3. Баптау параметрлерін орнату және өзгерту. 4. Жаңадан принтерді орнату.
Бақылау сұрақтары:
-
Баспаға шығармастан бұрын мәтінді алдын ала көру не үшін қажет?
-
Құжаттың мәтінді көру режимдерінің қандай түрлері бар?
-
Алдын ала көру режимінде мәтінді өзгертуге бола ма?
-
Баспаға шығару параметрлері қалай тағайындалады?
-
Бір беттің тек жартысын ғана баспаға шығару мүмкін бе?
-
Құжаттың тақ беттері қалай баспаға шығарылады?
-
Құжаттың 4, 8, 12 беттері баспаға қалай шығарылады?
-
Мәтіндік процессор деп нені айтады?
-
Word мәтіндік редакторы терезесінің негізгі элементтерін атаңыз.
-
Microsoft Word программасы қалай іске қосылады?
-
Word программасында қандай саймандар тақтасы қолданылады?
-
Қажетті саймандар тақтасын экранға қалай шығарамыз?
-
Даяр болған құжат қалай ашылады?
-
Құжатты қалай сақтаймыз?
-
Word мәтіндік редакторынан шығудың түрлерін көрсетіңіз?
-
Жаңа құжат қалай ашылады?
-
Терілген құжатты сақтау жолдарын көрсет.
-
Қандай құжатты көру режімдерін орнатуға болады?
-
Мәтін бөлігін ерекшелеу қалай жүзеге асады?
-
Алмасу буфері деген не?
-
Автомәтін деген не?
-
Word процессорында қандай негізгі басқару тақтасы қолданылады?
-
Қажетті саймандар тақтасын экранға қалай шығарамыз?
-
Мәтінді редакциялаудың негізгі амалдарын атаңыз.
-
Мәтін бөлігін басқа орынға қалай көшіруге болады?
-
Маркерленген және нөмірленген тізімді қалай орындауға болады?
-
Жаңа маркерді қалай орнатуға болады?
-
Мәтіннің жиегін белгілеу, бояу қай менюде орналасқан?
-
Мәтінді бағаналарға бөлу қалай орындалады?
-
Формат – Тізім меню командалары қандай батырмалардан тұрады?
-
Мәтiннiң жиегiн суретпен қоршау қай меню командасы арқылы орындалады?
-
Парақ ішіндегі өріс, абзац дегеніміз не?
-
Қатар арасындағы интервал түрлері қандай?
-
Безендіру стилі дегеніміз не?
-
Стильді құру командасын ата.
-
Шаблон дегеніміз не?
-
Word –та шаблон құру командасын ата.
-
Тақырыптар қандай безендіру элементтерінен тұрады?
-
Кешенді құжат дегеніміз не?
-
Кесте қандай эелементтерден тұрады?
-
Кестенің бағанасы, қатары қалай белгіленеді?
-
Жазылған мәтінді кесте ішіне қалай енгізуге болады?
-
Кесте ішіндегі мәтінді басқа орынға қалай көшіреді?
-
Бағана, қатар өлшемдерін қалай өзгертуге болады?
-
Кестенің бағаналары енін бірдей жасауға бола ма? Қатар биіктіктерін ше?
-
Тор сырықтарын көрінбейтіндей етіп жасауға бола ма?
-
Кесте элементтерін өзіміздің қалауымыз сұрыптауға балады ма?
-
Кесте есептеулер жасауға бола ма?
-
Арифметиқалық ортаны есептеу жолын айтып беріңіз?
-
Кесте ішінде сандарды бөлуге бола ма?
-
Мәтінді ерекшелеп алу тәсілдерін ата.
-
Соңғы орындалған әрекеттерді қайта қалпына келтіруге бола ма?
-
Ерекшеленіп алынған фрагмент әріптері регистрін өзгерту үшін қай команданы орындау қажет.
-
Мәтінді көшіру және орнын ауыстыру қалай орындалады?
-
Кернинг дегеніміз не?
-
Құжатқа суретті енгізу жолдарын ата.
-
Безендірілген тақырыптар даярлау үшін қандай құрал қолданылады?
-
WortArt саймандар тақтасына кірудің жолдарын ата.
-
WortArt объектісін форматтауға бола ма?
-
Объектіні өңдеуге арналған WortArt саймандар тақтасы арқылы қандай өңдеу жұмыстарын жүргізуге болады?
-
Объектіні форматтауда Жағдай (Положение) қыстырмасында орналасқан қандай құралдарды пайдаланамыз?
-
Бірнеше объектілерді туралау үшін қай пернені қолданамыз?
Зертханалық жұмыс №10
Тақырыбы: Power Point (1 сағат зертханалық)
Мақсаты: презентация, слайдтар жасау. Презентация құрудың жолдарын үйрену. Программа режимін, құжат жасаудың жылдам жолдарын үйрену. Power Point–презентация жасаудың орта жүйесінің лидері. Бұл программаның көмегімен мәтіндік, сандық ақпараттарды жеңіл түрде өңделген слайдтар және диаграммалар түріне айналдыруға болады. Бұл сабақта төмендегідей тақырыптар қарастырылады:
-
презентация жасау шебері;
-
слайдтар қосу;
-
слайдтар режимі;
-
презентация құрылымы;
-
слайдтар таңдау;
-
дизайндар шаблоны;
1-тапсырма. Презентация құру.
Кез-келген презентацияда слайдтар түрі, яғни мәтіндік, графикалық, суреттік болады. Электрондық слайдта қарапайым фото суреттік түрі кездеседі. Power Point программасы мәтіндік және сандық ақпараттарды, сонымен қатар дайын дизайндар шаблонын ұсынады.
1.1-сурет. Power Point терезесі.
Power Point программасы іске қосылғанан кейін презентация терезесінде бірінші титулдық слайд шығады; оның оң жағында Презентация құру терезесі орналасқан (1.1-сурет). Ол құжат құруға көмектеседі, сонымен қатар алдын-ала сақталған презентацияны ашуға мүмкіндік береді. Жаңа презентация құру бірнеше нұсқалардан тұрады:
-
Жаңа презентация құру;
-
Безендіру шаблоны;
-
Автомазмұн шебері алдын-ала құрылған презентация түрлерін ұсынады. Бұл терезеде Құру бөлімінен безендіру шаблонын таңдауға болады (New From Template). Егер сізде презентация жасаудың тезисі бар болса, оны тек қана дайын мәтін слайдында дайындау керек болса, әрі әрлеу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Жалпы шаблон пунктін басыңыз.
2. Шаблон диалог терезесі шығады (1.2-сурет). Бұл безендіру шаблоны терезесінен сіздер тізімде орын алған безендіру слайды шаблон түрлерін көресіздер. Осы терезеден сәйкес шаблон түрлерін таңдауға болады.
1.2- сурет. Шаблон сұхбат терезесі.
3.Галстук шаблоны белгішесінде тышқан пернесін екі рет шертіңіз. Шаблон презентация жасау терезесінде қабылданады. Презентация құру терезесінде өзіңіздің жеке шаблоныңызды құрғыңыз келсе, оны Windows/Application Data/Templates папкасында сақтаңыз. Шаблон Жалпы (Общие) бөлімінде шығады. Оны жаңа бөлімге қою үшін, мысалы барлық шаблондар фирмасы сияқты, өзіңіз папка құрып соған өз шаблоныңызды салыңыз.
1.3-сурет. Кәдімгі көру режиміндегі титульдік слайд құру терезесі.
Бос презентация құру бөлімін таңдау барысында слайд құру терезесі шығады. Осы терезеден үлгінің бірін таңдауға болады.
4. Осы терезеден Загаловок слайда үлгісін таңдаңыз. Біздің мысалымыз бойынша бұл план құру мәтіні болады.
5. Мәтіннің тақырыбы және тақырып бойынша мәлімет енгізіңіз.
6. Сақтау командасын орындай отырып, сақтау терезесінде Мои документы папкасына План деген атпен құжатыңызды сақтаңыз.
2-тапсырма. Кәдімгі көру режимі.
Power Point презентациясы өте үлкен сандық слайдтар құруға мүмкіндік береді. Осы үлкен көлемді ақпараттарды басқару үшін программа бірнеше көру режимін ұсынады:
-
Кәдімгі режимі (Обычный режим).
-
Слайдтарды сұрыптау режимі (Сортировщик слайда) - барлық слайдтарды демонстрациялау, бір өлшемді түрде слайдтарды көру терезесінде орналастыру режимі;
-
Слайдтар режимі - слайдтарды жайлы түрде орналастыру, тұтастыру режимі;
-
Құрылымдық режим (Структура ) - әрбір слайдтың мәтіндік мазмұнын көрсету және өңдеу режимі;
-
Бетке ескертпе жазу режимі (Страницы заметок) – презентация кезінде баяндамашы қолдану үшін беттерге ескертпелер құруға арналған. Бұл режимге көшкен кезде слайдтың кішірейтілген көшірмесі беттің жоғарғы бөлігінде орнадасады да, төменгі бөлігін мәтіндік түсініктемемен толтыруға болады.
1.4-сурет. Көру режимінің таңдау батырмалары.
1. Әр режимді, көру слайдын қосу үшін қарапайым шерту арқылы бір-бірден үш батырманы кезек-кезек басу арқылы іске асырамыз. Бұл батырмалар сол жақ төменгі қатарда орналасқан. Беттер режимін қосудың екінші жолы меню қатарынан Вид→Страницы заметок командасын орындау керек.
2. Кезекпен әр батырманы басу арқылы бір режимнен келесі режимге өтіңіз.
3. Ортаңғы батырманы басу арқылы кәдімгі режимге өтіңіз. Автоматты түрде бос презентация құру немесе дизайндар шаблонын пайдалану. Пайдалану үш аймақтан тұрады: слайд аймағы, құрылғылар қатары, белгі аймағы. Бірінші аймақ әрқашан жалпы түрдегі ағымдағы слайдтан тұрады.
4. Жай көру режимінің аймақтық өлшемін өзгертуге болады. Ол үшін тышқан курсорын аймақтың шекарасына қойып, яғни тышқан курсоры екі жақты стрелкаға айналғанша ұстап, одан соң кнопканы басып шекара сызығын жылжытыңыз. Керекті өлшемге келтіріп тышқан батырмасын жіберіңіз. Жай көру режимінде басқа режимдерге қарағанда Power Point үшқұралдар панелін ұсынады. Жоғарғы жақта стандартты панел орналасқан. Мұндағы құрылғылар презентацияна ашу, сақтау, көшіру, слайд және объект өосу операцияларын орындайды. Оның ішінде Форматтау панелі бар. Форматтау панелі шрифтерді өзгертеді. Абзацтарты, тізімдерді форматтайды, анимация қояды. Сурет салу панелі терезенің төменгі жағында орналасқан, ол жайында келесі тапсырмаларда айтамыз.
3 – тапсырма. Жаңа слайд қосу
Алдыңғы слайдтарға жаңа слайд қосу.
1. Саймандар панелінен слайд құру (создать слайд) тетігін табыңыз. Егер сіз слайд құру тетігін ұмытып қалсаңыз, тышқан көрсеткішін саймандар тақтасындағы әрбір тетіктің үстіне бірнеше секунд ұстап тұрыңыз. Әр тетіктің нені білдіретіні жайлы көмекші нұсқау беріледі.
2. Егер создать слайд тетігі саймандар тақтасында жоқ болса, онда панелдің оң жақ тұсында кішкене ұшбұрышты стрелканы шертіңіз. Сол кезде қосымша палитра тетіктері шығады. Осы жерден создать слайда құралын іздеуге болады.
3. Жаңа слайд (Новый слайд) батырмасын шертіңіз. Презентация терезесінде толтырылмаған екінші слайд пайда болады.
1.5-сурет. Стандартты саймандар тақтасындағы қосымша палитра батырмасы.
4. Слайд түрлері терезесі келесі суретте келтірілген. Power Point программасы 27 типті стандартты слайд түрлерін ұсынады. Бұл слайд түрлері практикалық кез – келген презентацияларды құруды қанағаттандырады. Слайд құрғаннан соң сізге тек толтыру белгісіне тышқан курсорын шерту ғана қалады. Ары қарай керекті ақпараттармен толтырыңыз.
1.6 –сурет. Слайдтар түрлері терезесіндегі түрлер жиынтығы.
5. Толтырылған ақпараттарды көру үшін сырғытпаны ары – бері жылжыту арқылы көреміз.
Ескерту: Авторазметка белгісі тақырыбы сарғыш жолақпен, маркерлі тізім тіктөртбұрышты үш бөліктен тұрады. Диограмма кішкене гистограмма түрінде суреттер адам суретімен бейнеленген.
6. Екінші слайд үшін маркерлі тізім таңдаңыз. Презентация құрылымы аумағында екінші слайд белгісі пайда болады, ал сол жағында екінші толтыру қатарынан тұратын жаңа слайд көрінеді. Толтыру қатары үзік сызықтармен шектелген. Тіктөртбұрышты аймақта көрсетілген, аймақтың ішкі мәтін енгізуге арналған. Мысал бойынша маркерлі тізім қатары екі орынан – бірі тақырып, екіншісі маркерлі тізімге арналған.
1.7 – сурет. Маркерлі тізім слайды.
7. Тақырып жазуға арналған жаңа слайд қосу үшін Заголовок слайдын шертіңіз. Заголовок слайд сөзі жоғалады, сіз оған басқа тақырып енгізе аласыз. Даму бағыты сөзін жазыңыз.
8. Маркерлі тізім аумағын шертіп, мәтінді слайдқа ғаламшар мен байланыс сөзін енгізіңіз. Enter пернесін басыңыз.
9. Екінші маркерлі бөлікке сандық телефония сөзін енгізіңіз. Тағы да Enter пернесін басып, келесі жолға Интернет сөзін теріңіз. Егер маркер белгісі ұнамаса оны өзгертуге немесе алып тастауға болады.
4 – тапсырма. Мәлімдеушінің белгісі.
Екінші слайд практика жүзінде дайын. Тек қана белгі жасау керек. Әрбір слайд ерекше түрді қажет етеді. Белгі жасау беті екі бөліктен тұрады: Слайдтың жоғарғы бөлігі және төменгі бөлігі. Бұл бөліктер экранда көрінбейді. Мәтінге белгі қосу үшін келесі қадамды орындаңыз:
1. Терезенің оң жақ төменгі жағында “Заметки к слайду ” деген орын бар. Сол жерге тышқан курсорын қойып, тақырыпқа байланысты мәтін енгізіңіз.
2. Белгі бетін тұтасымен көру үшін мына команданы орындаңыз: Вид→ Страницы заметок
1.8-сурет.
3. Түр – Кәдімгі (Обычный) командасын орындаңыз.
1.9 – сурет. Кәдімгі көру режиміндегі презентацияның екінші слайды.
4. Стандартты панелден Сохранить командасын орындап сақтаңыз.
5. Терезенің оң жақ жоғарғы х батырмасын басу арқылы терезені жабыңыз. (1.9-сурет)
5 – тапсырма. Слайдтар режимі.
Слайдтар режимінде жеке слайдтар презентациясы барлық терезені қамтиды. Бұл белгіленген слайдтың үлкейтіліп көрсетілген жай көрудің кестесі. Слайдтар кестесіне жекеленген обьектілерді көркемдеу суреттер қосу және мәтіндік жарнама қосу. Сонымен презентация құрылысын жалғастырамыз, өткен жаттығуларды жалғастырамыз.
-
Аспаптар панелі – Стандартная – Открыть тетігін басып ашамыз.
-
Диалог терезесінен ашылған файлдан Мой документ тетігін басып, План.ррt деген документті екі рет шертеміз.
1.10-сурет. Слайдтарды көру режиміндегі екінші слайд.
-
Слайдтар режимін іске қосыңыз. Экранда презентацияның бірінші слайды шығады. Жаңа слайдты Power Point программасы әрқашанда соңғы жасалған слайдтан кейін қояды. Енді екінші слайдтан кейін үшінші слайдты қояйық.
-
Келесі слайд батырмасын басыңыз. Экранда келесі слайд терезесі шығады. (1.10-сурет)
-
Слайд құру батырмасын Форматтау қатарынан басыңыз.
-
Слайдтар бетінен маркерлі тізімді таңдаңыз.
-
Слайд тақырыбын Көрме және конференция мәтінін жазыңыз. Келесі маркерлі тізімді шертіп ол жерге мына мәтінді теріңіз: Көрме және конференция бойынша берілетін аттарды жеке-жеке тізімдеп жазу ойыңызға келді. Бірақ қосымша слайд сізге керексіз боп қалады. Ал ағымдағы слайдта ол тізімдерді жазуға орын жоқ. Не істеу керек? Power Point программасы кез-келген слайдтың түрін өзгерте алады. Егер сіз слайдқа тағы бір қатар немесе сурет қосқыңыз келсе, онда тек слайдтың түрін таңдаңыз. Кейде жеткіліксіз объект қосуға болады.
1.11-сурет.
-
Слайдтар түрі терезесінен екі колонкалы мәтін түрін таңдаңыз.
-
Сол жақта пайда болған қосымша маркерлі тізімге келесі бөлімді енгізіңіз:
-
Телефондық байланыс тарихы;
-
Шетелдік филиалдар тәжірибесі;
-
Отандық нарықтық ізденістер.
-
Меню қатарынан Қою (Вставка) (Insert) →Надпись командасын орындаңыз (Text Box).
-
Төмендегі маркерлі тізімге мәтіндік қатар қосыңыз. Оған мына мәтінді: майдан бастап ноябрьге дейін жазыңыз.
1.12-сурет. Презентацияның үшінші слайды
Мәтінді ортаға туралау үшін форматтау қатарынан Ортаға туралау (По центру) батырмасын басыңыз.Ең соңғы жұмыс 1.12 суретте көрсетілген.
Оқушылардың өзіндік жұмысы
1-тапсырма. Автомазмұн шебері.
Автомазмұн шебері көмегімен:
-
Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар;
-
Қызмет бабы бойынша баяндамалар;
-
Жобаларды суреттеу;
-
Маркетинг және сауда туралы есептер;
-
Карнеги стилі бойынша хабарлар
Бос презентацияны құру үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
-
Түр презентациялық терезесінен керекті категориялық батырманы немесе Бәрі (Все) батырмасын басып, барлық қажетті шаблондарды көресіз. (1.12 - сурет)
1.1 – сурет. Презентация типін таңдау.
-
Мысалы: План продаж бөлімін таңдайық.
-
Кейін Далее батырмасын басыңыз.
-
Келесі терезеде мастер терезесінен стиль презентациясын таңдаңыз. Бұл жерде 5 нұсқа беріледі:
-
Презентация экранда;
-
Интернеттегі презентация;
-
Ақ – қара мөлдір пленка;
-
Түрлі – түсті мөлдір пленка;
-
Слайдтар 35 мм;
Экрандағы презентацияның іске қосуын таңдап, Далее батырмасын бас.
-
Презентация параметі терезесінде пайда болған Заголовок презинтации жолына заголовок енгіз.
-
Кеңістіктегі төменгі колонтитулға мәтіннің сөйлемін келксі жылға енгіз, өйткені ол әрбір слайдтың төменгі колонтитулында шығып тұрады.
-
Тіркелген жалаудың соңғы жаратылған күн реті және слайдтың нөмірін қалдыр, өйткені ол презентацияның шыққан күні мен слайдтың нөмірі барлық слайдта қосылып отырады.
-
Далее кнопкасын басыңыз.
1.2 – сурет. Презентацияның қосымша параметрлері.
11. Мастердің соңғы терезесінің автомазмұн шеберіне Дайын батырмасын басыңыз. Басқаннан кейін жаңа презентацияның структурасы 1.3 – суретте пайда болады. Презентацияда пайда болатын планның қандай мазмұндар және сөз бөлекшелеріне көңіл бөліңіз.
1.3-сурет. Автомазмұн шебері көмегімен құрылған құрылымдық презентация.
Бақылау сұрақтары:
-
Слайдпен жұмыс істеудің қандай режимдері бар?
-
Презентация мәтіндерін өңдеуді қандай режимде жүзеге асыруға болады?
-
Құрылымдық режимде графиктік объектілер көріне ме?
-
Слайдты көрсету режимі қандай әрекеттерді орындауға ыңғайлы?
-
Слайдты көрсету режимінде өңдеу әрекеттерін орындауға бола ма?
-
Бос презентация қалай құрылады? Шаблон көмегімен ше? Бұлардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?
-
Презентация деген не?
-
Автомазмұн шебері қалай іске қосылады?
-
Автомазмұн шебері көмегімен презентация қалай құрылады?
-
Автомазмұн шебері қандай қызмет атқарады?
-
Кестеде есептеулер жасау қай команда көмегімен орындалады?
-
Кестеде есептеулерді тексеру қай пернелер комбинациясы арқылы орындалады?
-
Есептеу нәтижесін өзгерту үшін қай пернені басамыз?
-
Кесте элементтерін өзіміздің қалауымыз бойынша сұрыптауға бола ма?
-
Арифметикалық ортаны есептеу жолын айтып беріңіз.
Зертханалық жұмыс №11
Тақырып: Электрондық кестелерді пайдалану. Кестелік процессор MsExcel (10 сағат зертханалық, 1 сағат СӨОЖ)
Мақсаты: Электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысу, кестеге мәліметтер енгізу, кестені файл ретінде сақтау және жүктеу, редакциялау және пішімдеу (форматтау), матрицаларды өңдеуде EXCEL функцияларын пайдалану, матрицаларға арифметикалық амалдар қолдануды автоматтандыру, формулалармен және жиындармен (массивтермен), Excel-де қолданылатын функциялармен, сандардың форматтарымен, кестедегі ақпараттарды өзгертуден қорғау әрекеттерін орындау, кестені баспаға шығару әрекеттерін үйрену.
-
Excel кестелік программасын іске қосыңыз:
1. Тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу (ПУСК) батырмасында тышқанды шертеміз де, Программалар қатарынан таңдап, Microsoft Office Microsoft Excel амалын орындау.
2. Тышқанның оң жағын бер рет шерткендегі Жанама менюден Құру (Создать) кестелік процессор Microsoft Excel таңдап, тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шертеміз. Іске қосылғаннан кейін төмендегі терезені көреміз:
|
1.1-сурет. Excel программасының терезесі.
Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағандардан тұрады. Жолдардың саны – 65536, ал бағандар саны – 256. Баған мен жолдың қиылысқан жерінде орналасқан тор ұяшық деп аталады.
Жол нөмірі – көлденең орналасқан қатарлардың сол жақ шетінде жазылған нөмірімен белгіленеді.
Ұяшық көрсеткіші – жұмыс істеуге дайын ағымдық ұяшықты көрсетіп тұрған тіктөртбұрышты таңба.
1. EXCEL программасын іске қосу
Тапсырма 1
Саймандар тақтасы мен форматтау саймандар тақтасының барлық батырмаларын
алып тастап, қайта орнына қойыңыз.
Тапсырма 2
Бос жол және бос қатар қосу жолдарын көрсетіңіз.
Жұмыс парағын қосу және оған атау беру жолдарын көрсетіңіз.
Әдістемелік нұсқау
Меню қатарынан ҚОЮ (Вставка) – Қатар (строка) немесе бағана (столбец) таңдаймыз.
Ағымдағы екпінді ұяшыққа курсорды қойып “Ctrl +”, “Ctrl + Shift +” батырмаларын басу арқылы бос бағана немесе бос жол қосуымызға болады.
Меню қатары ҚОЮ (Вставка) – Парақ (лист) белгішесін басамыз. Ал атау қою үшін Меню қатарындағы Формат – Парақ (лист) – атын өзгерту (переименовать) батырмасын таңдаймыз. Сол кезде атау қоюға арналған парағымыз белгілі болады, соны өшіріп пернетақта арқылы керекті атауды тереміз.
Тапсырма 3
Тышқанның көмегімен кесте бөліктері қалай беліленеді?
Тапсырма 4
Жұмыс кітабының 4-ші парағында:
а) 5-ші қатарды белгілеңіз.
ә) А, В, С бағаналарын белгілеңіз.
б) Жұмыс парағын белгілеңіз.
в) C4:F10 блогын пернелердің көмегімен белгілеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |