Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет106/108
Дата08.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#122400
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін машиналардың конструкциясы; электр моторлардың, түзулегіштердің, трансформаторлардың, соленоидтер мен жоғары вольтты блоктардың құрылысы мен жұмыс істеу принципі; эксцентриктерді тексеру принциптері, күрделі электр тәсімдерді құрау және монтаждау тәсілдері; орындалатын жұмыс шегінде электроника негіздері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

§ 180. ЕСЕПТЕУ МАШИНАЛАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР МЕХАНИК

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз көшіретін, ротациялық және таспалық үлгідегі есептік-сомалайтын, есептеу, фактуралық машиналарды, жартылай автоматтарды, электронды есептегіштерді, қосымшаларды және электронды машиналарды, электрографиялық аппараттарды кіргізу-шығару құрылғыларын күрделі жөндеу және қызмет көрсету. Күрделі және жауапты тораптарды, механизмдер мен бөлшектерді қалпына келтіру және ауыстыру. Электр жабдықтарды, электр аппаратурасын тексеру және қалпына келтіру және монтаждау. Машинаны жалпы құрастыру және реттеу. Байланыстырудың үлгілік тәсімдері бойынша машинаның жұмысын тексеру және оларды пайдалануға беру.

Білуге тиіс: барлық жүйедегі күрделі есеп-есептеу және көшіргіш-көбейткіш машиналардың конструктивтік ерекшеліктері, кинематикалық және электрлік тәсімдері, құрылысы, машиналарды жөндеу, құрастыру, монтаждау және тексеру ережесі, күрделі және жауапты тораптар мен бөлшектерді қалпына келтіру тәсілдері; жұмыс істейтін тораптардың шекті жүктемесі; күрделі есеп-есептеу машиналарын жөндеудің, сынау және тапсырудың техникалық шарттары.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

§ 181. АВТОМАТИКА ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚ АСПАПТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР МЕХАНИК

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық жабдықтың құрамындағы бағдарламалық басқарылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика және электр автоматикасы құралдарының, электр жетектермен реттелетін есептеу техникасы және құрылғылары, электр механикалық, электрондық және электрлік элементтерінің блоктардың жекелеген тораптарын, блоктары мен механизмдерінің тәсімдерін ала отырып жөндеу, технологиялық қызмет көрсету, құрастыру, тексеру, сынау, монтаждау, баптау және тапсыру.

Білуге тиіс: жекелеген тораптарды, блоктар мен механизмдердің құрылысы; қызмет көрсетілетін жабдықтың қызметі, пайдалану шарттары мен жұмысы туралы негізгі мәліметтер; жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу әдістері; кинематикалық беріліс және техникалық тартпалар; электр механикасы мен радиотехника негіздері.

§ 182. АВТОМАТИКА ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚ АСПАПТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР МЕХАНИК

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық жабдықтың құрамындағы ауыспалы блоктарды, механизмдер мен блоктарды ауыстырып немесе жетілдіріп және қиыстыра отырып, бағдарламалық басқарылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика және электр автоматикасы құралдарының, электр жетектермен реттелетін есептеу техникасы және құрылғылары, электр механикалық, электрондық және электрлік элементтерінің блоктардың жекелеген тораптарын, блоктары мен механизмдерінің тәсімдерін ала отырып жөндеу, техникалық қызмет көрсету, құрастыру, тексеру, сынау, монтаждау, баптау және тапсыру. Бағдарламалық құралдарды немесе автономды аспаптарды ауыстырудың ауыспалы блогы немесе үлгілік элементіне дейінгі дәлдікпен электронды блоктар мен тораптардың ақаулықтарын диагностикалау. Реттелетін электр тартпалардың, бағдарламалық басқарылатын құрылғылардың электронды, электрлік және электр механикалық блоктары мен тораптарын, ұқсас-сандық құрылғыларын жөндеу және реттеу. Бағдарламаларды қолмен енгізу және олардың өңделуін бағдарламалық басқару жүйелерінде бақылау.

Білуге тиіс: электронды құрылғылар мен блоктардың конструктивтік және электрлік ерекшеліктері; электронды құрылғылардың құрылысы мен қызметі; олардың жұмыс істеу алгоритмі мен басқа құрылғылармен өзара байланысы; электронды блоктар мен тораптарды диагностикалау және тестілеу әдістері, жабдықтарға қызмет көрсету әдістері мен тәртібі; ауыспалы электронды тораптар мен блоктарды жөндеу және қалпына келтіру әдістері; электронды құрылғының жұмыс қабілетіне қойылатын техникалық талаптар; бағдарлау; нақты механика, автоматика, есептеу техникасы негіздері.

§ 183. АВТОМАТИКА ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚ АСПАПТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР МЕХАНИК

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарт талаптарына сәйкес және тестілік бағдарламалық қамсыздандыруды пайдалана отырып жабдықтардың электронды, электрлік және электр механикалық элементтерін, есептеу техникасы құралдарын, автоматика, станоктар мен бағдарламалық басқарылатын жабдықтарды жөндеу, техникалық қызмет көрсету, толықтай автономды және кешенді тексеру, сынау, монтаждау, баптау және тапсыру. Микроэлектронды және интегралды тәсімдердің негізінде жобаланған электронды құрылғылар мен бұйымдарды жөндеу, баптау және сынау. Ақаулықтарды ауыстырудың функционалдық үлгілік элементіне дейінгі дәлдікте іздеу. Электронды құрылғы басқару, бағдарламалық басқару, есептеу техникасы, ұқсас-сандық құрылғылар платаларын жөндеу. Бағдарламалық басқару жүйелеріндегі ақаулықтарды диагностикалау. Жаңа техниканың сериялық үлгілерінде жұмыс орындау. Бағдарламалық басқарылатын және істемей қалған ауыспалы тораптарды ауыстыра, жабдықтарды реттей және ішінара бөлшектей отырып есептеу техникасы, автоматика құралдары, бақылау-өлшеу аспаптары мен құрылғылары, станоктар мен жабдықтар жүйелерінің істен шығу ағынын болдырмау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың конструкциялық ерекшеліктері, бағдарламалық басқарылатын жүйелердің принципиалды және функционалды тәсімдері; қызмет көрсетілетін жабдықтардың, блоктар мен тораптарды бөлшектеу, құрастыру, жөндеу, монтаждау, реттеу және сынау әдістері; қолданылатын керек-жарақтарды, технологиялық жабдықтар мен микробағдарламалық қамсыздандыруды; кіші жүйелер мен кешендер құрамындағы жекелеген құрылғылар мен бұйымдарды қолдану принциптері мен өзара іс-әрекеті; ТЭЗ және қоректендіру көздерін жөндеу кезінде стенділік жабдықтармен жұмыс істеу әдістері; жекелеген құрылғыларды, блоктарды, аспаптар мен тораптардың жұмыс режимдерін орнату принципі және бағдарламалық басқарудың арнайы жүйелерін пайдалана отырып оларды тапсыру; құрылғы және блоктар командасы жүйесі; бақылау-өлшеу аппаратурасы мен сынау стенділерінің пайдаланылатын үлгілерінің құрамы, үлгісі және жұмыс әдістері; микроэлектротехника негіздері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет