Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Гидролизерлер. 2. Сүзгі-нығыздауыштардың плиталары мен рамалары



бет37/108
Дата08.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#122400
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   108

1. Гидролизерлер.

2. Сүзгі-нығыздауыштардың плиталары мен рамалары.

3. Бірнеше жазықтықта бұралған кеме жүйелері мен құбыр өткізгіштердің құбырлары.

§ 13. ЭМАЛЬДАНҒАН БҰЙЫМДАРДЫ ӨҢДЕУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Эмальданған бұйымдарды өңдеуші; оларды күйдіргеннен кейін эмаль қабатын бұзбай, құралмен өңдеуден қалған шор мен іздерді кесу және тазалау. Бұйымдарды күйдіргеннен кейін конвейерлік пештің таспасынан алу. Бөлшек буртынан құрғақ эмальды механикалық кигіз дөңгелекпен тазалау. Силикат эмальды (үш түске дейін) түсті металдан жасалған бұйымдарды және органикалық эмальды бұйымдарды егеу станогында ылғал тәсілмен абразив дөңгелектермен өңдеу. Бұйымдарды өңдегеннен кейін ағын суда жуу, оларды торға бөліп орналастыру және кептіру шкафында кептіру. Кептіру шкафының температурасын аспаптар бойынша бақылау. Икемді шлангының басын майлау. Абразив дөңгелектерді ауыстыру. Бітеме бұйымдарының жарамды және жарамсызын түрлері бойынша анықтау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс қағидаты; кесу құралының қолданылу ережесі; эмальданған бұйымдардың мақсаты, егеулеу және тазалау ережесі; эмаль қабаттың бетіне қойылатын техникалық талаптар; кептіру температурасы.

§ 14. ЭМАЛЬДАНҒАН БҰЙЫМДАРДЫ ӨҢДЕУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Силикат эмальды (үш түстен астам) асыл және түсті металдан жасалған бұйымдарды егеу станогында ылғал тәсілмен абразив дөңгелектермен өңдеу. Станоктарды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы және баптау тәсілдері; эмаль мен асыл және түсті металдардың қасиеттері.

§ 15. КОНВЕЙЕРЛІК ПЕШТІҢ ОПЕРАТОРЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Металды қыздыру және термиялық өңдеу, құю қалыптарын, сырланған және эмальданған бұйымдарды кептіру кезінде жалпақ, күмбезді, таспалы, люлькалы, бағалы, қырнауыш конвейерлерді басқару, жылу, құм реттегіш құрылғыларды және күйдіру, қыздыру және басқа пештердің басқа басқару. Пештің қалқанын көтеру және түсіру. Үрлеу, жағу және пештің температурасын белгіленген режимге және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген өлшемдерге дейін жеткізу. Ауа, газ, мұнай мен электр энергиясын өткізетін магистральдердің жай-күйі мен жұмысқа жарамдылығын бақылау. Конвейердің өн бойында көзге көріну аймағын қамтамасыз ету. Қызмет көрсетілетін механизмдерді тексеру және жұмысқа жарамды қалпын қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін механизмдер мен оларды басқару электр схемаларының құрылысы; қызмет көрсетілетін учаскедегі өндірістің технологиялық процессінің негіздері; жабдық жұмысындағы ақаулықтардың себептері; конвейерді іске қосу және тоқтату ережесі; қолданылатын жанармайдың қасиеттері.

§ 16. БҰЙЫМДАРДЫ КҮЙДІРУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пешті жұмысқа дайындау. Бұйымдарды құндақ пештің торына немесе конвейерлік пештің таспасына қою және жаю. Бұйымды пешке салар алдында оған мүсәтір немесе тұз қышқылын себу. Бұйымдарды пешке салу. Күйдірілген бұйымдарды пештен шығару немесе оларды конвейердің таспасынан алу. Белсенді көмір мен құрылғыларды күйдіру процессін жүргізу үшін дайындау. Бұйымдар мен жартылай дайын өнімдерді күйдіргеннен кейін ағарту, крацтеу және кептіру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты; күйдірілетін бұйымдардың ассортименті; бұйымдарды пештің торына немесе таспасына қою және жаю тәсілдері; бұйымдарды күйдіру алдында бүрку тәсілдері; күйдірілген бұйымдарды пешке салу және одан шығару ережесі; арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты мен қолданылу шарттары.

§ 17. БҰЙЫМДАРДЫ КҮЙДІРУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қара және түсті металдан жасалған қарапайым және күрделілігі орташа бұйымдарды пеште технологиялық процеске сәйкес қышқыл және қышқылсыз күйдіру процессін жүргізу. Термореттеуіштерді белгіленген температураға қою. Күйдіру барысында пеш режимін реттеу. Қышқыл ерітінділерді жасау. Пештердің жұмысының температуралық режимін көзбен шолып және аспаптар бойынша бақылау және олардың жинақтауышқа берілуін бақылау. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен баптау тәсілдері; бұйымдарды күйдіру режимі; күйдірудің пленканың түсі бойынша сапасы; металдар мен балқымалардың қасиеттері; арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы.

Жұмыс үлгілері

Бұйымдарды күйдіру:

1. Бітеуіштер.

2. Тығыздама корпусы.

3. Сағат корпустары.

4. Медальдер мен ордендер.

5. Келтеқұбырлар.

6. Газ плиталар.

7. Ыдыс.

8. Фланецтер.

§ 18. БҰЙЫМДАРДЫ КҮЙДІРУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қара және түсті металдан жасалған күрделі бұйымдарды пеште технологиялық процеске сәйкес қышқыл және қышқылсыз күйдіру процессін жүргізу. Жоғары температуралық күйдіру кезінде пештің белгіленген технологиялық режимін реттеу. Ауа, газ, мұнай мен электр энергиясын өткізетін магистральдердің жұмысқа жарамдылығын бақылауды жүзеге асыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен баптау тәсілдері; бұйымдарды күйдіру режимі; қолданылатын жанармай мен энергияның қасиеттері; құм реттеуіш және бақылау-өлшеу аспаптары мен құрылғыларының мақсаты мен құрылысы.

Жұмыс үлгілері

Бұйымдарды күйдіру:

1. Біліктер.

2. Түптер.

3. Ыдыстар.

4. Қазандықтар.

5. Араластырғыштар.

6. Әртүрлі жинақтар.

§ 19. ЭМАЛЬДЫ БАЛҚЫТУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шикіқұрамды көтергіш механизмдердің көмегімен немесе қолмен балқыту пешінің арту алаңына әперу. Шикіқұрамды балқыту пешіне біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушымен бірлесе отырып, көтергіш механизмдердің көмегімен арту. Эмаль түйіршіктерін грануляция барысында астауда араластыру. Түйіршіктелген эмальды астаудан шығару және оны өлшегеннен кейін сақтайтын жерге тасымалдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет