3-бөлім. Ағаш аралау және ағаш өңдеу
24. Бөшкеші
Параграф 1. Бөшкеші, 2-разряд
231. Жұмыс сипаттамасы:
бөшке тарасын ағынды-механикалық жасау немесе операция алдында жөндеу кезінде орындалатын қосалқы операциялар.
232. Білуге тиіс:
қолданылатын аспаптардың құрылғысы;
бөшке құралының типтері мен түрлері;
қаңқадағы тойтармалардың орналасуына қойылатын талаптар;
брак пайда болатын себептер және оны жою шаралары.
233. Жұмыс үлгілері:
1) бөшкелер - қол бөшкелі құралмен сыртын тазалау, қайтарылған бөшкелердің шөркелерін тегістеу;
2) түптер – қайтарылған бөшке түптерін қағымдау, сырлау, шканттарды қағымдау;
3) жұмыс сақиналары – бұлғау;
4) орайтын құрсаулар – тартылатын механикалық қақпада және қолмен қағымдау және түсіру;
5) ілмектер – қолмен иректі сүргімен түзету және тазалау;
6) қалқан түптері – тойтармалардан тігу.
Параграф 2. Бөшкеші, 3-разряд
234. Жұмыс сипаттамасы:
түрлі тұқымды сүректен жасалған сұйық өнімдерге арналған сыйымдылығы 500 литр (бұдан әрі - л) дейін чандарды, кадкаларды және құрғақ өнімдерге арналған бөшкелерді жасау және жөндеу бойынша бөшке жұмыстары кешенін қолмен орындау;
бөшкелерді ағынды-механикалық жасау немесе операциялық жөндеу кезінде қарапайым және күрделілігі орташа бөшке жұмыстарын орындау;
фанералы штампыланған бөшкелерді жасау;
ағаш және темір құрсауларды жасау;
бөшкелерге тұрақты құрсауларды кигізу;
сақина-құрсауларды кигізу станоктарын қолдана отырып, бөшкелерді құрсаулап қаптау, құрсаулар мен жұмыс сақиналарын кигізу;
құрамды құрсау станогында құрсауды біліктеу және онда тесіктерді тесу;
құрсау ақауларын айқындау;
кескіш құралды орнату;
қызмет көрсететін станоктар мен престерді реттеу.
235. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін станоктардың құрылғысы;
жасалатын бөшке өнімдеріне қойылатын талаптар, жасалатын бөшке ыдыстарының стандартты мөлшері мен формалары;
желімдер мен канифоланың қасиеті және оны қолдану тәсілдері;
құрсауларға арналған дайындамалардың сапасына қойылатын талаптар;
кескіш құралды түзету тәсілдері.
236. Жұмыс үлгілері:
1) бос бөшкелер – тығынын ашу және тығындау;
2) тойтармалар мен түптер – қолмен сүргілеу;
3) түп қалқандары – қолмен жөндеу.
Параграф 3. Бөшкеші, 4-разряд
237. Жұмыс сипаттамасы:
түрлі тұқымды сүректен жасалған, ішкі беті төсемдермен оқшауланған сыйымдылығы 500-ден 10 000 л дейін чандарды, тұндырғыштарды және құятын бөшкелерді жасау және жөндеу бойынша бөшке жұмысын кешенін қолмен орындау;
бөшкелерді ағынды-механикалық жасау немесе операциялық жөндеу кезінде күрделі және ерекше күрделі жұмыстарды орындау;
жасалатын ыдыстардың сыйымдылығын есептеу;
автоматтандырылған құрамды құрсаулы станоктарында құрсауларды біліктеу, тесіктер тесу және пісіру;
құрсаулардың жасалу сапасын бақылау;
қызмет көрсету жабдықтарын баптау және оның жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою.
238. Білуге тиіс:
автоматтандырылған құрамды құрсаулы станоктардың құрылғысы және баптау тәсілдері;
бөшкелі ыдыстарды жасау үшін қолданылатын сүректің тұқымдары;
жасалынатын бөшкелі ыдыстарға қойылатын мемлекеттік стандарттар;
бөшкелі ыдыстарды сулау, булау, күйдіру және кептіру режимі;
эмальдау үшін ерітінділер дайындау тәсілдері;
кескіш құралдың қасиеті;
бақылау-өлшеу құрал мен аспаптардың міндеті.
239. Жұмыс үлгілері:
1) бөшкелер – қаңқаларды құрастыру, түптерді қою, қаңқаларды тарту;
2) бөшкелер – құрсауларды қатайтқаннан, түптегеннен, тұндырғаннан кейін жөндеу;
3) ағаш шелектердің қақпалары – қолмен аралап және өңдеп, тесіктерге қырлы таяқшаларды жасау, құрастыру;
4) ағаш шелектердің тұтқалары – жасау, қақпақтарға саптау, ажарлау;
5) ағаш шелектер – қаңқаларды құрастыру, дайын түпшелерден өңдеп түптер құрастыру, қаңқаларды тазалау және үстіңгі шөркелерді өңдеу.
Параграф 4. Бөшкеші, 5-разряд
240. Жұмыс сипаттамасы:
қолмен күрделі сыйымдылықтарды, тұндырғыштарды, чандарды, сыйымдылығы 10 000 л артық сопақ буттарды және сызбалар бойынша зауытта жасалған күделі технологиялық жабдықтарын жасау және жөндеу бойынша бөшке жұмыстарын кешенді орындау.
241. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін станоктардың құрылғысы және оларды баптау ережесі;
термоөңдеу режимдері;
арнайы сыйымдылықтарды жасауға арналған сүректің тұқымы мен сапасы;
арнайы бөшке тарасының сызбалары;
арнайы тараға қолданылатын техникалық талаптар;
қолданылатын құралдың қасиеті мен конструкциясы, оны дайындау ережесі.
25. Бөренелерді сұрыптау және қайта өңдеу
агрегаттық желілердің операторы
Параграф 1. Бөренелерді сұрыптау және қайта өңдеу
агрегаттық желілердің операторы, 3-разряд
242 Жұмыс сипаттамасы:
бөренелерді аралауға берген кезде мөлшерлегіш құрылғылардың механизмдерін пульттан басқару;
бөрене байламын бөлшектеу құрылғысына және бөренелерді гидролотоктарға немесе тасымалдағыштарға бір қалыпты берілуін қамтамасыз ету;
желінің қызмет көрсететін механизмдерін баптау.
243. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін механизмдердің құрылғысы мен баптау ережесі;
тиелетін және тасымалдағыш құрылғылардың техникалық сипаттамасы;
бөрене мөлшері және сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 2. Бөренелерді сұрыптау және қайта өңдеу
агрегаттық желілердің операторы, 4-разряд
244 Жұмыс сипаттамасы:
жоғары білікті оператордың басшылығымен бөренелерді сұрыптауды желі пультінен басқару;
қолмен жұмыс істеу режимінде бөренелерді сұрыптау процесін жүргізу;
қысқа бөренелерді және біршама қисық бөренелерді қолмен алып тастау;
желі жұмысының автоматтық режимі бұзылған жағдайда түзету және бөренелерді алып тастау;
қозғалыс бағытындағы төбе шөркелермен бағдарланбаған бөренелердің диаметрін өлшеу;
желі жұмысындағы техникалық кінәраттарын жоюға қатысу.
245 Білуге тиіс:
бөренелерге арналған сұрыптау желісінің жұмыс істеу принципі;
желілер мен оның жеке механизмдерін басқару пультінің конструкциясы;
аралау шикізатының мемлекеттік стандарты;
бөренелерді таңбалау.
Параграф 3. Бөренелерді сұрыптау және қайта өңдеу
агрегаттық желілердің операторы, 5-разряд
246. Жұмыс сипаттамасы:
тұқымдары, диаметрі мен міндеті бойынша аралау шикізатын сұрыптау желілерін пульттан басқару;
жоғары оператордың басшылығымен фрезерлі аралау, фрезерлі келтектеу желілерінде және бөренелерді агрегаттық қайта өңдеу желілерінде бөренелерді қайта өңдеуге қатысу;
желінің барлық учаскелерінің синхронды жұмысын қамтамасыз ету;
агрегат алдына беретін құрылғыларға қызмет көрсету;
механизмдердің жұмысындағы ұсақ кінәраттарды жою және жабдықты жөндеуге қатысу.
247. Білуге тиіс:
сұрыптау желілерінің конструкциясы;
бөренелерді қайта өңдеу агрегаттық желілерінің, агрегаттың алдына беретін механизмдердің құрылғысы және жұмыс істеу принципі;
бөренелерді фрезерлеу және аралау арқылы қайта өңдеу технологиясының негіздері.
Параграф 4. Бөренелерді сұрыптау және қайта өңдеу
агрегаттық желілердің операторы, 6-разряд
248. Жұмыс сипаттамасы:
пульттің көмегімен фрезерлі аралау, фрезерлі келтектеу желілерінде автоматтық және қолмен жұмыс істеу режимінде бөренелерді аралау материалдарына және технологиялық жаңқаларға қайта өңдеу;
кескіш құралды (фрезерлі қалпақшаларды, дөңгелек араларды) орнату;
бөренелерді өңдеу процесінде механизмдердің өзара әрекетін, бөренелердің қозғалысын, алынатын аралау материалдары мен технологиялық жаңқалардың сапасын бақылау;
желі тораптары мен агрегаттарын баптау;
қызмет көрсететін жабдықты майлау.
249. Білуге тиіс:
беретін құрылғылар мен тасымалдағыш механизмдердің фрезерлі аралау жабдықтарының пневматикалық, гидравликалық жүйелері және кинематикасы;
желінің тораптары мен агрегаттарының өзара әрекеті;
кескіш құралдың конструкциясы;
өңделетін аралау материалдары мен технологиялық жаңқаларға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар.
26. Аралау материалдарын өңдеу қондырғылары
мен желілердің операторы
параграф 1. Аралау материалдарын өңдеу қондырғылары
мен желілердің операторы, 4-разряд
250. Жұмыс сипаттамасы:
қабылдағыш көтергіштерді, бөлшектеуші, біріктіруші және шығарушы тасымалдағыштарды әрі десте қалыптастыру машиналарының баптайтын механизмдерін басқару;
кассеталарға төсемдерді толтыру және қажетіне қарай оны қалыптайтын дестеде түзету;
гидрокөтергіш үстелді, көтергіш лифтіні және көтергіш, жүрдек тасымалдағыштарды, төсемдерді тазалауды, түзетуші роьлгонды және тақтайларды шөрке төсеу-таңбалау қондырғыларының шөрке төсеу механизмдеріне бір-бірлеп беру механизмдерін басқару;
шөрке төселген және сұрыпталған аралау материалдарын қалың дестеге, тақтайларды десте қолмен түзетіп жинау кезінде десте қалыптайтын лифтілерді, дестелерді қайтару тасымалдағыштарымен, таңбалаушы және таратушы құрылғыларды басқару;
тақтайлардың қалталарға бір қалыпты келіп түсуін басқару, автоматты сұрыптаудың таратушы тасымалдағыштарына пішінделген дестелерді беру;
аралау материалдарын жинағыш тасымалдағыштарға және десте қалыптайтын лифтерге беру, аралау материалдарын ұзындығы бойынша сұрыптауда берілген габариттерге сәйкес дестелерді пішіндеу;
дестелерді десте қалыптаушы лифттерден байлауға көшіру, дестелерді металл ленталарымен байлау, қажетіне қарай дестедегі жекелеген тақтайларды ауыстыру, көтергіш құрылғының көмегімен дестені роликті тасымалдағышқа көтеру;
қызмет көрсететін механизмдерді баптау және майлау, ұсақ техникалық кінәраттарды жою.
251. Білуге тиіс:
жекелеген тораптардың құрылғысы және өзара әрекеті;
қондырғының техникалық сипаттамасы;
жартылай автоматты қондырғыларды қосу және баптау тәртібі мен амалдары;
өндірістік операциялар кешенін орындау амалдары;
ақаулардың себептері және оларды жою тәсілдері, өлшегіш құрал.
Параграф 2. Аралау материалдарын өңдеу қондырғылары
мен желілердің операторы, 5-разряд
252. Жұмыс сипаттамасы:
аралау материалдарын сұрыптаудың немесе десте қалыптайтын қондырғылардың автоматтық қондырғыларын басқару;
тақтай дестелерін тасымалдағышқа қабылдау, көлбеу көтергішке беру, тақтайларды түсіргіш тасымалдағыш қабат-қабат берілуін реттеу, бір-бірлеп беру және тақтай шөркелерін беруші тасымалдағыштарда тегістеу, механизм жұмысында нақты өзара әрекетті қамтамасыз ету;
тақтайларды ұзындығы бойынша сұрыптау кезінде сұрыптау тасымалдағыштарының жылдамдығын және десте қалыптау кезінде бөлшектеу тасымалдағыштары мен жүрдек құрылғылардың жылдамдығын реттеу;
шөрке төсеу-таңбалау қондырғыларына қызмет көрсету;
тақтайдың сортын алтын ала жұмарлау шеттері бойынша айқындау, тақтайдың жұмарлау шеттерін шөрке төсеу және таңбалау;
араларды ауыстыру, қысу құрылғылары мен таңбалау механизмдерді теңшеу;
қызмет көрсететін жабдықтарды баптау және майлау, қондырғыны жөндеуге қатысу;
аралау шикізатын тұқымдары, диаметрі және міндеті бойынша автоматты сұрыптау қондырғыларда сұрыптау.
253 Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы және баптау ережесі;
аралау материалдары мен аралау шикізатына қойылатын мемлекеттік стандарттар;
сүректің тұқымдары мен ақаулары;
аралау материалдары мен аралау шикізатын сұрыптау ережесі;
бақылау-өлшеу құралдарының міндеті мен қолдану ережесі.
параграф 3. Аралау материалдарын өңдеу қондырғылары
мен желілердің операторы, 6-разряд
254. Жұмыс сипаттамасы:
шөрке төсеу-таңбалау қондырғыларын бақылау;
мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес аралау материалдарының сортын толықтай анықтау және тақтай ұзындығын қалыптастыру, барынша тиімді және бағалы шығымды қамтамасыз ету. тақтайларды тиісті сорт қалталарына салу үшін команда аппаратқа белгі беру;
тақтайдың басындағы шеттерін таңбалау;
шөрке төсеу-таңбалау қондырғылардың барлық механизмінің жұмысындағы өзара әрекетті қамтамасыз ету;
режимді құрылғыны, өлшегіш үстелді, аралау материалдарының шөрке төселуін таңбалау механизмдерін баптау, араларды ауыстыру;
ұсақ кінәраттарды жою және қызмет көрсететін механизмдерді майлау.
255. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтың кинематикалық схемасы, аралау материалдарын шөрке төсеу және таңбалау ережесі, аралау материалдарына қойылатын техникалық шарттар, аралау материалдарын пішудің тиімді әдістері және көрсеткіштерінің құны.
27. Рамалаушы
Параграф 1. Рамалаушы, 3-разряд
256. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс аймағы шегінде бойлап аралау процесінде бөренелер мен келтектерді ауыстыру бойынша қосымша операцияларды орындау, жұмыс орнынан аралау өнімдерін алып тастау;
станоктың шикізат беріп тұратын алдыңғы және артқы рамалы механизмдерін басқару;
сынамен жаратын пышақтарды баптау.
257. Білуге тиіс:
рольгандардың, тізбекті және ленталы тасымалдағыштардың және станок жанындағы механизмдердің: бөрене жинақтаушылар мен лақтырғыштардың, рамалы арбашықтардың, қырлы бөренелерді салушылардың, сынамен жаратын пышақтардың жұмыс істеу принципі;
бөрене аралау, жабдықтарды беру тораптарының конструкциясы;
бөренелердің тұқымдары мен өлшемдері.
Параграф 2. Рамалаушы, 4-разряд
258. Жұмыс сипаттамасы:
әр түрлі тұқымды дөңгелек материалдардан жасалған бөренелерді, келтектерді, дайындамаларды зауыт ішінде қолданылатын өнімдерге, одақ ішінде қолдануға арналған жалпы мақсаттағы аралау материалдарына, сүргіленген шпонды алу үшін дайындамаларды жоғары білікті рамалаушы баптаған бір қабатты (тік және көлденең) ағаш аралау рамаларында бойлап аралау;
мамандандырылған ағаш аралау ағынында ағаш аралау рамаларында бөренелер мен келтектерді бойлап аралау кезінде қызмет көрсету аймағы шегінде бөренелер мен аралау өнімдерін ауыстыру бойынша қосымша операцияларды орындау;
ара өрнектерін ауыстыруға қатысу;
жабдықты баптау, оның жұмысындағы ұсақ кінәраттарды жою.
259. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы;
өңделетін шикізаттың сапалы сипаттамасы;
аралау өнімдерінің міндеті негізгі талаптары.
Параграф 3. Рамалаушы, 5-разряд
260. Жұмыс сипаттамасы:
дербес бапталған аралау рамаларында әр түрлі тұқымды дөңгелек ағаш материалдарынан жасалған бөренелерді, келтектер мен дайындамаларды одақ ішінде қолдану үшін жалпы мақсатқа арналған аралау материалдарын аралау;
аралау материалдарының шамасын реттеу;
бағыттаушы пышақтарды реттеу;
жоғары білікті рамалаушы бапталған ағаш аралау рамаларда мамандандырылған ағаш аралау ағынында бөренелер мен келтектерді аралау;
ара өрнектерін ауыстыруға қатысу;
ленталы-аралау станоктары мен ағаш рамаларында пішу схемасы бойынша сүргіленген шпон өндіру үшін әр түрлі тұқымды келтектер мен ванчестерге дөңбектерді бойлап пішу.
261. Білуге тиіс:
қызмет көрсету жабдықтардың конструктивтік ерекшеліктері;
сүректің ақаулары;
шығарылатын аралау өнімдерінің міндеті және негізгі талаптары;
шикізат диаметрі мен сүректің ақауларына қарай әр түрлі тұқымды сүректің бөренелері мен дөңбектерін бойлап аралау тәсілдері мен режимдері;
сүргіленген шпон мен тара жинақтарының өндірісі үшін бөренелер мен дөңбектерді пішудің әр түрлі пішу кезіндегі дайын өнімнің мөлшерлі және сапалы шығуы.
Параграф 4. Рамалаушы, 6-разряд
262. Жұмыс сипаттамасы:
мамандандырылған ағаш аралау ағындарында дербес бапталған ағаш аралау рамаларында одақ ішінде қолданылатын және экспорттық мақсаттағы аралау материалдарына әр түрлі тұқымды сүректің бөренелері мен келтектерін аралау;
аралаудың әр түрлі режимдерін іріктеу;
ара өрнектерін ауыстыру, араларды қабылдау және түзеу;
жабдықтың жұмысындағы кінәраттардың себептерін айқындау және оларды жою.
263 Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтың кинематикалық схемасы;
ағаш материалдарын берудің пневматикалық және гидравликалық жүйесінің тораптарының құрылғысы;
механизмдердің жұмысындағы кінәраттарды жою тәсілдері;
ағаш аралаудың технологиялық процесі, аралау түрлері және пішудің тиімді схемалары;
кескіш құралдың қасиеті және оның дайындық сапасын тексеру әдісі.
28. Сүректен жасалған бұйымдарды құрастырушы
Параграф 1. Сүректен жасалған бұйымдарды құрастырушы, 1-разряд
264. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс орындарына бөлшектер мен материалдарды тасып, қолмен шаблон бойынша түрлі қалқандарды бөлшектерден құрастыру, шпоннан шабақтау және өру әрі қалқандарды қатарлап жинау;
сүректен жасалған бұйымдарды арматуралау бойынша қарапайым жұмыстарды орындау.
265. Білуге тиіс:
қолданылатын құралдар мен аспаптардың міндеті;
құрастырылатын бұйымдарға қойылатын техникалық шарттар және олардың міндеті.
266. Жұмыс үлгілері:
1) берік ішпектер – арматуралау;
2) шыны бойынша қатарлап салу – шегелеу;
3) қабырға және шөрке төсеу қалқандары – шаблон бойынша қолмен құрастыру және шабақтау;
4) жәшіктер – мырышпен қапталған ленталардан жасалған бұрыштарды белгілемей жиектеу және бекіту.
Параграф 2. Сүректен жасалған бұйымдарды құрастырушы, 2-разряд
267. Жұмыс сипаттамасы:
сүректен жасалған қарапайым бұйымдарды құрастыру, шабақтау немесе желімдеу;
арматура мен фурнитураны орнату және бұрап бекіту;
бөлшектерді сызба бойынша қайыспен, оқшаулау лентасымен байлау;
конвейерде престеу алдында қалқанды конструкция есік төсемдерін операциялық құрастыру.
268. Білуге тиіс:
құрастыру станогының құрылғысы немесе құрастыруға арналған аспаптар;
қолданылатын ағаш және өлшеу құралдары;
дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар.
269. Жұмыс үлгілері:
1) арматура - ілу, қолмен немесе механикалық орағыштармен сүректен жасалған бұйымдарға бұрап бекіту;
2) үй жабындарының балкалары – шабақтау;
3) орап байланған келтектер - желімдеу;
4) жәшік түптері – қорапқа қолмен шегелеу;
5) желімделген тақтайлар – бұдырланған u1079 дайындамалардан құрастыру;
6) балаларға арналған ағаш ойыншықтар – тораптарды шабақтау;
7) клюшкалар – сызба бойынша оқшаулау лентасымен орау, техникалық шарттардың талаптарына сәйкес қайыспен байлау;
8) аяқ киім қалыптары – фурнитураларды (сырмалы құлыптарды, төлкелерді) салу;
9) жәшік қораптары – қолмен құрастыру және желімдеу;
10) бағыттағыш планкалар – қолмен орау;
11) шаңғы таяқтары – шеттеріне метал түтіктерін салу, сүңгілерді шөркелерге қағу, сақиналарды кигізу және бекіту;
12) қалқанды конструкциялы есік төсемдеріне арналған рамалар – алдын ала сүргіленген және дәл шөрке төселген келтектерден құрастыру және бұрыштарын түйрегіштермен бекіту;
13) тұтқалар-кнопкалар – бұрап бекіту;
14) жәшік қалқандары –шаблон бойынша шабақтау немесе желімдеу;
15) қалқандардан жасалған экспортты жәшіктер – қолмен құрастыру;
16) жәшіктер – қамыт пен басқа да ішкі ішпектерді салу, белгілеп металл лентасымен құрсаулап қаптау;
17) жәшіктер – арматураны алу, бөлшектерге бөлу, шегелерді жұлу және станокта, қолмен түзету, арматураны сұрыптау және түзету.
Параграф 3. Сүректен жасалған бұйымдарды құрастырушы, 3-разряд
270. Жұмыс сипаттамасы:
есік төсемдерін қиыстырып келтіріп және іліп есік қораптарын құрастыру;
қолмен және механизмдер мен құрылғыларды қолдана отырып, арматураларды келтіріп және бекітіп күрделі бұйымдарды құрастыру;
қызмет көрсететін станокты баптау.
271. Білуге тиіс:
бөлшектерге, арматураға және дайын өнімге қойылатын техникалық шарттар,
қабысуды келтіру және арматураларды бекіту тәсілдері;
құрастыру сызбаларын оқу ережесі.
272. Жұмыс үлгілері:
1) терезе қораптары – ваймдарда қиыстырып келтіріп, қолмен құрастыру;
2) аяқ киім қалыптары – металл пластиналарын шақтау, пластиналарды периметр бойынша құрсаулау;
3) слаломдық шаңғылар - металды тұмсықты, өкшелі құрсаулы қаптаулардың шуруптарына бұрап бекіту;
4) терезе ағаштары - ваймдарда келтіріп құрастыру;
5) әр түрлі типті теннис ракеткалары – шектерді керу;
6) жәшік қалқандары және жәшіктер – шеге қағатын немесе сым байлайтын станокта құрастыру және шабақтау (құрау);
7) жәшіктер – таңбаланған ішпектерді толық жинақтау.
Параграф 4. Сүректен жасалған бұйымдарды құрастырушы, 4-разряд
273. Жұмыс сипаттамасы:
ірі габаритті бұйымдарды келтіріп және металл арматураларын бекітіп, бүрмелеу, желімдеу, бекіту және тігу;
ерекше күрделі ірі габаритті бұйымдардың тораптары мен агрегаттарын құрастыру;
стандартты үйлердің қалқандарын толық құрастыру;
қара қағазбен қаптау;
панель тесіктеріне терезе және есік блоктарының белгіленген қораптарын тығындау.
274. Білуге тиіс:
ірі габаритті бұйымдарды құрастыру;
желімдеу және қаптау тәсілдері;
құрастыру және монтаждау кезінде пайдаланылатын аспаптар мен құралдар.
275. Жұмыс үлгілері:
1) тігін машиналарының қақпақтары – корпусқа бекіту;
2) жылжымалы электр станция кузовтар – толық құрастыру;
3) кузовтар немесе жүк платформасы – төсемдерді, бойлық келтектерді бұрап бекітіп толық құрастыру, шуруптарға арналған тесіктер бойынша қаптаманы келтіру;
4) кузов едендері – еден тақтайларын рама астына бекіту, тесіктер тесіп темірмен құрсаулап қаптау және болттармен бекіту.
29. Сепараторшы
Параграф 1. Сепараторшы, 2-разряд
276. Жұмыс сипаттамасы:
сепараторда үгінділерді сұрыптау.
277. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс істеу принципі;
үгіндіге қойылатын техникалық шарттар.
Параграф 2. Сепараторшы, 3-разряд
278. Жұмыс сипаттамасы:
ұндарды ұстап қалғыш қондырғыларға немесе қағымдау аппараттарына қызмет көрсету;
сүрек ұнын қаптарға толтыру, буып-түю, таразылау, қаптарды тасу және жинау;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою.
279. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы;
сүрек ұнына техникалық шарттар.
Параграф 3. Сепараторшы, 4-разряд
280. Жұмыс сипаттамасы:
елегіш аппараттарда сүрек ұнын електен өткізу;
аппараттарды қосылуын реттеу;
елегіш аппараттар мен көлік құралдарының жұмысын және техникалық жағдайын бақылау.
281. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы және тораптардың өзара әрекеті;
жабдықтарды реттеу әдісі;
өнімнің сапасын айқындау тәсілдері.
30. Станокшы–аралаушы
Параграф 1. Станокшы–аралаушы, 2-разряд
282. Жұмыс сипаттамасы:
механикалық және жартылай автоматты станоктарда дайындамаларды көлденең-бойлап аралау кезінде қосалқы операцияларды орындау, дайындамаларды қабылдау, оларды қайтару және өлшемдер бойынша бөлшектеп жинау;
бір аралы дөңгелете аралайтын станоктарда дайындамаларды бойлап және көлденең аралау;
станоктарда белгіленген немесе белгілеуді қажет етпейтін аралау материалдары мен дайындамаларды шөрке төсеу;
цементті-жоңқалы плиталарды арлау және жиектерін тегістеу;
жіңішке өлшегішті, отын шикізатын берілген өлшемдер кесінділеріне бойлап аралау;
қол арамен аралау материалдарын бойлап аралау.
283. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін станоктардың жұмыс істеу принципі;
дайындамалар мен бөлшектердің міндеті мен өлшемі;
аралау материалдарын аралауға қойылатын талаптар.
284. Жұмыс үлгілері:
1) дайындамалар, келтектер – бір аралы дөңгелеп аралайтын станоктарда пішу;
2) шаңғы дайындамалары - өлшемдер бойынша шөрке төсеу;
3) орағыштарға арналған дөңгелек таяқтар – берілген өлшем бойынша пішу;
4) ұсақ аралау материалдары – шөрке төсеу станоктарында топтап пішу.
Параграф 2. Станокшы–аралаушы, 3-разряд
285. Жұмыс сипаттамасы:
бір аралы станоктарда жұмсақ тұқымды сүректен жасалған аралау материалдарын бойлап және көлденең пішу;
лента аралау станоктарында белгілер бойынша жұмсақ тұқымды сүректен жасалған бөлшектерді аралау;
алдын ала буланған келтектерді (плашкаларды) берілген өлшемдегі таяқшаларға пішу;
аралау материалдарын бойлап пішу;
жоғары білікті жұмысшының басшылығымен ағаш аралау ағынында аралау материалдарын шөрке төсеу;
станоктарда фанирленбеген рамалардың, қалқандардың берілген мөлшерін қалыптастыру;
бір аралы станоктарда шаблон бойынша бұрыштап желімделген сүректер мен дайындамаларды пішу;
ағаш аралау ағынынан тыс жоғары білікті станокшының басшылығымен тақтайларды кесу;
жоғары білікті станокшы баптаған форматты кесетін түрлі типті станоктарда ағаш жоңқалы, ағаш талшықты, талшық плиталар мен фанераларды пішу және кесу;
кескіш құралды орнату және қызмет көрсететін станокты реттеу.
286. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін станоктардың құрылғысы;
сүрек материалдарының негізгі қасиеті;
шығарылатын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар және техникалық шаттар;
дайындамаларды булау сапасына қойылатын талаптар;
кескіш құралды орнату тәсілдері, қолданылатын шаблондар.
287. Жұмыс үлгілері:
1) аралау материалдары, қалқанды материалдар, фанера – айрықшалыққа сәйкес өлшемде пішу, кесу және шөрке төсеу;
2) шаңғы үлгілері – шаблон бойынша бұрыштап бір шетін аралау;
3) балаларға арналған ойыншықтардың бөлшектері – шөрке төсеу;
4) сым шабақтарға арналған дайындамалар – ақауларды кесіп тастап шөрке төсеу;
5) өкшелер – биіктігі бойынша кесу.
Параграф 3. Станокшы–аралаушы, 4-разряд
288. Жұмыс сипаттамасы:
көп аралы және дөңгелеп аралайтын станоктарда қатты тұқымды сүректен жасалған аралау материалдарын бойлап және көлденең аралау;
ағаш аралау ағынында аралау материалдарын берілген кесінділерге жеке құрамды пішу;
жоғары білікті станокшының басшылығымен кесу станоктарында тақтайларды жеке кесу;
дөңгелектеп аралайтын және ленталы станоктарда бөренелер мен дөңгелек ағаш материалдарынан дайындамаларды бойлап және көлденең пішу;
фанералы келтектерді және қатты тұқымды сүректен жасалған бөлшектерді шөрке төсеу;
кескіш станокта қарындаш шөркелерін кесу;
қарындаштың әр ассортиментіне және диаметріне қойылатын техникалық шарттарға сәйкес шөрке кесіктерінің қалыңдығына дискілі немесе теңгерілген пышақтарды реттеу;
бір- көп аралы станоктарда фанирленген қалқандардың өлшемін қалыптастыру;
көп аралы станоктарда майыстырып жабыстырылған сүргіленген шпон мен дайындамаларды пішу;
табақ өнімдерін айрықшалықтарға, мемлекеттік стандарттар талаптарына және техникалық шарттарға сәйкес кесу;
станокты баптау, станокты жөндеуге қатысу.
289. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін станоктың құрылғысы және баптау ережесі;
аралау материалдарын оқтайлы пішу әдістері және кесу сапасын тексеру тәсілдері;
кескіш құралдың қасиеті;
кесу режимі, дайын өнімге қойылатын техникалық шарттар.
290. Жұмыс үлгілері:
1) фанерленген және майыстырып желімделген келтек бөлшектері – ақау жерлерін кесіп тастап пішу;
2) сүргіленген пішімделген тақтайлар – ленталы аралау станогында сүргіленген тараға бөлу;
3) дөңгелек аралау материалдарынан жасалған дайындамалар – ленталы аралау станоктарында немесе агрегаттарда аралау;
4) таза дайындамалар (көп қабатты шаңғылардың табандары мен жапсырмалары) – шөрке төсеу;
5) ақ қайын дөңбектері – шаңғы дайындамаларына аралау;
6) паркет – станокта шөрке төсеу және өңдеу;
7) аралау материалдары – резонансты дайындамалар мен бөлшектерге пішу;
8) ағаш талшықты, ағаш жоңқалы және талшық плиталар – дербес бапталған станоктарда пішу;
9) рамалы плиталарды қоюға арналған ара аралық және қысқыш төсемдер – аралау;
10) қалыпты секторлар – ленталы аралау станогында ирек-ирек аралау.
Параграф 4. Станокшы–аралаушы, 5-разряд
291. Жұмыс сипаттамасы:
жартылай автоматты және автоматты станоктарда плита материалдарын аралау;
бір кесетін станогы бар ағаш аралау ағынында жұмыс істеген кезде жылдамдық режимінде ағыннан тыс тақтайларды бойлап жеке кесу;
блоктары желімделген көп қабатты шаңғылардың пластиналарын аралау;
көп аралы дөңгелектеп аралайтын және ленталы аралайтын станоктарда аралау материалдары мен дайындамаларға бөренелерді, дөңбектер мен келтектерді аралау;
тақтайларды пішудің тиімді схемасын айқындау;
қызмет көрсететін жабдықты баптау және оны жөндеуге қатысу.
292. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін станоктың және станок жанындағы механизмдердің конструкциясы;
дайындамаларға қойылатын техникалық талаптар;
аралау материалдарын тиімді пішудің тәсілдері;
кескіш құралдың қасиеті және дайындау сапасы;
техникалық брактың түрлері мен пайда болу себептері және алдын алу шаралары;
сүректің ақаулары.
Параграф 5. Станокшы–аралаушы, 6-разряд
293. Жұмыс сипаттамасы:
қарқынды жұмыс жағдайында әртүрлі типті жартылай автоматты және автоматты желілерде ағаш аралау ағынында тақтайларды және плиталы қаптау материалдарын екі жақтан бойлап жеке кесу;
аралау материалдарының едәуір пайдалы және жоғары спецификациялық шығымын алу үшін кесілетін тақтайлардың тиімді енін көзбен айқындайды;
тақтайлардың берілу жылдамдығын өзгерту;
тақтайлар мен плиталы қаптамалы материалдардың сапасын көзбен бағалап, оларды пішудің оңтайлы схемасын таңдау;
қарқынды жұмыс жағдайында ағаш аралау ағынында көп аралы станоктарда бөренелер мен келтектерді аралау;
араларды дайындау сапасын тексеру;
оларды орнату және түзету;
қызмет көрсететін жабдықты баптау.
294. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтың кинематикалық тәсімі және баптау ережесі;
кесілетін өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;
тиімді кесу тәсілдері, араларды дайындау сапасының таза аралауға және берілу жылдамдығына әсері;
бөренелер мен келтектерді аралаудың технологиялық схемасы.
Достарыңызбен бөлісу: |