Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (38-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер



бет7/8
Дата13.06.2016
өлшемі1.23 Mb.
#131241
1   2   3   4   5   6   7   8

Параграф 2. Қарындаштарды, өзекшелер мен таяқшаларды

қайраушы, 3-разряд
575. Жұмыс сипаттамасы:

қарындаштар мен өзекшелерді автоматта қайрау;

өзекшелер мен қарындаштарды қайрау үшін автоматтың магазиніне тиеу;

қайрау процесінде қисық, сынған (брак) өзекшелерді сұрыптау;

қайралған қарындаштар мен өзекшелерді автомат магазинінен түсіру;

қайралған өзекшелерді қағазға буып-түю және оларды буып-түйетін орынға тасымалдау;

өзекшелер мен қарындаштардың дұрыс қайралуын бақылау;

барабандағы ажарлағыш қабықшаларды ауыстыру.

576. Білуге тиіс:

қайрау автоматтарының құрылғысы;

автоматтың жұмысын реттеу және ұсақ кінәраттарды жою ережесі;

өзекшелер мен қарындаштарды қайрауға қойылатын техникалық шарттар.

89. Қарындаш тақтайшаларын калибрлеуші
Параграф 1. Қарындаш тақтайшаларын калибрлеуші, 2-разряд
577. Жұмыс сипаттамасы:

станокта тақтайшаларын калибрлеу;

калибрлеуге келіп түскен тақтайшаларды сұрыптау;

тақтайшаларды жинау және түсіру.

578. Білуге тиіс:

калибрлеу станогының құрылғысы;

станок жұмысындағы ұсақ кінәраттарды жою;

тақтайшаларға қойылатын техникалық шарттар;

сүрек ақаулары;

калибрлеу кезінде брактың пайда болу себебі және оларды жою тәсілдері.

Параграф 2. Қарындаш тақтайшаларын калибрлеуші, 3-разряд
579. Жұмыс сипаттамасы:

фрезерлі жартылай автоматта тақтайшаларды калибрлеу;

калибрлеуге келіп түскен тақтайшаларды сұрыптау;

қарындаш тақтайшаларын тиеу және түсіру;

фрезерлі жартылай автоматтың жұмыс істеу режимін теңшеу және реттеу;

фрезерлі жартылай автоматпен орындалатын әр бір технологиялық операцияда өңдеу сапасын бақылау,

фрезерлі жартылай автоматтың жұмысын бақылау-өлшеу аспаптарымен бақылау.

580. Білуге тиіс:

фрезерлеу автоматының құрылғысы және техникалық сипаттамасы;

фрезерлі жартылай автоматты іске қосу, баптау және басқару амалдары мен тәртібі;

пневмо-электр автоматтың негіздері;

кескіш құрал, бақылау-өлшеу аспаптары және қарындаш тақтайшаларын өңдеудің техникалық режимі.

Параграф 3. Қарындаш тақтайшаларын калибрлеуші, 4-разряд
581. Жұмыс сипаттамасы:

автоматты желілерде қарындаш тақтайшаларын калибрлеудің технологиялық процесін жүргізу;

калибрлеуге келіп түскен тақтайшаларды сұрыптау;

қарындаш тақтайшаларын тиеу және түсіру;

автоматты желілердің станоктары мен агрегаттарының жұмыс істеу режимін теңшеу және реттеу;

бақылау-өлшеу аспаптары мен электрмен қадағалау жүйелерінің көрсеткіштері бойынша желінің жұмысын бақылау;

желі орындайтын әр бір технологиялық операцияларды өңдеу сапасын бақылау.

582. Білуге тиіс:

желі жабдықтарының құрылғысы және техникалық сипаттамасы;

желіні іске қосу, баптау және басқару амалдары;

пневмо-электр автоматика негіздері;

кескіш құрал, бақылау-өлшеу аспаптары мен қарындаш тақтайшаларын өңдеудің технологиялық режимі,

сүрек ақаулары,

калибрлеу кезінде брактың пайда болу себептері және оларды жою тәсілдері.

90. Қарындаш пен өзекшелерді жинақтаушы
Параграф 1. Қарындаш пен өзекшелерді жинақтаушы, 2-разряд
583. Жұмыс сипаттамасы:

қарындаштар мен өзекшелерді қораптарға, бумалар мен пеналдарға түстері, градациясы мен ассортименті бойынша қолмен жинақтау және жинау;

қарындаштар салынған қораптарды, бумалар мен пеналдарды бумаларға жинау, бумаларды кендір жіппен байлау, кейін оларды қатарларға, жәшіктерге жинау;

паспортты қораптарға, бумалар мен пеналдарға салу;

реквизиттер толтырылған этикеткаларды бумаларға, жәшіктерге жабыстыру.

584. Білуге тиіс:

өзекшелерге, қарындаштар мен тараларға қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар;

шығарылатын өнімінің ассортименті.

Параграф 2. Қарындаш пен өзекшелерді жинақтаушы, 3-разряд
585. Жұмыс сипаттамасы:

жинақтаушы машинада қарындаштарды қораптарға немесе бумаларға түстері, градациясы және ассортименті бойынша жинақтау және жинау;

жинақтаушы машинаның бункерлеріне қарындаштарды түстері бойынша тиеу, қарындаш жиынтығын тасымалдағыш лентадан түсіру, оларды қораптарға немесе бумаларға жинау және қораптарды немесе бумаларды жабу;

қарындаш салынған қораптар мен бумаларды тара бумасына салу, бумаларды кендір жіппен байлау немесе лентамен жабыстыру және бумаларды жәшіктерге салу;

ярлыктарды тара бумаларына және жәшіктеріне жабыстыру;

техникалық шарттарға сәйкес жинақтаушы машинаның жұмыс істеу режимін реттеу және қарындаштарды қораптарға немесе бумаларға саны мен сапасы бойынша дұрыс терілуін қамтамасыз ету.

586. Білуге тиіс:

жинақтаушы машинаның құрылғысы;

жинақтаушы машинаның жұмысындағы ұсақ кінәраттарды жою тәсілдері;

жинақтаушы машинаның жұмыс істеу амалдары мен әдістері;

дайын өнімге қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар.

Параграф 3. Қарындаш пен өзекшелерді жинақтаушы, 4-разряд


587. Жұмыс сипаттамасы:

қарындаштарды бөлшектеп өлшеу автоматында қарындаштарды қораптарға немесе бумаларға түсі, градациясы және ассортименті бойынша жинақтау және жинау;

жұмыс барысында қарындаштар мен қораптарды ассортименті бойынша автоматтың бункерлері мен тасымалдағыштарына жүйелеп тиеу;

клапан қораптарын автоматтың тиегіш құрылғыларына жинау, қысқыш пластиналардың температурасы мен қысымын бақылау;

бұйымның ассортиментіне қарай техникалық сыныптау бойынша эмульсия құрамын қолданып желімдеу ерітіндісін жасау;

желім ерітіндісіне арналған ванналарға белгіленген деңгейге дейін эмульсия құю;

қарындаш салынған қораптар мен бумаларды жинау және оларды тара бумасына салу, одан кейін оларды қағазға буып-түю, бумаларды кендір жіппен байлау немесе лентамен жабыстыру;

бумаларды жәшіктерге жинау;

ярлыктарды тара бумасына және жәшіктерге жабыстыру;

бөлшектеп өлшеу автоматының жұмыс істеу режимін реттеу және техникалық шарттарға сәйкес жинақтаушы қарындаштарды қораптарға немесе бумаларға саны мен сапасы бойынша дұрыс терілуін қамтамасыз ету.

588. Білуге тиіс:

бөлшектеп өлшеу автоматының құрылғысы;

автомат жұмысындағы ұсақ кінәраттарды жою тәсілдері;

автоматта жұмыс істеу амалдары мен әдістері;

дайын өнімге қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар;

желім ерітіндісін даярлау тәсілдері;

желімдер мен желім ерітінділерінің қасиеті.

91. Қарындаштарды бояушы


Параграф 1. Қарындаштарды бояушы, 3-разряд
589. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті қарындаштарды бояушының басшылығымен қарындаштарды декоративтік бояу:

қарындаштарды декоративтік бояу үшін нитроэмальді бояуларды, ерітінділерді дайындау. қарындаштарды малту рамаларына теру, ванналарда су бетіне бояулар мен эмальдарды бүрку;

кептіргеннен кейін қарындаштарды малту рамаларынан таңдау, оларды ішінара сұрыптау және рамаларға жинау;

лак араластырғыш бөлімшеден бояуларды тасу.

590. Білуге тиіс:

қарындаштарды декоративтік бояудың технологиялық процесі;

қарындаштарды декоративтік бояуға арналған малту ванналарын дайындау тәртібі;

нитробояулар мен ерітінділерді пайдалану ережесі.

Параграф 2. Қарындаштарды бояушы, 4-разряд


591. Жұмыс сипаттамасы:

қарындаштарды декоративтік бояу;

қарындаштардың бетіне декоративтік бояуды жағуға арналған бояу еріткіштерді бекітілген технологиясы және рецептурасы бойынша дайындау;

қарындаштардың ұшын пектин желіміне, шайырға, шеллакқа, ақ және түсті нитробояуларға жүйелеп малту;

қарындаштарды температуралық және технологиялық режимді сақтап, кептіру.

592. Білуге тиіс:

малту аппараттары пен ванналардың жұмыс істеу принципі;

ассортименттегі қарындаштарды жасаудың технологиялық процесі;

қарындаштарды кептіру температуралық режимі;

әр түрлі құрамдағы нитробояулар мен ерітінділерді дайындау тәсілі және оларды пайдалану ережесі;

шаблондарды және басқа да өлшегіш құралдарды қолдану ережесі.

92. Баспа машинасының машинисі


Параграф 1. Баспа машинасының машинисі, 4-разряд
593. Жұмыс сипаттамасы:

Жоғары білікті баспа машинасының машинисінің басшылығымен қарындаш бетіне түсті суреттерді салу;

баспа машинасының жұмыс істеу режимін реттеу;

қарындаштарды машинаның тиегіш магазиніне тиеу;

талап етілетін бояуларды дайындау және оны қажет ететін мөлшерде баспа резеңке біліктердің жүйесіне жағу, бос рамаларды тізбекті тасымалдағышқа орнату;

рамаларды түсіру және оларды кептіру үшін қатарлап жинау;

кептіруден кейін қарындаштарды бөлшектеу және сұрыптау;

суретті салу сапасын бақылау;

қажетіне қарай баспа машинасын баптау;

құрғақ қарындаштарды өндірістік тараға жинау.

594. Білуге тиіс:

суреттерді қарындаш бетіне салудың технологиялық процесі;

біліктер мен клишенің синхронды жұмыс істеуіне машинаның конструкциясы, кинематикасы және тексеру ережесі;

қолданылатын ерітінділер мен бояулардың сипаттамасы;

қолданылатын бояулардың рецептурасы.

Параграф 2. Баспа машинасының машинисі, 6-разряд


595. Жұмыс сипаттамасы:

қарындаш бетіне түсті суреттерді салу;

баспа машинасының жұмыс істеу режимін тексеру;

клишелерді орнату және реттеу;

бояуларды металл барабанына, одан кейін резеңке клишеге жүйелеп жағу үшін баспа білікшелерінің жүйесін реттеу және баптау;

қарындаш бетіне бояу қабатының қалыңдығын және түстері бойынша үйлестіріп мөлшерлеуді оперативті есептеу;

бункерге қарындаштарды толтыру, бос рамаларды тізбекті тасымалдағышқа орнату;

баспа білікшелері мен клише жүйелерінің синхронды жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

ассортиментке қарай машиналарды баптау және қайта баптау.

596. Білуге тиіс:

қарындаш бетіне түсті суреттерді жағудың технологиялық процесі;

баспа білікшелері мен клише жүйелерінің синхронды жұмыс істеуіне машинаның конструкциясы, кинематикасы мен жұмыс істеу ережесі;

қолданылатын бояулардың рецептурасы,

қолданылатын ерітінділер мен бояулардың сипаттамасы.

93. Графитті өзекшелерді күйдіруші
Параграф 1. Графитті өзекшелерді күйдіруші, 5-разряд
597. Жұмыс сипаттамасы:

әр түрлі конструкциялы пештерде өзекшелерді күйдіру;

түрлі градациядағы өзекшелерді өңдеу кезінде жұмыстың технологиялық режимін сақтау;

өзекшелерді күйдірудің технологиялық режиміне сәйкес өзекшелерді тигельдерге дұрыс жинақталуын қамтамасыз ету;

күйдіру алдында тигельді герметикалау. өзекшенің градациясын, ұзындығын, диаметрін және партия нөмірін ескере отырып, вагонеткаларды пештерге тиеу және түсіру;

өзекшелерді тигельдерде жинақтау кезінде өзекшелердің диаметрін бақылау тексеру жүргізу;

пештің жұмыс істеу температуралық режимін бақылау журналында жазу.

598. Білуге тиіс:

күйдіру пештері мен қызмет көрсететін, реттейтін және өлшегіш аспаптардың құрылғысы және жұмыс істеу принципі;

күйдіру кезінде өзекше құрамы компоненттерінің қасиеті;

өзекшелерді өңдеуге қойылатын техникалық шартта.

94. Ақ қарындаш жасайтын автоматты желінің операторы


Параграф 1. Ақ қарындаш жасайтын автоматты желінің

операторы, 6-разряд


599. Жұмыс сипаттамасы:

6 станоктан тұратын және технологиялық операциялар кешенін орындайтын автоматты желіде ақ қарындашты жасаудың технологиялық процесін жүргізу;

автоматты желілердің станоктар мен агрегаттарының жұмыс істеу режимін теңшеу және реттеу;

желі жұмысын бақылау-өлшеу аспаптары мен электр мен қадағалау жүйесімен бақылау;

желіні өңделетін бөлшекке баптау, жұмыс істеу режимі, кескіш құралды орнату және желіні алдын ала тексеруге және жөндеуге қатысу;

шығарылатын өнімнің сапасын желіде орындалатын әрбір технологиялық операцияда бақылау.

600. Білуге тиіс:

желі жабдықтарының құрылғысы және техникалық сипаттамасы;

желідегі станоктар мен агрегаттарың кинематикалық схемасы;

желіні іске қосу, баптау және басқару ережесі;

пневмо-электр автоматиканың, механиканың және электр техниканың негіздері;

кескіш құрал, бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті және бөлшектерді өңдеудің технологиялық режимі;

өндірістік оқу бағдарламасы көлемінде және кәсіптік техникалық білім беру мекемелері мен мектептер жүйесінде тиісті пәндердің негіздерін білу.

95. Қарындаштарды құрастырушы автоматтың операторы

Параграф 1. Қарындаштарды құрастырушы автоматтың

операторы, 3-разряд


601. Жұмыс сипаттамасы:

автоматта қарындаштарды құрастыру;

резеңкесі бар ниппельді қарындаштарға кигізу;

резеңкені пластификатормен ылғалдау;

автоматтың қысқыш құрылғыларын реттеу және орнату;

керн құрылғыларын реттеу;

қарындаштарды, ниппельдер мен резеңкелерді автомат бункерлеріне тиеу;

автоматта құрастыру кезінде қарындаштардың, ниппельдер мен резеңкелердің тежеулерін болдырмау;

қабыршықтарды тазалау;

дайын қарындаштарды қабылдау қорабынан рамаларға тиеу.

602. Білуге тиіс:

қарындаштарды жасаудың технологиялық процесі;

қарындаштарды сыныптау;

автоматтардың жұмыс істеу принципі, ниппелі және резеңкесі бар қарындаштарға қойылатын техникалық шарттар;

автомат жұмысындағы ұсақ кінәраттарды жою ережесі.

96. Біліктеуші желінің операторы


Параграф 1. Біліктеуші желінің операторы, 6-разряд
603. Жұмыс сипаттамасы:

біліктерде массаны механикалық өңдеудің технологиялық процесін жүргізу, берілген қалыңдыққа дейін массаны алу үшін бақылау-өлшеу аспаптары бойынша елек престерде және автоматтық кенжар престерде оларды тығыздау және қысым бойынша престеу жолымен цилиндр блоктарын (колобашкалар) жасау;

автоматты желі жұмысының технологиялық режимін қамтамасыз ету. қызмет көрсететін жабдықтарды баптау, жұмыс агрегаттарын реттеу, желіні технологиялық тексеруге және жөндеуге қатысу;

массаның сапасын бақылау.

604. Білуге тиіс:

жабдықтың құрылғысы және техникалық сипаттамасы;

бақылау-өлшеу аспаптары;

жоғары қысымды гидропрестерді пайдалану ережесі, қолданылатын шикізатқа қойылатын мемлекеттік стандарттар;

массаның жайын болу дәрежесін және сапасын айқындау тәсілі.

97. Өзекше массасын дайындау жөніндегі

дисперсиялы араластырғыштардың операторы

Параграф 1. Өзекше массасын дайындау жөніндегі

дисперсиялы араластырғыштардың операторы, 6-разряд
605. Жұмыс сипаттамасы:

дисперсиялы араластырғыштарда қысым бойынша қара графитті және түсті өзекшелерді жасауға арналған өзекше массасын дайындаудың технологиялық процесін басқару;

бақылау-өлшеу аспаптары бойынша өзекше массасын дайындауды бақылау;

қызмет көрсететін жабдықты баптау.

606. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы;

дисперсиялы араластырғыштар;

өлшейтін автоматты таразылар, бункерлер және қосалқы техникалық құралдар;

қызмет көрсететін жабдықты баптау және қайта баптау ережесі;

өзекше массасының дайын болу дәрежесін және сапасын айқындау тәсілі;

қолданылатын шикізатқа қойылатын мемлекеттік стандарттар;

өзекше массасын дайындаудың технологиялық процесі.

98. Автоматта қарындаштарды өңдеуші
Параграф 1. Автоматта қарындаштарды өңдеуші, 3-разряд
607. Жұмыс сипаттамасы:

екі қарындаш салынатын бір конвейерлі автоматтарда қарындаштарды нитросырлармен және нитролактармен сырлау, сылау, бояу және лактау;

екі қарындашты машиналарда қарындаш қырларын жуу және бояу;

резеңке және киіз шайбаларды жабу жүйелігіне және қарындаш диаметріне сәйкес іріктеу;

сыр қораптарын сырлайтын бояулармен және нитролакпен толтыру;

беріп тұратын бункерлерде қарындаштардың тежелуін болдырмау.

608. Білуге тиіс:

екі қарындаш салынатын бір конвейерлі автоматтардың құрылғысы мен жұмыс істеу принципі және олардың жұмысындағы ұсақ кінәраттарды жою тәсілі;

қарындаштарды бояудың технологиялық процесі;

екі қарындашты автоматтарда боялатын автоматтардың ассортименті;

брак себептері және оларды жою тәсілдері;

резеңке шайбалардың өлшемі мен формалары және оларды қолдану ережесі.

Параграф 2. Автоматта қарындаштарды өңдеуші, 4-разряд
609. Жұмыс сипаттамасы:

төрт қарындаш және екі қарындаш салынатын екі конвейерлі реверсивтік және жартылай реверсивтік автоматтарда қарындаштарды нитросырлармен және нитролактармен сырлау, сылау, бояу және лактау;

резеңке және киіз шайбаларды жабу жүйелігіне және қарындаш диаметріне сәйкес іріктеу;

сырлау қораптарын сырлайтын бояулармен және нитролакпен толтыру;

беріп тұратын бункерлерде қарындаштардың тежелуін болдырмау;

конвейер ленталарын ерітіндімен жуу.

610. Білуге тиіс:

әр түрлі сырлау машиналарының құрылғысы және жұмыс істеу принципі,олардың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою тәсілдері;

қарындаштарды бояудың технологиялық процесі, осы машиналарда боялатын қарындаштардың ассортименті;

брак себептері және оларды жою тәсілдері;

резеңке шайбалардың өлшемі мен формасы және оларды қолдану ережесі.

Параграф 3. Автоматта қарындаштарды өңдеуші, 5-разряд


611. Жұмыс сипаттамасы:

төрт қарындаш және екі қарындаш салынатын екі конвейерлі реверсивтік және жартылай реверсивтік автоматтарда қарындаштарды нитросырлармен және нитролактармен сырлау, сылау, бояу және лактау;

резеңке және киіз шайбаларды жабу жүйелігіне және қарындаш диаметріне сәйкес іріктеу;

сырлау қораптарын сырлайтын бояулармен және нитролакпен толтыру;

беріп тұратын бункерлерде қарындаштардың тежелуін болдырмау;

конвейер ленталарын ерітіндімен жуу.

612. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтардың конструкциясы;

автоматтардың барлық түрінде қарындаштарды бояудың технологиялық процесі,

сүрек қабығынан жасалатын қарындаштардың толық ассортименті;

брактың болу себебі және оны жою тәсілдері;

резеңке шайбалардың өлшемі мен формалары және оларды қолдану ережесі.

99. Қарындаш блоктарын престеуші
Параграф 1. Қарындаш блоктарын престеуші, 5-разряд
613. Жұмыс сипаттамасы:

бұрандалы престерде немесе терморационды қондырғыда қарындаш тақтайшалары мен өзекшелерді престеу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен терморационды қондырғылардың сигнал беретін электрондық, қыздырғыш және салқындатқыш схемаларының жұмыс істеу режимін реттеу;

қарындаш блоктарын престеудің технологиялық режиміне сәйкес бұрандалы престердің механизмдерін реттеу;

блоктардағы өзекшелердің шеттерін тегістеу;

блоктарды терморационды қондырғыларды тиеу механизмінің жұмыс үстеліне металл төсемдері бар дестелермен қатарлау;

тақтайшаларды тетік қысқыштарға кебістер мен механикалық желілерді толтырып престеу;

тетік қысқыштарды пресстен түсіру, тетік қысқыштардан қарындашы блоктарын алу және оларды рамаларға қатарлау.

614. Білуге тиіс:

кинематикалық және электрлік схемалар, терморационды қондырғы агрегаттарының жұмыс істеу жүйелілігі;

қысым бойынша қарындаштардың әр түрлі кластарына арналған қарындаш блоктарын ұстау уақыты;

престеу кезінде қысым шамасы және түрлі синтетикалық желімдерді желімдеп жабыстырудың температуралық режимі,

қарындаш тақтайшаларына және жазатын өзекшелерге қойылатын техникалық шарттар;

желім және желім ерітінділерінің қасиеті;

тетік қысқыштарын қатарларын бұзбай престеу амалдары.

100. Өзекшелерді престеуші


Параграф 1. Өзекшелерді престеуші, 6-разряд
615. Жұмыс сипаттамасы:

гидравликалық престерде қысым бойынша массаны престеу, тығыздау және өзекшелерді престеу;

қара графитті, көшіргіш және түсті өзекшелерді тік және көлденең қалыптау;

өзекшелерді механикалық дөңгелектеп кеңейтіп, кептіргіш камераларда кептіру;

барабандарды кептіргіш камераларға тиеу және түсіру бойынша қосалқы жұмыстарды орындау;

қара графитті және түсті, қисық және қысқа өзекшелерді шыңдау және бракқа шығару;

сұрыпталған өзекшелерді градациясы мен сорттығы бойынша жәшіктерге салу;

гидравликалық престер мен автоматтық желілер жұмысының технологиялық режимін қамтамасыз ету;

матрицаларды іріктеу және ауыстыру;

шағын кескіштерді баптау;

шағын кескіштерде өзекшелерді кесу.

616. Білуге тиіс:

жоғары қысымды гидропрестердің және автоматты желілердің құрылғысы және пайдалану ережесі;

барлық өзекшелердің рецептурасы және ассортименті;

шағын кескіштер мен айналмаларды баптау тәсілі және олардың жұмысындағы кінәраттарды жою;

өзекше жіптерін тартуға арналған матрицалардың іріктеу және ауыстыру тәртібі;

желіні басқару ережесі;

пневмо-электр автоматиканың негіздері;

өзекшелердің сапасына қойылатын мемлекеттік стандарттар;

барлық өзекшелерді жасауға қойылатын техникалық шарттар және техникалық процесі.

101. Қарындаш тақтайшаларына сіңдіруші
Параграф 1. Қарындаш тақтайшаларына сіңдіруші, 2-разряд
617. Жұмыс сипаттамасы:

белгіленген технология мен температуралық режимді сақтап, ванналарда қарындаш тақтайшаларына сіңдіру;

сіңдіруге және сіңдіргіш құралдарға құюға арналған ерітінді дайындау;

тақтайшаларды тиеу және түсіру;

тақтайшаларды кептіру процесін жүргізу.

618. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы;

тақтайшаларға сіңдіру және кептірдің технологиялық процесі және режимі,

сіңдіруге арналған ерітінді рецептурасы,

тақтайшалардың негізгі қасиеті.

102. Өзекшелерге сіңдіруші
Параграф 1. Өзекшелерге сіңдіруші, 4-разряд
619. Жұмыс сипаттамасы:

техникалық шарттарға және жұмыс істеу инструкциясына сәйкес автоклавтарда қара графитті қарындаш өзекшелеріне май сіңдіру;

айналу жылдамдығын, температурасы мен уақытын реттеп, ыдыстарға өзекшелерді тиеу арқылы центрифугаларда майларды кетіру;

жасалатын өзекшелердің градациясына қарай компоненттерді балқытудың температуралық режимін ескере отырып, автоклавтардың май ванналарын жасау;

өзекшелерге майды сіңдірудің қажетті процентін қамтамасыз етіп, автоклавтардың жұмыс істеудің технологиялық циклі бойынша температуралық режимін реттеу;

автоклавтарда бу қысымының берілген деңгейін сақтау;

өзекшелердің жаңқаларын шыңдау және сіңдіру.

620. Білуге тиіс:

автоклавтар мен тельфердің құрылғысы және жұмыс істеу принципі;

барлық градациядағы өзекшелерге сіңдіру бойынша техникалық шарттар және жұмыс істеу нұсқаулығы;

түрлі мақсатқа арналған өзекшелерге арналған ванналардың әр түрлі майлары құрамының рецептурасы;

май ванналары мен өзекше компоненттерінің негізгі қасиеті;

өндірістік оқу бағдарламасы көлемінде және кәсіптік техникалық білім беру мекемелері мен мектептер жүйесінде тиісті пәндердің негіздерін білу.

103. Қарындаш массасын тартушы


Параграф 1. Қарындаш массасын тартушы, 6-разряд
621. Жұмыс сипаттамасы:

27 қондырғыдан тұратын, саз бен графит дайындау жөнінде техникалық операциялар кешенін орындайтын автоматтық желілерге қызмет көрсету;

қарындаш өзекшелерінің әр түрлі градациясына арналған қара графитті шикі құрамдардың суспензияларын дайындау. берілген дисперсия мен ылғалдықты алғанға дейін графитті турбодиірмендерде тарту;

саз балшықты бөгде заттардан механикалық және химиялық тазарту арқылы жақсарту;

саз балшықты үлесі және ылғалдылығы бойынша біркелкі массаны алғанға дейін саз араластырғышта араластыру, қажет болған жағдайда бояғыштар мен толтырғыштарды қосу;

саз балшықты каогуляциялау. Өзекшелердің берілген градацияда шикі құрамдарын алу үшін турбодиспергаторларда және араластырғыштарда дайындалған компоненттерді өңдеу;

суспензияларды сүзетін престерде сүзу;

сүзілген массаны саз елеуіштермен елеу;

берілген режим бойынша вакуумды кептіргіш шкафтарда сүзілген массаны кептіру және жинағыш бункерлерге автоматты беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет