ақ жүк көтергіштігі 20 т-ға дейінгі кран электр жабдықтарын, қуаттылығы 300 кВТ-тан асатын дәнекерлеу аппараттарын және қуаттылығы 500 кВТ-қа дейінгі сынап түзулегіштерін монтаждау және орнату. Түрлі кесетін сымдардан жасалған электр тәсімдерін өру және корпустарда толықтай монтаждау. Күш электр құрылғыларына арналған тарату қалқандарының коммутациясы бойынша жұмыс. Ток күші 1000 А-ға дейінгі қоректендіру станциясының аппаратурасын орнату және толықтай байланыстыру. Фидерлі және тарату желісін төсеу. Жоғарылау білікті электр монтаждаушысының басшылығымен күрделі электр жабдықтарын және бұйымдарын құрастыру және орнату.

Білуге тиіс: орындалатын жұмыс көлеміндегі электр техникасының негіздері, қуаттылығы 50-ден жоғары 100 кВТ-қа дейінгі тұрақты және ауыспалы ток машиналарының құрылысы мен жұмыс істеу принципі, орташа күрделіктегі іске қосуды реттейтін аппаратура, электр машинасының жұмысындағы шекті жүктемелер, электр қозғалтқыштың щеткалы механизмін баптау тәсілдері, орау-тығыздау материалдарын өңдеу тәсілдері (сіңдіру, майлау, пісіру, өру және т.б.), шектеулер мен отырғызу жүйесін, электр монтаждауда қолданылатын бақылау-өлшеу және монтаждау аспаптарының, арнайы айлабұйымдар мен жабдықтардың құрылысы мен қызметі, электр жабдықтарын сынаудың техникалық шарттары, жиналатын және жөнделетін аппараттардың, аспаптар мен бақылағыш басқарылатын электр крандарының тәсімдері.

Жұмыс үлгілері

1) Жылжымалы рентген аппаратурасы – құрастыру және реттеу;

2) Диспетчерлік байланыс тарату станцияларының аппараттары мен аспаптары, тіректері, телефон коммутаторларының штативтері – монтаждау;

3) Топтық өшіргіштер – құрастыру, бөлшектеу, жоғары кернеудегі токпен сынау;

4) Қуаты 50-ден асатын 100 кВт-қа дейінгі электр қозғалтқыштар – орнату;

5) Нөмірлері 50-ге дейінгі телефон коммутаторлар, телеграфты және көрсеткіш коммутаторлар, өлшемдік аппараттар, көрсететін реле, реле, топтық қайта қосқыштар – жинақтау және құрастыру;

6) Контакторлар – орнату және реттеу;

7) Тарату қораптары – монтаждау;

8) Контакторлы күрделі панельдер – орнату, іске қосу және сынау;

9) Прожекторлар – монтаждау;

10) Реостаттар мен қосатын контроллерлер – монтаждау;

11) Барлық аспабы бар 20 нөмірге дейінгі корабельді телефон станциялары-толықтай монтаждау;

12) Құбырлар – төсеу;

13) Шиналар – жасау;

14) Тарату шкафтары мен қалқандары - релені, контроллерді, блоктағыштарды, қайта қосқыштарды монтаждау;

15) Бақылау қалқандары – монтаждау;

16) Электр моторлар – мойынтіркетерін ауыстыру.

879. Слесарь–электрмонтажшы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Өндіріс цехтарында және электр станцияларында қуаттылығы 100 кВТ-тан асатын түрлі станоктар мен машиналардағы электр машиналар мен электр жабдықтардың, тұрақты және ауыспалы токты электр машиналарының күрделі тораптарын монтаждау, құрастыру, реттеу және тапсыру. Жекелеген тізбектердегі және бірікпелердің әр түрлеріндегі ток пен сымның кедергілерін, қуаттылығын, кернеулігін, күшін өлшеу. Электр аппаратурасын, сондай-ақ тұрақты және ауыспалы ток ірі электр моторларын құрастыру, орнату және сынау кезінде пайда болатын ақаулықтарды анықтау және оларды жою. Кернеулігі 35 кВ-қа дейінгі жоғары вольтты жабдықтар мен желілерді (іске қосатын және реттейтін аппаратуралы жоғары вольтты электр жабдықтары мен тарату құрылғылары) монтаждау және монтаждан шығару. Желілік және ұштық муфтыларды бөлшектеп, ұзартып және монтаждап және кабельді сынай отырып траншеяларда, туннельдерде, каналдарда және блоктарда кабель жүргізу.Аппаратураны орнату орнын белгілеу. Ток күші 1000 А-дан асатын қоректендіру станциясын толықтай байланыстыру. Май ажыратқыштардың ұяшықтарын жабдықтау. Қуаты 700 кВт-қа дейінгі жоғары жиіліктегі құрылғыларды, қуаты 500 кВт-тан асатын сынап түзулегіштерді, жүк көтергіштігі 20 т-дан асатын кран электр жабдықтарын және ірі әмбебап металл өңдейтін станоктарды монтаждау.

Білуге тиіс: жинақталатын және орнатылатын күрделі машиналардың, жоғары жиіліктегі құрылғылардың, қайта түрлендіргіштердің, күш трансформаторлары мен жоғары вольтты аппаратураның құрылысы мен қызметі, электр жабдықтарын монтаждаудың, машиналардың, агрегаттардың, аппараттар мен электр аспаптарын монтаждаудың кезектілігі, синхронды және асинхронды қуатты машиналардың, қайта түрлендіргіштердің, күш трансформаторлары мен жоғары вольтты аппаратуралардың жұмыс принциптері, үлкен жүк көтергіш крандардың, күрделі станоктардың кіші станциялары жабдықтары, электр жабдықтары, машиналарды монтаждаудың техникалық шарттары, электр жабдықтарының тәсімдері, машиналарды құрастыру және монтаждау кезінде пайда болатын ақаулықтар, және оларды жою тәсілдері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет