Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты; астауларды жұмысқа дайындау ережесі; шикіқұрам материалдарының номенклатурасы, сыртқы түрі және шекті көлемі; шикіқұрамды сақтау ережесі
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты; астауларды жұмысқа дайындау ережесі; шикіқұрам материалдарының номенклатурасы, сыртқы түрі және шекті көлемі; шикіқұрамды сақтау ережесі.
§ 20. ЭМАЛЬДЫ БАЛҚЫТУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен әртүрлі эмальдерді балқыту процессін жүргізу. Балқыту пештерін жұмысқа дайындау және оларға шикіқұрам арту. Химикаттарды белгіленген рецептура бойынша дайындау. Оқбақырларды эмаль құю үшін дайындау және оны құюға қатысу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы; шикіқұрамды балқыту пешіне бір уақытта арту нормасы, әртүрлі эмальдердің қасиеттері мен оларды шикіқұрамдау; шикіқұрамды арту және балқыту кезіндегі пештің температурасы.
§ 21. ЭМАЛЬДЫ БАЛҚЫТУШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі эмальдерді балқыту процессін жүргізу. Біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен зергерлік және техникалық арнайы эмальдерді балқыту пештерінде балқыту процессін жүргізу. Пештің температуралық режимін жүргізу. Балқытылған эмальдың сынамаларын іріктеу және олар бойынша балқыманың даярлығын айқындау. Балқытылған эмальды су астауға салу (эмальды түйіршіктеу). Түйіршіктелген эмальды өлшеу.
Білуге тиіс: шикіқұрамды балқыту кезіндегі температуралық режим; әртүрлі эмальдерді балқыту процессі; эмальдың даярлығын айқындау әдістері; дайын эмальды ағызу әдістері; эмальды балқыту үшін қолданылатын жанармайдың түрлері; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары.
§ 22. ЭМАЛЬДЫ БАЛҚЫТУШЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Фарфор мен фаянс, құндақ және эмаль шыны сырларының үстінен жылтырату сырлауларына арналған зергерлік және техникалық арнайы эмальдерді, техникалық флюстер мен флюстерді балқыту пештерінде балқыту процессін жүргізу. Зергерлік және техникалық арнайы эмальдерді іріктеу.
Білуге тиіс: зергерлік және техникалық арнайы эмальдер мен флюстерді балқыту процессі; эмальдердің даярлығын анықтау тәсілдері; эмальды балқыту үшін қолданылатын сұйық жанармайдың құрамындағы ылғалдың шекті көлемі.
§ 23. ЭМАЛЬ ҰНТАҒЫН ДАЙЫНДАУШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген рецептура бойынша шикіқұрам дайындау үшін бастапқы материалдарды дайындау. Эмаль плиткаларды жару және эмальды шар диірмендерде құрғақ тарту. Түйіршіктеліп қалған химикаттарды ұсақтау. Эмаль мен химикаттарды қолмен және механикалық електермен елеу. Шикіқұрам материалдары мен шикіқұрамнан магниттің көмегімен артық қоспаларды шығару. Шикіқұрамды араластыру. Шикіқұрамды балқыту пештеріне тасымалдау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты; шикіқұрам материалдарының сыртқы түрі және негізгі қасиеттері; шикіқұрамды араластыру; торларды сыныптау; магнитпен жұмыс істеу ережесі.
§ 24. ЭМАЛЬ ҰНТАҒЫН ДАЙЫНДАУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген рецепт бойынша эмальдерге арналған неорганикалық бояғыштарды дайындау. Эмаль фриттаны балқытуға арналған шикіқұрамды белгіленген рецептура бойынша, оны шикіқұрам журналына енгізе отырып және шикіқұрам төлқұжатын жасай отырып жасау. Эмаль тақташаларды ұнтақтауышта ұнтақтау, эмальды ұсақ елекпен елеу, оны суландыру. Ұнтақтардың ұсақтығын аспап арқылы тексеру және журналға жазу. Шикіқұрамның құрамдас бөліктерін өлшеу. Материалдар мен шикіқұрамның жұмсалуын есепке алу, материалдарды қоспалау барабандарына себу. Шикіқұрамның араластырылу дәрежесін бақылау. Фарфор келідегі органикалық эмальге арналған пигменттерді ысқылау және оларды бекітілген рецептура бойынша лакпен қосып араластыру. Жабдықты баптау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және баптау тәсілдері; астар және жабын эмальдердің құрамына кіретін барлық шикізат материалдары мен химикаттарының номенклатурасы, сыртқы түрі және қасиеттері; шикізат материалдары мен химикаттар ылғалдылығының шикіқұрам жасауда астар және жабын эмальдердің физикалық және химиялық қасиеттеріне тигізетін әсері; материалдар ұнтағы ұсақтығының және аралас шикіқұрам біркелкілігінің астар және жабын эмальдердің сапасына тигізетін әсері; аралас шикіқұрам біркелкілігін анықтау әдістері; бояғыштардың мақсаты және қолданылатын лактардың қасиеттері; бояғыштар құрамының эмаль сапасына тигізетін әсері.
§ 25. ЭМАЛЬ ҰНТАҒЫН ДАЙЫНДАУШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пастадан және басқа да бастапқы материалдардан органикалық эмаль дайындау. Паста дайындау үшін пигмент пен лак іріктеу. Пастаны сыр қырғыш машинада ұнтақтау. Органикалық эмальдың түсін үлгі бойынша іріктеу. Органикалық эмальды бұйымдардың үлгілеріне жағу. Эмальды сынау. Әртүрлі эмальдерге арналған астарды белгіленген рецептура бойынша дайындау. Жабдықты баптау және реттеу.
Білуге тиіс: әртүрлі үлгілі жабдықтардың құрылысы мен оларды баптау ережесі; органикалық эмальдердің консистенциясы; сырлаулардың пигменттері; бітеменің құрамына кіретін химикаттар; астардың мақсаты; бұйымдардың әртүрлі түрлеріне арналған бітеме массасының қоюлығы.
§ 26. ЭМАЛЬМЕН БЕЙНЕЛЕУШІ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дайын бұйымдарға трафареттердің және бүріккіштердің көмегімен түрлі-түсті эмальдермен және сырлаулармен бір түсті суреттерді салу.
Білуге тиіс: бүріккіштің құрылысы; қолданылатын эмальдер мен бейорганикалық сырлаулар; бұйымдарға бір түсті суреттерді эмальмен салу тәсілдері.
§ 27. ЭМАЛЬМЕН БЕЙНЕЛЕУШІ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дайын бұйымдарға трафареттердің және бүріккіштердің көмегімен және тазалау әдісімен түрлі-түсті эмальдермен және сырлаулармен көп түсті суреттерді салу. Суреттерді декалькомания әдісімен салу.
Білуге тиіс: трафареттің көмегімен және декалькомания әдісімен түрлі-түсті суреттерді эмальдермен салу тәсілдері; декольге арналған ерітіндінің құрамы және оны дайындау тәсілі; эмальдер мен бейорганикалық сырлаулардың қасиеттері.