§ 211. Вагон төңкергіштің машинисті
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Вагон қондырғысы, вагон итергіш, вагон төңкергішпен вагондарды түсірудің тетігімен немесе вагон төңкергіш және вагон итергіш немесе вагон төңкергішпен және вагон қондырғылармен бірмезгілде басқару. Вагондар, тежеуіштер және тросты тіреуіштердің күйін қадағалау. Дабылды құрылғылардың көрсеткіштері бойынша механизмдер жұмысының берілген режімін жүргізу. Механизмдерді майлау және қызмет көрсетілуі. жабдықтың орташа және түбегейлі жөндеу жұмыстарына қатысу. Вагондарды тіркеу, ағыту, тежеу және бекіту бойынша жұмыстарды басқару. Түсірілген вагондардың саны мен жұмыс ұзақтығын есептеу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың, механизмердің және іске қосқыш аппаратураның кинематикалық схемалары; электртехника негіздері; басқару тетігінің дабылнамасы және бақылау-өлшеу құралдарын қолдану ережелері; майлау материалдарының түрлері; агрегаттар жұмысын және майлау материалдарының шығынын есепке алу; жабдықтың орташа және түбегейлі жөндеу жұмыстарына қатысу.
§ 212. Желдету және аспирациялық қондырғылардың машинисті
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электрқозғауыштарының 100 кВт дейінгі қуаттылығымен түтінсорғылар, циклондар, сүзбелер, желдетпе және аспирационды қондырғылардың қызмет көрсетуі. Жабдықты іске қосу, майлау және алдын-алушылық қарауды жүзеге асыру. Циклондар мен аспирационды құбырларды жүйелі тазалап тұру. Қондырғыны жаңа орынға тасымалдау. Іске қосқыш құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысын, аспирационды қондырғылар мен шаң болатын орынның бекітілуін, суытатын мойынтірек пен судың айналып жүруін қадағалау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жөндеу жұмыстарына қатысу. Қызмет көрсетілетін жабдықты тазалау, майлау және жөнге келтіру.
Білуге тиіс: түтінсорғылары, желдетпе және аспирационды қондырғылар және көмекші жабдықтың жұмыс істеу қағидасы, іске қосқыш құрылғылары мен бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану шарттары және олардың міндеттері; қолданылатын майлау материалдары және майлау орны.
§ 213. Желдету және аспирациялық қондырғылардың машинисті
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электрқозғауыштарының 100 кВт дейінгі қуаттылығымен түтінсорғылар, циклондар, сүзбелер, желдетпе және аспирационды қондырғылардың және көмекші жабдықтың қызмет көрсетуі. Сүзбе құбырындағы шибердің көмегімен желдетпе және аспирационды қондырғылардың жұмысын және түтінсорғылардың айналу жиілігін реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөнге келтіру. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және алдын алу. Жинау және бұзумен бірге қондырғыны жаңа орынға тасымалдау.
Білуге тиіс: түтінсорғылары, желдетпе және аспирационды қондырғылар және көмекші жабдықтың құрылымы; ауа өткізгіш желінің орналасу схемасы; қондырғы жұмысының режімі; бақылау- өлшеу аспаптарының және іске қосқыш құрылғыларының құрылымы; түтінсорғылардың айналу жиілігін реттеу ережелері; аспирационды жүйені реттеу және күйге келтіру ережелері; қондырғылар мен қозғауыштардың жұмысындағы мүмкін болатын ақаулықтар, олардың алдын-алу және жою әдістері.
§ 214. Ауа бөлетін қондырғылардың машинисті
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 100 куб м/сағ азот және оттек беретін ауа бөлетін қондырғылардың (агрегат) қызмет көрсетуі. Іске қосу алдында қызмет көрсетілетін жабдықтың іске қосқыштығын тексеру және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша оның жұмысын реттеу. Жабдықтың жұмысын қадағалау және кішігірім ақаулықтарды жою. Қондырғы жабдықтарының жұмысы туралы бақылау-есептік жазуларды жүргізу. Компрессорлардың уақытылы майланып тұруын қадағалау және ауа бөлетін қондырғылардың жабдығын жөндеу жұмыстарына қатысу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидасы; оттек алудың технологиялық сызбасы; бақылау-өлшеу аспаптарының қолдану шарттары және міндеттері; майлау материалдарының техникалық шарттары мен қасиеттері; қысыммен жұмыс істейтін аппараттар мен жабдықтардың қызмет көрсету ережелері; газдың физикалық және химиялық қасиеттері туралы негізгі мәліметтер.
§ 215. Ауа бөлетін қондырғылардың машинисті
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Оттек пен азотты 100 ден 800 куб. м/сағ астам, шикі аргонды 15 ге дейін куб. м/сағ және сұйық оттек пен азотты 500 л/сағ беретін бөлетін аппараттармен ауа бөлетін қондырғылардың қызмет көрсетуі. Іске қосу алдында қызмет көрсетілетін жабдықтың іске қосқыштығын тексеру және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша оның жұмысын реттеу. Жабдықтың жұмысын қадағалау және кішігірім ақаулықтарды жою.Қондырғылар мен жабдықтардың ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру. Қондырғы жабдықтарының жұмысы туралы бақылау-есептік жазуларды жүргізу. Компрессорлар, су, май сорғылары және басқа жабдықтың суыту және майлау жүйелерін қадағалау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін компрессорлар, сорғылар және басқа ауа бөлетін қондырғылардың құрылымы; қызмет көрсетілетін жабдықтың майлау және суыту жүйесі; газдардың физикалық және химиялық қасиеттері және бақылау-өлшеу аспаптары туралы негізгі мәліметтер.
§ 216. Ауа бөлетін қондырғылардың машинисті
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Оттек пен азотты 800 ден 12000 куб. м/сағ астам, шикі аргонды 15 ден 140 куб. м/сағ және сұйық оттек пен азотты 500 ден 1000 л/сағ астам беретін бөлетін аппараттармен ауа бөлетін қондырғылардың қызмет көрсетуі. Анағұрлым жоғары білікті машинисттің басшылық етуімен криптон-ксинонды қоспаларды өндіру бойынша қондырғылардың қызмет көрсетуі. Қызмет көрсетілетін жабдықты тексеру, дайындау және іске қосу және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша олардың жұмыстарын реттеу. Компрессорлардың майлау және суыту жүйелерін, су және майлы сорғылар мен басқа механизмдерді қадағалау. Қондырғылар мен жабдықтардың жұмысы туралы бақылау-есептік жазбаларын жүргізу. Қондырғылар жабдығының ағымдағы және апатты жөндеуін орындау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін компрессорлар, сорғылар және басқа ауа бөлетін қондырғылардың құрылымы; оттек, аргон және азот алудың технологиялық сызбасы; газдардың физикалық және химиялық қасиеттері және оларды қысу және бөлу процестерінің мәні.
§ 217. Ауа бөлетін қондырғылардың машинисті
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Оттек пен азотты 12000 куб. м/сағ астам, шикі аргонды 140 куб. м/сағ астам және сұйық оттек пен азотты 1000 л/сағ астам беретін бөлетін аппараттармен ауа бөлетін қондырғылардың қызмет көрсетуі. Барлық механизмдер мен қондырғыларды тексеру және іске қосуға дайындау. Қызмет көрсетілетін жабдықты іске қосу және тоқтату. Криптонды-ксинон қоспаларын өндіру бойынша қондырғылардың қызмет көрсетуі. Қондырғы жабдықтарының орташа және түбегейлі жөндеу жұмыстарына қатысу. Компрессорлар мен сорғылардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және оларды жою. Қондырғылар мен жабдықтардың жұмыстары туралы жазбаны өндірістік журналдарда жүргізу.
Білуге тиіс: компрессорлар, сорғылар, желдеткіштер, қозғалтқыштар және басқа да қызмет көрсетілетін газ генераторлы станция механизмдердің құрылымы; оттек, аргон, азот және тағы басқа газдарды алу бойынша қондырғы жұмыстарының технологиялық сызбасы; компрессорлар, құбырлыкомпрессорлар, ауаүрлегіш, ауа бөлетін қондырғылардың су және май сорғыларын жөндеу, жинау және бұзу тәртібі; физика негіздері және газды бөлу мен қысу процесінің мәні.
§ 218. Газ генератор станциясының машинисті
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. «Сименс», «Дахрост» типтеріндегі және т.б. қатты отынмен жұмыс істейтін қондырғылармен кішігірім өнімділігі бар газ генераторлы станциясының қызмет көрсетуі. Іске қосу алдында қызмет көрсетілетін жабдықтың іске қосқыштығын тексеру және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша оның жұмысын реттеу. Механизмнің қозғалатын бөліктерін майлау. Қызмет көрсетілетін жабдықты тексеру, дайындау және іске қосу және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша олардың жұмыстарын реттеу. Жоғары өнімділігі бар газ генераторлы қондырғылары жабдықтарының қызмет көрсетуі кезіндегі машинист көмекшісі ретінде жұмыс істеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жөндеу жұмыстарына қатысу.
Білуге тиіс: компрессорлар, сорғылар, желдеткіштер, қозғалтқыштар және басқа да қызмет көрсетілетін газ генераторлы станция механизмдердің құрылымы және жұмыс істеу қағидасы;қатты отынды газификаттау кезінде энергетикалық газды алудың технологиялық процесі туралы мәліметтер; бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану шарттары мен міндеттері, газды, су-бу және ауа коммуникицияларының сызбасы; өндірілетін газдардың қасиеттері және оларды сақтау шарттары; майлау материалдарының номенклатурасы мен жабдықтың майлау жүйесі; мойынтіректердің қызып кету себептері және оларды жою әдістері; газбен улану немесе күйіп қалған кезде алғашқы көмек көрсету ережелері.
§ 219. Газ генератор станциясының машинисті
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. «Коллер», «Гут-Ретгер», «Гипромез», ПД-7 типтеріндегі және т.б. қатты отынмен жұмыс істейтін қондырғылармен жоғары өнімділігі бар газ генераторлы станциясының қызмет көрсетуі. Қызмет көрсетілетін жабдықты іске қосу, тоқтату және тексеру, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша оның жұмысын реттеу.Жабдықтар жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және оларды жою. Қозғалатын механизмдердің суыту және майлау жүйелерін қадағалау. Станция жабдықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындау және орташа және түбегейлі жөндеуге қатысу. Газ генераторлы қондырғы жабдықтарының жұмысы туралы бақылау және есептік жазуларды жүргізу.
Білуге тиіс: компрессорлар, сорғылар, желдеткіштер, қозғалтқыштар және басқа да қызмет көрсетілетін газ генераторлы станция механизмдердің құрылымы; қатты отынның газификаттаудың технологиялық процесінің негіздері; газ генераторлы коммуникация сызбалары; бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы; өндірілетін газдың қасиеттері және оларды тасымалдау және сақтау шарттары; газ генератор станциясының жабдықтарының жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою әдістері.
§ 220. Газ генератор станциясының машинисті
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қатты отынмен жұмыс істейтін ГИАП типіндегі күшті қондырғылармен жабдықталған газ генератор станциясы, сондай-ақ нақты газ тазалау қондырғысы және газ гольдерлі шаруашылығы бар өнімділігі жоғары газ генераторлы станциялардың қызмет көрсетуі. Газ генераторлы станцияларының машиналы бөлімінің барлық механизмдерін, жетекті құрылғылар, сорғыларды, желдеткіштерді, компрессорды беру жүйелерін іске қосу және тоқтату. Бу, су, ауа және газ құбырөткізгіштер, тазалау аппаратурасы, скруббер және бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысын қадағалау. Газгольдерлер, конденсатбөлу, газ қысымын реттеуіш пен инжекторлардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету. Газгольдерлердің жылу жүйесін және тығырлық ысырмасындағы май деңгейін қадағалау. Шу, тарсыл және қызу бойынша қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықты табу және оларды жою. Станция жабдығының орташа және түбегейлі жөндеу жұмыстарына қатысу және ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындау. Газ тазалаушы және газ генераторлы қондырғылар жабдығының жұмыстары туралы бақылау және есептік жазбаларды жүргізу.
Білуге тиіс: күрделі газ генераторлы қондырғылар, газ тазалаушы және басқа аппаратуралардың құрылымы; түрлі отынды газификаттаудың және газды тазалаудың технологиялық процесі; энергетикалық газды алудың және оны сақтаудың әдістері; газ тазалау қондырғылары мен газ генераторлы жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері.
§ 221. Газ үрлейтін машиналардың машинисті
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық газдер мен ауаларды ауыстыру және қысуға арналған түрлі машиналар: 3000 куб. м/сағ. беруімен құбыргазүрлеуіш, ауа-газүрлегіш және т.б. қызмет көрсетілуі. Олардың жұмысын қадағалау және реттеу. Машиналарды іске қосу және тоқтату. Газдың температурасы мен қысымын, қажалатын бөліктердің майлануын, майдың суытылуын бақылау. Бақылау-өлшеу аспаптары және коммуникациялардың жұмысын бақылау. Жабдықтың ағымдағы жөндеу жұмыстары, машиналардың, арматуралар, коммуникациялар және бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштеріндегі ақаулықтарды анықтау және жою. Жабдықтың жоспарлы жөндеу жұмыстарына қатысу. Электр энергиясының және майлау материалдарының шығынының есебін жүргізу. Өндрістік журналдарда жазба жүргізу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін машиналар мен қозғалтқыштардың құрылымы; орындалатын жұмыстар шеңберінде элеткротехниканың негіздері; коммуникациялар сызбасы; майлау материалдарының негізгі қасиеттері; майлау ережелері; жабдықтар жұмысындағы ақаулықтардың пайда болу себептері және олардың алу бойынша шаралар.
3000 нан 15000 куб. м/сағ астам беруімен газды-және ауа үрлегіш машиналардың қызмет көрсетуі кезінде - 3-разряд;
15000 нан 75000 куб. м/сағ астам беруімен газды-және ауа үрлегіш машиналардың қызмет көрсетуі кезінде - 4-разряд;
75000 куб. м/сағ астам беруімен газды-және ауа үрлегіш машиналардың қызмет көрсетуі кезінде - 5-разряд;
Ескертулер. 1. Газ үрлегіш машиналардың машинистінің көмекшісі басшылығында өзі жұмыс істейтін, машинисттен екі разряд төмен белгіленеді. Бірақ 2-разрядтан төмен емес.
2. Электр сүзбелер, құбырлы және суландыратын тоңазытқыштардың қызмет көрсету бойынша қызметті бір мезгілде атқару кезінде машинисттер бір разрядқа жоғары белгіленеді.
§ 222. Іштей жанатын қозғалтқыштардың машинисті
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қуаттылығы 73,5 кВт (до 100 л. с.) дейін барлық жүйелердің ішкі жану қозғалтқыштарының қызмет көрсетілуі. Машинист көмекшісі ретінде, жиынтық қуаттылығы 73,5 тен 735 кВт (свыше 100 до 1000 л. с.) астам барлық жүйенің ішкі жанудың бірнеше қозғалтқыштарымен жабдықталған қондырғылардың қызмет көрсетуі. Қозғалтқыш жұмысын іске қосу, тоқтату және реттеу. Қозғалтқыштарды толтыру, көмекші механизмдер мен түйіндерді майлау.
Білуге тиіс: қозғалтқыштардың жұмыс істеу қағидасы; қозғалтқыштардың қызмет көрсетуі, іске қосу және тоқтату ережелері; қозғалтқыштарды майлау, қоректендіру және суыту сызбалары; қарапайым және орташа күрделі бақылау-өлшеу аспаптарын қолданудың ережелері мен міндеттері; жанар-жағар май және майлау материалдарының сұрыптары; құбырөткізгіш пен арматураның орналасуы.
§ 223. Іштей жанатын қозғалтқыштардың машинисті
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 73,5 астам 147 кВт (100ден 200л.с дейін) дейінгі қуаттылығы бар барлық жүйелердің ішкі жануының қозғалтқыштарының қызмет көрсетуі. Машинист көмекшісі ретінде жиынтық қуаттылығы 735 астам 2205 кВт дейін (1000 нан 3000 л.с.) барлық жүйелердің ішкі жануының бірнеше қозғалтқыштарымен жабдықталған қондырғылардың қызмет көрсетуі. Қызмет көрсетілетін өндірістің объект немесе учаске технологиясымен байланыста қозғалтқыштардың жұмыстарын реттеу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін қозғалтқыштардың құрылымы; қозғалтқыштар, генераторлар, отын сорғылары мен көмекші механизмдерінің қызмет көрсету ережелері; жылу техникасы мен электр техника бойынша негізгі мәліметтер; қарапайым және орта күрделі бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы; қоғалтқыш жұмысын және жанар-жағар май материалдарының шығынын есепке алу ережелері.
§ 224. Іштей жанатын қозғалтқыштардың машинисті
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 147 астам 221,2 кВт (200ден 750л.с дейін) дейінгі қуаттылығы бар барлық жүйелердің ішкі жануының қозғалтқыштарының немесе жиынтық қуаттылығы 147 астам 735кВт бірнеше қозғалтқыштармен жабдықталған қондырғылардың қызмет көрсетуі. Машинист көмекшісі ретінде жиынтық қуаттылығы 2205 кВт астам (3000 л.с. астам) барлық жүйелердің ішкі жануының бірнеше қозғалтқыштарымен жабдықталған қондырғылардың қызмет көрсетуі. Агрегаттар, генераторлар, отын сорғылары және көмекші механизмдердің жұмысын бақылау. Ағымдағы жөндеу жұмысын орындау және қозғалтқыштардың орташа және түбегейлі жөндеу жұмыстарына қатысу. Ревизия кезінде қозғалтқыштарды бұзу, жинау, қарау және ашу.
Білуге тиіс: түрлі типті қозғалтқыштардың құрылымы; күрделі бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; агрегаттар, генераторлар, отын сорғылары және көмекші механизмдердің жұмысын бақылау әдістері; қозғалтқыштар мен көмекші механизмдерді жөндеу, тексеру, жинау, қарау, бұзу ережелері.
§ 225. Іштей жанатын қозғалтқыштардың машинисті
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 551,2 кВт (750л.с астам) дейінгі қуаттылығы бар барлық жүйелердің ішкі жануының қозғалтқыштарының немесе жиынтық қуаттылығы 735кВт астам 2205 кВт дейін бірнеше қозғалтқыштармен жабдықталған қондырғылардың қызмет көрсетуі. Қозғалтқыштар және оның жеке түйіндері жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін қозғалтқыштар мен көмекші механизмдердің электрлік және кинематикалық сызбалары, құрылымы; бақылау-өлшеу аспаптарын реттеу және күйге келтіру ережелері; қозғалтқыштар жұмысындағы ақаулықтарды анықтау әдістері оларды жою тәсілдері.
§ 226. Іштей жанатын қозғалтқыштардың машинисті
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жиынтық қуаттылығы 2205кВт астам түрлі жүйедегі ішкі жанудың қозғалтқыштар тобымен жабдықталған станциялар немесе қондырғылардың қызмет көрсетуі. Қозғалтқыштарды сынау, монтаждау және демонтаждауға қатысу.
Білуге тиіс: түрлі қозғалтқыштардың электрлік және кинематикалық сызбалары, құрылымы; қозғалтқыштарды сынау, монтаждау және демонтаждау ережелері.
§ 227. Компрессорлық қондырғылардың машинисті
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі қозғалтқыштардан жетекпен қауіпті емес газдарда жұмыс кезінде әр-қайсысы 5 куб. м/мин. беруімен 1МПа дейін қысымды турбокомпрессорлар мен стационарлы компрессорлардың қызмет көрсетуі. Компрессорларды іске қосу, тоқтату және реттеу. Компрессорлар мен көмекші жабдықтың жұмысын қадағалау. Компрессорлардың қажалатын бөліктерін майлау және суыту. Компрессорлар жұмысындағы ақаулықтардың алдын-алу және жою және оның сақтандырғыш құрылғысының жұмысын бақылау. Жетекті қозғалтқыштардың қызмет көрсетуі. Шығыс және апатты бактарға майды ағызу және құю. Компрессорлы станцияның жабдықтарын жөндеу жұмыстарына қатысу.
Білуге тиіс: поршеньді компрессорлар, құбыр компрессорлары, бу машиналары мен электр қозғалтқыштарының жұмыс істеу қағидасы; компрессорлар мен қозғалтқыштар жұмысындағы ақаулықтарды жою мен алдын-алу әдістері; басқару автоматикасы мен бақылау-өлшеу аспаптарының қолдану әдістері мен міндеттері; кмопрессорлы станцияның құбырларының сызбасы; деңгейлер бойынша жұмыс қысымын және тиісті ауа температурасы; қызмет көрсетілетін агрегаттар түйіндерінің мүмкін болатын қызу температурасы, алдын-алу шаралары және қызып кетуді болдырмау; механизмдерді майлауға қолданылатын майлардың маркалары мен сұрыптары.
§ 228. Компрессорлық қондырғылардың машинисті
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі қозғалтқыштардың жетегімен қауіпті емес газдарда жұмыс істеу кезінде әр-қайсысы 5 тен 100 куб.м/мин берумен 1МПа (10кгс/кв.см астам) астам қысыммен немесе 5 тен 100куб.м/мин астам берумен 1МПа (10кгс/кв.см дейін) дейін қысыммен турбокомпрессорлар мен стационарлы компрессорлардың қызмет көрсетуі. Әр-қайсысы 5 куб.м/мин берумен 1МПа (10кгс/кв.см дейін) дейінгі қысыммен қауіпті газда жұмыс істейтін турбокомпрессорлар мен стационарлы компрессорлардың қызмет көрсетуі. Компрессорлар, турбокомпрессорлар және қозғалтқыштардың жұмыс режімін реттеу және іске қосу. Компрессорлар жұмысының талап етілетін параметрлерін ұстану және жеке агрегаттарды қайта қосу. Компрессорлы станциядағы жұмыста қателіктерді анықтау және алдын-алу. Қызмет көрсетілетін компрессорлар, машиналар және механизмдердің жұмысы туралы есептік-техникалық құжаттаманы жүргізу. Компрессорлық станция агрегаттарының жөндеу жұмыстарына қатысу.
Білуге тиіс: поршеньді компрессорлар, турбокомпрессорлар, ішкі жану қозғалтқыштары, бу машиналары және электр қозғалтқыштарының құрылымы, олардың пайдалану ережелері мен техникалық сипаттамасы; құбырөткізгіш сызбасы; қарапайым және орта күрделі бақылау- өлшеу аспаптарының, автоматты аппараттар мен арматураның құрылысы; компрессорлы станцияның есепті-техникалық құжаттамасы; термодинамика және электртехника негіздері; компрессорлар жұмысында байқалатын газдардың қасиеттері.
§ 229. Компрессорлық қондырғылардың машинисті
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі қозғалтқыштардың жетегімен қауіпті емес газдарда жұмыс істеу кезінде әр-қайсысы 5 тен 100 куб.м/мин берумен 1МПа (10кгс/кв.см астам) астам қысыммен немесе 5 тен 100куб.м/мин астам берумен 1МПа (10кгс/кв.см дейін) дейін қысыммен турбокомпрессорлар мен стационарлы компрессорлардың қызмет көрсетуі. Әр-қайсысы 5 куб.м/мин берумен 1МПа (10кгс/кв.см дейін) дейінгі қысыммен қауіпті газда жұмыс істейтін турбокомпрессорлар мен стационарлы компрессорлардың қызмет көрсетуі.
Компрессорлар жұмысының өте тиімді режімін орнатып, ұстау. Қозғалтқыштар, компрессорлар, аспаптар, көмекші механизмдер және басқа жабдықтың жұмысын қадағалау. 3 разряд слесарі біліктілігінің шегінде компрессорлы қондырғылар жабдығының жөндеу жұмыстарына қатысу.
Білуге тиіс: түрлі типті компрессорлар, құбыр компрессорлар, ішкі жану қозғалтқышы, бу машиналары, бу трубиналары мен электр қозғалтқыштары, көмекші механизмдер, күрделі бақылау-өлшеу аспаптары мен арматураның құрылымы және құрылымды ерекшеліктері; буөткізгіш, айналмалы конденсаттық құбырөткізгіш, арматуралар мен компрессорлы станция резервуарларының орналасу сызбасы; жабдықты блоктау және жұмысты реттеуге арналған автоматты құрылғылардың орналасу сызбасы; қызмет көрсетілетін компрессорлардың негізгі техникалық сипаттамалары; қысылған ауа мен газ өндіруге пайдаланатын материалдар мен электр энергиясы шығынының нормалары.
§ 230. Компрессорлық қондырғылардың машинисті
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі қозғалтқыштардың жетегімен қауіпті емес газдарда жұмыс істеу кезінде әр-қайсысы 100 тен 250 куб.м/мин берумен 1МПа (10кгс/кв.см астам) астам қысыммен немесе 500 тен 1000куб.м/мин астам берумен 1МПа (10кгс/кв.см дейін) дейін қысыммен турбокомпрессорлар мен стационарлы компрессорлардың қызмет көрсетуі. Әр-қайсысы 100 куб.м/мин берумен 1МПа (10кгс/кв.см дейін) дейінгі қысыммен қауіпті газда жұмыс істейтін турбокомпрессорлар мен стационарлы компрессорлардың қызмет көрсетуі. 100 куб.м/мин өнімділігі бар автоматтандырылған компрессорлы станцияның қызмет көрсетуі. Компрессорлы станцияның жабдығын жөндеуге, резервке шығару. Станция өнімін өндірудің технологиялық процесін реттеу. Компрессорлы станция жабдығының жөндеу жұмысына ақаулық ведомосін құру. 4-разрядты слесар біліктілігінің шегінде компрессорлы станция жабдығының жөндеу жұмыстарын орындау. Жорық жағдайларында ішкі жану қозғалтқыштары мен компрессорлардың жөндеу жұмыстары.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін компрессорлар, турбокомпрессорлар, бу машиналары, электрқозғалтқыштар және ішкі жану қозғалтқыштарының кинематикалық сызбалары; жоғары қысымды компрессорлардың құрылымы; компрессорлы және турбокмопрессорлы қондырғылар, бу және электр қозғалтқыштары мен көмекші жыбдықтың пайдалану сипаттамасы; станция өнімін өндірудің технологиялық процестерінің сызбалары; қолданылатын жүйе мен құрылымдағы компрессорлар жұмысының пайдалы әсер коэффициенті.
§ 231. Компрессорлық қондырғылардың машинисті
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі қозғалтқыштардың жетегімен қауіпті емес газдарда жұмыс істеу кезінде әр-қайсысы 250 куб.м/мин берумен 1МПа (10кгс/кв.см астам) астам қысыммен немесе 1000куб.м/мин астам берумен 1МПа (10кгс/кв.см дейін) дейін қысыммен турбокомпрессорлар мен стационарлы компрессорлардың қызмет көрсетуі. Әр-қайсысы 100 куб.м/мин берумен 1МПа (10кгс/кв.см дейін) дейінгі қысыммен қауіпті газда жұмыс істейтін турбокомпрессорлар мен стационарлы компрессорлардың қызмет көрсетуі. 100 куб.м/мин астам берумен автоматтандырылған компрессорлы станцияларының қызмет көрсетуі. Станция өнімін өндірудің технологиялық процесін реттеу. Компрессорлы станция жабдығының жөндеу жұмысына ақаулық ведомосін құру. Компрессорлы станция жабдығының жөндеу жұмыстары бойынша ақаулықтар ведомосін құру. 5-разрядты слесар біліктілігінің шегінде компрессорлы станция жабдығының жөндеу жұмыстарын орындау.
Білуге тиіс: түрлі жүйедегі құбыр компрессорлар, күш жабдығы, электр қозғалтқыштары, бу машиналары, ішкі жану қозғалтқыштарының кинематикалық сызбалары мен құрылымы; компрессорлар және оған күш қондырғысының пайдалану сипаттамасы.
Достарыңызбен бөлісу: |