Жұмсақ дәрілік қалыптар


Фармакологиялық қасиеттері : Жұмсартқыш әсерге ие. Теріні жұқа, бірақ өткізбейтін тығыз үлбірмен жауып тұрады, ұсақ жарықтарға, тіліктерге және сызаттарға



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата12.12.2023
өлшемі1.56 Mb.
#486246
1   2   3   4
Жұмсақ дәрілік қалыптар

Фармакологиялық қасиеттері : Жұмсартқыш әсерге ие. Теріні жұқа, бірақ өткізбейтін тығыз үлбірмен жауып тұрады, ұсақ жарықтарға, тіліктерге және сызаттарға
микробтардың түсуіне кедергі жасайды. Суықтан қорғайды. Теріні жұмсартатын әсері бар.
Қолданылуы
– теріге арналған жұмсартқыш дәрі ретінде
– жел қаққан кезде жарылған қол мен ерінге жағу үшін
– жақпамай дайындауға арналған негіз
Қолдану тәсілі мен дозалары
Сыртқа. Терінің қажетті бөлігіне, шырышты қабыққа жұқа қабатпен жағады және жеңіл ысқылайды.
Жағымсыз әсерлері : Анықталмаған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар : Анықталмаған.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі : Анықталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Педиатрияда қолдану
Препарат дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.
Жүктілік және лактация
Препарат дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану автокөлік немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы : Анықталмаған.
Шығарылу түрі
Қақпақтармен жиынтықтағы дәрілік заттарды қаптауға арналған полимер банкілерде 25 г, 30 г-ден. Банкілерге заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңбалар жапсырылады.
40 банкіден қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың жеткілікті санымен бірге топтық қаптамаға салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 18 ˚С-ден 20 ˚С-ге дейінгі температурада.
Балалардан қорғау керек!
Сақтау мерзімі : 5 жыл
Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Босатылу шарттары : Рецептісіз


THANK YOU!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет