Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет7/108
Дата08.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#122400
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   108
§ 102. КЕҢ БЕЙІНДІ СТАНОКШЫ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Токарлық, фрезерлік станоктарда күрделі, эксперименталды және бағалы бөлшектер мен құралдарды 6-7 квалитет бойынша және ажарлау станоктарында салқындатқыш сұйықтықты қолдана отырып, 1-5 квалитет бойынша бөлшектерді өңдеу. Кез келген модульді және қадамды күрделі пішінді көп кіретін бұрамаларды кесу. Өте сирек кездесетін фрезерлік станоктарда күрделі ірі габаритті бөлшектерді, тораптарды, шалыстыққа және деформацияланған жұқа қабырғалы ұзын бөлшектерді фрезерлеу. Бірнеше орын ауыстыруды және оптикалық аспаптарды қолдана отырып, дәл тексеруді қажет ететін, өңдеуге және өлшеуге қиын жерлері бар күрделі конфигурациялы сыртқы және ішкі жанасқан бетті ажарлау және жетілдіру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктардың конструкциясын және дәлдікке тексеру ережесін; күрделі бөлшектер мен құралдарды орнату, бекіту және салыстыру тәсілдерін; өңдеудің жүйелілігін айқындау әдістерін; кескіш құрылдардың барлық түрінің құрылғысын, геометриясын және термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін; станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша кесудің тиімді режимін айқындау ережесін; күрделі пішіндерді калибрлеудің негізгі принциптерін; күрделі пішіндерді өңдеуге арналған ажарлағыш шарықтастарды түзетудің ережесі ме,н тәсілдерін; кедір-бұдырлықтың белгіленген квалитеттері мен параметрлеріне жету тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері

1. Калибрлеу үстелінің біліктері – толық токарлық өңдеу.

2. Жеңілдетілген пішінді илемдеуге арналған әмбебап кілеттердің біліктері – толық токарлық өңдеу.

3. Ұзындығы 6000 мм артық дизельдердің таратқыш біліктері – толықтай өңдеу.

4. Жүрдек біліктер – қадамы ұзаратын сегіз рет кіретін бұрамаларды кесу.

5. Жоғары және төмен қысымды бу турбиналардың біліктері – ажарлау және бұраманы кесу бойынша таза өңдеу немесе муфталар бойынша конустарды қайрау.

6. Тістегершіктерге арналған өлшегіш тісті доңғалақтар –тісті пішінді ажарлау.

7. Күрделі конфигурациялы көшіргіштер, көшіргіш барабандар – контур бойынша фрезерлеу.

8. Корпустар, рамкалар, жоғары сезімтал навигациялы аспаптардың негізі - фрезерлеу.

9. Таптап тегістелген радиусты және көп ұялы күрделі конфигурациялы матрицалар, көрмелер мен пуансондар – фрезерлеу.

10. Пішінді ажарлауға арналған айналма – пішінді ажарлау.

11. Эвольвентті, сүйір оймакілтекті және тура оймакілтекті созғыштар – пішінді ажарлау.

12. Күрделі конфигурациялы пішінді фасонды кескіштер – дайындау.

13. Қуаттылығы 30000 кВт және жоғары турбогенератор роторлары – роторлық-фрезерлік станоктарда орам бойынша ойықтарды фрезерлеу.

14. Сутекті және жылдам салқындатқыш қуаттылығы 30000 кВт және жоғары турбогенераторлардың статорлары – ойықтарды фрезерлеу, тесіктерді жону және мойнақтарды ажарлау.

15. Көп кіретін бұрамдықтар – ажарлау.

§ 103. Сүргілеуші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Үлкен емесе ұзын-көлденең сүрлеу станоктарында технологиялық картаға немесе шебердің нұсқауына сәйкес өңдеу және кесу режимінің жүйелілігін сақтай отырып, кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды қорлана отырып, 12-14 квалитет бойынша қарапайым конфигурациялы бірнеше бөлшектерді сүргілеу. Өлшеп кескіш құрал мен арнайы аспаптарды қолдана отырып, 11 квалитет бойынша күрделілігі орташа бөлшектерді сүргілеу., бөлшектерді үстелге, тиссаларға немесе рейсмус немесе бұрышы бойынша салыстыруы жеңіл құрылғыларға орнату және бекіту. Түсті металдардың құймалары мен кеспелтектерін сүргілеу. Жоғары білікті сүргілеушінің басшылығымен 10000 мм үстел ұзындығымен көлденең сүргілейтін көп шпиндельді станоктарды басқару және жұмысын қадағалау.

Білуге тиіс: бір типті сүргілеу станоктарының құрылғысын және жұмыс істеу принципін, олардың маңызды бөліктерінің атауы мен міндетін; ірі станоктарды басқару ережесін; өңделетін материалдарың атауын, таңбалауын және негізгі механикалық қасиетін; едәуір кең таралған құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдарының атауын, міндетін және қолдану шарттарын; кескіш құралдың міндетін, қолдану шарттарын және қайрау әрі орнату ережесін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитететтері мен параметрлері.

Жұмыс үлгілері

1. Букстер, бекіткіш планкалар, астарлар мен шайбалар – жазықтықтар мен жиектерді сүргілеу.

2. Балға сальниктерінің букстері – ажырама жазықтарын сүргілеу.

3. Ұзындығы 200 мм дейін ажырама ішпектері – ажырамаларды сүргілеу.

4. Төлкелер, шкивтер – кілтекті бунақтарды сүргілеу.

5. Гайкалар, болттар – қырларды сүргілеу.

6. Кескіштердің ұстағыштары – сүргілеу.

7. Штампылар, пресс-қалыптар үшін дайындамалар - сүргілеу.

8. Сұрыпталған металдан жасалған дайындамалар – кесу.

9. Патрондардың жұдырықшалары – жазықтықты сүргілеу. Таңбалар – сүргілеу.

10. Ұзындығы 500 мм дейін қысатын планкалар – жазықтықты, фаскаларды, қасқалшаларды сүргілеу. Кницалар – сүргілеу.

11. Шүберін кеспелтектердің үстіңгі сырғақтары мен рессор чектары – сүргілеу.

12. Тіреулер, кронштейндер – табандарды сүргілеу

13. Бағыт беретін бұрыштамалар – сүргілеу

14. Шкивтер, тістегершіктер, маховиктер – жазықтықты және ажырама орындарын алдын ала сүргілеу.

15. Ұзындығы 500 мм дейін тік бұрышты және призматикалық кілтектер.

§ 104. Сүргілеуші

3-й разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті сүргілеушінің басшылығымен кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, сондай-ақ қосарланған плазмалы-механикалық өңдеу әдісімен 8-11 квалитет бойынша бірнеше орын ауыстырумен әр түрлі типті бөлшектерді ұзын-көлденең сүргілетін станоктарда сүргілеу. Өлшегіш кескіш құрал мен арнайы құрылғыларды қолдана отырып, 8-10 квалитет бойынша бөлшектерді сүргілеу. Рейсмус, ватерпас көмегімен белгі бойынша әр түрлі жазықтықта салыстыра тексере отырып, өңделетін бөлшектерді станокқа орнату. Берілген бұрышты дәл сақтай отырып және жұмыста бір уақытта бірнеше суппортты пайдалана отырып, бұрышта орналасқан ойықтар мен бетті сүргілеу бойынша операцияларды орындау. Технологиялық карта бойынша станокты баптау және өңдеу мен кесу режимінің технологиялық жүйелілігін белгілеу. Жоғары білікті сүргілеушінің басшылығымен 10000 мм артық үстел ұзындығы бар көлденең сүргілейтін көп суппортты станоктарды басқару және жұмысын қадағалау.

Білуге тиіс: әр түрлі типті сүргілеу станоктарының құрылғысын, баптау және дәлдікке тексеру ережесін; әмбебап әрі арнайы құралдардың құрылғысын және қолдану ережесін; плазмотронның құрылғысы және қолдану шарттары; бақылау-өлшеу құралдарының міндетін және қолдану ережесін; аспапты болаттан жасалған және қатты қорытпалардың пластинкаларымен жарақталған арнайы кескіш құралдың геометриясын, термоөңдеу, қайрау және бекіту ережесін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері

1. Ұста балғаларының тұғырлары – жазықтықтарды сүргілеу.

2. Рессорлық асып қоюлардың теңгерушілері және тежегіш кебістер – балқытудан кейін сүргілеу.

3. Илем орнақтарының біліктері – қалақтарды сүргілеу.

4. Ұзындығы 200 мм артық ажырама ішпектері – ажырамаларды сүргілеу.

5. Фигуралық ұстағыштар – ойықтарды кесумен сүргілеу.

6. Ұзындығы 4000 мм дейін табақты және пішінді болаттан жасалған бөлшектер – жиектерді, фаскаларды сүргілеу.

7. Барлық өлшемдегі рихталы және құрамды калибрлер – сүргілеу.

8. Бағыттаушы суппорттардың ұзындығы 500 мм дейін тік, ұзындығы 200 мм конустық сыналары – жазықтықтар мен шетжақтарды сүргілеу.

9. Домна пештерінің кіші конустары – біріккен жерді кесу және сүргілеу.

10. Редукторлардың корпустары мен қақпалары – тірек жазықтытарын және ажырама жазықтықтарын сүргілеу.

11. Ұзындығы 4000 мм дейін табақтар – жиектерді сүргілеу.

12. Штампылар мен құрылғылардың модельдері, ұзындығы 500 мм дейін модельдердің және өзекше жәшіктердің алмалы-салмалы бөліктері – сүргілеу.

13. Механикалық қайшыларға, пресс-қайшылар мен гильотинге арналған пышақтар, ұзындығы 500 мм рычагтар – жазықтықты сүргілеу.

14. Табақты, рельсті металл қалыптардың пайдалы жалғамалары – біріктіру және құлақшалардың бетін сүргілеу.

15. Опокалар мен кокильдер –жазықтықты және шетжақты сүргілеу.

16. Ұзындығы 500 мм артық қысу планкалары – жазықтықты, фаскларды, қасқалшаларды сүргілеу.

17. Фундамент плиталары – фасонды ойықтарды сүргілеу.

18. Ұзындығы 3000 мм дейін белгіленген және дұрыс плиталар – ізікшелерді салумен сүргілеу.

19. Белгі қкесушы призмалар - әр түрлі бұрыш бойынша сүргілеу.

20. Химиялық талдау үшін сынамалар – кесу, жазықтықты сүргілеу.

21. Рентген торларына арналаған тұтас металды растрлар – сүргілеу.

22. Фасонды кескіштер – пішін бойынша сүргілеу.

23. Станоктардың төрткілдештері – алдын ала сүргілеу.

24. Кран асты рельстері – жазықтықты сүргілеу.

25. Станоктардың станиналар, үстелдер, жылжымалары – алдын ала сүргілеу.

26. Ұзындығы 500 мм артық тікбұрышты және призматикалық кілтектер – сүргілеу.

27. Тұрақты ток электр машиналарының мойынтірек қалқандары.


§ 105. Сүргілеуші

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті сүргілеу станоктарында кескіш құрал мен көшіргіштерді қолдана отырып, сондай-ақ қосарланған плазмалы-механикалық өңдеу әдісімен 7-10 квалитет бойынша тура сызықты беті бар конфигурациясы бойынша ұзын және күрделі бөлшектерді сүргілеу. Плазмалы қондырғыларды қосу және сөндіру. Әр түрлі жазықтықта құрамды бекітуді және салыстыруды қажет ететін түрлі өткелдері мен қондырмалары бар ірі габаритті күрделі бөлшектерді сүргілеу. Станокты, плазмалы қондырма мен плазмотронды қосарланған өңдеуде баптау, барлық суппорттарды ең жоғары пайдалануын ескере отырып, станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша өңдеудің, кесудің тиімді режимінің технологиялық жүйелілігін белгілеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін сүргілеу станоктарының құрылғысын, кинематикалық тәсімін және дәлдікке тексеру ережесін; әмбебап және арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережелерін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын; арнайы кескіш құралдың геометриясын және термоөңдеу, қайрау, жетілдіру және орнату ережесін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; электр техника негіздерін; плазмалы қондырманың, сору желдеткішінің және салқындату жүйесінің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету ережесін; плазмалы қыздыру қондырмаларының принципиалды тәсімін және плазмотронды баптау тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері

1. Бірнеше жазықтықта салыстырылған күрделі конфигурациялы пісіру балкалары – таза сүргілеу.

2. Дизель цилиндрлерінің блоктары – шығыңқылары мен ойыстары бар 3000 мм дейін ұзындықта сыртқы және үстіңгі негіздерді толықтай сүргілеу.

3. Илем орнақтарының біріктіргіш кілеттерінің білеулері – сүргілеу.

4. Кран асты және бағыттаушы ойықтары бар білеулер – сүргілеу.

5. Квадратты біліктер – жазықтықты сүргілеу.

6. Қылталар, пісірілгіштер, пісірмелер –контурды белгі және шаблон бойынша сүргілеу.

7. Ұзындығы 4000 мм артық табақты және пішінді болаттан жасалған бөлшектер – жиектерді, фаскаларды сүргілеу.

8. Шахталар мен басқа конструкциялардың бөлшектері – дестеде сүргілеу.

9. Жылжымалы құрамның автотіркеуіштерінің құлыптары – шаблон бойынша сүргілеу.

10. Элеватордың квадрат жағынан 500 мм дейінгі жұлдызшалары – сүргілеу.

11. Үлкен станок суппорттарының кареткалары – ажарлау бойынша сүргілеу.

12. Бағыттаушы суппорттардың ұзындығы 500 мм артық тік, ұзындығы 200 мм артық конустық сыналары – жазықтықтар мен шетжақтарды сүргілеу.

13. Руль қырқұралдарының сыналары – сүргілеу.

14. Кокильдер – ішкі терезені конусқа сүргілеу.

15. Құрылғылар мен кондукторлардың корпустары – перпендикулярлықты және берілген бұрышты сақтай отырып, бірнеше жазықтықта орнатумен сүргілеу.

16. Ұзындығы 4000 мм артық табақтар – жиектер мен қиықтарды сүргілеу.

17. Жоғары дәлдікті тарақты бұрандалардың қалақтары – бұранда сүргілейтін станокта тыл және жұмыс жағын сүргілеу.

18. Слябинг шпиндельдерінің муфталары – қалақтар мен ойықтарды толық өңдеу.

19. Пластиналар –фигуралық пішін бойынша сүргілеу.

20. Жарылғыш машиналардың плашкалары – сүргілеу.

21. Қиын қорытылатын қорытпалардан жасалған плиталар – плазмалы қыздырылатын жазықтықтарды сүргілеу.

22. Ұзындығы 3000 мм артық белгі қойғыш және тура плиталар – ізікшелерді сала отырып сүргілеу.

23. Бағыттаушы штампылардың плиталары – сүргілеу.

24. Илем орнақтарының жастықшалары – алдын ала сүргілеу.

25. Газ үрлегіш поршеньдер – белгі және шаблондар бойынша сүргілеу.

26. Прецизиялы құймаларға арналған пресс-қалыптар – слесарлық өңдеуге арналаған әдіппен күрделі контурларды сүргілеу.

27. Пуансондар, матрицалар, эксцентриктер және т.б. – белгі бойынша "айырқұйрықты" сүргілеу.

28. Ұзындығы 3000 мм дейін дизель рамалары – жанасқан бетті таза сүргілеу.

29. Турбогенераторлардың роторлары – қырлар мен ойықтарды сүргілеу.

30. Ұзындығы 500 мм рычагтар – жазықтықты сүргілеу.

31. Коррозияға тұрақта және ыстыққа төзімді болаттан жасалған слябтар – плазмалы қыздырумен жазықтықты сүргілеу.

32. Призматикалық бағыттауышты станоктардың станиналары – ажарлау бойынша сүргілеу.

33. Станоктардың суппорттары, июге арналған шампылар – сүргілеу.

34. Салмағы 70 т дейін балғалардың шаботтары – плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай толық өңдеу.

§ 106. Сүргілеуші

5-й разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көп өңделетін сыртқы және ішкі беті, өңдеуге әрі өлшеуге қиын жерлері бар, сондай-ақ қосарланған плазмалы-механикалық өңдеу әдісін қолдана отырып, 6-7 квалитет бойынша конфигурациясы бойынша күрделі бөлшектерді сүргілеу. Әр түрлі жазықтықта құрамды бекітуді және дәл салыстыруды қажет ететін ірі габаритті бөлшектерді сүргілеу.Тиісті есептеумен және ауыспалы тістегершіктердің жиынтықтарымен айқындалатын екі рет беру құралдарымен әр түрлі бұрыштар бойынша жазықтықта сүргілеу. Ажарлағыш шарықтастарды қолдана отырып, 1,25-0,63 параметрлер бойынша бөлшектердің бетін өңдеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін сүргілеу станоктарының конструктивтік ерекшелігін және дәлдікке тексеру ережесін; металдарды кесудің негізгі теориясын; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструкциясын; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын теңшеу және реттеу ережесін; әр түрлі кескіш құралдың геометриясын, термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін; ажарлағыш шарықтастардың сипаттамасын және оларды қолдану шарттарын; плазмалы қыздырылатын қондырмалардың техникалық сипаттамасын және пайдалану ерекшеліктерін.

Жұмыс үлгілері

1. Адаптерлер, қо доңғалақ букстері – сүргілеу.

1.. УБЗ және ТПУ қондырғыларының балкалары – толықтай өңдеу. 2. Дизель цилиндрлерінің блоктары - шығыңқылары мен ойыстары бар 3000 мм артық ұзындықта сыртқы және үстіңгі негіздерді толықтай сүргілеу.

3. Құбыр біліктері – ойықтарды толықтай сүргілеу.

4. Дейдвудты біліктері бар конустық біріккен тарақты біліктер – конустар ішкі кілтекті ойықтарды сүргілеу.

5. Оймакілтекті төлкелер – оймакілтектерді сүргілеу.

6. Бу құбырларының шойын диафрагмалары – қисық құрамды жіктермен ажырама жазықтарын сүргілеу.

Машиналардың созыңқы ысқыштары – сүргілеу.

7. Элеватордың квадрат жағынан 500 мм артық жұлдызшалары – сүргілеу.

8. Суппорттардың кареткалары мен үлкен станок суппорттары – толықтай сүргілеу.

9. Автотіркеуіштердің корпустары, бөлшектері, желдеткіш редукторларының табандықтары, айқастырмалары – сүргілеу.

10. Суықтай илемдеу орнақтарының жұдырықшалары мен сыналары – шаблон бойынша сүргілеу.

11. Маховиктер, тістегершіктер - екі тангенциалды кілтекті ойықтарды сүргілеу.

12. Турбина тіректері – толықтай сүргілеу.

13. Илемдеу орнақтарының жастықшалары - плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай толықтай сүргілеу.

14. Көлденең пресстерге арналған сырғақтар – парланған шаблондар бойынша призматикалық бағыттаушы екі суппортпен сүргілеу.

15. Ұзындығы 3000 мм артық дизель рамалары – жасатын бетін таза сүргілеу.

16. Илемдеу орнақтарының жұмыс кілеттерінің станиналары – жастықшаларға арналған табандар мен орындарды сүргілеу.

17. Салмағы 70 т артық балға шаботтары - плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай толық өңдеу.

18. Илемдеу орнақтарының шпиндельдері – трефтерді сүргілеу

19.. Щетка ұстағыштар – балқытқаннан кейін сүргілеу.


§ 107. Сүргілеуші

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті және конструкциялы өте сирек кездесетін, құрамды көлденең сүргілейтін станоктарда, сондай-ақ қосарланған плазмалы механикалық өңдеу әдісін қолдана отырып, құрамды бекітуді және әр түрлі жазықтықта дәл салыстыруды қажет ететін, көп өтпелер мен қондырмалармен 1-5 квалитет бойынша күрделі ірі габаритты және бағалы бөлшектерді сүргілеу. Бөлшектің бетін Ra 0,63 - 0,32 параметрі бойынша ажарлағыш шарықтастармен және арматураланған, синтетикалық шарықтастармен алмастармен өңдеу.

Білуге тиіс: өте сирек кездесетін және басқа да күрделі бойылық сүргілеу станоктарының конструкцясын және дәлдікке тексеру ережесін; күрделі бөлшектерді орнату, бекіту және салыстыру тәсілдерін, өңдеудің технологиялық жүйелілігін айқындау әдістерін; материалға қарай ажарлаудың тиімді режимін айқындау ережесін; кескіш құралдың барлық түрінің геометриясын, термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін; күрделі пішіндерді өңдеу үшін ажарлағыш шарықтастарды түзету ережесін және тәсілдерін; кедір-бұдырлықтың жоғары квалитетері мен параметрлеріне жету тәсілдерін; станок анықтамалығы мен паспорты бойынша кесу режимін айқындау ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Шүберіндеп біріктірілген шарлардың ұяшықтары - балқытқаннан кейін сүргілеу.

2. Ауыр гидравликалық пресстердің рамалары, сырғақтары, траверссалары және басқа бөлшектері – толықтай сүргілеу және ажарлау.

3. Призматикалық бағыттаушы станоктардың станиналары, үстелдері, столы, жылжымалары – толықтай сүргілеу және ажарлау.

4. Моторлы-осьті мойынтіректердің қалпақтары - балқытқаннан кейін ажырама бетін сүргілеу.

§ 108. ТОКАРЬ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кескіш құралды және әмбебап құрылғыларды қолдана отырып әмбебап токарлық станоктарда 12-14 квалитет бойынша және белгілі қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектерді өңдеу үшін бапталған арнайы станоктарда 8-11 квалитет бойынша бөлшектерді токарлық өңдеу немесе жекелеген операцияларды орындау. Сыртқы және ішкі үшбұрышты және тікбұрышты бұрамаларды бұрандаойғыштармен немесе плашкамен кесу. Орталық биіктігі 650-200 мм станоктарды (токарлық-орталық) басқару, жоғары білікті токардың басшылығымен бөлшектерді орнату, түсіру, өлшеу. Жоңқаларды жинау.

Білуге тиіс: бір типті токарлық станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін; едәуір кең таралған әмбебап құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын; бақылау-өлшеу құралдың құрылғысын; кескіш құралдың міндеті мен қолдану ережесін; кескіштер мен бұрғылардың бұрыштарын, қайрау және орнату ережесін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; салқындатқыш және майлау сұйықтықтардың міндеті мен қасиеттерін.

Жұмыс үлгілері

1. Баллондар мен фитингтер – токарлық өңдеу.

2. Болттар мен гайкалар – бұраманы плашкамен және бұрандаойғыштармен кесу.

3. Қайырмалы болттар, ұстағыштар – толық токарлық өңдеу.

4. Ұзындығы 1500 мм дейін біліктер (ұзындықтың диаметрге қатынасы 12 дейін) – сыдыру.

5. Бұрама диаметрі 24 мм дейін бұрандалар – бұраманы плашкамен және бұрандаойығыштармен кесе отырып, токарлық өңдеу.

6. Айналтұтқалар мен бұранда кескіш тұтқалар – толық токарлық өңдеу.

7. Диаметрі және ұзындығы 100 мм дейін тегіс және кертпек төлкелер – токарлық өңдеу.

8. Металды емес материалдардан жасалған төлке, қазық секілді бөлшектер - Н12 - Н14 бойынша токарлық өңдеу.

9. Диаметрі 200 мм дейін дискілер, шайбалар – толық токарлық өңдеу.

10. Диаметрі 200 мм дейін резеңкелі металды бұқтырмалар – токарлық өңдеу (жиында).

11. Ине-платиналы бұйымдардың дайындамалары – ұзындық бойынша кесу.

12. Дайындамалар – кесу және орталықтандыру.

13. Қағазды, құйылған бұйымдар – токарлық өңдеу.

14. Сыртқы және ішкі шетжақ кілттер – толық токарлық өңдеу.

15. Диаметрі 200 мм дейін сақиналар –толық токарлық өңдеу.

16. Диаметрі 200 мм дейін қарапайым қақпалар – толық токарлық өңдеу.

17. Пресстелген бөлшектердің құймалары - кесу.

18. Бұрандаойғыштар, ұңғымалар, бұрғылар – шетжақты кесу және пісіру бойынша мойнақтарды қайрау.

19. Күрделі емес қалыпты ауыспалы ұштамалар – толық токарлық өңдеу.

20. № 9 - 14 таврлы полособульды пішін үлгілері – толық токарлық өңдеу.

21.Бұрғы диаметрі 20 дейін терең тесіктер – бұрғылау.

22. Диаметрі 200 мм дейін пісірмелер, пісірілгіштер, пісірілімдер - толық токарлық өңдеу.

23. Тығындар, шпилькалар – толық токарлық өңдеу.

24. Бұрама диаметрі 24 мм дейін, ұзындығы 200 мм дейін стакандар, жартылай стакандар – толық токарлық өңдеу.

25. Диаметрі 200 мм дейін құбырлар мен келте құбырлар – шетжақты кесу, фаскаларды қайрау (люнетсіз өңдеу).

26. Сынабелдіктерді беруге арналған фланецтер, маховиктер, тегіс шкивтер, диаметрі 200 мм дейін цилиндлік тістегершіктер – токарлық өңдеу.

27. Футоркалар, штуцерлер, бұрыштамалар, үштіктер, диаметрі 50 мм дейін ниппельдер – толық токарлық өңдеу.

28. Әуелі тежегішті шлангтар және жеңдер – резеңкенің сыртқы қабатын сыдыру.

29. Цилиндрлік штифттер – ажарлауға арналған әдіппен токарлық өңдеу.
§ 109. ТОКАРЬ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әмбебап токарлық станоктарды 8-11 квалитет бойынша бөлшектерді және 12-14 квалитет бойынша күрделі бөлшектерді өңдеу. Белгілі бөлшектерді өңдеу үшін бапталған арнайы станоктарда 7-10 квалитет бойынша бөлшектерді өңдеу немесе жекелеген операцияларды орындау. Қабырға қалыңдығы 1 мм дейін және ұзындығы 200 мм дейін жұқа қабырғалы бөлшектерді токарлық өңдеу. Жоғары білікті токардың басшылығымен қосарланған плазмалы-механикалық өңдеу әдісімен токарлық жұмыстарды орындау. Сыртқы және ішкі бір рет кіретін үшбұрышты, тікбұрышты және трапецеидалды бұрамаларды кескішпен кесу. Құйынды қалпақшалары бар бұрамаларды кесу. Жоғары білікті токардың басшылығымен орталық биіктігі 200 мм және жоғары, орталық арасындағы қашықтық 10000 мм және одан артық тоарлық орталық станоктарды басқару. Жоғары білікті токардың басшылығымен үштен артық суппорты бар орталық биіктігі 800 мм дейін токарлық-орталық станоктарды басқару. Берілген конустық бетті алу үшін қажетті есептеулерді орындау. Еденнен көтергіш-көлік жабдықтарын басқару. Жүктерді көтері, ауыстыру, орнату және салу үшін арқандау және буып-түю. Слюда мен микалекстен жасалған дайындамаларды токарлық өңдеу.

Білуге тиіс: әмбебап токарлық станоктардың құрылғысын, баптай және дәлдікке тексеру ережесін; жоғары білікті токармен бірлесіп қызмет көрсетілетін ірі габаритті станоктарды басқару ережесін; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың құрылысын және қолдану ережесін; плазмотронның құрылғысын және қолдану шарттарын; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережесін; аспапты болаттан немесе қатты қорытпалардан немесе керамикадан жасалған кескіш құралдың геометриясын және қайрау ережесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; өңделетін материалдардың негізгі қасиеттерін.

Жұмыс үлгілері

1. Тежегіш кебістер – балқытудан кейін токарлық өңдеу.

2. Бұрама диаметрі 24-тен 100 мм дейін болттар, ашалар, бұрандалар, муфталар, талреп құлақшалары, тығындар, шпилькалар, гужондар, штуцерлер – бұраманы кесумен толық токарлық өңдеу.

3. Призонды тегіс және конусты болттар – толық токарлық өңдеу Н9 - Н11 (3 - 4 дәлдік класы).

4. Ұзындығы 1500 мм дейін тегіс және сатылы біліктер – толық токарлық өңдеу. Біліктер, осьтер және басқа да бөлшектер – ажарлауға арналған әдіппен токарлық өңдеу.

5. Ұзындығы 1500 мм артық біліктер (ұзындықтың диаметрге қатынасы 12-ден артық) –сыдыру.

6. Ұзындығы 1000 мм біліктер мен осьтер – терең тесіктерді бұрғылау және толықтай токарлық өңдеу.

7. Таза мойнақтар саны беске дейінгі біліктер – толық токарлық өңдеу.

8. Престердің, компрессорлар мен қозғалтқыштардың иінді біліктері – мойнақтарды алдын ала қайрау, мойнақтардың шетжақтарын кесу және конустарды қайрау.

9. Біліктер, осьтер және басқа да бөлшектер – ажарлаудағы әдіппен токарлық өңдеу.

10. Бұрамадәнекерленген пісірінділер – толықтай өңдеу.

11. Кесінді ұзындығы 500 мм суппортты бұрандалар – толықтай токарлық өңдеу.

12. Диаметрі және ұзындығы 100 мм артық тегіс және кертпелі төлкелер.

13. Морзе конусы бар аралық төлкелер – толық токарлық өңдеу.

14. Төлкелер – ішкі көлденең және бұрандалы майлағыш бунақтарды токарлық өңдеу.

15. М22 дейін гайкалар, М20 дейін шпилькалар, Д100 мм дейін фланецтер – толық токарлық өңдеу.

16. Бұрама диаметрі 100 мм гайкалар мен бақылау гайкалар – толық токарлық өңдеу.

17. Бұрама диаметрі М24 және жоғары көтеріңкі дәлдікті гайкалар – бұрандаойығыш-созғыш бойынша токарлық өңдеу.

18.Кесінді ұзындығы 50 мм дейін суппортты гайкалар – бұраманы қысқарта кесу, бұрғылау, жону және кесу.

19. Металды емес материалдардан жасалған төлке, сақина типті бөлшектер – токарлық өңдеу.

20. Диаметрі 200 мм артық дискілер, шайбалар – толық токарлық өңдеу.

21. Диаметрі 200 мм артық диффузорлар, өткізгштер, конустық ұштамалар, табандар – толық токарлық өңдеу.

22. Табандық – қасқалша мен фаскалармен толықтай токарлық өңдеу.

23. Ажырамаларға арналған бұқтырмалар – толық токарлық өңдеу.

24. Оттек аспаптары клапандарының дайындамалары – қайрау.

25. Салынбалы пышақтары бар үңгіштер мен фрезалар – толық токарлық өңдеу.

26. Трапецеидалды және арнайы бұрамаларға арналған калибрлер (тығындар, сақиналар) – ажарлауға арналған әдіппен токарлық өңдеу.

27. Диаметрі 280 мм дейін иіндер, ширектер, айқастырмалар – толық токарлық өңдеу..

28. Электр сағаттары мен уақыт аспаптарының доңғалақтары мен төлкелері – тесіктерді жону.

29. Диаметрі 200 мм артық сақиналар – толық токарлық өңдеу.

30. Диаметрі 150 мм және жоғары, қабырға қалыңдығы 8 мм дейін төсем сақиналары – 3 класс дәлдікпен токарлық өңдеу.

31. Сфералық төсем сақиналары – шаблон бойынша қайрау, жону.

32. Майлағыш, айдағыш және қысқыш сақиналар – толықтай өңдеу.

33. Вентиль корпустары – бұрама кесіндісімен қайрау, қырнау.

34. Күрделілігі орташа клапандардың корпустары мен қақпақтары – толық токарлық өңдеу.

35. Жоғары қысымды клапан қалыптарының корпустары – алдын ала өңдеу.

36. Цистерналар мен резервуарлардың корпустары – пісіру бойынша токарлық өңдеу

37.Диаметрі 500 мм дейін лабиринтті бунақтары бар қақпалар, сақиналар – толық токарлық өңдеу.

38. Екі жартыдан тұратын манжет қақпалары – толық өңдеу.

39. Маховиктер – радиус бойынша қайрап, толық токарлық өңдеу.

40. Орны толмайтындар – толық токарлық өңдеу.

41. Жылжымалы құрам қос доңғалақтардың осьтері – ажарлауға арналған әдіппен токарлық өңдеу

42. Бұрғылау патрондары – толық токарлық өңдеу.

43. Келтеқұбырлар, үштіктер – толық токарлық өңдеу.

44. Ажырамаға арналған платтар, ауыспалы – толық токарлық өңдеу.

45. Плашкалар – бұраманы бұрандаойғышпен кесіп, токарлық өңдеу.

46. Поршеньдер – табандарды қысқартып кесу, сыртқы бетті қайрау, камераларды қырнау.

47. Сымдардан жасалған серіппелер – орау.

48. Шабатын және тесетін пуансондар – ажарлау бойынша токарлық өңдеу.

49. Кескішұстағыштар, тісті төрткілдештер, конустық тесігі бар калибрлерге арналған тұтқалар – толық токарлық өңдеу.

50. Фигуралық тұтқалар мен тұтқа саптар – толық токарлық өңдеу.

51. Рычагтар, кронштейндер, сырғалар, тартымдар мен шатундар – толықтай токарлық өңдеу.

52. Сальниктер, сальникті гайкалар, М100 дейін бұрамасы бар қырлы іріктелетін стакандар, клапан тарелкалары – толық токарлық өңдеу.

53. Бұрғылар, бұрандаойғыштар, ұңғылар, баллон қылталар – токарлық өңдеу.

54. Өзекшелер – бұраманы кесе отырып, токарлық өңдеу.

55. Диаметрі 200 мм артық фланецтер, маховиктер – толық токарлық өңдеу.

56. Фрезалар: бұрышты бір жақты дискілі, кертпелі, оймакілтекті, галтельді, ағаш бойынша фасонды, кілтекті, Карасев ұштары – ажарлау бойынша әдіппен токарлық өңдеу

57. Футоркалар, үштіктер, ниппельдер, диаметрі 50 мм артық бұрыштамалар – толық токарлық өңдеу.

58. Қысатын және станокқа құлайтын цангалар – ажарлау бойынша әдіппен токарлық өңдеу.

59. Токарь ортасы – ажарлау бойынша қайрау.

60. Айдағыш шайбалар мен астарлар – эскиздер бойынша токарлық өңдеу.

61. Цилиндрлік тістегершіктер, цилиндрлік және диаметрі 200-ден 500 мм дейін белдікті сыналардың берілісіне арналған шкивтер, диаметрі 300 мм дейін конустық және бұрамдық тістегершіктер – толық токарлық өңдеу.

62. Конустық штифттер – толық токарлық өңдеу.

63. Бу балғаларының штоктары – алдын ала токарлық өңдеу.

64. Ажырама үшін байланыс қадалықтар мен ұяшықтар – толық токарлық өңдеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет