Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (63-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер



бет1/3
Дата13.06.2016
өлшемі0.87 Mb.
#131176
  1   2   3




Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2012 жылғы «__»___________

№_________

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай

тарифтік-біліктілік анықтамалығы (63-шығарылым)
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (63-шығарылымы) (бұдан әрі БТБА) «Қала, ауыл және елді мекендердегі газ шаруашылығы», «Су құбыры-кәріз шаруашылығы» бөлімдерінен тұрады.

2. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне бойынша белгіленді.

3. Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың сипаттамасын қамтиды. «Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.

4. «Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды; жарамсыздықтың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатқышты; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

5. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.

6. Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.

7. Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.

8. Кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамалары жұмыстарды тарифтеу және меншік құқығы мен ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, ерекше ескертілген жағдайларды қоспағанда, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда қызметкерлерге разряд беру кезінде міндетті болып табылады.

9. Қызметкердің еңбек кітапшасын толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

10. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш 1-қосымшада көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атаулары, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

11. «Қала, ауыл және елді мекендердегі газ шаруашылығы», «Су құбыры-кәріз шаруашылығы» бөлімдерінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымында көзделген атаулары тізбесі БТБА-ның (63-шығарылым) 2-қосымшасында және 1985 жылғы редакциясында берілген.

2-бөлім. Қала, ауыл және елді мекендердегі газ шаруашылығы
1. Булау құрылғысының аппаратшысы
Параграф 1. Булау құрылғысының аппаратшысы, 4-разряд

12. Жұмыс сипаттамасы:

қазандықтар мен пештерді газбен жабдықтауға арналған жабдықтарға қызмет көрсету;

жабдықтарды іске қосу және тоқтату;

сұйық газдың булануына қажетті технологиялық режимді жабдыққа баптау;

булағышқа қажет бу және сұйық газдың мөлшерін, араластырғыш құрылғысына газ және ауа жіберу;

газ шығынын есептейтін есептегіштер мен үйлестіру-сору желдеткішін қосу және тоқтату;

одоризациялық және кептіргіш құрылғыларды қосу және ажырату;

булау құрылғысының, газ құбырлары арматурасы мен бу құбырларының және ауа құбырларының жабдықтарын жөндеуге қатысу;

қысыммен істейтін ыдыстарды қайта куәландыруға дайындау;

бақылау-есептеу жазбасын жүргізу.

13. Білуге тиіс:

булағыштардың, газ реттейтін жабдықтардың және резервуарлық құрылғының құрылымы, жұмыс принципі мен қызметі;

газ ауа инжекциялық араластырғыш агрегаттарының құрылымы мен қызметі;

бақылау-өлшеу аспаптары мен арматуралардың құрылымы мен қолдану принципі, сұйық газды газ тәріздес қалыпқа айналдыру процесінің технологиясы мен газды ауаға араластыру нормасы;

кептіру және одоризациялық құрылғы құрылымдары;

зертханалық талдауға арналған газ ауа қоспасынан сынама алу аспаптары;

қысыммен істейтін бу, ауа және газ ыдыстарын қайта куәландыру мерзімдері;

бақылау-есептеу жазбаларын жүргізу ережесі.

2. Пеш шаруашылығы бақылаушысы


Параграф 1. Пеш шаруашылығы бақылаушысы, 2-разряд
14. Жұмыс сипаттамасы:

қатты, сұйық және газ тәрізді отынмен жылытылатын пештер мен плиталардың мұржаларын уақытылы тазалануын бақылау. пештерді қатты отыннан газ тәрізді отынға ауыстыруға дайындығын тексеру;

мұржа қақпақтарының шатырда дұрыс орналасуын тексеру және жел тірегішті орнату орнын белгілеу:

мұржалар мен қақпақтарының жарамдылығын «Құбыр-пеш жұмыстары бойынша көрсеткіштерге» сәйкес айқындау;

нұсқаулықтан ауытқу байқалғанда оларды жою.

15. Білуге тиіс:

мұржалар мен желдеткіштерді тексеру және тазалау тәртібі;

газ аспаптарынан жанатын заттарды бұратын мұржалардың құрылымы, газ отынға жабдықталған пештерге қойылатын талаптар.

Параграф 2. Пеш шаруашылығы бақылаушысы, 3-разряд
16. Жұмыс сипаттамасы:

пеш жылытқышын отқа төзімді кірпішпен қалануын бақылау;

мұржалар мен арнайы пештердегі күлді күйдіру;

газ оттықтарын орнатуға қабылдау;

басының биіктігін «Құбыр-пеш жұмыстары жөніндегі көрсеткіштер» мен «Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережесіне» сәйкестігін тексеру, саңылау тесіп шибердің орнатылуын тексеру;

мұржа және пештердің техникалық жағдайы туралы белгіленген форма бойынша актісін жасау.

17. Білуге тиіс:

пеш жұмыстарының түрлері мен оларды жүргізу ережесі, қолданылатын жылыту аспаптарының құрылымдары мен қатты отыннан газ тәрізді отында ауыстырылатын пеш, мұржа және желдеткіш арналарына қойылатын талаптар;

қатты отыннан газ тәрізді отында ауыстырылатын пеш, мұржалардың техникалық жағдайына акті ресімдеу тәртібі.

Параграф 3. Пеш шаруашылығы бақылаушысы, 4-разряд


18. Жұмыс сипаттамасы:

газ тәрізді отынға қайта жабдықталған барлық жүйедегі пештерді сызба бойынша және техникалық шарттар бойынша бақылау;

мұржалардағы, желдеткіш арналардағы күрделі үйінділердің орнын белгілеу және оларды жою;

пештен шығатын мұржаның, газбен жылытылатын су қыздыратын және шаруашылық-тұрмыстық аспаптардың ерекшеліктері мен тығыздығын айқындау;

газ отынмен істейтін пештерді қайта жабдықтауда және пайдалануға қабылдауда техникалық құжаттаманы ресімдеу.

19. Білуге тиіс:

түрлі жүйедегі пештердің құрылымы мен «Құбырпеш жұмыстары көрсеткіштері», «Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережесі», пеш жұмыстары өндірісінде өртке қарсы іс-шаралар;

қажетті техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібі мен жұмысты тапсыру.

3. Газ тарату станциясының машинисі
Параграф 1. Газ тарату станциясының машинисі, 4-разряд
20. Жұмыс сипаттамасы:

сығымдалған газды айдау, қиыстыру-сору желдеткіші жөніндегі компрессорларға, сорғыларға қызмет көрсету;

қызмет көрсетілетін жабдықтарды іске қосу, тоқтату және оның жұмысын қадағалау;

агрегаттардың жұмысын және материалдардың шығымын есептеуді жүргізу;

сорғы-компрессорлық бөлімше агрегаттары мен коммуникацияларын ағымдағы жөндеу.

21. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы мен пайдалану ережесі;

газ тарату және газ толтыру станцияларының, газ құбырларының коммуникацияларының газ құбырлары бойынша сығымдалған газды тасымалдау технологиясы, компрессорлар мен газ құбырлары жүйесінде белгіленген бақылау-өлшеу аспаптары;

компрессорларды, бекіткіш арматуралар мен аппаратураларды жөндеу түрлері;

үйлестіру-сору желдеткішін іске қосу және ажырату тәртібі мен ауа алмастыру нормалары, құрылғыларды ажырататын іске қосқышқа, жарықтандыру арматурасына, электр сымға қойылатын техникалық талаптар;

өртке қарсы керек-жарақтарды пайдалану ережесі.

Параграф 2. Газ тарату станциясының машинисі, 5-разряд


22. Жұмыс сипаттамасы:

сығымдалған газды айдау технологиялық процесін жүргізу. бақылау-өлшеу аспаптары мен қорғау құрылғыларын тексеру;

газ тарату станциялары (ГТС) жабдықтарына қызмет көрсету және баптау;

агрегаттар мен олардың тораптарының жұмысындағы ақаулықтарды айқындау және жою;

компрессорларды, сорғыларды, сорғы-компрессорлық бөлімшелер мен басқа да жабдықтарды күрделі жөндеу өндірісі;

ГТС жабдықтарын жөндеуде ақаулық ведомостісін жасауға қатысу;

ГТС жабдықтарын резервке немесе жөндеуге шығару және қайта қосу;

ауысымдағы машинистердің жұмысын басқару.

23. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымдық ерекшеліктері мен баптау ережесі, компрессорлардың, сорғылардың, аспалы құрылғылардың, үйлестіру-сору агрегаттары мен компрессорлық-сорғылық бөлімшеде орналастырылған басқа да жабдықтардың жұмысындағы барлық ақаулықтарды тексеру және жою тәсілдері;

жоспарлы алдын ала жөндеу және қызмет көрсетілетін жабдықтарды ревизиялау тәртібі;

бақылау-өлшеу аспаптары мен қорғау құрылғыларының құрылымы.

4. Газгольдер станциясының операторы
Параграф 1. Газгольдер станциясының операторы, 2-разряд
24. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті оператордың басшылығымен 250 мың м3-қа дейін көлемдегі газгольдер станциясындағы газды реттеу, өлшеу және есептеу аспаптарына қызмет көрсету және газгольдерді газбен толтыру;

қызмет көрсетілетін жабдықтардың қажалып тұратын бөлшектерін майлау.

25. Білуге тиіс:

станция жабдықтары жұмыстарының технологиялық тәсімі, жер асты газ коммуникацияларының тәсімдері;

бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі;

майлау түрлері мен тәсілдері.

Параграф 2. Газгольдер станциясының операторы, 3-разряд


26. Жұмыс сипаттамасы:

газгольдермен газды толтыру және аумағы 250 мың м3-қа дейінгі газгольдер станциясында газды реттеу, өлшеу және есептеу аспаптарының жұмысын бақылау;

анағұрлым жоғары білікті оператордың басшылығымен 250 мың м3-тан асатын көлемдегі газгольдер станциясындағы газды реттеу, өлшеу және есептеу аспаптарына қызмет көрсету;

газгольдер, сорғы, газ коммуникациялары, блоктау және белгі беру жүйелерінің, көтергіш механизмдердің жұмысын, құдық және шамшырақтардың жай-күйін қадағалау;

газгольдер станциясына газ жіберу режимін сақтауды қамтамасыз ету;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша газгольдердегі газдың температурасын, қысымын және көлемін, май бекіткіштегі майдың деңгейін, шайба, резервуарлардағы судың деңгейі мен температурасын бақылау және реттеу;

газдың шығуын тексеру және жою;

газ қабылдау және шығу қысымын шұғыл есептеуді жүргізу;

аспаптардың көрсеткіштерін шұғыл журналға тіркей отырып өңдеу және мәліметтерді орталық диспетчерлікке жіберу.

27. Білуге тиіс:

газгольдер құрылымы мен жұмысының режимі, станция жабдықтары жұмыстарын қайта қосу ықтимал нұсқалары, газ жіберу режимі;

қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы;

тіркейтін аспаптардың диаграммасын өңдеу ережесі;

станция жұмыстарын шұғыл есептеу жүргізу тәртібі;

газгольдер толтыру және босатудың рұқсат етілген шегі, газгольдерлерде сақталатын газдың қасиеті.

Параграф 3. Газгольдер станциясының операторы, 4-разряд
28. Жұмыс сипаттамасы:

газгольдермен газды толтыру және аумағы 250 мың м3-тан асатын газгольдер станциясында газды реттеу, өлшеу және есептеу аспаптарының жұмысын бақылау. тіркейтін аспаптардың көрсеткіштерін оларды планиметриялап және қажетті түзетулер енгізе отырып өңдеу;

газгольдер станциясындағы газдың іс жүзінде шығуын және қалдық газды айқындау;

газгольдер станциясының қорғау құрылғыларының кезеңді тексерулеріне қатысу және құдықтардың, өндірістік орынжайлардың және станция имараттарының газделуін тексеру;

резервуарларды кезеңімен куәландыруда газгольдер станциясының ішін тексеруге қатысу;

станция жұмысының есеп құжаттарын және жұмыс кестесін жасау;

пиролиз газ бөлу өндірісінде газгольдерге қызмет көрсету.

29. Білуге тиіс:

жер асты газ коммуникациялары мен имараттардың тәсімдері;

газгольдер станциясы жабдықтарының құрылымы мен орналасуы;

станция жабдықтары мен аспаптарының өзара іс-әрекеті;

газбен жабдықтау және газгольдер станциясын газбен толтырудың берілген режимінің бұзылуына әкеп соғатын себептер;

түрлі үлгідегі газ талдағыштардың құрылымы;

талдау нәтижелері бойынша қажетті есептер жүргізу ережесі.

5. Газ шаруашылығында авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесары
Параграф 1. Газ шаруашылығында авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесары, 4-разряд
30. Жұмыс сипаттамасы:

диаметрі 500 мм-ге дейінгі төмен және орта қысымдағы істеп тұрған газ құбырларда авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындау;

конденсат жинағыштардан газ конденсатын шығару;

крандарды майлау, газ құбырларының герметикалығын сынау, оларды үрлеу және булау;

авариядан тазарту үшін жер асты газ құбырлары трассасындағы шурфтарды қазу;

газ аппаратурасын, тамақ пісіретін қазандықтарды, топтық сұйық газ баллон құрылғыларын, сондай-ақ газ тұтыну пештерінде және өнеркәсіптік, коммуналды-тұрмыстық және ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен мекемелерінің басқа да агрегаттарына орналастырылған газ жабдықтарын қалпына келтіру жөніндегі жөндеу жұмыстарын орындау;

газды желіге жіберу және газ жабдықтары желісіне қосу.

31. Білуге тиіс:

тұрмыстық газ аппаратурасының, пәтерлердегі автоматты жылыту қазандықтарының, тамақ пісіретін қазандықтар мен сұйық газ топтық баллон құрылғыларының құрылымы, техникалық пайдалану және жөндеу ережесі;

газды желіге жіберу, газ жабдықтарын монтаждау және желіге қосу ережесі;

газ құбырлары мен коммуникацияларының орналасу тәсімі, резервуарлардың және басқа да қысыммен істейтін ыдыстардың құрылымы және қауіпсіз пайдалану жөніндегі қазандықты қадағалау ережесі;

диаметрі 500 мм-ге дейінгі төмен және орта қысымдағы істеп тұрған газ құбырларда авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу ережесі, газ құбырларын үрлеу, булау және герметикалығын сынау ережесі, авариялық газ құбырлардағы уақытша байпастардың құрылымы;

шойын газ құбырлардың келте құбыр қоспаларындағы жөндеу жұмыстары мен газ құбырларда муфталар орнату тәсілдері;

монтаждаудың және жер асты газ құбырларын пайдаланудың техникалық шарттары.

Параграф 2. Газ шаруашылығында авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесары, 5-разряд
32. Жұмыс сипаттамасы:

диаметрі 500 мм-ден жоғары төмен және орта қысымдағы және 500 мм-ге дейінгі диаметрдегі жоғары қысымды істеп тұрған газ құбырларда авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындау;

газ шығатын учаскелерді оқшаулау;

газ құбырларына тығыздау, күшейту, жапсырмалы муфталар мен бандаждарды орнату;

тікелей істейтін газ құбыры трассасында үлгілік бөліктер мен жекелеген бөлшектерді белгілеу, жасау және монтаждау;

газ құбырлары тораптары эскиздерін және оның қималарын жасау;

жер асты газ құбырларының орналасуын айқындау, газ құбырларының жай-күйін және оның оқшаулануын электронды аспаптармен тексеру;

істейтін газ құбырларды кесу және демонтаждау слесарлық жұмыстарын орындау. газ толтыру станцияларындағы аварияларды жою жөніндегі жұмыстарды орындау және пневмомеханикалық және электр автоматикалы газ жабдықтарын қалпына келтіру.

33. Білуге тиіс:

автоматты ресторандағы газ плиталарының, газделген жылыту өнеркәсіптік қазандық агрегаттарының, аулалық сұйық газ резервуар жабдықтарының, булағыштар мен жылу алмастырғыштар, газгольдерлік құрылғылар мен қазандықтардағы, пештердегі және басқа да газ жабдықтары автоматикасының құрылымы, техникалық пайдалану және жөндеу ережесі;

диаметрі 500 мм-ден жоғары төмен және орта қысымдағы және 500 мм-ге дейінгі диаметрдегі жоғары қысымды істеп тұрған газ құбырларда авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу ережесі, істеп тұрған газ құбырларын кесу және қайта қосу тәсілдері мен ережесі, қысымын төмендетпей істеп тұрған газ құбырларын кесуге арналған айлабұйымдардың құрылымы; авариядан кейін газ құбырлары мен олардағы имараттардың герметикалығын сынау және пайдалануға беру ережесі;

электронды аспаптардың құрылымы, газ құбырлары тораптары мен қималары эскиздерін жасау техникасы;

металл және электр техникасы технологиясы негіздері, газ құбырларының, газ тарату және газ толтыру станцияларының техникалық тәсімдері, резервуарлар мен басқа да газ жабдықтарын куәландыру және сынау ережесі.

Параграф 3. Газ шаруашылығында авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесары, 6-разряд


34. Жұмыс сипаттамасы:

диаметрі 500 мм-ден жоғары диаметрдегі жоғары қысымды істеп тұрған газ құбырларда және металл емес газ құбырларда авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындау;

тікелей істейтін газ құбыры трассасында ерекше ірі үлгілік бөліктер мен жекелеген бөлшектерді белгілеу, жасау және монтаждау;

істеп тұрған газ құбырлары және газ тұтынатын жабдықтарда катодты, протекторлық және дренажды электр қорғау құрылғыларын, автоматика және телемеханикалық құрылғыларды ажырату, баптау және қосу;

газ жабдықтарын электрлі қорғау жөніндегі жұмыстарды өндіру;

газгольдер станцияларындағы аварияларды жою жөніндегі жұмыстарды орындау;

газ құбырларының жай-күйін және оны оқшаулауды диагностикалық аспаптармен айқындау;

аварияны жою, автоматика және телемеханика жабдықтарын баптау және іске қосу жұмыстарын басқару.

35. Білуге тиіс:

диаметрі 500 мм-ден жоғары жоғары қысымдағы істеп тұрған газ құбырларда авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу ережесі, газ құбырларының және электрмен қорғау құралдарының тәсімі;

істеп тұрған газ құбырларын кесу және қайта қосу тәсілдері мен ережесі, жер асты газ құбырларындағы күрделі жабдықтардың құрылымдық ерекшеліктері мен оны жөндеу ережесі, газ құбырларының сызбалары (жоспар, кескін, тәсім) мен газ құбырларының күрделі тораптары мен қималарын жасау ережесі;

телемеханика және автоматика жүйелерімен жабдықталған газ реттегіш станциялар мен қазандықтардағы газ жабдықтары мен автоматиканы баптау ережесі;

электр құрылғыларында жұмыс істеу, телемеханика және автоматика жүйелері жабдықтары мен аппаратураларын баптау ережесі, күрделі бақылау-өлшеу және диагностикалық аспаптарды баптау және реттеу ережесі;

катодты, электр дренажды қорғау құрылғыларының принципиальды тәсімдері мен ерекшеліктері.

6. Жер асты газ құбырларын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарь
Параграф 1. Жер асты газ құбырларын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарь, 2-разряд
36. Жұмыс сипаттамасы:

жер асты газ құбырларына және олардың имараттарына: коверлер, құдықтар, конденсатор жинағыштар, гидротығындарға қызмет көрсету;

құдықтардағы, жертөлелердегі және бақылау түтіктеріндегі газды газталдағыштармен өлшеуге қатысу;

құдықтардың ауасын тазарту;

сақтандыру белгілерін және қабырға көрсеткіштерін орнату;

жөндеу, оқшаулардың зақымданған жерлерін, кесінділерді қалпына келтіруде қосымша және слесарлық жұмыстарды орындау және істеп тұрған газ құбырларын қайта қосу;

газ құбырлардағы газдың шығуын тексеру.

37. Білуге тиіс:

газ құбырлары мен трассада қызмет көрсету учаскелерінің имараттары коммуникациялары;

газ құбырларындағы газдың шығуын айқындау ережесі;

коверлерді орнатудың техникалық талаптары, газделген құдықтардың ауасын тазарту тәсілдері, газ талдағыштардың құрылымы мен пайдалану ережесі, жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесі.

Параграф 2. Жер асты газ құбырларын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарь, 3-разряд


38. Жұмыс сипаттамасы:

200 мм-ге дейінгі төмен қысымдағы істеп тұрған газ құбырларын жөндеуде слесарлық жұмыстарды орындау. газ құбырлары трассаларына және олардың имараттарына қызмет көрсету;

төмен қысымды конденсат жинағыштардан конденсатты алып тастау;

газ құдықтардың, конденсат жинағыштар мен арматураның жарамдылығын тексеру;

трасса айналмасы нәтижелерінің жабасын жүргізу;

төмен қысымды газ құбырлардағы линза конденсаторлар мен ысырмаларды қысыммен монтаждау және демонтаждау;

төмен қысымды газ құбырлардағы газ шығаратын жерлерін бекіту;

газ құбырларынан газ ауа қоспасын шығару, көсеу және газ құбырларын тазалау;

жер асты газ құбырларында оқшаулауды қалпына келтіру;

бақылау тексеру орынжайлары мен құдықтарындағы газ ауа қоспасынан сынама алу;

сыйымдылықтардың шығын-редукциялық қақпақтарындағы манометр көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру;

газ құдықтарды жөндеу;

газ құбырлары мен олардағы имараттарда алдын ала және ағымдағы жөндеу;

газ құбырларының тереңдігіне ұңғыма бұрғылау;

газ құбырларын оқшаулау және жай-күйін байқау;

газ құбырларындағы газдың қысымын өлшеу.

39. Білуге тиіс:

газ құбырлары мен имараттарында жұмыс жүргізу ережесі;

жер асты газ құбырларының қызметі мен арматура құрылымы;

газ құбырлары имараттарындағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері;

қысым реттегіштердің, манометрлердің, қорғау клапандары мен шығын-редукциялық қақпақ тығын арматураларының құрылымы, конденсат жинағыштардан конденсатты жою тәсілдері мен ережесі, орынжайлар мен құдықтарда бақылау тексеру үшін газ ауа қоспасынан сынама алу тәсілдері, төмен қысымды істеп тұрған газ құбырларда кесінділер мен қайта қосу үлгілері және газ құбырлары тораптарының тығыздығын тексеру тәсілдері, тотқа қарсы оқшаулау үлгілері;

оларды газ құбырларға жағу тәртібі мен қолдану тәртібі, ұңғыма бұрғылау ережесі, газ құбырлардағы тығындарды анықтау және жою тәсілдері, тығындарды жоюға арналған еріткіштердің қасиеттері, оларды қолдану, сақтау тәртібі.

Параграф 3. Жер асты газ құбырларын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарь, 4-разряд
40. Жұмыс сипаттамасы:

500 мм-ге дейінгі төмен қысымдағы істеп тұрған газ құбырларын жөндеуде слесарлық жұмыстарды орындау;

жоғары және орта қысымдағы газ құбырлары трассаларында конденсат жинағыштарды байқау, тексеру, ауыстыру және орнату, олардағы конденсатты жою;

конденсат жинағыш стояктарындағы анықталған ақаулықтарды жою;

газ құбырларының айналымының кестесін және бағдар карталарын жасау;

газ құбырларының тығыздығын сынау, үрлеу және булау;

жер асты газ құбырларын жөндеуге күрделі слесарлық жұмыстарды орындау, газдың шығуын және бекітілуін болдырмау;

линзалық компенсаторларды, конденсат жинағыштар, гидротығындарды және ысырмаларды газдың орта және жоғары қысымымен монтаждау және демонтаждау;

жер асты газ құбырларының орналасуын айқындау, оларды оқшаулау қалпын электронды аспаптармен тексеру;

ашылған учаскені оқшаулау арқылы газ құбыры трассасын шурфалау;

құбырларды дәнекерлеуге дайындау және ортасын дәлдеу;

жоғары қысымды газ құбырларында крандарды майлау;

газ құбырлары трассаларының жанындағы бөгде ұйымдардың жұмысын өндіруде газ құбырларының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау.

41. Білуге тиіс:

газ құбырлары трассаларында жұмыс жүргізу ережесі, орта және жоғары қысымды конденсат жинағыштардан конденсатты жою ережесі мен тәсілдері, жер асты газ құбырларындағы жұмыстарда қолданылатын барлық жүйедегі газ талдағыштардың құрылымы мен жұмысын тексеру, газ құбырларын үрлеу, сынау және булау тәсілдері мен ережесі, жер асты газ құбырларын монтаждау, сынау және пайдалануға берудің техникалық шарттары, күрделі жөнделетін газ құбырларындағы уақытша байпастардың құру ережесі мен тәсілдері, шойын газ құбырларының келте құбыр қоспаларын жөндеу тәсілдері мен ережесі;

шойын газ құбырларды жөндеу түрлері, диаметрі 500 мм-ге дейінгі жоғары және орта қысымды құбырлардағы кесінділер мен қоспаларды өндіру ережесі, газ құбырларын оқшаулау жай-күйін бақылау электронды аспаптардың құрылымы мен жұмысы; диаметрі 500 мм-ге дейінгі орта және жоғары қысымды істеп тұрған газ құбырларда жөндеу түрлері;

орта және жоғары қысымды барлық диаметрдегі газ құбырларға тығыздау муфталарын орнату тәсілдері, диаметрі 500 мм-ге дейінгі орта және жоғары қысымды газ құбырларының линзалы компенсаторлары мен бекіткіш арматураларын монтаждау және демонтаждау құрылымы мен ережесі.

Параграф 4. Жер асты газ құбырларын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарь, 5-разряд


42. Жұмыс сипаттамасы:

500 мм-ден жоғары орта және жоғары қысымдағы істеп тұрған газ құбырларын жөндеуде слесарлық жұмыстарды орындау;

газ құбырларында тығыздау, күшейту, жапсырмалы муфталар мен бандаждарды орнату;

жер асты газ құбырларын оқшаулау;

газ құбырларының ірі үлгілік бөлшектерін және бөлшектерін тікелей трассаларда белгілеу, жасау және монтаждау;

газ құбырлары мен кесінділердің жекелеген күрделі тораптарының эскиздерін жасау;

оқшаулау жай-күйін айқындау және жерасты газ құбырларының герметикалығын электронды аспаптармен тексеру;

газ құбырларының тығыздығын сынау, үрлеу және булау;

төмен қысымдағы конденсат жинағыштардың, түтіктер мен өткізгіштердің су өткізетін түтіктерін ұзартуда ерекше күрделі слесарлық жұмыстарды орындау;

орта және жоғары қысымды конденсат жинағышты демонтаждау, ауыстыру және монтаждау;

төмендеу білікті слесарлардың жұмысын басқару.

43. Білуге тиіс:

диаметрі 500 мм-ден жоғары істеп тұрған орта және жоғары қысымды газ құбырларды кесу, оқшаулау және қайта қосу тәсілдері мен ережесі;

газ құбырларын үрлеу ережесі мен тәсілдері, сынау және булау, газ құбырларын герметикалығын электронды аспаптардың құрылымы мен жұмысы, диаметрі 500 мм-ден жоғары конденсат жинағыштар, ысырмалар, өздігінен майлайтын крандарды монтаждау және демонтаждау тәртібі, қысымды төмендетпей газ құбырларын кесуге арналған айлабұйымдардың құрылымы және осындай газ құбырларын жөндеу ережесі;

пісіруге арналған күрделі және ірі үлгілік бөлшектерді белгілеу, өңдеу және құрастыру техникалық шарттары, газ құбырлары мен олардың имараттарын монтаждау, сынау және пайдалануға тапсырудың техникалық шарттары, жер асты газ құбырларында орнатылған ерекше күрделі жабдықтардың құрылымдық ерекшеліктері мен оны жөндеу ережесі;

газ құбырларының сызбаларын (жоспар және кескін) оқу, күрделі тораптардың эскиздерін жасау және газ құбырларының қималарын жасау.

7. Газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу жөніндегі

слесарь
Параграф 1. Газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу жөніндегі

слесарь, 2-разряд
44. Жұмыс сипаттамасы:

жетілдірілген және автоматты құрылғылармен жабдықталмаған тұрмыстық газ плиталарын ауыстыру жөніндегі слесарлық жұмыстарды орындау, бұл плиталар мен үй ішіндегі арматуралы газ құбырларына қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу;

инертті газбен үрлей отырып сұйық газға арналған баллондардың ішкі жағын булау;

баллондардың жіктерін пісіруге дайындау;

баллондарды тігуге және оларға башмақтар мен бобышкалар пісіруге қатысу;

бояудан алдын баллондарды дайындау, баллон башпақтарын түзету;

тығыздаушы муфталардағы қылтанақтарды алып тастау;

газбен дәнекерлеу үшін сымды дайындау;

баллондарға вентильдерді орнату және баллондарды өлшеу;

баллондарды ауыстыру және профилактикалық жөндеу және газ аспаптарын пайдалану ережесі бойынша абоненттердің инструктажын жүргізу;

белгі қою.

45. Білуге тиіс:

тұрмыстық газ плиталарының, үй ішілік газ құбырларының құрылымы мен техникалық пайдалану және жөндеу ережесі және олардың арматуралары, баллондар мен олардың вентильдерінің үлгілері мен құрылымы; баллондарды жөндеуде қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары, механизмдер мен айлабұйымдардың қызметі және пайдалану ережесі, баллондар мен муфталардағы қылтанақтарды жою тәсілдері;

газ дәнекерлеуде қолданылатын сымның қызметі.

Параграф 2. Газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу жөніндегі

слесарь, 3-разряд


46. Жұмыс сипаттамасы:

жартылай автоматты газ су қыздырғыштарды ауыстыру жөніндегі слесарлық жұмыстарды орындау, барлық жүйедегі тұрмыстық газ плиталарына, кір жуу машиналарына, тоңазытқыш және инфрақызыл сәулелену жанарғысына қызмет көрсету, реттеу және ағымдағы жөндеу;

редукторларды ауыстыру, тұрмыстық аспапқа газды жіберу, газгольдер және газ тарату станцияларындағы газ құбырлары мен бекіту арматурасына қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу;

газгольдерлерді, газ тарату станциялары мен сұйық газдың топтық құрылғыларын ішкі станциялары мен гидравликалық сынауға дайындау;

газ реттеу пункттерді жабдықтарды жұмысын тексеру.

47. Білуге тиіс:

тұрғын үйді газбен жабдықтау ережесі, үй ішілік газ жабдығын пайдалану ережесі;

газ аспаптарын жөндеу түрлері, газгольдерлік және газ тарату станцияларының газ құбырларының технологиялық тәсімдері, газгольдерлік және газ тарату станциясы коммуникациялары мен жабдықтарды ағымдағы жөндеу ережесі;

станциялардағы резервуарлар мен басқа да жабдықтарды куәландыру және сынау ережесі;

газ реттеу пункттерінің жабдықтарының жұмыс істеу принципі, теңшеу және ағымдағы жөндеу;

қысыммен істейтін ыдыстардың құрылымы мен қауіпсіз пайдалану ережесі.

Параграф 3. Газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу жөніндегі

слесарь, 4-разряд
48. Жұмыс сипаттамасы:

газбен істейтін және автоматты су қыздырғыштарды ауыстыру жөніндегі слесарлық жұмыстарды орындау, оларға, жылыту пештерінің жанарғыларына, автоматикалық пәредегі жылыту қазандықтарына, тамақ пісіретін қазандықтарға, ресторандық плиталарға, сұйық газ топтық баллон құрылғыға, газ жабдықтарына және газ реттеу пункттерінің санитарлық-техникалық жабдықтарына (түрлі үлгідегі реттегіштер, бекіту-қорғау арматурасы, негізгі және импульсті газ құбырлары) қызмет көрсету, реттеу және жөндеу;

істеп тұрған газ құбырларын кесу жөніндегі слесарлық жұмыстарды орындау;

сұйық газға арналған орталықтан тебетін және поршендік сорғылардың, компрессорлардың барлық түрлерін жөндеу, булау құрылғысына, өздігінен жабылатын баллон вентилдері клапандарына қызмет көрсету, жөндеу;

құрылыста істеп тұрған жаңа газ реттейтін пункттер мен станцияларды қайта құрудағы монтаждау жұмыстарын орындау;

топтық газ баллондық құрылғыларды монтаждау;

мекемелерде және коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарда орнатылған газ жабдықтарының барлық түрлерін, сондай-ақ автоматикасыз қазандықтарға газ жіберу, қызмет көрсету және жөндеу.

49. Білуге тиіс:

тұрғын үйді, коммуналды тұрмыстық кәсіпорындар мен қазандықтарды газбен жабдықтау ережесі, автоматикалы тұрмыстық және коммуналды тұрмыстық газ аспаптардың құрылымы мен қолдану принципі, тұрғын үйді, коммуналды тұрмыстық кәсіпорындар мен қазандықтарда орналастырылған газ жабдықтарын монтаждау және газ жіберу ережесі;

желілік және сұйық газ аспаптарының түрлері мен жөндеу тәсілдері;

газ реттегіш пункттердің санитарлық-техникалық құрылғыларының құрылымы, қолдану принципі, жөндеу ережесі, сұйық газ тарату станцияларындағы орталықтан тебетін және поршенді сорғылардың, булау құрылғыларының, компрессорлардың құрылымы, монтаждау және жөндеу.

Параграф 4. Газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу жөніндегі

слесарь, 5-разряд
50. Жұмыс сипаттамасы:

газ реттеу пункттері жабдықтары мен автоматиканы теңшеу және баптау жөніндегі слесарлық жұмыстарды орындау. автоматикалы тамақ пісіретін қазандықтар мен ресторан плиталарына қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу;

істеп тұрған газ құбырларды кесу жөніндегі слесарлық орта күрделіктегі және күрделі жұмыстарды орындау;

газгольдерлік және газ тарату станцияларында Мемлекеттік техникалық қадағалау инспекторлық тексеруге жататын жабдықтарды тапсыруға дайындау және қатысу;

газгольдерлік, газ тарату және газ реттеу станцияларының жабдықтары мен жер асты коммуникацияларын демонтаждау, монтаждау, жөндеу кезінде слесарлар бригадасын басқару;

тұратын ғимараттардың, электр станциялардың, коммуналды тұрмыстық және өнеркәсіптік кәсіпорындардың қазандықтарына газ жіберу, газ жабдықтарына, пневматикалық және электрлік автоматикаларға қызмет көрсету және жөндеу, қазандықтарды, қазандықтардың газ жағу құрылғыларының жұмыс істеуін сынау және (іске қосқанда және ажыратқанда) баптау;

бақылау-өлшеу аспаптарын баптау;

ауладағы резервуарлық сұйық газ құрылғыларын толтыру, олардағы қалдықтарды шығару, сол құрылғыларды кезеңімен куәландыруға дайындау;

булау құрылғыларын іске қосу және реттеу;

қазандық, реттегіш және резервуарлық құрылғылардың газ жабдықтарын жөндеуге ақау ведомостілерін жасау.

51. Білуге тиіс:

металл және электр техникасы негіздері, ақауларын табу тәсілдері мен жою ережесі;

газгольдерлік, газ тарату және газ реттеу станцияларындағы жабдықтарды сынау және баптау;

газ отынмен жұмыс істейтін станциялар мен қазандықтардың бақылау-өлшеу аспаптарын монтаждау, жөндеу ережесі мен мемлекеттік тексеруге тапсыру, газдалған қазандықтардың автоматиканың құрылымы, пайдалану, жөндеу және баптау ережесі;

сұйық газ, булағыш, жылу алмастырғыштардың ауладағы резервуарлық құрылғылары жабдықтарының құрылымы мен пайдалану ережесі.

8. Электргазбен пісіруші – оюшы


Параграф 1. Электргазбен пісіруші – оюшы, 4-разряд
52. Жұмыс сипаттамасы:

төмен қысымдағы істеп тұрған газ құбырлардағы, шойын түтіктердегі және орта және жоғары қысымдағы газ құбырлардағы саңылауларды кесу және қағу;

анағұрлым жоғары білікті электрмен газбен пісіруші оюшының басшылығымен істеп тұрған газ құбырлардағы кесінділерді орындау;

резина тығын, бөгет орнату;

шойын құбырларды, сондай-ақ қысымда тұратын құбырларды кесу және газ құбыржолдарындағы кесілген терезелерді пісіруге тораптар мен жиектерін дайындау;

газ қауіпті жұмыс өндірістерінде аспаптар мен материалдарды дайындау;

істеп тұрған газ құбырларындағы қысымды өлшеу;

газ құбырларындағы бекіту құрылғылары мен тығындардың хал-жайын, артық қысымның болуын тексеру;

газ құбырларын кез келген жағдайда газбен және электрмен пісіру;

конденсат жинағыштарды, гидротығындарды дайындау, пісіру және сынау;

тиісті электродтар мен сымдарды іріктеу;

төмен, орта және жоғары қысымдағы газ құбырларының күшейткіш муфталарын орнату және газдың шығуын болдырмау;

газ құбырларын үрлеуге қатысу;

жандырғылар мен кескіштерді ағымдағы жөндеу;

қарапайым сызбаларды оқу;

кесу кезінде құбырларды белгілеу және қиыстыру.

53. Білуге тиіс:

пісірілетін бөлшектердің конфигурациясы мен қалыңдығына байланысты металлды пісіру режимін орнату тәсілдері, газбен пісіру және кесудің негізгі түрлері мен режимі;

газэлектрмен пісіру және газэлектрмен кесу аппаратурасының құрылымы мен қызмет көрсету және оны пайдалану және жөндеу ережесі;

оттекті, ацетиленді баллондар мен газ генераторларын тасымалдау және қызмет көрсету ережесі;

сұйық газбен метал кесу ережесі;

құбырлар мен үлгілік бөлшектердің сұрыптылығы;

газ құбырларын сынау ережесі;

істеп тұрған газ құбырларда жұмыс істеу ережесі.

Параграф 2 Электргазбен пісіруші – оюшы, 5-разряд
54. Жұмыс сипаттамасы:

жұмыс істеп тұрған төмен және орта қысымдағы газ құбырларды оюды орындау;

шойын құбырларды пісіру;

газ құбырларын кез келген жағдайда газбен және электрмен пісіру;

орынжайлардың ішіндегі газ құбырларын кесу;

конденсат жинағыштарды, гидротығындарды, иілген және шығыңқы тығындарды кесу;

катушкаларды пісіру;

жоғары қысымдағы бекітпелер мен компенсаторларды ою;

орта күрделіктегі сызбаларды оқу.

55. Білуге тиіс:

орташа қысымда істейтін құбырлар мен ыдыстарды пісіру ерекшеліктері;

пісірілетін бөлшектердің конфигурациясы мен қалыңдығына байланысты металлды пісіру режимін орнату тәсілдері;

пісірілетін металлдардың технологиясы; түрлі үлгідегі газэлектрмен пісіру және газэлектрмен кесу аппаратурасын пайдалану және жөндеу ережесі;

болат және шойынды пісіру жұмыстарының түрлері мен режимі;

қысыммен істейтін жауапты жіктерді бақылау және сынау тәсілдері, газ құбырларын сынау ережесі;

істеп тұрған газ құбырларда жұмыс істеу ережесі.

Параграф 3. Электргазбен пісіруші – оюшы, 6-разряд
56. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары қысымдағы істеп тұрған газ құбырларында ою жұмыстарын орындау;

орынжай ішіндегі істеп тұрған газ реттегіш станцияларының, газ толтырғыштар мен газ таратқыш станцияларының газ құбырларын және қысымдағы компрессорлық бөлімшелерді пісіру;

сұйық газ салынған баллондарды, сұйық газ резервуарларын, газгольдерлер мен басқа да қысыммен істейтін ыдыстарды пісіру;

түрлі қалыңдықтағы болаттан жасалған бұйымдарда түрлі жағдайдағы пісіру жіктерін жасау әдісімен пісіру жұмыстарын орындау;

қысыммен істейтін жұмысқа арналған түрлі конфигурациядағы ерекше жауапты электрмен пісіру;

орынжай ішілік газ құбырлары тораптарын ауыстырудағы газ қауіпті жұмыстар;

түсті металдарды пісіру;

автоматпен, флюс қабатының астынан, газдан қорғалған жерлерде және су астында пісіру;

жанарғыларды, кескіштер мен басқа да газбен пісіру жабдықтарын ашпай редукторларды жөндеу;

табылған пісіру бірікпелерінде және балқытылған металл ақауларын айқындау және түзету;

күрделі сызбаларды оқу;

электр газ пісірушілерінің жұмысын басқару.

57. Білуге тиіс:

жоғары қысымда істейтін құбырлар мен ыдыстарды пісіру ерекшеліктері;

жұқа қабатты бөлшектерді пісіру технологиясы, жоғары қысымды пайдаланылатын газ құбырларында, газ реттеу, газ толтыру станцияларында, компрессорлық бөлімшелер мен басқа да орынжайларда сұйық газ резервуарларын және газгольдер жөндеу кезінде жұмыстарды орындау тәртібі, пісіру қоспалары ақауларының сыныптауышы, оларды айқындау және жою әдістері, болат, шойын және түсті металдарға арналған газбен пісіру жұмыстарының түрлері мен режимі;

материалдардың мемлекеттік стандарттары, электр техникасы, металл өңдеу және металл технологиясы негіздері.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет