Түркілердің діні
Византия деректері бойынша 568—598 жылдары түркілерге қарай бірінші болып Еділден өткен Земарх басқарған Византия елшілері еді. Шаванның дәлелдеуі бойынша олар Куча қаласынан солтүстікке қарай сол кезде Ак тағ (Ақ тау) маңында орналасқан батыс түркілердің ордасында болды. Сасанид патшалығына қарсы бірлесіп жорық жасау туралы келісім шарттар әлденеше рет жүргізілді. Бірақ та тұрақты, одақ қалыптаспады. Бірнеше жылдан кейін түркілер гректермен және парсылармен соғысты. Түркілер аландарды бағындырғаннан кейін Сасанидтер патшалығы тек Орта Азияда ғана емес, Каспий теңізінің батыс аймақтарындағы түркі империясымен шектесе бастады. Шамасы Дербент қорғаныс қабырғасы осы түркілерге қарсы салынған болуы керек. Түркілер көшпелі империясының дәстүрі VII ғасырдан бастап күшті держава ретінде жалғасты. Оны Шыңғыс хан империясы және Алтын Орда мемлекеті жалғастырғанға ұқсайды. Түркілердің тілі VI ғасырда Шығыс Еуропада (Алтын Орда мемлекетіндегі монғол тілі сияқты) болмашы ғана із қалдырды. Бұлғарлар мен хазарлардың тілі мадияр тіліндегі түркі белгілері сияқты, қазіргі кезде тек чуваш тілінде ғана қолданылатындай, жоғарыда аталған мейлінше көне қабаттарға жол тартады, турасын айтқанда, түркі тілі тұңғыш рет Шығыс Еуропаға IX ғасырдың аяғында печенеггер арқылы жетті.
Каспий теңізінің шығысындағы жерлерде Сасанидтер өз күштерін түркі көршілеріне қарсы нығайта түсті. Журжан аймағын қорғау үшін күйдірілген кірпіштен қорған салды. Бірақ бұл түркілердің шабуылын тоқтата алмады. Гюрген өзенінің оң жақ жағалауындағы бұл қорғанның қалдықтары қазіргі кезде Қызыл Алаң деп аталады. Одан кейінгі деректерге қарағанда Гюргендегі түркілер парсыпардың діні мен тілін қабылдаған. Соған қарағанда олар осы аймақты Сасанидтер дәуірінде (шамамең VI ғасырда болса керек) жаулап алған болса керек.
Сасанид патшалығының солтүстік-шығыс шекарасы ол кезде Мургабтың бойымен өтетін. Олардың қорғанындағы түркілер мен сасанидтер бұл аймақта арабтармен соғысты. Бұл соғыс туралы әңгімелерде жекелеген түркі халқы емес, тек "түркілер" деп қана айтылады. 737 жылы бабғу қарлұқтары туралы ғана жекеленіп аталған (бұл халықтың атауы арабша — харлук, парсыша — халлук). Көбінесе сол князьдің өзі "Тохористан жабғуы" деп аталады. Біздің дәуірімізге дейін сақталып келген қарлүқтардың бір бөлігі сол кезде Амударияның оңтүстігіндегі аймаққа енген (қазір оларды өзбек халқының бір атасы деп атайды). Сондай-ақ түркілерге арабтардың бейбіт елшілері де ат ізін сала бастады. Мәселен, халиф Хишам (724—743 ж.) "түркілер патшасына" исламды қабылдауды ұсынды деп хабарлайды. Әкінішке орай, біздің қолымыздағы жалғыз ғана деректе (Халиф Хишамда) осы патшаның тұрағы қай жерде орналасқаны айтылмаған. Жекелеген түркі халықтары мен олардың тіршілік еткен жері туралы толығырақ мәліметті біз тұңғыш рет IX және X ғасырдағы араб географиясынан табамыз. Осы географиялық әдебиетте "түркі" деген сөз халықтар тобы мен тілдерінің аты ретінде айтылады. Орхон жазулары мен қытай шежірелерінде "түркі" сөзі бір халықтың немесе мемлекеттің аты ретінде қолданылмайды. Истахрида бір тілде сөйлейтін және бірін-бірі түсіне алатын бес халық ерекше аталады.
Ислам дінін түркілері Х ғасырда қабылдады. 904 жылдары Саманидтер мемлекетінің шекаралық мұсылман аймағындағы түркі тілдестердің соңғы үлкен шабуылы тойтарылды. 902 жылы түркі мұсылмандар тұңғыш рет жеңімпаздар ретінде Бұқараға кірді.
Батыста османдар немесе анатолдік түріктер тарихта ерекше рөл атқарды. Әсіресе XV ғасырда нактрі саяси күшті Қарақой мемлекеті мен Аққой мемлекеті иеленді. Көптеген түрікмен тайпалары мамлюктер (қыпшақтар) мемлекетінде болды. Кейбір саяси орын алған тек дулгадир тайпасы ғана болды, олар XIV ғасырда мамлюктерге тәуелді княздық құрды.
Орта Азияда түрікмендер өздерінің жеке мемлекетін (1118-1157 ж.) құрды. Астанасы Мерв қаласы /Мары/. Бірақ орыстар оған қарай солтүстіктен, ауғандықтар оңтүстіктен жылжи бастады.
XVII—XVIII ғасырларда Орта Азияның басқа да түркі тектес халықтары, әсіресе, қазақтар мен қырғыздар қалмақтардың шабуылынан зардап шекті. Бұлар Орта Азиядағы үлкен көшпелі мемлекетгердің соңғы мирасқорлары еді.
Қазақ, қырғыз және қалмақ арасында жер үшін жиі-жиі қақтығыстар болып түрды. Бұл жағдай тек көшпелі Жоңғар мемлекеті құлағаннан кейін ғана қалпына келді.
Қазіргі кезде түрікмеңдердің бір бөлігі (XVII ғасырдың аяғында кеткен) Ставраполь губерниясында тұрады. Олар өздерінің Маңғыстау түбегіндегі ескі мекенін тастап кеткен еді. Осы түбекке келген түрікмендер алдымен ноғайлармен, соңынан қазақтармен жер үшін күрес жүргізді.
Мұсылман мәдениеті Енисейдегі қырғыздарға жеткен жоқ, Енисейде тұратын түркі тектес халықтар "хакао" атауын Қазан төңкерісінен кейін қабылдады (бұл сез қытай транскрипциясындағы "қырғыз" деген сөздің жаңсақ естілуінен пайда болған). Мұсылман емес түркілерге Алтай халықтары мен Обь өзенінің жоғарғы ағысында тұатып түркі тектес халықтар жатады. Алтайдағы тағы бір халықты орыстар "тау қалмақтары" деп атады, ал төңкерістен кейін өздері "ойрат" деген атауды қабылдады, олар қалмақтарға туыс еді.
XVI ғасырдың бірінші жартысында Балқан түбегінің барлық жері — Қара теңіздің солтүстік жағалауы, Қытай шекарасына дейінгі кейбір жерлер түркі мұсылман үкіметінің қол астына қарады. Осы мемлекеттің мәдени өмірін алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда ерекше құлдырағаны байқалды, ауыл шаруашылығының құлдырауы әсіресе қалалардағы тұрғындарға қатты әсер етті. Осының салдарынан әлем саудасы басқа жолмен дамып, Бұл елдердің күші кеміді.
Достарыңызбен бөлісу: |