Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Жұмыс үлгілері Балқытып қаптау



бет27/108
Дата08.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#122400
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   108

Жұмыс үлгілері

Балқытып қаптау:

1. Жалюзилер.

2. Жиһаз қаңқасы.

3. Унитаз корпустары мен қақпақтары.

4. Сөрелер мен үстелдердің кронштейндері.

5. Сөрелер мен кереуеттердің қоршаулары.

6. Алмалы-салмалы сөрелер.

7. Тұтқалар мен тұтқалардың кронштейндері.

8. Тор.

9. Құбырлар.

10. Терезенің желдеткіш көзінің фиксаторы.

11. Айылбастары бар өрт сөндіргіштердің қамыттары.

§ 57. АВТОМАТ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТ ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ГАЛЬВАНШЫ-ОПЕРАТОР

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдардың, бөлшектердің сыртқы және ішкі беттерін жартылай автомат және конвейерлік құрылғыларда гальваникалық қаптау процессін жүргізу. Астаулардың белгіленген жұмыс режимін белгілеу және ұстау. Электролиттер мен ерітінділерді дайындау. Бөлшектер мен бұйымдарды гальваникалық қаптауға дайындау. Астауға белгіленген рецептура бойынша химикаттарды толтыру. Бөлшектер мен бұйымдарды арнайы ілмектерге ілу, астауларға салу, оларды гальваникалық қаптаудан кейін алу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау және реттеу.

Білуге тиіс: жартылай автомат және конвейерлік құрылғылардың құрылысы және оларды жұмысқа дайындау ережесі; орындалатын жұмыс көлемінде электротехника және электрохимия негіздері; дайындық операцияларының ерекшеліктері және олардың қаптау алдындағы жүйелілігі; қызмет көрсетілетін жабдықтарды баптау және реттеу ережесі; арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және қолданылу шарттары.

§ 58. АВТОМАТ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТ ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ГАЛЬВАНШЫ-ОПЕРАТОР

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сыртқы және ішкі беттерін басқару пультінен әртүрлі тәсілдермен гальваникалық қаптау процессін жүргізу. Автомат және механикалық желілердегі бұйымдар мен бөлшектерді бағдарламамен басқарылатын астауларда гальваникалық қаптау процессін жүргізу. Гальваникалық қаптаудың белгіленген режимдерін технологиялық режимге сәйкес бақылау-өлшеу аспаптары арқылы реттеу. Гальваникалық қаптаманың сапасын бақылау. Барлық агрегаттар мен желілердің механизмдерін дайындау және баптау. Желіні іске қосу және орнату.

Білуге тиіс: автомат, механикаландырылған желілердің және бағдарламамен басқарылатын астаулардың құрылысы, оларды баптау және реттеу ережесі; гальваникалық қаптаманың технологиялық өлшемдерін белгілеу ережесі; гальваникалық қаптауда қолданылатын негізгі және қосымша материалдардың қасиеттері, олардың қаптама сапасына тигізетін әсері; бақылау-өлшеу іске қосу және реттеу аспаптарын баптау және реттеу тәсілдері.

§ 59. СЫРЛАП КЕПТІРУ ЖЕЛІСІ МЕН АГРЕГАТТЫҢ ОПЕРАТОРЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Табақ және профиль металдың, металл бұйымдар мен бөлшектерді сырлап кептіру желісінің қабылдау үстеліне кранмен жеткізу. Металды, бөлшектер мен бұйымдарды сырлап кептіру желісінің қабылдау үстелінің транспортеріне көтеріп түсіру механизмінің жұмысын басқару. Конвейерді іске қосу және тоқтату. Металды, бөлшектер мен бұйымдарды тасымалдауға арналған тізбекті реверсті транспортердің жұмыс режимін баптау. Жұмыс барысында бытыра көздегіш құрылғыға бытыра салу, сырлап кептіру камерасына, агрегатқа және сыр айдау бөшкелеріне лак және сыр материалдарын толтыру. Қажетті компоненттерін іріктей отырып, бітеме дайындау. Циклондарды, гидросүзгілерді, тозаң ұстағыштарды, сырлап кептіру камераларын, бітеме өткізгіштерді, бітеме тозаңдандырғыштар мен басқа да қызмет көрсетілетін жабдықтарды тазалау және жуу. Механизмдерді баптау және алдын ала қызмет көрсету.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; бытыра көздегіш құрылғыны, сырлап кептіру камерасын, агрегатты толтыру тәсілдері; металдың, бөлшектер мен бұйымдардың берілу ережесі; бітеме дайындау тәсілдері; қызмет көрсетілетін жабдықты тазалау және жуу тәсілдері; қызмет көрсетілетін механизмдерді баптау және жөндеу ережесі.

§ 60. СЫРЛАП КЕПТІРУ ЖЕЛІСІ МЕН АГРЕГАТТЫҢ ОПЕРАТОРЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бытыра көздеу құрылғыларының көмегімен сырлап кептіру желісіндегі табақ және бейінді металды, металл бұйымдар мен бөлшектерді күюден, қабыршықтардан, коррозия мен коррозияға қарсы қабат қалдықтарынан басқару пульті арқылы алдын ала және соңғы тазалау процессін жүргізу. Өңделетін материалдарды, бұйымдар мен бөлшектерді қыздыру пешінде қыздыру. Технологиялық процеске сәйкес белгіленген өлшемдерді қамтамасыз ету үшін жануды реттеу және бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен қыздыру пешінің температуралық режимін ұстау. Сырлау қабатының сапасын бақылау. Қызмет көрсетілетін механизмдерді баптау және ағымдағы жөндеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, кинематикалық схемасы мен баптау ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және реттеу ережесі.

§ 61. СЫРЛАП КЕПТІРУ ЖЕЛІСІ МЕН АГРЕГАТТЫҢ ОПЕРАТОРЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тораптарды, механизмдерді, аппараттарды, жылжыма құрамдарды сырлап кептіру агрегатында басқару пульті арқылы сырлау және кептіру процессін жүргізу. Сырлап кептіру агрегаты мен оның механизмдерін; сырланған бөлшектерді тасымалдауға арналған тізбекті транспортерді, тораптар мен бөлшектерді, вагондарды жылжытуға арналған реверстік транспортерді, пневматикалық сырлау механизмдері жүйесін, электростатикалық сырлаудың автоматты механизмдері мен жоғары вольтті автомат түзеткіш құрылғыларды жұмыс режиміне реттеу және баптау. Бытыра көздеу құрылғыларында тазалағаннан кейін табақ және бейінді металды, металл бұйымдар мен бөлшектерді сырлап кептіру желісінде басқару пульті арқылы сырлау және кептіру процессін жүргізу. Электр сорғы гидравликалық станциясы мен май мен сыр жіберу жүйесін автоматты және жартылай автоматты басқару. Болат маркасын, балқыту режимін және басқа да сертификаттық деректерді айқындау және тіркеу арқылы өңделген металды сұрыптау. Агрегат пен желіні жұмысқа жарамды күйде ұстау, механизм жұмысындағы ақаулықтардың алдын алу және оларды жою.

Білуге тиіс: орындалатын жұмыс көлемінде сырлап кептіру агрегатының тораптары мен механизмдерінің және сырлап кептіру желісі камерасының құрылысы, кинематикалық, электр схемасы және құрылымы; бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және реттеу ережесі; газ және терморадиациялық кептіру жүйесі және оны реттеу; агрегат пен желіні автоматты басқару схемасы; пневматикалық және электростатикалық сырлау механизмдері жүйесі; майлау жүйесі және гидрожүйе; гидрожүйенің майлау материалдары мен сұйықтықтарының түрлері, қасиеттері; металдардың сұрыптамасы мен сертификаты; агрегат пен желінінің механизмдері жұмысындағы ақаулықтардың себептері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет