Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы


§ 232. Бу қазандарының машинисті (от жағушысы)



бет14/25
Дата12.06.2016
өлшемі2.25 Mb.
#131112
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
§ 232. Бу қазандарының машинисті (от жағушысы)

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қатты отында жұмыс істейтін 21 ГДж/сағ ( 5 Гкал/сағ) жылу өнімділігі бар бу қазандары мен жеке су қыздыру қазандарында қызмет көрсету немесе 12,6 ГДж/ч ( 3Гкал/сағ) жиынтық жылу өнімділігі бар бу және су қыздыру қазандарының қызмет көрсету. Қазандарды жағу, іске қосу, тоқтату және сумен қоректендіру. Отынды ұсату, қазан оттығын көсеп тастау, отынды салу. Отынның жануын реттеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қазандағы судың деңгейін, жылу жүйесіне берілетін судың температурасы мен будың қысымын қадағалау. Сорғылар, моторлар, желдеткіш және басқа да көмекші механизмдерді іске қосу, тоқтату.Арматура және қазан аспаптарын тазалау. Берілген қысым және су мен бу температурасын ұстап тұру. Қазанды тазалау, жууға және жөндеуге қатысу. Шлак және күл үйінділерін жоспарлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін қазандар, бүріккі (форсунка), су-ауаөткізгіштің жұмыс істеу қағидасы олардың жұмысын реттеу әдістері; тазалау кезінде паровоз қазынында мүмкін болатын қысым мен су деңгейі; от қорапшасы мен оттық қабырғасы күйіне атмосфералық ауаның ықпал етуі; оттықты толтыру тәртібі; күл мен шлактың негізгі қасиеттері; теміржол крандарының жолдары бойынша жүру тәртібі; күл мен шлак үйінділерін жоспарлау ережелері.
§ 233. Бу қазандарының машинисті (от жағушысы)

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қатты отында жұмыс істейтін 21ден 84 ГДж/ч ( 5 тен 20 Гкал/ч) жылу өнімділігі бар бу қазандары мен жеке су қыздыру қазандарында қызмет көрсету немесе 12,6 ГДж/ч (3 дан 10 Гкал/частам) жиынтық жылу өнімділігі бар бу және су қыздыру қазандарының қызмет көрсетуі. Бу теміржол крандарында жүк көтеруі 25т дан астам қазандардың немесе бу экскаваторлары қазандарының қызмет көрсетуі. Ауыр және күл-шлакжойғыш құрылғылар, стокер, экономайзер, ауажылытқыш, буқыздырғыш және қоректендіру сорғыларын қосу, тоқтату және реттеу. Механизмдердің көмегімен күл мен шлакты вагонеткалармен немесе вагондармен тасымалдау арқылы оларды арнайы орынға түсіру. Күл-шлакжойғыш механизмдері, көтеру-көліктің жабдық, дабылнама, аспаптар, аппаратуралар және қоршау құрылғылары жұмысының дұрыстығын қадағалау. Шлак пен күлді арнайы аппараттармен шаю. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуге тиіс: қолданылатын жабдықтар мен механизмдердің құрылымы; қазандардағы отынды ұтымды жағудың әдістері; жылу-,бу- және су өткізгіштер мен сыртқы жылу жүйелерінің сызбалары; жабдық жұмысының нәтижесін есептеу және тұтынушыларға жіберілетін жылуды есептеу тәртібі; қазандардың қалыпты жұмысы үшін шлактар мен күлдің уақытылы жоюдың мәні; қызмет көрсетілетін жабдықты күту ережелері және оның жұмысындағы кемшіліктерді жою әдістері;қызмет көрсетілетін қазандар типтері; күл мен шлакты тиеу мен тасымалдаудың әдістері мен ережелері; қызмет көрсетілетін агрегаттар мен механизмдердің суыту және майлау жүйелері; күл-шлакжою бойынша механизмдер мен жабдықтардың жұмысы туралы жазу жүргізу ережелері; қарапайым және орта күрделі бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы.
§ 234. Бу қазандарының машинисті (от жағушысы)

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қатты отында жұмыс істейтін 84 тен 273 ГДж/ч ( 25 тен65 Гкал/ч) жылу өнімділігі бар бу қазандары мен жеке су қыздыру қазандарында қызмет көрсету немесе 42 тен 84 ГДж/ч ( 20 Гкал/частам) жиынтық жылу өнімділігі бар бу және су қыздыру қазандарының қызмет көрсетуі. Бақылау-өлшеу аспаптары бойынша қазандағы су деңгейін, будың, судың және шығатын газдың қысымы мен температурасын қадағалау. Буды пайдалану графигіне сәйкес қазан жұмысын реттеу. Отынның берілуін қадағалау. Жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою және алдын-алу.

Білуге тиіс: қазандар, сондай-ақ түрлі көмекші механизмдер мен қазан арматураларының қызмет көрсету ережелері және құрылымы; жылу техника жайында негізгі мәліметтер; отынның түрлі қоспалары және отын сапасының жану процесіне ықпал етуі; отын дайындау процесі; судың сапасына қойылатын техникалық шарттар және оны тазалаудың тәсілдері; қазан қондырғысының жұмысындағы ақаулықтардың пайда болу себептері және олардың алдын-алу бойынша шаралар; күрделі бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы, белгіленуі және пайдалану шарттары.
§ 235. Бу қазандарының машинисті (от жағушысы)

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қатты отында жұмыс істейтін 273 до 546 ГДж/ч ( 65 тен 130 Гкал/ч) жылу өнімділігі бар бу қазандары мен жеке су қыздыру қазандарында қызмет көрсету немесе 84 тен 273 ГДж/ч ( 20 дан 65 Гкал/частам) жиынтық жылу өнімділігі бар бу және су қыздыру қазандарының қызмет көрсетуі. Қоректендіру сызықтарын ауыстыру. Бу өткізгішті толтыру және босату. Қазандарды қоректендіруің автоматтық аппаратураларын қосу және ағыту. Қазандар және олардың көмекші механизмдерін, бақылау-өлшеу аспаптарын алдын-ала қарау, қазан агрегаттардың жоспарлы жөндеу жұмыстарына қатысу. Қазандарды және көмекші механизмдерді жөндеуден қабылдап алу және оларды жұмысқа дайындау.

Білуге тиіс: түрлі жүйенің бу және су қыздыратын қазандарының құрылысы жұмыс істеу қағидасы; қазан жабдықтары мен механизмдерінің пайдалану туралы деректері; устройство аппаратов автоматического регулирования; аспаптардың көрсеткіштері бойынша қазандағы жұмыс режімін жүргізу ережелері; қазандағы дабылнама мен құбырөткізгіш желілердің сызбасы; бақылау-өлшеу аспаптарын реттеу және күйге келтіру ережелері.
§ 236. Бу қазандарының машинисті (от жағушысы)

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қатты отында жұмыс істейтін 546 ГДж/ч ( 65 тен 130 Гкал/ч) жылу өнімділігі бар бу қазандары мен жеке су қыздыру қазандарында қызмет көрсету немесе 273 ГДж/ч ( 20 дан 65 Гкал/частам) жиынтық жылу өнімділігі бар бу және су қыздыру қазандарының қызмет көрсетуі.

Білуге тиіс: автоматты реттеу аппараттары мен күрделі бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымдық ерекшеліктері; отынның физикалық қасиеттері мен жылу шығару қабілеті; қазанның отын балансының элементтері және оны құру; қазан қондырғысының пайдалы әсер коэффициентін анықтау ережелері.
§ 237. Кранның машинисті (краншы)

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы.. Сусымалы, даналанған, ағаш (ұз.3м) және басқа да осыған ұқсас жүктерді тасымалдау, тиеу, түсіру және шамадан артық тиеу бойынша қарапайым жұмыстарды орындау кезінде түрлі жүк ұстағыш құрылғыларымен жабдықталған жүк көтеруі жүк көтеруі 3т-ға дейін шлюзды және көпірлі крандарды басқару. Кранбалкалар, консольді крандар және біррельсті арбаларды жүргізу.Тростардың тіркелу дұрыстығын, тежеуіштердің реттелуін және сақтандырғыш құралдардың істеуін тексеру. Қызмет көрсетілетін кранның жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін крандардың құрылымы, жұмыс істеу қағидасы және пайдалану ережелері;кран, тростар мен шынжырлардың шекті жүк көтеруі; шашылатын, даналап салынатын, орманды және ұқсас жүктерді тасымалдау ережелері; бақылауыш пен қозғалтқыштарды қосу жүйесі; электротехника мен слесарлы іс негіздері.
§ 288. Кранның машинисті (краншы)

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сусымалы, даналанған, ағаш (ұз.3м) және басқа да осыған ұқсас жүктерді тасымалдау, тиеу, түсіру және шамадан артық тиеу бойынша қарапайым жұмыстарды орындау кезінде түрлі жүк ұстағыш құрылғыларымен жабдықталған жүк көтеруі 5т-ға дейін мұнаралы стационарлы және козловый крандарын, жүк көтеруі 3 т-ға дейін порталды-жебелі, мұнаралы өзі жүретін өзі көтеретін, жүк көтеруі 15т-ға дейін шлюзды және көпірлі крандарды басқару.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін крандар мен олардың механизмдерінің құрылымы, жұмыс істеу қағидасы және пайдалану ережелері; сыртқы түрі бойынша жүк массасын анықтау әдістері; бөлшектер, бұйымдар және түйіндерді станокқа орнату бойынша крандарды пайдалану ережелері; орнатылған номенклатура және мамандандыруға сәйкес сөрелерді өнімдермен тиеу тәртібі; қойма ішілік жүктерді өңдеудің технологиялық процесі;сөрелердегі жүкті қаттау және сақтау ережелері; электротехника және слесарлы іс негіздері.
§ 239. Кранның машинисті (краншы)

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шашылатын, даналап, ағаш (ұзындығы 3м дейін) және осыған ұқсас жүктерді тасымалдау, қайта тиеу, түсіру және салу бойынша қарапайым жұмыстарды орындау кезінде түрлі жүк ұстағыш құрылғылармен жабдықталған жүк көтеруі 5 тен 25т-ға дейін мұнаралы стационарлы және козловый крандарын, жүк көтеруі 3 тен 15т-ға дейін порталды-жебелі, өзі жүретін мұнаралы крандар, жүк көтеруі 15т-дан астам шлюзды және көпірлі крандарды басқару. Ағаш (ұз. 3-6м) және ұқсас жүктерді тасымалдау, тиеу, түсіру және шамадан артық тиеу бойынша орташа күрделі жұмыстарды орындау кезінде жүк көтеруі 10-25т-ға дейін түрлі жүк ұстағыш құрылғыларымен жабдықталған шлюзды және көпірлі крандарды басқару; бөлшектер, бұйымдар және түйіндерді станокқа орнату.

Жоғары сақтықты талап ететін ағаш және басқа да ұқсас жүктерді тасымалдау, тиеу, түсіру және шамадан артық тиеу бойынша күрделі жұмыстарды орындау кезінде, сондай-ақ механизмдер, машиналар, түйіндер, агрегаттар, бұйымдарды стапельді және секционды бұзу, жинау б/ша технологиялық жабдық және онымен байланысты құрылымдарды монтаждау бойынша, қыздыру пештерінен дайындамалар мен кесектерді беру бойынша, металлды құю бойынша, құрылыс –монтаждық және жөндеу –құрылыс жұмыстарын орындау кезінде түрлі жүк ұстағыш құрылғылармен жабдықталған жүк көтеруі 5т-ға дейін мұнаралы стационарлы және козловый крандарын, жүк көтеруі 3т-ға дейін порталды-жебелі, мұнаралы өзі жүретін, өзі көтеретін крандар, жүк көтеруі 10т-ға дейін шлюзды және көпірлі крандарды басқару.

Жұмыстың барлық түрін орындау кезінде түрлі жүк ұстағыш құрылғыларымен жабдықталған жүк көтеруі 3т. дейін кабельді крандарды басқару.

Жұмыстың барлық түрлерін орындау кезінде түрлі жүк ұстағыш құрылғыларымен жабдықталған жүк көтеруі 10т. дейін қысым доңғалақты және шынжыр табан крандарды басқару. Қатталатын материалды құндылықтардың есебін жүргізу. Радиобасқарумен жабдықталған крандарды басқару.



Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін крандар мен оның механизмдерінің құрылымы; жүкті өңдеу әдістері; ғимараттың жиналмалы элементтерінің құрылымы, машиналар, механизмдер, түйіндер, агрегаттар және бұйымдарды стапельді және секциялы бұзу мен жинаудың технологиялық жабдығының монтаждау технологиялық процесінің негіздері; сыртқы түрі бойынша жүктің массасын анықтау; сөрелерді тиеу кезінде қойылатын талаптар мен техникалық шарттар; қызмет көрсетілетін өндірістік учаскелерінің орналасуы; электротехника мен слесарлы іс негіздері.
§ 240. Кранның машинисті (краншы)

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ағаш (ұз. 3-6м) және ұқсас жүктерді тасымалдау, тиеу, түсіру және шамадан артық тиеу бойынша орташа күрделі жұмыстарды орындау кезінде жүк көтеруі 25т-дан астам түрлі жүк ұстағыш құрылғыларымен жабдықталған шлюзды және көпірлі крандарды басқару; бөлшектер, бұйымдар және түйіндерді станокқа орнату.

Ағаш және басқа да ұқсас жүктерді тасымалдау, тиеу, түсіру және шамадан артық тиеу бойынша күрделі жұмыстарды орындау кезінде түрлі жүк ұстағыш құрылғылармен жабдықталған жүк көтеруі 25т-ға дейін мұнаралы стационарлы және козловый крандарын, жүк көтеруі 15т-ға дейін порталды-жебелі крандарды басқару.

Жоғары сақтықты талап ететін ағаш және басқа да ұқсас жүктерді тасымалдау, тиеу, түсіру және шамадан артық тиеу бойынша күрделі жұмыстарды орындау кезінде, сондай-ақ механизмдер, машиналар, түйіндер, агрегаттар, бұйымдарды стапельді және секционды бұзу, жинау б/ша технологиялық жабдық және онымен байланысты құрылымдарды монтаждау бойынша, қыздыру пештерінен дайындамалар мен кесектерді беру бойынша, металлды құю бойынша, құрылыс –монтаждық және жөндеу –құрылыс жұмыстарын орындау кезінде түрлі жүк ұстағыш құрылғылармен жабдықталған жүк көтеруі 5-25т-ға дейін мұнаралы стационарлы және козловый крандарын, жүк көтеруі 3-15т-ға дейін порталды-жебелі, мұнаралы өзі жүретін, өзі көтеретін крандар, жүк көтеруі 10-100т-дан астам шлюзды және көпірлі крандарды басқару.

Жұмыстың барлық түрін орындау кезіндегі түрлі жүк ұстағыш құрылғылармен жабдықталған жүк көтеруі 10т-ға дейін қалқыма және жүк көтеруі 3 тен 10т-ға дейін кабельді крандарды басқару. Жұмыстың барлық түрін орындау кезінде түрлі жүк ұстағыш құрылғыларымен жабдықталған жүк көтеруі 25т-ға дейін өзі жүретін теміржол крандар және жүк көтеруі 10-25тға дейін қысым доңғалақты және шынжыр табан крандарды басқару. Жөндеу-құрылыс және құрылыс-монтажды жұмыстарды орындау кезінде түрлі жүк ұстағыш құралдарымен жабдықталған жүк көтеруі 15 т-ға дейін өзі жүретін теміржол крандарымен, жүк көтеруі 10 т-ға дейін қысым доңғалақты және шынжыр табан крандарды басқару.



Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін крандар мен механиздердің құрылымы мен кинематикалық сызбасы; технологиялық жабдықты монтаждау, бұйымдар, агрегаттар, түйіндер, машиналар мен механизмдер, ғимараттардың құранды элементтерінің құрылымының технологиялық процесі; электротехника мен слесарлы іс негіздері.
§ 241. Кранның машинисті (краншы)

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аса жоғары қауіптілікті талап ететін еңбектің және орман жүктерін тасымалдау, тиеу және түсіру бойынша күрделі жұмыстар орындау кезінде, сондай-ақ жоғары қауіптілікті талап ететін түйіндер мен бұйымдар, бөлшектерді станоктарға орнату, престеу және ұнтақтау бойынша шыңдау кезінде машина бөлшектері мен бұйымдарды көмкеру бойынша металды құю бойынша қыздыру пештерінен дайындамалар мен кесектердің берілуі және отырғызылуы бойынша машиналар, түйіндер, агрегаттар, бұйымдарды стапельді және секциялы жинау мен бұзумен, технологиялық жабдық және онымен байланысқан құрылымды монтаждау кезінде жүк ұстайтын түрлі құралдармен жабдықталған жүк көтеруі 100т астам шлюз және көпірлі крандарды басқару. Жөндеу-құрылыс және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде және механизмдер, машиналар. Түйіндер, агрегаттар және бұйымдарды стапельді және секциялы бұзу, жинау, құрылымымен байланысты технологиялық жабдықты монтаждау бойынша жұмыстарды орындау кезінде, сондай-ақ жоғары қауіптілікті талап ететін ағаш және осыған ұқсас жүктерді тасымалдау, тиеу және арту бойынша күрделі жұмыстарды орындау кезінде түрлі жүк ұстағыш құралдарымен жабдықталған жүк көтеруі 25 т астам мұнаралы стационарлы және козловый крандарымен, жүк көтеруі 15 т астам порталды-оқ крандарымен, мұнаралы өзі жүретін өзі көтергіш крандарды басқару.

Жұмыстардың барлық түрін орындау кезінде түрлі жүк ұстау құралдарымен жабдықталған жүк көтеруі 10т астам қалқыма және кабельді крандарды басқару. Жұмыстардың барлық түрін орындау кезінде түрлі жүк ұстау құралдарымен жабдықталған жүк көтеруі 25т астам болатын шынжыр табан, қысымды доңғалақ және өзі жүретін теміржол крандарды басқару. Жөндеу-құрылыс және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде түрлі жүк көтеру құралдарымен жабдықтықталған жүк көтеруі 15 т. астам өзі жүретін теміржол және жүк көтеруі 10 т.астам шынжыр табан, қысымды доңғалақ крандары басқару.



Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін крандар мен механизмдердің кинематикалық және электрлік схемалары, құрылымы; қызмет көрсетілетін өндірістік учаскелердің орналасуы; электротехника және слесарлы іс.

Құрылыс-монтажды жұмыстар орындау кезінде жүк көтеруі 200т астам қысымды дөңгелек және шынжыр табан крандарды басқару кезінде арнайы орта білім қажет.

Ескерту. 1. Жүк көтеруі 50т астам шлюзды және көпірлі крандарды басқару кезінде, күшті және аса күшті турбоблоктар, турбогенераторлар, илемді және осыларға ұқсас технологиялық жабдық пен олардың құрылымдарын монтаждау кезінде, ірі габаритті айналмалы, қырнағыш, токарлық станоктарға жауапты бөлшектерді орнату кезінде жұмыстар 6-разряд бойынша белгіленеді.

2. Осы белгілеу машинақұрылысы кәсіпорындарындағы металлургиялық цехтардағы қара металлургияның негізгі металлургиялық өндірістердің технологиялық процесінде жұмыс істейтін кран машинисттеріне қатысты емес.

Жоғарыда аталған кран машинистінің (краншы) барлық жұмыстары мен кәсіптері қара металлургияға жататын БТБА тиісті тараулары бойынша белгіленеді.

3. Крандармен тракторларда жұмыс істейтін машинисттер «тракторист» мамандығы бойынша белгіленеді.

4. Өзі жүретін теміржол краны машинистінің көмекшісі басшылығы астында істейтін машинисттен екі разрядқа төмен белгіленеді, ал басқару мен жүргізу құқығы болған кезде машинисттен бір разрядқа төмен белгіленеді.

5. БТБА бойынша крандармен автомашиналарда жұмыс істейтін жүргізушілер белгіленбейді.

6. Жөнде-құрылыс және құрылыс-монтажды жұмыстарды орындаумен байланысты емес жүктеу-түсіру жұмыстары жүктеу-түсіру жұмыстарының сипаттамаларында қарастырылған тиісті күрделелік топтары бойынша белгіленеді.

7. кран кабинасын 48м және одан да көп биіктікке орналастыру кезінде өзі жүретін мұнаралы крандардың машинисттері, кранның жүк көтеруіне қарамастан, 6-разряд бойынша белгіленеді.


§ 242. Жуатын машиналардың машинисті

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қол аспаптары мен құралдарды қолдану арқылы жеке бөліктер, бөлшектер мен түйіндерді шешпей машиналар мен жабдықтарды дезинфекциялау және жуу. Ванналарда су, керосин, бензин, ацетон, сілтілі және қышқылды және басқа ерітінділермен түрлі шикізат, материалдар, бөлшектер, ыдыстар, бұйымдар және жартылай фабрикаттарды жуу.Жоғары емес концентратты сілтілі ерітінділер мен түрлі жуатын қышқылдарды дайындау. Жуатын ерітінділерді құю және ағызып алу, сондай-ақ жуу процесінде материалдар, бөлшектер, ыдыстар, бұйымдар мен басқа заттарды тиеу және түсіру. Жұмыс орны, жабдықтар және көмекші инвентарды жуу процесіне дайындау. Заттарды алдын-ала сүрту, қыру, сілку және сыпыру арқылы тазалау. Заттарды бу, дезинфекциялау заттармен және еріткіштермен өңдеу. Бұйымдар мен бөлшектер беттерінің майын кетіру. Бұйымдар, бөлшектерді орау, маркалау және сорттарға бөлу.

Білуге тиіс: қол аспаптары, инвентарь және құралдардың міндеттері; жуу ережелері және жуу сапасына қойылатын талаптар; жуу ерітінділерін дайындау және оларды қолдана білу ережелері; қолданылатын ерітінділер мен еріткіштердің қасиеттері; жуу заттарын алдын-ала тазалаудың тәсілдері; бұйымдар мен бөлшектерді орау және маркалау ережелері.
§ 243. Жуатын машиналардың машинисті

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қол аспаптары мен құралдарды қолдану арқылы жеке бөліктер, бөлшектер мен түйіндерді шешпей машиналар мен жабдықтарды дезинфекциялау және жуу. Ванналарда су, керосин, бензин, ацетон, сілтілі және қышқылды және басқа ерітінділермен түрлі шикізат, материалдар, бөлшектер, ыдыстар, бұйымдар және жартылай фабрикаттарды жуу.Сүзбекенептер, манжеттер, қаптар мен шілтерді жуу және сіңіру, жуылған және сіңірілген сүзгіш кенептер, манжеттер, қаптар мен шілтерді тиеу және түсіру, сығу, булау, кептіру, үрлеп тазарту және оларды сұрыптау.

Жууға арналған заттарды қысым астында ауамен, сумен немесе ерітінділермен өңдеу. Орнатылған рецептура бойынша барлық мүмкін жуу ерітінділері мен еріткіштерді дайындау.



Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтар мен жуу машиналарының жұмыс істеу қағидасы; машиналарды, жабдықтарды, материалдар мен бұйымдарды жууға қойылатын талаптар; ерітінді дайындау әдістері; жуу режімі; ерітінді концентратынын өзгеру және жуу поцесінде оларды кезектестіру тәртібі; жуатын және дезинфекциялау құралдарының құрамы мен қасиеттері және оларды мөлшерлеудің ережелері.
§ 244. Жуатын машиналардың машинисті

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жуатын машина-автоматтарында жеке бөліктер, бөлшектер мен түйіндер, сондай-ақ бактар, баллондар, цистерналар мен басқа арнайы ыдыстарды шешу және қайта қоюмен жауапты машиналар мен жабдықтарды стерильдеу, дезинфекциялау және жуу процесін жүргізу. Қалдық, ластау заттарының алдын-ала талдауды жүргізу. Жуу ерітіндісінің рецептурасын таңдау. Выбор рецептуры моющего раствора. Қалдық заттарды залалсыздандыру. Қолданатын машиналар мен жабдықтың ағымдағы жөндеуі мен дайындалуы.

Білуге тиіс: түрлі типті жуатын машиналар мен жабдықтарды жөнге келтіру ережелері; жуатын ерітінділердің құрамын сандық және сапалық анықтауымен байланысты есептер; жуатын ерітінділердің химиялық қасиеттері.
§ 245. Жуатын машиналардың машинисті

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тоғын-конвейер тізбегіне орнатылған машина-автоматтарында жабдықтар, машиналар, бөлшектер мен түйіндер, түрлі аппараттарды жуу процесін жүргізу. Машина автоматикасының барлық жүйесінің басқару тетігін қосу. Бақылау-өлшеу аспаптары, басқару тетігінен автоматика жүйесі мен датчиктер көрсеткіштері бойынша машиналар жұмысының режімін реттеу. Дірілді қоректендіргішті салу және қоректендіру жүйесін реттеу. Автомат жұмысындағы ауытқуларды анықтау және жою. Автоматты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автомат-машиналардың құрылымы және құрылымдық ерекшеліктері; автоматтың жеке түйіндерінің өзара әрекеттесу қағидасы және басқару тетігінің автоматты аспаптары көрсеткіштері бойынша машиналардың жұмысын реттеу әдістері; жуатын ерітінділердің құрамын сандық және сапалық анықтауымен байланысты есептер; жуатын ерітінділердің химиялық қасиеттері; түрлі типті жуатын машиналар мен жабдықтарды жөнге келтіру ережелері.
§ 246. Сорғы қондырғыларының машинисті

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 1000 м3/ч дейін су, пульпа және басқа жабысқақ емес сұйықтардың жиынтық өндірістілігі бар поршеньді және орталықтан тепкіш сорғылармен жабдықталған сорғы қондырғыларының (аралық станция, қондырғы) қызмет көрсетуі. Жорық жағдайлары мен құрылыс алаңдарында сорғылар, сорғы агрегаттар, сондай-ақ әр-қайсысы 100 м3/ч астам сорғылардың өнімділігі бар инесүзбе қондырғыларының қызмет көрсетілуі. 6000 м3/ч дейін метанәуе қоспа жиынтық өнімділігі бар сорғылармен көмір шахталарын газсыздандыру бойынша вакуум-сорғы қондырғыларын қызмет көрсету. Газ өлшемін жүзеге асыру. Су, мұнай және айдап қотарылатын сұйықтардың берілуін реттеу. Баржалар мен цистерналардан қара май мен мұнайды айдап қотару және құю. Қолдану, сақтау орнына беру немесе құйып тастау кезінде сұйық отынды қыздыру. Мұнайарналарын үрлеп тазарту. Сүзбенің күйін қадағалау және оны тазалау. Гринельді желілердің қызмет көрсетуі. Анағұрлым жоғары білікті машинистің басшылық етуімен аралық станцияда қарапайым электр техникалық жұмыстарды орындау. Іске қосудың қарапайым схемалары бар күш және жарықтандырғыш электр қондырғыларының қызмет көрсетуі.Жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Қондырғылардың жұмысы туралы журналда жазба жүргізу. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындау және жабдықтарды неғұрлым күрделі жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуге тиіс: поршеньді, орталықтан тепкіш сорғылар және басқа сорғы қондырғысы жабдықтарының жұмыс істеу қағидасы; су, мұнай және басқа да айдап қотарылатын сұйықтар, сондай-ақ газдардың физикалық және химиялық қасиеттері; сорғылар және оларға жетектерінің сипаттамасы; олардың жұмыс процесінде мүмкін болатын жүктемелер; сорғы қондырғыларының коммуникация сызбалары, сақтандырғыш құрылғылары мен бекіту арматурасының орналасуы; сорғы қондырғылары жұмысындағы ақаулықтарды жою әдістері; гринельді желілердің құбырларын ауыстырып қосу және қызмет көрсету ережелері; майлардың қолданылатын маркалары мен сорттары; қондырғылардың майлау жүйесі; электртехника негіздері; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс істеу қағидасы; өртке қарсы қорғаныс, техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың нормалары мен ережелері (2 біліктілік тобы көлемінде электр қондырғыларының қызмет көрсетуі кезінде)
§ 247. Сорғы қондырғыларының машинисті

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 1000 нан 3000 м3/ч астам су, пульпа және басқа жабысқақ емес сұйықтардың жиынтық өндірістілігі бар түрлі жүйедегі құбырлы сорғылар мен сорғылармен жабдықталған сорғы станцияларының (аралық станция, қондырғы) қызмет көрсетуі. Әр-қайсысы 100 до 600 м3/ч астам өнімділігі бар сорғылардың инесүзбелі қондырғылары және 100 ден 1000 м3/ч дейін су өнімділігі бар әр сорғы агрегаттары немесе сорғылардың өнеркәсіптік суалғылар және құрылыс алаңдарындағы сорғылар мен сорғы агрегаттарының қызмет көрсетуі. Метанәуелі қоспаның 6000 до 18000 м3/ч астам жиынтық өнімділігі бар сорғылардың көмір шахталарын газсыздандыру бойынша вакуум-сорғы қондырғыларының қызмет көрсетуі. Қозғауыштар мен сорғыларды іске қосу және тоқтату. Қызмет көрсетілетін учаскенің жүйесінде сұйықтың, газ және пульпаның берілген қысымымен қамтамасыз етілуін бақылау. 1000в дейінгі күш және жарықтандырғыш электр қондырғыларының қызмет көрсетуі. Аралық станцияда қарапайым электр техникалық жұмыстарды орындау. Учаскенің (аралық станцияның) электр жабдығының жүктемесін реттеу. Сорғы жабдығының, оның ішінде технологиялық жабдықтың электр қозғауыштары мен электр сызбаларының ақаулықтарын анықтау және жою. Сорғы жабдығының жұмысы туралы есептілік пен техникалық есепті жүргізу. Сорғы жабдығының жөндеу жұмыстарын орындау және оны күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуге тиіс: сорғы жабдығының құрылысы және белгіленуі; сұйықты (газ) айдау бойынша поршеньді және орталықтан тепкіш сорғылардың құрылымы; қызмет көрсетілетін жабдықтың жөндеу жұмыстары және пайдалану ережелері; ауаөткізгіш сорып алу және қысымды ұлғайту құбырлары және реттеу құрылғыларының схемалары; клинкерлер мен сүзбелердің құрылымы; электртехника, гидравлика және механика негіздері; жабдық жұмысындағы ақаулықтардың алдын-алу әдістері және аппаттарды жою; бақылау-өлшеу аспаптарының міндеттері мен қолданылуы; өртке қарсы қорғаныс, техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың нормалары мен ережелері (2 біліктілік тобы көлемінде электр қондырғыларының қызмет көрсетуі кезінде)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет