Жјне лингвистік топтарєа жататындыєы, олардыѕ ќайсысы тїркі, моѕєол немесе тўнєўстар болєаны туралы сїраќтыѕ ґзі даулы болып


Түркі халықтарының жазба ескерткіштері



бет4/4
Дата18.02.2023
өлшемі75.5 Kb.
#469727
1   2   3   4
stud.kz-75805 (1)

Түркі халықтарының жазба ескерткіштері
Зерттеушілердің айтуына қарағанда, бір ғана Қазақстанда ата-бабамыздан қалған заттық мәдениеттің 25 мыңга тарта ескерткіші бар. Олар негізінен Сыр бойыпа, Отырап алқабына, Маңғыстау мен Үстіртке, Үлытау төңірегіне, Талас — Шу аңғарына, Жетісу мен Ертіс сыртына шоғырланған. Көкше өңіріндегі мұнан 5 мың жыл бұрынғы қоныстың орны Ботай, Іленің оң жақ қанатындағы Бесшатыр қорғандары (б. з. б. ҮІІ—ІҮ ғ.), Қаракеңгірдегі Домбауып ғибадатханасы (ҮІІІ ғ.), Маңғыстаудағы Шақпақ Ата мешіті (X ғ.) халқымыздың мақтанышы, олардың ғасырлар бойы қалыптасқан құрылыс мәдениетінің жетістіктері болып табылады.
Қазір ғылым тарапынан қолдау таба бастаған Отырап өркениетін Отырар мен оның өзінен кем түсе қоймайтың іргелестері —- Көкмардан, Кедер (Құйрық төбе), Оқсыз Қаракөншек, Шілік (Бұзық), олардың тікелей ықпалыңда болған Иасы (Түрйстан), Сауран, Сығанақ, Шорнақ, Қарнақ Хұзақ (Созақ), Баба Ата, Қүмкент, Сүткент, Қараспан, Хүрлық (Шымкент) сияқты ортағасырлық қоныстар қалыптастырылған. Мұны біз Отырар — Қаратау мәдениеті дегенге жататын Көкмардан, Күйкімардан, Қыркескен қазбаларынан табылған заттардан әсіресе балшықтан күйдірілген, тастан қашалған, металдан соғылған бұйымдардан, еңбек құралдарынан ануарамыз. Қалалардың қаулай өсуіне ҮІ—IX ғасырларда архитектура мен қосалқы өнердің жаңа үлгілерінің туындауы себеп болды. Бертін келе, X—XI ғасырлар құрылыста күйдірілген кірпіш, гипс, алебастр кеңінен қолданылып, глазунь бояуымен және ою-өрнекпен үйді безендіру кең еріс алды.
Отырар— 18 ғасырдан астам өмір сүрген ұлы қала, бүгінде өзінің үйіндісінің ауқымымен қайран қалдыратын алып төбеге айналған.
Отырардың берік қамалы, айнала қазылған сулы ор үстіндегі аспалы көпірлермен жабдықталған үш қақпасы болған. Олар арқылы жұрт мұқият орналастырылған көшелермен қаланьщ орталық алаңына шығады екен. Ақша соғатын орынның, қолөнершілер тұрағының, су құбырыниң, нәжіс жүйесінің болуы мұндағы қала тіршілігінің астаналық сипатта болғанын көрсетеді. Отырармен аттас көгалды алқаптың қалаға тіркесе жатқан бөлігінің өзінде оннан астам үлкенді-кішілі қалалар болған. Ғажайып суландыру жүйесі бар қала егістіктіңің өзі әлденеше шақырымға созылып жатқан. "Отырардағы баспананың негізгі үясы,— деп жазған археологгар К.Ақышев, К. Байпақов, Л. Ерзакович,—дәлізді немесе қоймалы бөлме, сол сияқты көп болмелі тіркеспелер отырықшы қазақтардың үйлеріне ұқсас".
Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Аманжолов., «Жалпы түркі тарихы»

  2. Гумилев., «Көне түріктер»

  3. Мырзатай Жолдасбекұлы., «Түркі халықтар тарихы»

  4. А. Ювалы., Имашова «Жалпы түркі тарихы»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет