Исламға дейінгі ежелгі түркі халықтарының мәдениеті
Талас жазу ескерткіштері. Талас өзені аңғарынан табылған ескерткіштер "Талас ескерткіштері" деп аталып жүр. Талас өзенінің бойынан, Қырғызстан жерінен барлығы 13 ескерткіш табылған. Таластан табылған ескерткіштер көлемі әзірше өте шағын және сан жағынан да аз.
Талас алқабынан 1932 жылы табылған руна жазуы бар асатаяқ та қызықтырары сөзсіз. Оның төрт қырына да Көне түркі алфавитімен жазылған. Бұл асатаяқ шыршадан жасалған, оның құндылығы да осында. Асатаяқ қазір Санкт-Петербургтегі мемлекетгік Эрмитажда сақтаулы.
Орхон-Енисей ескерткіштері тектес таңба-жазулы, тастар Әулиеата түбінен, Талдықорған өңірінен, Сарыарқадан және Алматы маңынан табылған. Сонымен, ежелгі түркі елі белгіді бір аумақта өмір сүріп, өзіне лайық жазуын, тілін, өзге де мәдениетін дамытқан. Ежелгі түркі мәдениетінің орталықтары Енасей, Орхон, Селенгі, Талас өзендерінің бойы, Минуеивск ойпаты, Алтай тауы, қазіргі Тува,.Краснояр, Жетісу аймақтары болды. Оған Шығысы Хангай, Сарыөзеннен, батысы - Карпат тауларына, оңтүстігі - Қытайдың Аққорғанынан, Теріскейі - Ленаға дейінгі аралықтағы байтақ аймақты мекендеген түрік халықтарының жазу-сызу дәстүрінен қалған барлық мұралар енеді. Ғылым әлемінде түрік жүрттарының жәдігері ретінде танылған жазулар 2500 жылдан бері бар деп есептеледі. Әзірге мәлім болған есеп бойынша, көне түрік жазуымен тас бетіне 240-тай, қағаз бен теріге 310 беттей мәтін түсіпті. Манихей әрпімен 554 бетке жуық мұрагер, ұйғыр әрпімең 1000 - ға тарта мәтіңдер, 10-ға жуық кітаптар жасалыпты. Араб арпімен жазылған ортағасырлық дүниелер қаншама. Жалпы түрік халықтары XVI ғасырға дейін оннан астам жазу үлгісін қолданып, пайдаланған кездерінде қыуар мұралар қалдырған.
Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол замаңның данагөй білімдарлары өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді.
Достарыңызбен бөлісу: |