Жүнісова Д. К., Дербісалина Г.Ә



Pdf көрінісі
бет15/76
Дата04.05.2024
өлшемі1.55 Mb.
#500541
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76
Пациенттерді оқыту

~
 
19 ~
зерттеуге уақыт жұмсауының қажеті жоқ. Бұл уақыт басқа 
аспектілерді білуге жұмсалған дұрыс. Егер пациент дәрі-дәрмекті 
қабылдауды білетін болса, бірақ оны әрдайым тұрақты жасамаса, 
оқыту уақытын пациентті жүйелі түрде дәрі-дәрмек қабылдауға және 
өзін-өзі күтуге итермелеуге жұмсаған дұрыс.
7. Пациенттің білімі мен сауаттылығын да ескеріңіз
Пациенттердің бәрі бірдей күрделі медициналық терминдерді түсіне 
бермейді, ал кейбіреулер оларды оқи да алмайды. Кейбір пациенттер 
өте білімді және медициналық терминологиямен таныс болуы 
мүмкін, әрі интернет-ресурстарға қолы жетімді болады. Оқыту тиімді 
болуы үшін оқытуды әр пациенттің түсіну деңгейіне қарай келтіріңіз. 
Пациентке ауру туралы ақпаратты қарапайым адамның көзқарасы 
бойынша беріңіз. Көрнекі құралдарды мүмкіндігінше жиі қолдануға 
тырысыңыз. Пациент ақпаратты DVD арқылы көріп немесе оқу 
арқылы жақсы қабылдайтынын анықтаңыз. Пациентке сіздің 
бақылауыңызбен жүргізілетін процедура, практикалық тәсіл көбінесе 
ең жақсы әдіс болып табылады.
8. Көру және есту – яғни сену дегенді білдіреді. Науқастың 
физикалық қабілетіне сәйкес оқытуды реттеңіз. Егер пациенттің есту 
қабілеті нашар болса, ол ауызша нұсқауларды түсінбеуі мүмкін. Көру 
қабілеті бұзылған науқастарда пациенттерге арналған үлестірмелерді 
оқи алмайды. Пациенттің әлсіз және күшті жақтарын ескеріңіз. 
Пациенттің оқу қабілетіне әсер ететін физикалық, психикалық немесе 
эмоционалдық бұзылулар бар ма? Мысалы, оларға үлкен баспа 
материалдары қажет болуы мүмкін. Егер науқастың есту қабілеті 
нашар болса, тек ауызша нұсқаулар берудің орнына, көрнекі 
материалдар мен практикалық әдістерді қолданыңыз. Әрқашан 
пациенттерді өзіңіздің үйреткендеріңізді айтуды ұсыныңыз. Көбінесе 
адамдар «иә» деп жауап береді немесе түсіндік деп айтады, бірақ іс 
жүзінде олар естімеген немесе түсінбеген болып шығады. 
Науқастарды оқыту кезінде шаршау және диагнозды естігендегі 
күйзеліс сияқты факторларды ескеру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет