Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы


§ 289. Май құю станцияларының операторы



бет17/25
Дата12.06.2016
өлшемі2.25 Mb.
#131112
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
§ 289. Май құю станцияларының операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қашықтан басқарумен механикалық және автоматты май құю құралдарының көмегімен жанатын және майлайтын материалдарды құю: автомобильдерге мотокөлікке, тракторларға, ұшу аппараттарына, кемелерге алуан түрлі қондырғыларға, басқа көлік құралдарына бензин, керосин, май және т.б. құю. 500 л/мин артық өнімділікпен май құятын жылжымалы құралдардың көмегімен ұшу аппараттарына май құю. Отын- және май тарату жабдығының, басқару автоматикасының және электр тарату қалқандарының ақаусыздығын тексеру. Отын тарату бағаналарын және өлшеу құралдарын мемсенушілерге тексеруге беру мерзімдерін бақылау. Жабдыққа жөндеу өткізуге өтініштер ұсыну және оны жөндеуден қабылдау. Жылжымалы автомай құю станциясын қуаттандыру көздеріне қосу; іштен жану қозғалтқышымен бензоэлктрлік агрегатты, генератордың және басқару электрқалқанын жұмысқа жарамдылық қалыпқа келтіру. Қашықтан басқару автоматикасында ұсақ ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: резервуарлары, технологиялық құбырларды, отын тарату жабдығын және электрондық-автоматты басқару жүйесін пайдалану ережесі; ұшу аппараттарының отын және май жүйелерінің сызбалары; ұшақтарға отын берудің орталықтандырылған стационарлық жүйелерінің құрылысы және пайдалану ережесі; автоматты және химиялық әдістердің көмегімен судың және механикалық қоспалардың мөлшеріне авиациялық жанатын- майлайтын материалдардың сапасына жедел- аэродромдық бақылау жүргізу ережесі; қосатын бензоэлектрлік агрегатымен және іштен жанатын қозғалтқышымен жылжымалы автомай құю станциясының (АЭС) жабдығын және электр қалқанды техникалық пайдалану ережесі; жылжымалы АЭС жұмыс орнында орнату және электр қуатын қосу тәртібі; іштен жанатын қозғалтқышты дайындау және қосу тәртібі.
§ 290. Май құю станцияларының операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ақпаратты енгізу мен көрсетудің, аппараттық блок пен перфоратордың электрондық құрылғысымен несие карталары бойынша жанатын және майлайтын материалдар құюдың автоматтандырылған жүйесіне қызмет көрсету. Жанармай құятын бағананың отын беруін бақылау және дәлдікті тексеру. Таблода, перфолентада енгізу мен жазу құрылғыларының индикаторлық лампаларында ақпараттың дұрыстығын бақылау. Ақпаратпен перфолента алу, кассеталарды ауыстыру, жады блогында жазу жүргізу. Жұмыс барысында қызмет көрсететін жабдықты жөндеу, және жүйенің ақау тораптары мен бөліктерін жөндеуге және ауыстыруға қатысу.

Білуге тиіс: мұнай өнімдерін несие карталары бойынша жіберудің автоматтандырылған жүйесінің құрылымы және пайдалану ережесі; ақпаратты жады блогына дайындау мен енгізудің негізгі әдістері; жүйенің тораптарын дәлдікке тексеру және жөндеу ережесі; көлік құралдарына несие карталары бойынша май құю процесін жүргізу реттілігі; мұнай өнімдерін несие карталары бойынша төлеу мен жіберудің тәртібі туралы нұсқаулық.
§ 291. Қазан операторы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 12,6 ГДж/сағ дейін ( 3 Гкал/сағ дейін) қосынды өнімділікпен су жылытатын және бу қазандарына қызмет көрсету немесе сұйық және газ тәрізді отында немесе электрқыздыруда жұмыс істейтін 21 ГДж/сағ дейін (5 Гкал/сағ дейін) қазан өнімділігімен жекелеген су жылытатын және бу қазандарына қызмет көрсету. Қазандарды жағу, қосу және тоқтату және оларға су құю. Отынның жануын реттеу. Бақылау- өлшеу аспаптары бойынша қазандағы судың деңгейін, будың қысымын және жылыту жүйесіне берілетін судың температурасын қадағалау. 42 ГДж/ сағ дейін (10 Гкал/ сағ дейін) қосынды жылулық жүктемемен негізгі агрегаттарға қызмет көрсету аймағында орналасқан жылу желілік бойлер қондырғыларына немесе жапырылған бу станцияларына қызмет көрсету. Жапырылған буды тазалау және суды деаэрациялау. Сорғыларды, қозғалтқыштарды және басқа көмекші механизмдерді қосу және тоқтату. Қазандағы құралдарды және арматураны тазалау. Қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін қазандардың жұмыс істеу қағидасы; жылу оқшаулағыш массаның құрамы және қазандар мен буқұбырларымен жылумен оқшаулаудың негізгі тәсілдері; кернеудегі газды және жабдықты ұстай білу ережесі; қарапайым және орта күрделі бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары; жылу желілік бойлер қондырғыларының немесе жапырылған бу станцияларының жабдығының құрылысы және жұмыс режимдері.
§ 292. Қазан операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 12,6 –дан жоғары 42 ГДж/сағ дейін (3 жоғары 10 Гкал/сағ дейін) қосынды өнімділікпен су жылытатын және бу қазандарына қызмет көрсету немесе сұйық және газ тәрізді отында немесе электрқыздыруда жұмыс істейтін 21 –ден жоғары 84 ГДж/сағ дейін (5 жоғары 20 Гкал/сағ дейін) қазан өнімділігімен жекелеген су жылытатын және бу қазандарына қызмет көрсету. 42 артық 84 ГДж/ сағ дейін (10 жоғары 20 Гкал/ сағ дейін) қосынды жылулық жүктемемен негізгі агрегаттарға қызмет көрсету аймағында орналасқан жылу желілік бойлер қондырғыларына немесе жапырылған бу станцияларына қызмет көрсету. Экономайзерлерді, ауажылытқыштарды және қуат көзін беретін сорғыларды қосу, тоқтату, реттеу және жұмысын қадағалау. Қазан жабдығының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Жылу құбырлар сызбаларында қызмет көрсетілетін агрегаттарды қосу, тоқтату және ауыстырып қосу. Тұтынушыларға жіберілетін жылуды есепке алу. Қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін қазандардың құрылысы; ортадан тебетін және поршеньді сорғылардың, электрқозғалтқыштардың және бу қозғалтқыштардың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы; қазан қондырғысының және сырты жылу желілерінің жылу-, бу-, және су құбырларының сызбалары; жабдықтың жұмысының нәтижесін және тұтынушыларға жіберілетін жылуды есепке алу тәртібі; қарапайым және орта күрделі бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы.
§ 293. Қазан операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 42 –ден жоғары 84 ГДж/сағ дейін (10 жоғары 20 Гкал/сағ дейін) қосынды өнімділікпен су жылытатын және бу қазандарына қызмет көрсету немесе сұйық және ара тәрізді отында немесе электрқыздыруда жұмыс істейтін 84 жоғары 273 ГДж/сағ дейін (20 жоғары 65 Гкал/сағ дейін) қазан өнімділігімен жекелеген су жылытатын және бу қазандарына қызмет көрсету. 84-тен жоғары ГДж/ сағ (20 Гкал/ сағ жоғары) қосынды жылулық жүктемемен негізгі агрегаттарға қызмет көрсету аймағында орналасқан жылу желілік бойлер қондырғыларына немесе жапырылған бу станцияларына қызмет көрсету. Бақылау- өлшеу аспаптары бойынша қазандардағы судың деңгейін, будың, су мен қалдық газдардың қысымы мен температурасын қадағалау. Бу тұтыну кестесіне сәйкес қазандардың жұмысын реттеу. Жабдықтың жұмысындағы ақаулықтардың алдын алу және жою.

Білуге тиіс: бір типті қазандардың, сондай-ақ әр түрлі көмекші механизмдер мен қазан арматураларының құрылысы және қызмет көрсету ережесі; жылу техника бойынша негізгі мәліметтер; отынның әр түрлі қасиеттері және отын сапасының жану процесіне және қазан агрегаттардың жылу өнімділігіне әсері; судың сапасына техникалық шарттар және оны тазалау тәсілдері; қазан қондырғысының жұмсындағы ақаулықтардың туындау себептері және олардың алдын алу шаралары; күрделі бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы, белгіленуі және пайдалану шарттары.
§ 294. Қазан операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 84 жоғары 273 ГДж/сағ дейін (20 жоғары 65 Гкал/сағ дейін) қосынды өнімділікпен су жылытатын және бу қазандарына қызмет көрсету немесе сұйық және газ тәрізді отында немесе электрқыздыруда жұмыс істейтін 273 жоғары 546 ГДж/сағ дейін (65 жоғары 130 Гкал/сағ дейін) қазан өнімділігімен жекелеген су жылытатын және бу қазандарына қызмет көрсету. Қуат көзін беру желілерін ауыстырып қосу, магистральдардан буды қосу және сөндіру. Қазандарды қуаттандыратын автоматты аппаратураны қосу және сөндіру. Қазандарды, олардың көмекші механизмдерін және бақылау- өлшеу аспаптарын профилактикалық қарау және қазангрегаттардың жоспарлық алдын алу жөндеуге қатысу. Қазандардың және олардың көмекші механизмдерін жөндеуден қабылдау және оларды жұмысқа дайындау.

Білуге тиіс: әр түрлі жүйелердің су жылытатын және бу қазандарының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы; қазан жабдығының және механизмдердің пайдалану деректері; автоматты реттеу аппараттарының құрылысы; аспаптардың көрсеткіштеріне байланысты қазанның жұмыс режимін жүргізу ережесі; қазандағы құбыр желілері мен сигнал беру сызбалары; бақылау- өлшеу аспаптарын баптау және реттеу ережесі.
§ 295. Қазан операторы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 273 ГДж/сағ жоғары (65 Гкал/сағ жоғары) қосынды өнімділікпен су жылытатын және бу қазандарына қызмет көрсету немесе сұйық және газ тәрізді отында немесе электрқыздыруда жұмыс істейтін 546 ГДж/сағ жоғары (130 Гкал/сағ жоғары) қазан өнімділігімен жекелеген су жылытатын және бу қазандарына қызмет көрсету.

Білуге тиіс: бақылау- өлшеу аспаптарының және автоматты реттеу аппараттарының конструкциялық ерекшеліктері; отынның жылу шығару қабілеті мен физикалық қасиеттері; қазандардың жылу балансының элементтері және оны құру; қазан қондырғысының пайдалы әсер коэффициентін анықтау ережесі.
§ 296. Механикаландырылған және автоматтандырылған қоймалардың операторы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жүк тиеу, түсіру, тасу және қойма ішінде өңдеу: қоймаларда, базаларда, қоймалық бөлмелерде, вагондарда, кемелерде, автомобильдерде, контейнер алаңдарында тоңазытқыш камераларда, жинақтау және орау учаскелерінде конвейерлерді, жүкшығырларды, электротальдарды электрлік-, автоарбаларды, көтеру блоктарын және басқа ұқсас механизмдер мен құрылғыларды пайдланумен әр түрлі жүктерді сорттау, тасу, орнын ауыстыру, тегістеу. Анағұрлым жоғары білікті оператордың басшылығымен әр түрлі жүктерді жүк тиегіштермен, жүк түсіргіштермен, жүк ұстайтын механизмдермен және құрылғылармен тиеу, түсіру, орнын ауыстыру және қатарға жинау. 5 т дейін массасымен әр түрлі жүктердің орнын ауыстыру, салу, бекіту және арбаға немесе платформаларға орнату бойынша іліп қою, байлау және такелаждық жұмыстарды орындау. Әр түрлі маркалау құрылғылары мен жабдықтарды пайдаланумен мөр басу, штемпельдеу, этикетка жабыстыру арқылы әр түрлі жүктерді, бұйымдарды, бөлшектерді, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімді, буып-түйетін ыдысты маркалау. Қышқылдарды, сілтілерді, су ерітінділерін және еріткіштерді қабылдау, ыдыстарға құю және құю ыдысына құйып қою. Механизмдердің көмегімен жартылай фабрикаттарды және дайын өнімді ыдысқа өлшеп салу. Көтеру механизмдерді пайдаланумен бұйымдарды салу, салынған бұйымдарды, бөлшектерді және өнімдерді орау машиналарында техникалық шарттарға сәйкес әр түрлі ыдысқа салу.

Білуге тиіс: көтеру- тасу механизмдерді, құрылғыларды, таразыларды пайдаланумен жүктерді тиеу, түсіру, тасымалдау ережесі және қойма ішінде өңдеу технологиялық процесі және олардың құрылысы; жүктерді тиеу және түсіру кезінде шартты сигнал беру; жүктерді ашық жылжыиалы құрамға, автомобильдерге, кемлер мен суыту камераларына тиеу кезіндегі шекті габариттер; қойма жайларының және жүктерді тиеу, түсіру орындарының орналасуы; жүктердің орнын ауыстыру кезінде арқанмен тарту және таклаждық құралдарды пайдалану ережесі; өлшенетін жүктердің номенклатурасы, ассортименті және сортаменті; жүктерді орау, салу және қатарластырып жинау тәсілдері мен сақтау ережесі; жүктерді таңбалаудың тәсілдері, ережелері, шифрлары және шартты белгілеуі;, жартылай фабрикаттарды және дайын өнімді мөлшерлеп құю, буып-түю ережелері; сұйық өнімдерді қабылдау, төгу ережелері және оларды ыдысқа бөліп құю нормалары.
§ 297. Механикаландырылған және автоматтандырылған қоймалардың операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қоймаларда, базаларда, қоймалық бөлмелерде, вагондарда, кемелерде, автомобильдерде, контейнер алаңдарында тоңазытқыш камераларда, жинақтау және орау учаскелерінде жүк көтерімділігі 15 т дейін көпір карандарын, 5 т дейін жүк көтерімділігімен козловый крандарды, тасымал крандарды, кран - арқалықтарды, әртүрлі жүк ұстайтын жабдықтармен жабдықталған аккумуляторлық жүк тиегіштерді, механикалық күректерді, бір типті автомобилтиегіштерді пайдаланумен әр түрлі жүктерді тиеу, түсіру, тасымалдау және қойма ішінде өңдеу. 5-тен жоғары 25 т дейін массасымен әр түрлі жүктердің орнын ауыстыру, салу, бекіту және арбаға немесе платформаларға орнату бойынша іліп қою, байлау және такелаждық жұмыстарды орындау. Жұмыс барысында жылжымалы құрамның люктарын, борттары мен есіктерін ашумен және жабумен вагондарды жақындату және тасып шығару. Мұнай және химиялық өнімдерды қабылдау, ыдыстарға төгу және құятын ыдыстарға құю. 1 т дейін жүк көтерімділігімен сөрелік крандармен- штабелерлермен әр түрлі жүктерді сөрелерге салу және алу, тиеу алаңына жеткізу және контейнерлерге, пакеттер мен тұғырықтарға салу. Бұзылуы мен жоғалуын болдырмау мақсатмен жүктерді сақтауды ұйымдастыру. Ақаулы жабдыққа, құралдар мен саймандарға ақау тізімдемелерін құру.

Білуге тиіс: көтеру крандары мен олардың механизмдерінің құрылысы және пайдалану ережесі; крандарды, тасымал крандарды, кран - арқалықтарды, әртүрлі жүк ұстайтын жабдықтармен жабдықталған аккумуляторлық жүк тиегіштерді, механикалық күректерді, бір типті автомобилтиегіштерді пайдаланумен жүктерді тиеу, түсіру, тасымалдау және қойма ішінде өңдеу ережесі; жүктердің орнын ауыстыру мен орнату үшін такелаждық құралдарды пайдалану ережесі; төгілетін және құйылатын өнімдердің негізгі физикалық- химиялық қасиеттері; белгіленген номенклатура мен ерекшелікке сәйкес өнімді сөрелерге тиеу тәртібі.
§ 298. Механикаландырылған және автоматтандырылған қоймалардың операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қоймаларда, базаларда, қоймалық бөлмелерде, вагондарда, кемелерде, автомобильдерде, контейнер алаңдарында тоңазытқыш камераларда, жинақтау және орау учаскелерінде жүк көтерімділігі 15 т артық көпір карандарын, 5 т жоғары 25 т дейін жүк көтерімділігімен козловый крандарды, шынжыр табан пневмодоңғалақ крандарды, тракторлық, автомобильдік және вагондық тиегіштерді, автомобильдік және вагондық түсіргіштерді, әртүрлі жүк ұстайтын құрылғылармен жабдықталған порттық көлік ішінде машиналарды пайдаланумен әр түрлі жүктерді тиеу, түсіру, тасымалдау және қойма ішінде өңдеу. Вагондардан сусымалы және тиейтін жүктерді механикаландырылған түсіру бойынша машиналар мен қондырғылардың жұмыс кешенін басқару. Автомобильдік, теміржолдық, өзен және теңіз цемент тасушы көліктердің әртүрлі механизмдерін басқару. Қоймаларда, базаларда және станцияларда қолдық режимде басқару пультынан сусымалы және тиейтін жүктерді вагондарға қабылдау, өлшеу және тиеу процесін басқару. 25 т жоғары массасымен әр түрлі жүктердің орнын ауыстыру, салу, бекіту және арбаға немесе платформаларға орнату бойынша іліп қою, байлау және такелаждық жұмыстарды орындау. Материалдардың қатарларын құрған кезде қойма конвейерін басқару. Сары, қызыл фосфорды, улы заттарды және сұйытылған көмірсутегіні құйғыш ыдысына қабылдау, бөліп құю. Жүктерді стеллаждардан, тиегіштерден алу, салу және басқа көлік құралдарынан өндіріс учаскелеріне жеткізу; 1 т жоғары жүк көтерімділігімен стеллаждық – кран – штабелерді және кран – штабелерді басқару.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін көпір карандарын, козловый крандарды, шынжыр табан пневмодоңғалақ крандарды, тракторлық, автомобильдік және вагондық тиегіштерді, автомобильдік және вагондық түсіргіштерді, әртүрлі жүк ұстайтын құрылғылармен жабдықталған порттық көлік ішінде машиналарды пайдаланумен әр түрлі жүктерді тиеу, түсіру, тасымалдау және қойма ішінде өңдеу ережесі және олардың құрылысы; автоматика жүйелерінің және басқару пультының құрылысы және пайдалану тәртібі; ауыр жүктерді арқанмен тарту тәсілдері және такелаждық құралдарды пайдалану ережесі; құйылатын фосфорды, сұйылтылған көмірсутегіні және улы заттарды ұстай білу ережесі; сыртқы түрі бойынша массаны анықтау тәсілдері; стеллаждарды тиеуге қойылатын талаптар және техникалық шарттар; қызмет көрсетілетін өндірістік учаскелердің орналасуы.
§ 299. Механикаландырылған және автоматтандырылған қоймалардың операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қоймаларда, базаларда, қоймалық бөлмелерде, вагондарда, кемелерде, автомобильдерде, контейнер алаңдарында тоңазытқыш камераларда, жинақтау және орау учаскелерінде әртүрлі жүк ұстайтын құрылғылармен жабдықталған 25 т артық жүк көтерімділігімен козловый крандарды пайдаланумен әр түрлі жүктерді тиеу, түсіру, тасымалдау және қойма ішінде өңдеу. Автоматты режимде басқару пультынан сусымалы және тиейтін жүктерді вагондарға қабылдау, өлшеу және тиеу процесін басқару. Автоматика және бақылау- өлшеу аспаптарының көмегімен әр түрлі жүктерді қоймаға түсіруді және олардың қойманың ауданында біркелкі орналасуын, жүктерді қабылдау бункерлеріне түсіруді және олардың толтырылушылығын, бос және тиелген вагондар мен автомобильдерді тиеу мен өлшеуге беруді және орнатуды, вагондар мен автомобильдерді жүкпен толтыру барысын қадағалау, бақылау және реттеу. Жүктердің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау. Тиелген өнімнің есебін жүргізу. Жүктерді вагондар мен автомобильдерге қабылдау, тасу және тиеу процесін басқаратын қойманың жұмысшыларына басшылық ету. Автоматиканың қолданылатын жүйелерін жөндеу.

Білуге тиіс: жүктерді сақтау қоймасында орналасқан тиеу- түсіру жабдығының құрылысы және сызбасы; автоматика жүйелерінің, бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы; жүктердің белгіленуі және қасиеттері, жүктерді тиеу, өлшеу, есепке алу және тасу ережесі мен тәсілдері; дайын өнімге мемлекеттік стандарттармен қойылатын талаптар; автоматика жүйелерін жөндеу ережесі мен тәсілдері.
§ 300. Осциллографтау және тензометрлеу операторы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Конструкцияға тензосезгілерді жабыстыру. Жұмыс кезінде қажетті күрделі емес құрылғыларды дайындау. Анағұрлым жоғары білікті оператордың басшылығымен сынау сызбаларын жинау және осциллографтау және тензометрлеуге арналған аспаптарды баптау. Сымды тензосезгілерді термоөңдеу. Рецепт бойынша айқындауышты және фиксажды дайындау.

Білуге тиіс: жарық сәуле осциллографтармен, тензосезгілермен жұмыс істеу ережесі; тензосезгілердің түрлері мен сипаттамалары; электротехника негіздері; әр түрлі сынаулардың жіктемесі; фотоматериалдар мен оларды өңдеу тәсілдері туралы негізгі мәліметтер.
§ 301. Осциллографтау және тензометрлеу операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тензосезгілердің көмегімен конструкцияларда кернеулерді осциллографтау. Осциллограммалардың шифрын ашу. Сынау сызбаларын жинау және осциллографтау және тензометрлеуге арналған аспаптарды баптау. Сынаулар үшін осциллографтау мен тензометрлеу аспаптарын дайындау. Кедергісі мен тензосезімталдылығы бойынша тензосезгілерді іріктеу, көрсеткіштер алу. Аспаптарды ұсақ жөндеу. Сезгілерді ыдысқа салу.

Білуге тиіс: осциллографтау және тензометрлеу аспаптарының құрылымдық сызбалары; металдар мен қорытпалардың механикалық қасиеттері; аспаптардың техникалық деректері; механикалық кернеулерді сынау әдістемесі.
§ 302. Осциллографтау және тензометрлеу операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Осциллографтау және тензометрлеуге аспаптарды таңдау. Жұмыс режимін таңдау және аспаптарды баптау. Бүкіл сызбаның жұмысқабілеттілігін тексеру. Төмен және аса жоғары температуралар кезінде бөлшектердегі кернеулерді өлшу. Кернеу диаграммаларын құру. Қолданылатын аспаптарды ұсақ жөндеу. Тензометрлерді ыдысқа алу үшін қондырғыларды дайындау. Осциллограммаларды фотоөңдеу.

Білуге тиіс: осциллографтау және тензометрлеу аспаптарының негізгі сызбалары және жөндеу ережесі; материалдардың кедергісі мен радиотехника туралы негізгі мәліметтер; тензометрлік сынаулардың нәтижелерін өңдеу; қателерді есептеу тәсілдері мен ережесі.
§ 303. Тозаң газ ұстау қондырғыларына қызмет көрсету операторы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Циклондарды, науаларды, шығын өлшеуіш құбырлардың, тозаңдық камераларды, бункерлерді және скрубберлерді ыстық тозаңнан тазалау. Камераларды және тұтқа сүзгілерінің клапандарын тотықтан тазалау. Тозаң жинау және тиеу. Тозаңды қолмен немесе механикалық тәсілмен құйғыш арқылы шығару. Шаңды тасу. Жолдарды тазалау. Тозаңдық камералардағы соруларды, тығыздықсыздықтары жою. Сүзгілерден саптарын алу, оларды тазалау және жөндеу, жаңаларын дайындау, саптарын сорттау және ауыстыру.

Білуге тиіс: тозаңның негізгі қасиеттері; циклондардың, науалардың, Вентури құбырлардың, камералардың, скрубберлердің құрылысы; газағарлар мен желдету сызбасы; сабының сапасына қойылатын талаптар рукавов.
§ 304. Тозаң газ ұстау қондырғыларына қызмет көрсету операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Циклонда, скрубберде форсункалармен суды бүркумен, куперлер арқылы өткізумен газдарды суыту процесін жүргізу және оларды тозаң ұстаудың әр түрлі жүйелерімен тозаңнан тазалау. Скрубберлерді пульпамен толтыру және сумен біркелкі суландыру. Скрубберлерге, қағу және желдеткіштерді кері үрлеу механизмдеріне, сорғыларға, қаптық және саптық сүзгілерге, электр сүзгілерге, мультициклондық жүк түсіретін құрылғыларға, тасымалдау тозаңқұбырлары мен пневмокөлікке қызмет көрсету. Тарту күшін, тозаң ұстайтын қондырғы арқылы өтетін газ температураларын, скрубберлерге, форсункаларға су беруді, жабдықтың жүктемесін, газдарды камералар мен жүйелерге бөлуді, матаның кедергілерін, қысымдарын, пульпаның салыстырмалы салмағын және оны сүзуге беруді реттеуге қатысу. Куперлерді, шығатын құбырларды, шаң ұстаушылардың төбелерін және басқа жабдықтарды тазалау. Газдардың концентрациясын төмендеулерсіз оқшаулағыштар мен газағарларды тазалау.

Білуге тиіс: электротехника негіздері; суландыру және коммуникациялар сызбасы; электр қосу аппаратурасын, бақылау- өлшеу аспаптарын және автоматиканы ұстай білу тәсілдері; газағарлардың жүйесі; көп секциялы саптық сүзгілердің, желдеткіштердің, элеваторлардың, бұрандалық конвейерлердің, әуедегі мұздатқыштардың, шаң ұстаушылардың, газ бөлгіштердің, газ апаластырғыштардың, шығарушы, салқындатушы, қағушы механизмдерді және басқа жабдықтардың құрылысы; материалдардың белгіленуі және оларды беру кестесі.
§ 305. Тозаң газ ұстау қондырғыларына қызмет көрсету операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құрғақ және дымқыл газ тазалау және тоазды электростатикалық тұндыру процесін жүргізу. Электрлік және сапты сүзгілерді, қосалқы жабдықтарды басқару және олардың күй-жағдайын қадағалау. Камераларды қосу және сөндіру, гаағарларды ауыстырып қосу. Оқшаулағыштардың күй-жағдайын тексеру. Түзеткіштердің, қағу механизмдердің, тұндыратын электродтардың жұмысын реттеу, агрегаттардың және жабдықтың жүктемесін, газдарды камералар мен жүйелерге таратуды, жүйелерде сиретуді, қалдық газдардың температурасын, жылу және желдету құрылғылардың каналдарында қысым өзгерісін (тарту күшінің құлдырауын) реттеу. Жабдық жұмысының көрсеткіштерін, маталардың, берілген өнімнің шығынын есепке алуды жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың кинематикалық және электрлік сызбалары; түзететін электроагрегаттардың басқару қалқанының монтаж сызбасы; жоғары кернеу тоғын электрсүзгілерге беру сызбасы; ауырлық күшінің газдың концентрациясына әсері; газдар мен тозаңдардың негізгі қасиеттері және температурасы; жабдықтың жұмысындағы олқылықтарды анықтау және жою әдістері; тозаңгаз өлшеу әдістемесі; ПӘК, ылғалдылықты, газдың құрамын анықтау.

Ескерту. Тек тозаң ұстайтын қондырғыларға қызмет көрсету кезінде кәсіпті «Тозаң ұстау қондырғыларының машинисті» деп атау керек.
§ 306. Жылу пунктінің операторы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жылу желілік бойлер қондырғыларының, жапыылған бу станцияларының, негізгі агрегаттарға қызмет көрсету аймағынан тыс орналасқан 42 ГДж/сағ дейін (10 Гкал/сағ дейін) өнімділігімен күн және геотермалды қондырғыларының үздіксіз және үнемді жұмысын қамтамасыз ету. Берілген температураны, су мен будың қысымын ұстап тұру. Жапыылған буды тазалау және суды деаэрациялау. Желілік конденсатты сорғылардың жұмысын бақылау. Жылу сызбаларында ауыстырып қосулар бойынша операцияларды орындау. Жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Авариялы жағдайлардың алдын алу. Жедел құжаттама жүргізу. Қызмет көрсететін бойлер қондырғысын, жапырылған бу станциясын, күн және геотермалды қондырғыларды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: белгіленген жабдықтың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы; жылу беру қондырғының жылу сызбасы; тұтынушылардың жұмыс кестелері және жылу режимдері; бақылау- өлшеу аспаптарын және реттеуіштерді орнату жерлері, белгіленуі және жұмыс істеу қағидасы; жылу техникасының қарапайым негіздері.

Жылу желілік бойлерлік қондырғылардың, жапырылған бу станцияларының, күн және геотермалды қондырғылардың өнімділігі 42-ден жоғары 84 ГДж/сағ дейін (10 жоғары 20 Гкал/сағ дейін) - 3-разряд;



жылу желілік бойлерлік қондырғылардың, жапырылған бу станцияларының, күн және геотермалды қондырғылардың өнімділігі 84 ГДж/сағ жоғары (20 Гкал/сағ жоғары) - 4-разряд.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет